Палеография


Палеография
- Қосалқы тарихи пән ретінде палеография.
- Жазба материалы мен құралы.
- Қолжазбалардың форматы мен әшекейі.
1. Қосалқы тарихи пән ретінде палеография
Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, оның ішінде графиканы, олар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы меп безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, текст тарихын т. б. анықтауға көмектеседі.
Ұғымның негізгі маңызына сәйкес (грекше палайос - ежелгі және графейн - жазамын) палеография әуел баста ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды. Қазіргі кезде жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтары да зерттеледі. Осыған байланысты жаңа термин - «Неография» да пайда болды.
Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін көп ғасыр бұрын-ақ бірқатар елдерде палеографиялық талдау тәсілдері практикалық мақсаттарда қолданылып келді. Мәселен, Ресейдегі сот үдерістерінде XV ғасырда-ақ палеография көмегімен актылар мен грамоталардың жалғандығы талай рет дәлелденді. XVIII ғасырдың басында ескі ғұрыптағы ағалы-інілі Денисовтардың православие шіркеуі жасап шығарған өңі бұрмаланған екі документті әшкерелеуі палеографиялық талдаудың үлгісі бола алады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар қадала көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, Қ. И. Невоструевтің еңбектері пайда болды.
1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы басшылық құралы жарияланды, ал содан соң бірқатар оқулықтар мен еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және Л. И. Соболевскийдің еңбектері жазылды.
Кеңес ғалымдары палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В. Н. Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды (1967 ж. қайта басылды), ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н. С. Чаев пен Л. В. Черепниннің (1947) және Л. В. Черепниннің (1956) келелі оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.
1966 жылы М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.
2. Жазба материалы мен құралы
Орыс қолжазбаларының басым көпшілігі пергамент пен қағазда жазылған. Тұрмыста мұның үстіне қайың кабығы да қолданылды.
Пергаментті жасап шығару үшін төлдің (бұзаудың, қозының т. б. ) терісін алды да, оны мұқият өңдеп шықты. Сөйтіп, жазу үшін әдемі мықты және қолайлы, бірақ төтенше қымбат материал алынды. Бір теріден 2-3 парақ пергамент жасап шығаруға болатын еді. XI-XII ғасырлардағы орыс қолжазбалары Византиядан, Батыс Еуропаның баска елдерінен әкелінген пергаментке жазылатын: XIII ғасырдан бастап тұрмыста жергілікті пергамент қолданыла бастады.
Пергаменттің қымбаттылығынан бір кезде жазылған тексті қырып тастау немесе жуып тастау жиі кездескен, ал содан соң оның орнына жаңасын жазған. Мұндай қолжазбалар палимпсестер деп аталды. Мұндай қолжазбалардың жаңа мәтіні ғана емес, сондай-ақ ескі тексі де бағалы, өйткені химия реактивтері мен түсті бөліп көрсететін фотографияның көмегімен оны оқуға болатын еді.
Күнделікті тұрмыстық сипаттағы жазбалар үшін XI-XV ғасырларда ежелгі Русьте өңделген қайың қабығын қолданған, демек оның ішкі ылғал бетіне үшкір таяқшамен (сүйек немесе метал) текстер тырналып түсірілген. Қайың қабығы - өте нәзік материал. Бірақ оның дымқыл жерде жақсы сақталатындығы мүлдем кездейсоқ жағдайда белгілі болған. Сондықтан да 500-ге жуық қайың қабығы грамоталары бізге дейін жетіп отыр, бірақ олардың саны әрине бұдан әлдеқайда көп болған.
XIV ғасырдың бірінші жартысында жазу материалы ретінде қағаз пайдаланыла басталды. Қағазға жазылған ең ежелгі құжаттар: Семен Гордыйдың ағалы-інілі Иван және Андреймен жасасқан шарты (1341), Ярославск Спасск монастырына (1345 жылдар шамасы) Нижегород князі Василий Давыдовичтің жолдаған сыйлық грамотасы. XV ғасырдағы қолжазбалардың көп бөлігі қағазға жазылған, ал XVI ғасырда сирек жағдайда ғана қолданылады.
Алғашқы кездерде Ресейде шетел өндірісінің қағаздары пайдаланылды: XIV-XV ғасырларда - итальян, XV ғасырда - негізінен француз, сонан соң неміс, XVI ғасырда поляк, ал XVII ғасырда голланд қағаздары пайдаланылды. XVI-XVII ғасырда Ресейде өз қағаз өндірісін жолға қоюға әрекет жасалды. Бірақ тек XVIII ғасырдың бірінші ширегінде ғана бұны жүзеге асыруға қол жетті. Біршама арзан жазу материалын - қағазды қолдану - Ресейдің экономикалық және мәдени дамуының қажеттеріне сай келді, өз кезегінде бұл одан арғы ғылыми-техникалық прогреске (мысалы, кітап басуға) жол ашты.
Қағаз жасап шығарғанда сұйық масса рамаға керілген сым тордың үстіне құйылды. Бұл масса кепкеңнен кейін, рамадан енді дайын қағаз алынды. Мұның бетінде сымның таптары - жарыққа ұстағанда көрінетін мөлдір сызықтар болды. Фирма мен қағаз сортын таңбалау үшін фабриканттар торға ерекше сым суреттерді өрді, бұлардың табы судағы таңба немесе филиграндар деп аталады. Судағы таңбалар осы қағаздың шыққан уақыты мен жерін анықтауға мүмкіндік беретіндіктен (ал осы таңбалар бойынша қолжазбаны да) ғалымдар XVIII ғасырдың өзінде-ақ датасы қойылған судағы таңбалардың альбомдарын құрастыра бастады.
Қолжазбаларда ұшырайтын толып жатқан судағы таңбалардың арасында ең көп тарағандары мыналар: XIV ғасырда - сызықтармен қиылған, крестпен бітетін екі шеңбер, безендірілмеген құмыра, шағын кеме, айбалта, қашып бара жатқан бұғы, XV ғасырда - үш тау, (ортаңғысында крест бар) қаз, қайшы, екі кілт, әтеш, ит, әйел фигурасы, жүзім бұтағы, тәж, тәжі астындағы жұлдыз, дельфин, аңшылық керней, үш лилиялы герб. XVI ғасырда - пиала, әр түрлі құмыралар, француз фабриканттарының есімдері бар таңбалар, шошқалар, поляк гербтері, бұқа бастары, француз қалаларының гербтері. XVII ғасырда - тіске ұқсас ирек жағалы қуақы адамның басы, Амстердам қаласының гербі, бүркіт, сыбызғы, патша тәжі; XVIII ғасырда - қос басты бүркіт (мемлекеттік герб), айбалталы аю, қағаз жасалып шыққан кәсіпорындары иелерінің герб таңбалары мен монограммалары, оның жасалынған датасы, судағы таңбалар.
Пергамент пен қағазға мәтіндер сиялармен жазылды, бұлар темірден, тері илейтін заттардан, шие желімінен және басқа материалдардан жасалып шығарылды. Олар өте тұрақты болды да, ғасырлар бойы сақталды. Қолжазбаларда немесе кітаптарда тақырыптар немесе бас әріптер сырмен, көбіне қызыл сырмен жазылған (осыдан барып орыстың «красная строка» деген сөзі - «жаңа жолдан» бастау келіп шыққан) . Ерекше кітаптар мен маңызды грамоталар желімге езілген алтын түсті немесе күміс түсті бояумен жазылды.
Алғашқы кезде қаздың қауырсыны (олар XIX ғасырдың ортасына дейін) қолданылды, аққу мен «түйе құстың» қауырсыны да сирек те болса қолданылды. XVI ғасырда әуелі контурларды суреттерді жиектеу үшін, ал XVII ғасырдың аяғынан бастап жазу үшін де қарындаштар пайдаланыла бастады. XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап болат қаламұштар пайдаланыла бастады.
3. Қолжазбалардың форматы мен әшекейі
Мәтін жазылған пергамент парақтарының белгілі бір көлемі болмады. Шамамен біздің жазу қағазымыздыц қос парағына тең кағаз парағының шамасы болды десек неғұрлым дәлірек болады. Іс жүзінде текстер не осындай парақта, не екіге, төртке және т. б. бүктелген парақтарда жазылды. Кейіннен бұлар тиісінше былайша белгіленді: 1°, 4°, 8° (парақ, ширек парақ, әшмөшке және т. б. )
Ең ежелгі қолжазбалардың текстері дәптерге қатталған парақтың екі жағына бірдей жазылды. Олардың әрқайсысы төрт қос парақтан (16 беттен) тұрды. Егер қолжазба көлемді болса, дәптерлер кітап болып тігілді. Ұзақ сақталуы үшін ол түптелді. Құнды кітаптар күміс немесе алтын жалатылып, қымбат тастармен әшекейленген былғарымен қапталып түптелді. XIII ғасырдан бастап ромбы және жүрекше тәрізді таңбалы ірі торда Византия үлгісі бойынша жасалған өрнектеу қолданыла басталды. XVI ғасырдан бастап бұл неғүрлым астарлы да күрделі бола түседі, XVII ғасырдың орта шенінен бастап алтындап салған өрнектер ұшырайды. Осылайша түптелген кітаптарды бұзылудан сақтау үшін, бұларға кейде сирақтар жасаған (басты шегелер қаққан) .
Қымбат кітаптардың иелері, оның әрбір бетінің өзі көркем шығарма түрінде болуы үшін қам жасаған. Бұны жақсы қағазға әсемдеп жазылғандығынан ғана емес, сондай-ақ арнаулы әшекейлермен безендірілгендігінен де көруге болады. Қолжазбаның немесе тараудың, немесе кейде тіпті абзацтың басында заставкалар, яғни парақтың бүкіл енін, ал биіктігі жағынан кейде оның үштен біріне дейінгісін алып жатқан безендірілген өрнектер жасалды. Қолжазбаның қалған бөліктері инициалдармен, яғни әсем етіліп жазылған және әшекейленген бас әріптермен көріктендірілді. Қейде кітаптың жиегіне, кітап соңына да әшекей жасалды.
Осы аталған ою, әшекейлердің бәрі белгілі бір стильде болды. XI-XII ғасырларда стильдеген нәрселер кірістіріліп жазылған (негізінен алғанда өсімдік дүниесі), ең қарапайым геометриялық фигуралардан тұратын көне орыс немесе көне Византия ою-өрнегі басым болды. XIII ғасырдан бастап оюларда ұлттық, халықтық сарындардың ықпалы мен сюжеттері орын алды. Өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың фонында рамка ішінде және одан тыс фантастикалық жануарлар - аждаһалар, грифтер, арыстандар бейнеленді. Ою-өрнектің мұндай стилі ғажайыптық (тератологиялық) деп аталады.
XVI ғасырдың ортасынан Ресейде басталған кітап басудың жағдайларына орай жаңа ою-өрнек туды. Әшекейлер тек екі түсте - аққа қарамен немесе керісінше қараға ақпен жасалды. Бейнелердің көпшілігі аралықтарына стильденген гүлдер және басқа өсімдіктер салынған геометриялық формалар, әсіресе дөңгелектер мен квадраттар болды. Штрихтар қолданыла бастайды.
Бұдан әрі кітап басудың жетіле түсуі ою-өрнекті күрделілендіруге мүмкіндік берді. Оқырмандардың талғамына сәйкес (XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап) ою-өрнек үш түсті болды, өнер үстемдік еткен стильдердің - XVII ғасырда - барокко, XVIII ғасырда - рококо, ал XIX ғасырдың басында - ампира стильдерінің ықпалына ұшырады.
Оқиғалардың ашпа беттеріне онда не туралы айтылатынын бейнелейтін миниатюралар көптеген құнды қолжазбалардың әшекейі болды. Ашпа беттегі бейнелер ежелгі шіркеу кітаптарында, кейбір көне сыйлық грамоталарында ұшырайды. Миниатюралардың көпшілігі белгілі бір жылнамаларда бар, мысалы, Радзивиллов (немесе Қенигсберг) жылнамасында XVI ғасырдың екінші жартысындағы 12 томдық жылнама жинағының ашпа бетінде бар, мұнда 16 мың бейне салынған т. б.
Бұлар XVII ғасырдың ескі ғұрып қолжазбаларында да ұшырайды. Кітап басудың дамуымен байланысты ашпа бет бейнелерді кітап гравюрасы бірте-бірте ығыстыра түсті.
Миниатюралардағы бейнелеу тәсілдері заказ берушінің де, орындаушының да көркемдік талғамдарына сай келді. XI-XIII ғасырлардың пергамент қолжазбаларының ашпа бет бейнелері сол заманның фрескалық және мозаикалық бейнелеріне тән монументальдығымен көзге түседі. Сыры қалың, ашық етіліп жағылатын еді.
XIV-XV ғасырларда пергамент қолжазбалардағы суреттер әлі де болса монументальды живописьтің ескі дәстүрлерін ұстады. Алайда қағаздың пайда болуы неғұрлым жеңіл акварельді живописьті игеруге мүмкіндік берді. А. Рублев живописінің ықпалына түскен XV ғасырдағы миниатюра жасаушылардың шығармашылығында икона салу тәсілдерін сақтай отырғандығымен, реалистік тенденциялар болғандығы да байқалады.
XVI ғасырдың бірінші жартысында миниатюралар станоктық, ал содан кейін портреттік живописьтің («парсун жазуы») ықпалын бастан өткереді, реалистік тенденциялар бұдан арғы жерде Симон Ушаковтың есімімен байланысты болды. Шартты түрде алынғандығына қарамастан, олар көптеген тарихи оқиғалар мен орыс халқының тұрмысы - қолөнерші мен шаруаның еңбек қызметі, соғыс шайқастары, кешкі жиналыстары, халық көтерілістері т. б. туралы нақтылы ұғым береді.
Хронология
- Қосалқы тарихи пән ретіндегі тарихи хронология және оның міндеттері.
- Хронологияның пайда болуы мен дамуы.
- Уақыт туралы ұғым. Уақыт есебінің шығуы.
- Алғашқы күнтізбелер.
1. Қосалқы тарихи пән ретіндегі тарихи хронология және оның міндеттері
Хронология - уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің «хронос» - «уақыт» және «логос» - «ғылым» деген сөздерінен алған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақытты табатын математикалық (астрономиялық) хронология және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология өз алдына екі міндетті - теориялық және қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынасты анықтайды және даталарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принципін жасап шығарады. Екіншісі оқиғалардың датасын қазіргі дәуірге және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды.
Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады, өйткені тарихтың қандай да бір бөлігін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардың жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуы мен ерекшеліктерін, бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
Уақыт есебі туралы мәселені бір мемлекет шеңберінде қарастыруға әрекеттену, әдетте, елеулі қиыншылықтарға кездестіретінін ескерген жөн. Халықтардың көп ғасырлық қатар өмір сүруі, экономикалық, саяси және мәдени байланыстар күнтізбелік жүйеде көптеген элементтердің араласып, өзара алмасуына алып келді. Бұның үстіне көп ұлтты мемлекеттерде уақыт есебі әр ұлттарда әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, біздің елімізде халықтардың бірінің календарьлық жүйесі уақыттың Күн есебімен жүргізілсе, ал екінші біреулері уақыт есебін Айға қарап жүргізді. Екі тәсіл де алғашқы ежелгі шығыс календарьларынан шыққан. Сондықтан да қазақ тарихшысы бүкіл дүние жүзі халықтарының уақыт есебінің пайда болып, даму процесімен және ең ежелгі заманнан бастап осы уақытқа дейінгі календарьлардың негізгі жүйелерімен таныс болуга тиіс.
2. Хронологияның пайда болуы мен дамуы
Уақыт ішінде белгілі бір жүйелікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары - қытай, орыс жылнамалары мен Батыс Еуропа мемлекеттері хроникаларының негізіне алынды. Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бірқатар мәселелерді шешудің қажеттілігінен ежелгі Русьте, XII ғасырдың өзінде-ақ хронологиялық мәселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты.
Бұдан былай да Орыс мемлекеттерінде православие шіркеуінің қажеті үшін календарьлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар, әсіресе XV ғасырдың аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле бастады, өйткені «дүниенің жаралуынан» бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңдық бітті (1492+5508), пасхалийді келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды.
XVI-XVII ғасырларда хронология мәселелеріне ынта қою Ресейде кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде XVIII ғасырдың аяғында - XIX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Ресейде хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең XX ғасырдың басына жатады. Ол юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды. Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н. В. Степанов пен Д. О. Святскийдің еңбектерін атауға болады.
Алайда ХХ ғасырға дейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді. Құнды бақылаулармен және қорытындылармен катар көптеген еңбектерде хронологиялық үғымдарды шатастырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталған еңбектер болмады.
ХХ ғасырдан бастап хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. Өткен ғасырдың 20-жылдары мұнымен А. М. Большаков, И. Ф. Полак, Г. П. Саар, С. Н. Быковский, ал 30-жылдары В. А. Россовская, В. К. Никольский және басқалар шұғылданады. 1939 жылы (қолжазба күйінде) хронология жөнінде Н. В. Устюговтың лекциялар курсы, ал 1944 жылы Л. В. Черепниннің оқу құралы пайда болды.
ХХ ғасырдың ортасында тарихи ғылымның жалпы өрлеуімен байланысты хронологияға, оның ішінде тарихи хронологияға ынта қою едәуір өсті. Жалпы хронология жөнінде С. И. Семешковтың, жылнама жөнінде Н. Г. Бережковтың, А. Г. Кузьминнің еңбектері, сондай-ақ мұсылман, түрік-монғолдың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жазылды. 1967 жылы университеттердің студенттеріне арналған хронология жөніндегі Е. И. Каменцеваның оқу құралы басылып шықты.
3. Уақыт туралы ұғым. Уақыт есебінің шығуы
Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждығы уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсеріне байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың әр-қилы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.
Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Өз өсінің төңірегінен жер шарының айналуы жыл бойында бір қалыпты емес және оның элиптикалық күн маңы орбитадағы орнына байланысты болғандықтан, есептеп шығаруға қолайлы болу үшін өлшем әдетте орташа күн тәуліктерін, яғни идеалды дөңгелек ортада біркелкі айналганда ось төңірегіндегі айналымға Жердің жумсай алатын уақыт кесіндісін алады. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он екілік жүйесінен алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz