Исламдағы шииттік бағыт


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ИСЛАМДАҒЫ ШИИТТІК БАҒЫТ.

Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғам¬бардың жалғыз мирасқоры, мұсылман уммасын басқаруға лайықты имам ретінде төртінші “тақуа халиф” Әли мен оның ұрпақтарын ғана мойын¬дайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. “Шиа” араб тілінен аударғанда топ, партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді.

Шииттердің тарих сахнасына шыққан мерзімі туралы әртүрлі пікірлер бар. Шииттік дереккөздер бұл ағымның Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде ортаға шыққанын және Әзіреті Әлидің ұлылығын дәріптеп, соның жағында болғандардың “Әли Шиасын (партиясын) ” алға тартады. Кейбір тарихшылар шииттіктің Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Әлиді заңды халиф ретінде талап етушілердің ортаға шығарған таза саяси ағым екендігін айтады. Ал енді біреулер бұл ағымды үшінші халиф Османның өлімінен кейін пайда болған саяси әрекет деп бағалайды.

Алайда осы айтылғандардың барлығы бір қара¬ғанда тарихи оқиғаларға сәйкес келгенімен, шииттіктің жүйелі түрде ағым болып қалыптасқан уақытын дәл көрсетіп тұрған жоқ. Шииттік шын мәнінде Әлидің ұлы Хусейннің 680 жылы Кербала деген жерде жауыздықпен өлтірілуінен кейін саяси сипаттағы жүйелі түрде ұйымдасқан ағым ретінде көріне бастады. Пайғамбардың ұрпағы, әрі сүйікті немересі Хусейннің қаты¬гездікпен өлтірілгендігі туралы хабар жан-жақта үлкен көтерілістердің шығуына себеп болды. Осындай дүм¬пулердің алғашқысы Медине қала¬сында Абдулла ибн Ханзала та¬ра¬пынан ұйымдастырылды. Халықты өз жағына жиып алып ол Хусейннің өшін алу мақсатында халиф Язидке қарсы шықты. Медине маңындағы шайқаста халиф әскерлері оларды басып тастайды. Осы секілді шииттердің ислам тарихынан көптеген көтерілістеріне куә боламыз.

Бұл ағым - көптеген бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы ағым. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ шииттер ішінде екі бағыт - байыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған Абдулла ибн Саба деп есептеледі. Ол радикал шииттердің көшбасшысы болған (VІІ ғасырдың орта шені) . Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында Мұхаммедтің де “рухани өсиетхатын қабылдаушысы” (васи) болатындығы туралы идея байланыстырылады. Әлиді васи, яғни пайғамбардың орынбасары деп жариялау оның тегінің таңдаулы екендігіне баса назар аударады. Әлидің көзі тірісінің өзінде-ақ, оның айналасындағы¬лардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан адам¬дар кездескен. Сондай адамдардың біразын исламды теріс сенімдерден сақтау мақсатында Әлидің өзі тірідей өртетіп жіберткен жағдайлар да болған. Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі Аббасидтер әулетінің орнығу уақытымен, яғни VІІ ғасырдың соңынан VІІІ ғасырдың ортасына дейінгі дәуірмен анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Әлидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы Хусейннің тартқан азабы - шииттердің діни ағымға айналуына әкелген факторлар еді.

Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау - Құранға иек артады. Рухани билікті Әлидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы қағидат - имамат (қауымның жетекшілері) о бастан берілген, оны арнайы бекітуге болмайды. Нәтижесінде заңды талапкерді анықтау барысында өте күрделі, кейде, тіпті шешілместей мәселелер туындап отырған еді. Әрбір шииттік имам қайтыс болғаннан кейін оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып кететін, сөйтіп Әлидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке келетін адамның мүддесін қорғайтын. Билікті берудің қағидатына қатысты көп түрлі түсініктер болғанымен де, шииттік ортада Әли әулетінің мұсылман қауымында билік етуге тікелей құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын.

Шииттер, сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастауы деп есептейді. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар (хабар, мәлімет) деп атайды. Олар Мұхаммед пайғамбардың замандастарының - Әлидің қарсыластарының қалдырған аңыздарын жалған деп, мойындамайды. Шииттік ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыс¬тырғанда кейініректегі ахбарлар болып табылады. Олардың өзіндік канондалу үдерісі Х-ХІ ғасырларға тиесілі. Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан Мұхаммед әл-Кумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мұхаммед ат-Тусидің (1067/8 ж. өлген) аттары әйгілі.

Шииттерде, сунниттерге қарағанда, қасірет шек¬кенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Әли мен оның баласы Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер баса назар аударады. Аңыз бойынша Әлидің сүйегі жерленген Неджеф қаласы, “ұлы азап тартушы” Хусейннің көмілген жері деп есептелетін тұста орналасқан Кербаладағы (Ирак) мешіт - шииттердің киелі орындары болып есепте¬леді, сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табына¬тын тағы бір жерлер - Ирандағы Кум мен Мешхед қалалары.

Шииттік тәжірибеде кең орын алған қағидат тақия (байқампаздық, естілік, ақылдылық) - “өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу” қағидаты, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе берік бола тұра, іс жүзінде - оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі. Шииттер мұндайға жайдан жай жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар - өз тарихында саны жағынан аз болып, біраз қысым көрген жандар.

Шииттік секталар.

Шиитер өз араларында жиырмаға жақын секта¬ларға бөлініп кеткен. Солардың ішіндегі ірілері: кайса¬ниттер, зейдиттер, имамиттер, “шеткі” шииттер және исмаилиттер саналады.

Шииттер арасында Әлидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін кайсаниттер бірінші болып бөлек шықты. Олар Мұхаммед ибн әл-Ханафияны (700 ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Шииттердің көп бөлігі бұл сайлаудан бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн әл-Ханафия пайғамбардың қызының баласы емес еді. Кайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің мойнына “жазықсыз өлтірілген” Хусейн үшін кек қайтаруды жүктеген. Сондай-ақ ислам сеніміне жат болып саналатын рухтың бір денеден екінші бір денеге өтуі туралы сенімді енгізгендігі үшін кәпірлер деп саналған. Кайсаниттер Мұхаммед ибн әл-Ханафияны Мұхаммедтің пайғамбарлығының отын Әли арқылы қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. Мұхаммед ибн әл-Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше секталар мен бағыттарға бөлініп кетті. Кайсаниттер қауымдары ІХ ғасырдың ортасына дейін тіршілік етті.

Зейдиттік ағымның негізін салушы - Хусейннің немересі Зейд ибн Әли болып табылады. Өздерінің көзқарастары тұрғысынан сунниттерге ең жақын шииттік ағым болып саналады. Олардың негізгі мақсаты Әли әулетінен тараған имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Зейд - Әлидің шөбересі, бесінші имам деп танылды. Зейдиттер Иранда, Иракта, Хиджазда, сол сияқты Йеменде де орналасқан. Аталған жерлерде олар терең тамыр жайып, өздерінің мемлекеттерін құрды. Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай, имаматқа келуге тек қана “Пайғамбар әулетінің” ғана құқы бар, яғни имамат тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Өйткені оның үлкен ұлы - Хасанның болсын, кіші ұлы - Хусейннің болсын ұрпақтарының билікке бірдей құқы бар. Зейдиттік қауымдар біздің уақытымызға дейін жеткен және қазіргі таңда Йемен Араб Республикасының ресми мәзһабы болып табылады.

Шииттердің саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Әли әулетінен шыққан 12 имамды мойындайды. Имамиттердің басқа бір атауы - иснаашариттер. Иснаашариттер - 12 имам жолын жақтаушылар. Имамиттердің имамдар “баспалдағы” келесі адамдардан тұрады:

1. Әли ибн Әбу Тәліб (Куфада 661 ж. өлтірілген) ;

2. Хасан ибн Әли (Мединеде 669ж. өлген) ;

3. Хусейн ибн Әли (Кербалада 680 ж. өлтірілген) ;

4. Әли Зейн әл-Абидин (713 әлде 714 ж. өлген) ;

5. Мұхаммед әл-Бақыр (Меккеде 732 ж. өлген) ;

6. Джафар ас-Садық (Мединеде 765 ж. өлген) ;

7. Мұса әл-Казим (Бағдатта түрмеде 799 ж. өлген) ;

8. Әли ар-Риза (Тусада 818 ж. қайтыс болған әлде у беріп өлтірілген) ;

9. Мұхаммед ат-Тақи (Бағдатта 835 ж. өлген) ;

10. Әли ан-Наки ( 868 ж. өлген) ;

11. Хасан әл-Аскари (873/4 ж. өлді) ;

12. Мұхаммед әл-Махди (873/4 ж. жоғалып кетті) .

Имамиттердің сенімі бойынша он екінші имам болып саналатын Мұхаммед әл-Махди жас кезінде жоқ болып кеткен және қайтып оралмаған. Ақыр¬заман жақындағанда келетін “құтқарушы (махди) ” сол болып табылады. Қазіргі кезде имамизм мемле¬кет¬тік дін түрі ретінде Иранда қабылданған, Ирак¬тың тұрғындарының жартысына дейінгі саны - шииттер-имамиттер, олардың қауымдастықтары Ли¬ванда, Кувейтте, Бахрейнде, Сауд Арабиясында, Иор¬данияда, Ауғанстанда және де басқа ислам тараған елдерде бар. Сунниттік дінбасылар имамиттерді олар¬дың догматтық ұстанымдарының байыптылығына сай, өздеріне жақын тартады. Олардың екі арасында¬ғы келіспеушілік имаматтың мәнін түсінуге келгенде басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шииттер
Ислам жайлы
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Шииттік шын мәнінде Әлидің ұлы Хусейннің 680 жылы
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Дүние жүзінің діндердін мәдениеті
Дін туралы мәлімет
Діннің таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz