Диуани Хикмет шығармалары


Диуани Хикмет Шығармалары
1. Диуани Хикмет
2. Пақырнама
3. Мінәжат
4. Мирату-л-Құлуб (Көңілдің айнасы)
5. ҚҰРАНДЫ ТҮСІНУ
1. Диуани Хикмет
Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Ясауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы есім Ахмет Ясауидің шығармасына ХІІ ғасырдан бастап Ясауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. Өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Ясауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында «Диуани Хикмет» деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.
Әйтсе де Ясауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “ Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені, оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХІІ-ХІІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидің өзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтің өзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. Өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидің ғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтің өзіне үңілер болсақ 4400 хикмет орын алған.
Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзүң дердке дәрман,
Талиблерге баян қылсам қалмас арман.
Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман.
Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен (Қазан-1896ж. 209-бет)
Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. Өйткені бүгiнгi күнгi Диуани Хикметтердің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Ясауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.
Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде бiрнеше мәрте басылды.
Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни) сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Ясауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.
Ф. Көпрүлүнің айтқаныны сияқты хикметтердің мазмұнын діни-сопылық элементтер, ал пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада ислам дiнi, түркі сопылығы мен Ясауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т. б. тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар аталмыш шығармада мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ. с. ) пайғамбарға деген сүйіспеншілік, Хазіреті Пайғамбардың сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Ясауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты тақырыптар қамтылған.
Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаиль, Мұса, Әййюб, Жүсіп сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осман және Али сияқты сахабалар, Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар, Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Злиха сияқты ғашықтар баяндалады.
2. Пақырнама
Диуани Хикметтің Ташкент және кейбір Қазан баспаларынан шыққан нұсқаларының басында немесе соңында Ахмет Ясауидікі деген бір рисале (шығарма) де орын алады (қараңыз: Диуани Хикмет Ташкент ћижри 1312ж. 215-бет; Қазан-1896ж. 3-17 беттер; Қазан-1901ж. 121-129 беттер) (Қазан-1901ж. баспасында рисале: “ ћәзићи рисале-и Хаже Ахмет-и Йасауи рахмату-л-лаћи Тағала ғалайћи ”, - деп басталады. ) .
Қысқаша “Фақр-наме (пақырнама) ” атымен танымал болған бұл шығарма жеке өз алдына бір шығармаға қарағанда Диуани Хикметтің кіріспесіне (бір бөліміне) ұқсайды. Фақрды (пақырлық), сүлук (сопылыққа кіру әдебі) әдебі мен сүлук мәртебелерін қарастыратын бұл шығарманың Ахмет Ясауи тарапынан жазылмағандығы, тек Ясауи пікірін негізге ала отырып, оның жолын қуушы бір Ясауи дәруіші тарапынан жазылғаны анық. Ф. Көпрүлүнің пікірі бойынша бұл шығарма Хазинидің “Жәуаћиру-л-әбрар мин әмуажи-л-бихар”атты еңбегінен алынған.
3. Мінәжәт
Диуани Хикметтің ішіндегі тағы бір бөлім - мінәжәт бөлімі. Қазіргі басылымдардағы Диуани Хикметтердің қорытынды бөлімі болып табылатын бұл бөлім Қазан басылымындағы нұсқада бірінші хикмет болып тіркелген.
Мінәжәт Ахмет Ясауидің Хаққа сиына отырып, өз хикметтерін дәріптеуде Диуани Хикмет мазмұнымен таныстық жүргізуге арнаған.
4. Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы)
ХІІ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет шәкірттерінің бірі - Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.
Мирату-л-Құлубтың жазылу мақсаты - Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады. Әйтсе де еңбекте Нежмүддин Күбра мен Сопы Мұхеммед Данышмендтің де өз ойлары мол ұшырасады. Еңбек шариғат, тариқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде исламдық және сопылық ахлақ, екінші бөлімде тариқат әдебі (этикасы) жайында айтылса, ал үшінші бөлімде мағрифату-л-лаћ (Аллаћты тану) турасында әңгімеленеді.
Мирату-л-Құлуб еңбегінде жалпы сопылық ілімнің өзегін құрайтын «көңілдің көзін ашу», «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралады. Ондағы мол ұшырасатын сопылық дүниетанымдық категориялар Ясауидің ой-пікірін тұжырымдаудың кілті ретінде қызмет еткен. Еңбекте сопылық әдебиетте жиі кездесетін «Нұр-ы Мұхаммедия», «үммү-л-әруах» категориялары, сондай-ақ адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы - «қалб-ы сәлим», дәрежелік өту сатылары - «дариялар» мәні таратыла айқындалған. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары әдістемелік теориялық деңгейде түсіндірілген.
Мирату-л-Құлуб рисалесінің Швеция Упсала нұсқасы Түркияның Стамбул қаласындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығының «Ғылыми зерттеу журналында» жарияланған.
ҚҰРАНДЫ ТҮСІНУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz