Классик прозасында – өмір пәлсапасы
Кітап оқығанды, теледидардағы атыс-шабыс пен төбелеске құрылған құрғақ оқиғаны қызықтағандай, жай әншейін уақыт өлтіру деп ұғатын түйсіздіктер болмаса, көзқарақты жұрттың елеулі бөлігі детектив шеберлері: Конан Дойл мен Жорж Сименон немесе Агата Кристилердің өзінен сырттап, заманымыздың әлемдік деңгейдегі сарабдал суреткерлері: дат Кнут Гамсун мен швед Август Стринбергті, жапон Рюнескэ Акутавага мен колумбиялық Габриель Гарсиа Маркесті, американдықтар Джон Джойс пен Артур Хейлиді, француздар Марсель Пруст пен Альбер Камюді талғап, екшеп оқитын дәрежеге жетті. Оларды жай оқып қоймай, сол кітаптардан өмірлік сабақ – терең пәлсапа (философия. Авт.) іздейтін болды. Сізге өмірлік пәлсапа қажет пе, дәлірегі, қазақ даласының пәлсапасы қажет пе, онда Сіз жоғарыдағы шет жұрт жазушыларының атағына жығылып, бірыңғай құлай бермей, олардан тереңдік әлемі, бай болмаса, еш олқы соқпайтын өз суреткеріңіз, өз ойшылыңыз Әбіштің шығармаларын да бір мезгіл оқып, ойға батып, бойға сіңіріп көріңізші!..Жазушының жиырма бестен жаңа ғана асқан қызыл-жасыл шағында оқырман талқысына ұсынған «Күй» повесінде сонау бір бұлағайлы замандарда бір мекенге сыймай, біраз жылдары қанды қақтығыспен өткен қазақ, түрікмен жұрттарының ауыл да талайлы тағдыры көз алдыңнан сурет болып өтіп, көкірегіңе қорғасын салмағымен құйылып қалмаушы ма еді?!. Шығармада «қанға – қан!..» үрдісін ұстанып, өшпес кек қуғанды мұрат көретін жанның бірі – түрікмен ауылының көсемі Жөнейіт батыр-ды… Қазақ қолының шабуылы үстінде он екіде бір гүлі ашылмаған түрікмен қыздарының масқаралануы, оның қарымы ретінде бір топ қазақ бозбаласының, адам көрмеген қатыгездікпен мәңгүртке айналдырылған сорлы тағдыры, адай батыры Дүйімғараның қолымен тірілей көрге көміліп, оқыс қаза құшқан кеудемсоқ батыр Көкбөрі, ақыр соңында, табиғат, қару ұстаудан гөрі, өнер қууға арнап жаратқан өз ұлы Дәулеттің адайлармен болған кезекті бір шайқастағы өкінішті өлімі – соның бәрі есті батыр Жөнейітті ойлантпаған емес, толғантпаған емес, бірақ ол оқиғаларға түбірлеп мән беріп, райынан қайтуға өзімшіл көкірегі ырыз бермеген!..
Екі жұрттың арасындағы егесті күндердің бірінде түрікмендер ұрыс-соғыста еш шаруасы жоқ, далада аң қағып жүрген пәнейі жан – адай күйшісін қолға түсіретін еді ғой… Повестің тұтқын күйшінің түрікмендердің ортасында толғанысты бір күй тартатын, күй әсерінен үй толы адам біткеннің қатты қобалжығаннан – жанарларына жас үйіріп, «торға түскен торғайдай болып», көздерімен жер шұқып қалатын естен кетпес бір сәті бар-ау!.. «Аяушылық жоқ жерде – адалшылық та жоқ… Өзің бөтен елге жасанып барсаң – жараланып қайтқаныңа ызаланба!.. Ол үшін көктегі Құдайды да, жердегі жауыңды да қарғама, өзіңді – өзің қорға!.. Жат жерде көргеніңе бола – өршеленбе, қайта, тәубеңе кел!» – дейтін еді ғой күйші тартқан домбыра!.. (Ә.Кекілбаев. Екі томдық «Таңдамалы шығармалар». Алматы. «Жазушы» баспасы. 1989 жыл. І-том, 247-бет).
Алайда, Жөнейіт батыр, осыны ұға тұра – бетінен қайтпайды!.. Күйшіні айдаладағы айдау жолдың бойына апартып, жер бетінде кесер басын ғана қалдырып, тірідей көмдіреді!.. Бір ғажабы, ол – әлгі күйшіден бәрібір құтыла алмайды!.. Жазықсыз жан аяуында – ойынан, ұйықтаса – түсінен шықпайды!.. Ақырында, жебір ой мүжіген, санамен сарғайып, жүйкесі тозған Жөнейіт жанымен жағаласып жатып, көз жұмады!.. «Ноқталы пенде, тірлігіңде тебіспе. Өлім екпе, өмір ек. Жарық жалғанның мән-мағынасы сонда». Повестің соңғы бетін жапқанда – жазушы-пәлсапашы бізге осыны ұқтыратын еді ғой!..
Классик-қаламгер «Ханша – дария хикаясы» повесі мен «Аңыздың ақыры» романында «Күйшіде» айтқан өзекті ойларын одан әрі дамытып, кеңейте, тереңдете түседі. Бұл екі шығарманың екеуінің де бас кейіпкерлері – қаһарынан қан шашыраған билеушілер. Біреуі – атақ-даңқы мен айбары жер-жаһанды тітіренткен әйгілі Шыңғыс хан да, екіншісі – соған жетеғабыл Әмір-Темір. Екеуінің де түпкі мақсаты біреу: ол – ақ найзаның ұшымен, қара қылыштың сұсымен, қаптаған қалың қолдың күшімен жер бетіндегі екі аяқты біткенді табанға салып, жекедара билік құру!.. Олар, белгілі бір дәрежеде, сол мақсаттарына жетеді де!.. Алайда, «асқанға – тосқан» бар екен!.. Дүние-жалғанның оларға да әзірлеп қойған, олардан да зор, олардан да қатал «әзірейілі» бар екен!.. Повестің соңында Шыңғыс ханның таңғұт ханшасы Гүрбелжін сұлудың қолынан мерт болуы – соның дәлелі!.. Ал, романның ақырында өзі екі көзін бірдей ойдырып тастаған шебер жігіт Жаппардың елес-суреті албастыдай басып, ажал құрсауында жатқан Әмір-Темірді көретініміз – соның айғағы!..
Жойқын күштің құлы мен күңі болуға – кеудедегі қу жаның қамынан басқа ештеңені ойлауға қауқарсыз құр сүлде пенделер ғана бейіл!.. Ал, «жаным – арымның садағасы!..» деуге ерік күші әкететін ерлер, аяулы махаббат пен қасиетті өнер жолында ажалға да тура баратын өр рухты қайсар жандар әлгі бейшаралардың тобына қосылмақ емес!.. Олардың тәнін жоқ қылу мүмкін!.. Оларды топыраққа айналдыруы мүмкін!.. Алайда, олардың өршіл рухын өлтіру, олардың кейінгі ұрпаққа деп сеуіп кеткен үлгі-дәнін жер бетінен, адамдардың жүрегінен аластау еш мүмкін емес!.. Егер, сондай ұстындар болмаса, солар қалдырған өршіл рух болмаса – дүние шіркін әлдеғашан тепе-теңдігінен айырылып, әлгіндей қанішер билеушілердің табанында тапталып, ойран-ботқасы шығып, қу медиен құла далаға айналар еді!..

КЛАССИК ПРОЗАСЫНДА – ӨМІР ПӘЛСАПАСЫ
Кітап оқығанды, теледидардағы атыс-шабыс пен төбелеске құрылған құрғақ
оқиғаны қызықтағандай, жай әншейін уақыт өлтіру деп ұғатын түйсіздіктер
болмаса, көзқарақты жұрттың елеулі бөлігі детектив шеберлері: Конан Дойл
мен Жорж Сименон немесе Агата Кристилердің өзінен сырттап, заманымыздың
әлемдік деңгейдегі сарабдал суреткерлері: дат Кнут Гамсун мен швед Август
Стринбергті, жапон Рюнескэ Акутавага мен колумбиялық Габриель Гарсиа
Маркесті, американдықтар Джон Джойс пен Артур Хейлиді, француздар Марсель
Пруст пен Альбер Камюді талғап, екшеп оқитын дәрежеге жетті. Оларды жай
оқып қоймай, сол кітаптардан өмірлік сабақ – терең пәлсапа (философия.
Авт.) іздейтін болды. Сізге өмірлік пәлсапа қажет пе, дәлірегі, қазақ
даласының пәлсапасы қажет пе, онда Сіз жоғарыдағы шет жұрт жазушыларының
атағына жығылып, бірыңғай құлай бермей, олардан тереңдік әлемі, бай
болмаса, еш олқы соқпайтын өз суреткеріңіз, өз ойшылыңыз Әбіштің
шығармаларын да бір мезгіл оқып, ойға батып, бойға сіңіріп
көріңізші!..Жазушының жиырма бестен жаңа ғана асқан қызыл-жасыл шағында
оқырман талқысына ұсынған Күй повесінде сонау бір бұлағайлы замандарда
бір мекенге сыймай, біраз жылдары қанды қақтығыспен өткен қазақ, түрікмен
жұрттарының ауыл да талайлы тағдыры көз алдыңнан сурет болып өтіп,
көкірегіңе қорғасын салмағымен құйылып қалмаушы ма еді?!. Шығармада қанға
– қан!.. үрдісін ұстанып, өшпес кек қуғанды мұрат көретін жанның бірі –
түрікмен ауылының көсемі Жөнейіт батыр-ды... Қазақ қолының шабуылы үстінде он
екіде бір гүлі ашылмаған түрікмен қыздарының масқаралануы, оның қарымы
ретінде бір топ қазақ бозбаласының, адам көрмеген қатыгездікпен мәңгүртке
айналдырылған сорлы тағдыры, адай батыры Дүйімғараның қолымен тірілей көрге
көміліп, оқыс қаза құшқан кеудемсоқ батыр Көкбөрі, ақыр соңында, табиғат,
қару ұстаудан гөрі, өнер қууға арнап жаратқан өз ұлы Дәулеттің адайлармен
болған кезекті бір шайқастағы өкінішті өлімі – соның бәрі есті батыр
Жөнейітті ойлантпаған емес, толғантпаған емес, бірақ ол оқиғаларға түбірлеп
мән беріп, райынан қайтуға өзімшіл көкірегі ырыз бермеген!..
Екі жұрттың арасындағы егесті күндердің бірінде түрікмендер ұрыс-
соғыста еш шаруасы жоқ, далада аң қағып жүрген пәнейі жан – адай күйшісін
қолға түсіретін еді ғой... Повестің тұтқын күйшінің түрікмендердің ортасында
толғанысты бір күй тартатын, күй әсерінен үй толы адам біткеннің қатты
қобалжығаннан – жанарларына жас үйіріп, торға түскен торғайдай болып,
көздерімен жер шұқып қалатын естен кетпес бір сәті бар-ау!.. Аяушылық жоқ
жерде – адалшылық та жоқ... Өзің бөтен елге жасанып барсаң – жараланып
қайтқаныңа ызаланба!.. Ол үшін көктегі Құдайды да, жердегі жауыңды да
қарғама, өзіңді – өзің қорға!.. Жат жерде көргеніңе бола – өршеленбе,
қайта, тәубеңе кел! – дейтін еді ғой күйші тартқан домбыра!..
(Ә.Кекілбаев. Екі томдық Таңдамалы шығармалар. Алматы. Жазушы баспасы.
1989 жыл. І-том, 247-бет).
Алайда, Жөнейіт батыр, осыны ұға тұра – бетінен қайтпайды!.. Күйшіні
айдаладағы айдау жолдың бойына апартып, жер бетінде кесер басын ғана
қалдырып, тірідей көмдіреді!.. Бір ғажабы, ол – әлгі күйшіден бәрібір
құтыла алмайды!.. Жазықсыз жан аяуында – ойынан, ұйықтаса – түсінен
шықпайды!.. Ақырында, жебір ой мүжіген, санамен сарғайып, жүйкесі тозған
Жөнейіт жанымен жағаласып жатып, көз жұмады!.. Ноқталы пенде, тірлігіңде
тебіспе. Өлім екпе, өмір ек. Жарық жалғанның мән-мағынасы сонда. Повестің
соңғы бетін жапқанда – жазушы-пәлсапашы бізге осыны ұқтыратын еді ғой!..
Классик-қаламгер Ханша – дария хикаясы повесі мен Аңыздың ақыры
романында Күйшіде айтқан өзекті ойларын одан әрі дамытып, кеңейте,
тереңдете түседі. Бұл екі шығарманың екеуінің де бас кейіпкерлері –
қаһарынан қан шашыраған билеушілер. Біреуі – атақ-даңқы мен айбары жер-
жаһанды тітіренткен әйгілі Шыңғыс хан да, екіншісі – соған жетеғабыл Әмір-
Темір. Екеуінің де түпкі мақсаты біреу: ол – ақ найзаның ұшымен, қара
қылыштың сұсымен, қаптаған қалың қолдың күшімен жер бетіндегі екі аяқты
біткенді табанға салып, жекедара билік құру!.. Олар, белгілі бір дәрежеде,
сол мақсаттарына жетеді де!.. Алайда, асқанға – тосқан бар екен!.. Дүние-
жалғанның оларға да әзірлеп қойған, олардан да зор, олардан да қатал
әзірейілі бар екен!.. Повестің соңында Шыңғыс ханның таңғұт ханшасы
Гүрбелжін сұлудың қолынан мерт болуы – соның дәлелі!.. Ал, романның
ақырында өзі екі көзін бірдей ойдырып тастаған шебер жігіт Жаппардың елес-
суреті албастыдай басып, ажал құрсауында жатқан Әмір-Темірді көретініміз –
соның айғағы!..
Жойқын күштің құлы мен күңі болуға – кеудедегі қу жаның қамынан басқа
ештеңені ойлауға қауқарсыз құр сүлде пенделер ғана бейіл!.. Ал, жаным –
арымның садағасы!.. деуге ерік күші әкететін ерлер, аяулы махаббат пен
қасиетті өнер жолында ажалға да тура баратын өр рухты қайсар жандар әлгі
бейшаралардың тобына қосылмақ емес!.. Олардың тәнін жоқ қылу мүмкін!..
Оларды топыраққа айналдыруы мүмкін!.. Алайда, олардың өршіл рухын өлтіру,
олардың кейінгі ұрпаққа деп сеуіп кеткен үлгі-дәнін жер бетінен, адамдардың
жүрегінен аластау еш мүмкін емес!.. Егер, сондай ұстындар болмаса, солар
қалдырған өршіл рух болмаса – дүние шіркін әлдеғашан тепе-теңдігінен
айырылып, әлгіндей қанішер билеушілердің табанында тапталып, ойран-ботқасы
шығып, қу медиен құла далаға айналар еді!..
Ханша – дария хикаясы мен Аңыздың ақыры оқырманның таным дүниесін
байытып, осындай пәлсапалық күрделі ойларға бастап қана қоймай, әркімнің де
жүрегіне ертеңгі үмітті күнге деген сенімнің терең тамырлы бітік дәнін
егеді!..
Туысқан қырғыз жұртынан шыққан көркем сөздің айтулы шебері Шыңғыс
Айтматовты бәріміз де білеміз. Себебі, біздер, бүгінгі аға буын ұрпақ, сол
қаламгер туындыларды құныға оқып өскенбіз!.. Үлкен жазушының кейінгі
кезеңдегі романдарына халық аңыздары да кіріктіріліп, олардың шығарманың
айтар ойы мен идеясына қызмет етіп жүргені де жадымызда. Айтулы қаламгер
сексенінші жылдардың бас тұсында жариялаған Ғасырдан да ұзақ күн
романында сондай бір аңыздан шығарып, адам-мәңгүрттің бейнесін жасады... Мұны
кезінде Мәскеу сыншылары бірауыздан: Әдебиетке келген жаңалық! – деп
бағалап, бірыңғай ден қойды!.. Бір ғажабы, мұндай жаңалықты әдебиетке
Ш.Айтматовтан он жылдай кейін келген Ә.Кекілбаев біз мақаламыздың басында
сөз қылған Күй повесінде (сондағы мәңгүрт-бозбалаларды еске түсіріңіз!..
Авт.) одан жиырма жылға жуық уақыт бұрын жасап кеткен-ді!.. Әбекең Шыңғыс
ханның да образын Ханша – дария хикаясында бұл әріптес ағасынан талай жыл
бұрын сомдап үлгерген еді ғой!.. Біздің мұндай салыстыруды алға тарта
отырып, қазақ әдеби сынының Әбіштей заңғар таланттардың шығармашылық
ізденіс-табыстарын уақытында бағалау тұрғысында әлжуаз болғанын, бой
күйездік танытқанын, сондай бейтараптық салқынынан әлі де арыла алмай
отырғанын үлкен өкінішпен айтпасқа әддіміз жоқ!..
Ә.Кекілбаев 1971 жылы Шыңырау повесін жариялады. Мұның, атына сай,
заты да шыңырау, адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына тұңғиық тереңінен
барған, оқырманға өмірдің қатал шындығын тағы да зерделеткен аса бір ойлы
шығарма болғаны есімізде. Қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр
кәсіптің адамдары – құдықшылар әулетінің тағдыр-талайын алға тартады...
Оларды жер бетіндегі тірліктің қым-қуыты мен қызығынан алшақтатып, сонау
зымыстанның түбіне түсіретін, әрине, жоқшылық!.. Бұл ауылдан шыққан Дәріжан
құдықшының да өмірі осы тірлікпен өтіп еді... Ендігі кезек – оның бұлалау
болып өскен немере інісі Еңсепке келіпті!.. Жазушының өз сөзімен айтқанда:
Еңсептің де жастық дәурені – алыс жолда ай батқанша жүріп-жүріп кеп, тек
таң алдында ғана бел шешпей сұлай кетіп, көз шырымын алған суыт жүргіншінің
таң ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа болды. (Сонда. І-том, 370-бет.).
Зерделі жігіт ауыр кәсіптің қыр-сырын көп ұзамай-ақ меңгеріп алды.
Құдықшылық тірлікке көндікті. Алайда, адам сорлының шыңыраудың түбіне өзін-
өзі айдап түсіруге күші жете тұра, сол тұңғиық қапаста көңілінің көзін,
арманда ойын байлап ұстап тұруға құдіреті жете бермейді екен де!.. Еңсеп те
сол: қолына – күрегі мен қайласы серік, көкірегіне – одан да арпалысты,
одан да тынымсыз ауыр ойлары серік. Адам, асылы, өмір деген көтерем
тұғырды бас-көзге төпеп, бақыт қуған сайын – одан соғұрлым алшақтай түсетін
сияқты. Бақыт қуған адамның тапқан бақытынан – жоғалтқан бақыты көп болса
керек. (Сонда. І-том, 370-бет). Шыңыраудың табанында тұрып: Су көзіне
жетем! – деп жер түбіне ұмтылған құдықшының осылайша ой түбін ұңғитын да
сәттері көп!..
Адам шіркіннің кеудесі, сыртынан қарасаң, құшағыңа сыйып кетер дөңбек
қаралы ғана шағын дүние... Ал, сол шағын әлемнің ішіне, тар қапасына ой
жүгіртіп қараңызшы!.. Ондағы айқұшақ қауып, тар мекенде тоғысып та соғысып
жатқан жан-санат сезімдердің шеті мен шегіне ой-санаңыз жетіп болар ма?!.
Соның бәрі – Еңсеп қазған шыңыраудан да қатерлі қызғаныш сезімі!.. Жер
бетінде осы қызғаныштың қыл тұзағына шырмалмауға қауқары жететін пенде
баласы бар ма екен?.. Бұл тұзақтан ет пен сүйектен жаралған сондай көп
пенденің бірі – Еңсеп құдықшы да құтылып кете алмаған!..
Айналасы бірер жылдың бедерінде талай дүмдінің құдығын қазып, көзге
түскен Еңсептің атақ-абыройы көп ұзамай-ақ жалпақ Маңғыстауға белгілі болып
қалатын еді ғой!.. Сөйтіп жүргенде – Қалпақ деген құдықшы шығып, өнерді
бұдан да асырған!.. Жұрт енді бұрынғыдай Еңсепті төңіректемей – әлгі Қалпақ
құдықшыға құлаған сыңайлы!.. Қалпақ қазған шыңыраудың тереңдігі пәлен
құлаш болыпты, түген құлаш болыпты!.. Бұл елдің айтатыны – сол!.. Еңсептің
ішіне қызғаныштың қызыл итін жүгірткен де, мұның алдында түк жазығы жоқ
Қалпақпен алакөз қылған да, еңбегімен тапқан шағын дәулетіне қанағат
қылдырмаған да, Үстірттің дөңіне шығарып, бұрын бұл аймақта көз көрмеген
терең шыңырау қаздыруға итермелеген де сол жұрттың сол кеу-кеу әңгімесі!..
Сондай бір шыңырау қазсам, әлгі қалпақшыл бола қалған жұрттың аузын
өзіме қарай қисайтсам, Қалпақ құдықшыны сөйтіп бір мұқатсам, сосын мен
қазған шыңырау Еңсеп қазған атанып, атағым дәуірлеп, артымда өшпес атым
қалса!.. Осы бір пенделік пиғыл Еңсеп сорлыны алды-артына қаратпаған!..
Шыңыраудың түбінде жер қазып, борша-борша терге түсіп, арасында сәл бір
бойын тіктеген сәттерінде де әлгі бақталасының суреті көз алдынан елес
беріп, бір кетпеуші еді ғой!.. Сол бір елес күшейген сайын – мұның қайласы
да қара жерге үсті-үстіне кірш-кірш қадалып, артынан жау қуып келе
жатқандай арпалысушы еді-ау!.. Сол бәсеке-қуғынның, сол қызғаныш-қуғынның
айдауымен бұл да жерді үңги ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz