Қызыл балдырлар. Жұмыр құрттар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қызыл балдырлар

Сурет:Haliclystus antarcticus 1.PNG

Қызыл балдыр.

Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta) - теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі. Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі.

Негізінен 20 - 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100 - 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. 2 класқа (бангия, флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда Қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сы Каспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі - - қызыл фикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық қызылдан көкшіл жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатом. және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер. Аналық көбею органы - оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды. Талломдары көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі [жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді] тілімделген және тарамдалған. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдар бір-бірімен байланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қоректерінің бірі болып табылады. Көбею клеткалары - тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуы нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның қалыптасуына ықпал жасайды (ұзындығы 1 м болатын Rhodymenіa pertusa 12 млн. карпоспор, ал оның тетраспорифті - 100 млн. карпоспор береді) . Су асты маржан рифтерінің пайда болуы мен өсуіне маржан балдырларының ықпалы үлкен. Қызыл балдырлардың көптеген түрлерінен салат, тұздық, сорпа жасалады, кептірілген күйінде де пайдаланады. Родимения және порфира түрлері жеуге жарамды болғандықтан, Тынық мұхиты жағалауындағы бірқатар елдерде (Жапония) оларды өндірістік тұрғыда арнайы өсіреді. Қызыл балдырлардан бағалы зат - агар алынады, балдыр ұны тыңайтқыш, малға азық ретінде пайдаланылады.

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. - 232 бет.

Жұмыр құрттар

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a2/Corn_worm.jpg/350px-Corn_worm.jpg

ЖҰМЫР ҚҰРТТАР

Жұмыр құрттар , нематодтар (Nemathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан олардыкосмополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda) ; құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha) ; киноринхалар (Kіnorhyncha) ; түкті құрттар (Nematorpha) ; коловраткалар (Rotatorіa) . 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады) . Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімінжұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында «құрсақ тізбегін» құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ішінде ұрықтанады. Көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі. Жұмыр құрттар - адам, өсімдіктер мен жануарлар организмінде де паразиттік тіршілік етеді.

A.

Нематодтар.

Жер шарында кең тараған. Ж. қ-дың 5 класы бар, 27 мыңдай түрі белгілі. Денесі жіп тәрізді созылыңқы келеді. Ұз. 1 мм-ден 8 м-ге жетеді.

  • Жұмыр Құрттар

Пайдаланған Әдебиет

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы 7 том 2 бөлім
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиядан ҰБТ-ға арналған шпаргалка
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Өсімдіктану (ботаника)
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Жертану пәнінен дәрістер кешені
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
НАҒЫЗ Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz