Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

1Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері

1. 1 Томас Джефферсонның өмірбаяны мен саяси қызмет жылдары . . . 6-20

1. 2 Америка Құрама Штатының тәуелсіздігінің жолындағы күресі . . . 21-31

1. 3 Республикашылар партиясының көшбасшысы ретінде . . . 32-38

2 Томас Джефферсонның президенттік қызметі мен ішкі және сыртқы саясаты

2. 1 АҚШ- Томас Джефферсонның президенттік билігі кезеңінде . . . 39-47

2. 2 Томас Джеффермонның жүргізген демократиялық ішкі саясаты . . . 48-56

2. 3 Томас Джефферсонның сыртқы саясатындағы басты бағыттары . . . 57-60

Қорытынды . . . 61-64

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65-66

Қосымшалар . . . 67

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі: Томас Джефферсон дүние тарихындағы белгілі қайраткер. Томастың өмірбаяны мен өз мемлекетіне сіңірген еңбегі адамзат тарихында мәңгілікке қалады. Томас Джефферсон тарихта ттек қана белгілі мемлекеттік саясаткер ғана емес, сонымен бірге ол ботаник, гуманист, философ, лингвист, полеонтолог, географ, архитектор, этнограф, ретінде тарихта атын қалдырды. Томас Джефферсонның саяси дүниетанымы эволюциялық даму кезеңіне тура келеді. Сонымен бірге, демократик бағыттарды жақтаушысы демократияның өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Әсіресе, америкалықтарға егемендік үшін күрестегі үлесі үлкен. Атап айтқанда, АҚШ-тың егемендігі үшін тәуелсіздік деклорациясын жазған белгілі қайраткер. Томас Джефферсон адам құқығын бәріненде жоғарыға қойды, өйіткені адам туғанынан ешкімге бағынышты емес, сонымен қатар адамдар барлық жерде де барлық уақытта да тең дәрежеде деді. Ол адамзатты ұлты мен жынысына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, жасына қарамау керек дейді. Томас Джефферсон демократиялық ұстанымдарды қолдаушы сонымен қатар оның іске асуына үлкен үлес қосқан қайраткер. Томас Джефферсон саяси әлемдік тарихқа мәңгілік сөнбес із қалдырды.

Томас Джефферсон республикашылар партиясының құрамында болды, ол партия жайлы былай деп айтады: «Қарапайым халықты бағалап, оларға қамқорлық таныту біздің республикашылар партиясының негізгі ұстанымы, ал, халыққа сенімсіздік таныту мен қорқу-басқа партиялардың ұстанымы». Көріп тұрғанымыздай, Томас Джефферсон халық қамын жейтін, қажеттіліктері мен мүддесін өз қолынан келгенше қамтамасыз етіп, қорғайтын халықтың қамқоршысы. Томас Джефферсон барлық адам табиғатынан тең және бірдей жартылған, соның үшін де барлығы тең дірежеде өмір сүрулері керек деген ұстанымды ұстанған. Томас Джеффферсон адамзаттың құқығы мен теңдігінің жақтасы, қарапайым халықты қорлап, езуге, қоғамның байлығын қиянат пен опасыздық жасау арқалы бөлуге қарсы шыққын белгілі тұлға [1] .

Зерттеу жұмысының нысаны: 1743-1826 жылдар аралығындағы Америка Құрама Штатының егемендігі жолындағы күресі, құрылуы мен дамуында Томас Джефферсонның сіңірген еңбегін қарастыру, талдау болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты Томас Джефферсонның өмірбаянын, саяси қызметін, ол басқарған кездегі Америка Құрама Штатының тарихын жан-жақты зерттеп, олардың мағынасы мен тарихи маңызын Томас Джефферсонның АҚШ тарихымен бірге әлем тарихында алатын орнын, сыртқы саясатындағы басты бағыттары мен оның себептері мен салдарын ашып көрсету, Томас Джефферсонның америкадағы буржуазиялық революциядан кейінгі, АҚШ-тың ел болып аяққа нық тұруына қосқан үлесі, қоғамдық саяси ойлары, идеялары мен көзқарастары туралы зеріттеу және оны талдау болып табылады. Осы айтқан мақсаттарды іске асыру және тақырыпты толығырақ қамтып ашу үшін мынадай мақсаттар мен міндеттер қойдым:

  • Томас Джефферсонның өміріндегі негізгі маңызды кезеңдері мен жеке тұлға болып қалыптасуының кезеңдерін зеріттеу;
  • Томас Джефферсонның заңгер, реформатор ретіндегі қырларын aшып көрсeту;
  • Америкада болып өткен буржуазиялық революция уақтысындағы Томас Джефферсонның іс - әрекеттеріне баға беру;
  • Буржуазиялық революциядан соң, АҚШ-ның егемендік алуына қосқан үлесі туралы айту;
  • Томас Джефферсонның губернатор және президент ретіндегі қызметінің кезеңдерімен оң қырларын көрсету;
  • АҚШ-тың егемен ел болуы үшін жазған «Тәуелсіздік деклорациясындағы» Томас Джефферсонның идеялары мен ой - пікірлерін талдау;
  • Томас Джефферсонның президент кезіндегі ішкі және сыртқы саясатының өзгешеліктерін айқындау ;
  • Ұлықтау рәсімі кезіндегі Томас Джефферсонның айытқан сөздері туралы баяндау;
  • Томас Джефферсонның тарихи тұлға ретінде АҚШ тарихындағы алған орнын көрсету;

Тақырыптың зерттелу деңгейі: АҚШ алғашқы және соңғы деклорациясының авторы Томас Джефферсонның саяси және әлеуметтік көзқарастары мен идеялары жайында еңбектер көп. Әрбір әлеуметтанушы, тарихшы, саясаттанушы, АҚШ-тың тарихын зерттеген кезінде Томас Джефферсонға арнайы жеке тоқталады. АҚШ-тың бұл деклорациясы әлемдік прогресстің рөлі болғаны үшін дүние тарихында Томас Джефферсонның алар орны ерекше. Америкалықтардың демократиялық жолдағы азаттық үшін күресі Томас Джефферсонның атымен байланысты болғаны үшін, ол жайлы көптеген ңбектер әдебиеттер кездеседі. Тақырыбым 1743-1826 жылдары Томас Джефферсонның өмір сүрген жылдар арасын қамтиды. Тақырыптың тарихнамалық әдебиеттерінің тізімінде Томас Джефферсонның өмірбаянына, саяси қайраткерлік қасиеттерінің ашылуына, саяси қызметінің тарихына аталған өмірбаян негізінде жазылған кітаптардың алатын орны ерекше. Осылардың ішінде Г. Н. Севостьянов пен А. И. Уткиндер жазған «Томас Джефферсон» [2], кітабы сонымен қатар Томас Джефферсонның өзі жазып оны кейіннен В. М. Большаков пен В. Н. Плешков орыс тіліне аударған «Автобиография. Заметки о штате Виргиния» [3], атты еңбегі А. Б. Альтер жазған «Буржуазная политическая экономия США» [4], еңбектері бар. Бұл кітаптарда Томас Джефферсонның өмір жолы, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңі жінеде саяси қызметтері жайлы жан-жақты жазылған. Бұдан басқа Томас Джефферсоның саяси қызметінің басталған кезеңі, қызмет бабының өсу кезеңдер, заңгер, заң шығарушы өкіл, губернатор, партия лидері, президент сияқты қызметтері туралы кезеңдер баяндалған.

Жоғарыда айтылған Америка тарихының белгілі маманы В. В. Согриннің еңбектерін талдайтын болсақ, оның жоғарыда көрсетілген кітабынан басқа «Мифы и реальности американской истории» [5], «Политическая история США. ХҮІІ-ХХ вв. » [6] және «Основатели США: исторические портреты» [7] еңбектері бар. В. В. Согриннің бұл кітаптарында АҚШ тарихына бірқанша деректерді тарта отырып жан-жақты баяндайды. Тақырыптың дерек көзі болып, ХҮІІ-ХІХ ғасырларда АҚШ тарихына байланысты жинақталған құжаттық жинақтар болып табылады. Мұндай жинақтардың арасында алдымен АҚШ тарихының хрестоматияларын айтамыз. Осы жинақтардың бірі АҚШ тарихының белглі тарихшысы Э. А. Иванян жинақтаған «Хрестоматия по истории США» [8] кітабы. Бұл жинақта сол кездегі АҚШ тарихына байланысты жазылған көп құжаттар жиналған. Г. У. Шельдонның «Политическая философия Томаса Джефферсона» [9] атты еңбегінде саяси ойлар жазылған. Сонымен қатар, осы тақырыпқа байланысты Н. Н. Деев [10], Невинс пен Коммаджер. Г [11], Ударцев С. Ф [12], Печатнов В. Н [13], Подовер [14] осы еңбектер солардың қатарында.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі аралықты қамытады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Тарих ғылымының жүйелілік, тарихилық, объективтілік, сияқты негізгі ұстанымдары негізге ала отырып жазылды. Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу кезінде логикалық зерттеу, салыстырмалы-тарихи талдау, сыни талдау, методтары кеңінен қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Томас Джефферсонның өміріндегі негізгі маңызды кезеңдері мен жеке тұлға болып қалыптасуының кезеңдері зеріттелді;
  • Томас Джефферсонның заңгер, реформатор ретіндегі қырларын aшып көрсeтілді;
  • Америкада болып өткен буржуазиялық революция уақтысындағы Томас Джефферсонның іс - әрекеттеріне баға берілді;
  • АҚШ-тың егемен ел болуы үшін жазған “Тәуелсіздік деклорациясы”ндағы Томас Джефферсонның идеялары мен ой - пікірлерін талданды;
  • Томас Джефферсонның Президент кезіндегі ішкі және сыртқы саясатының өзгешеліктерін айқындалды ;

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, тармақшалар, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

1 Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері

1. 1 Томас Джефферсонның өмірбаяны мен саяси қызмет жылдары

Америка Құрама Штатының тарихы ХVII ғасыр соңы мен ХІХ -ғасыр бас кезінде дүниеге белгілі саясаткерлерді тарих бетіне шығарды. Бұл саясаткерлердің әртүрлі бағыттағы, әрі әр түрлі партиялардың мүшесі болсада, барлығы да жаңа әрі жас Америка Құрама Штатының іргетасын қалаушылар ретінде тарих бетінде қалды. Себебі, бұл тарихи қайраткерлер отандарының тағдырына өмірлерін арнап, оның қалыптасып, гүлденуіне, нығаюына бар күштерін салды. Джей Пейн, Франклин, Джордж Вашингтон, Александр Гамильтон, Джордж Адамс, Джеймс Мэдисон, сонымен қатар Америка Құрама Штаты демократиясының, тәуелсіздігінің негізін салушылардың бірі, белгілі саясатшы, философ Томас Джефферсонның аты солардың қатарында.

Ұлы саясаткер, гуманист, реформатор америкалық революцияның демократтық бағытын ұстанушы Томас Джефферсон 1743 жылы 13 апрелде Виргиния колониясында Альбемарл графтығының Шедвел саяжайында белгілі ауқатты отбасында сегіз баланың үшіншісі болып туылды. Томастың әкесі- Питер Виргинияға көшіп келгендердің алғашқыларының бірі болды. Ол арнайы білімді, оқымысты болмаған. Ол Виргиния колониясындағы, зерек, сауатты кісі болғандықтан жауапкершілігі бар істерге шақырылып тұрды. Мысалы, Виргиния жерінің сызбасын сызу, шекараны анықтау, жұмыстарын атқарды және де заң шығаратын кеңестің отырысына шақырылып тұрды.

Джефферсондар әулеті Америка құрлығына Уэльс жерінен көшіп келген. Алайда Джефферсондардың нақты қашан көшіп келгені беймәлім. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Америка Құрама Штатының тәуелсіздік декларациясының жасаушылардың бірі Томас Джефферсонның әкесінің әкесі - Томас Джефферсон ХҮІІ ғасыр 70-жылдарында Джеймс өзенінің жанындағы қазіргі Ричмонд аумағындағы Хенрико графтығында өмір сүрген. Ол сұрмерген аңшы ретінде белгілі болған, сонымен қатар фермерлердің кедей санатына жатты өйткені оның айтарлықтай мөлшерде жері болмады. Томас Джефферсон бай отбасының қызы, көршісі - Мэри Брэнчке үйленгенінен соң ғана, әйелінің жасауына келген дүние арқылы 1682 жылында 167 акрлық жер телімін сатып алды. Сол уақыттағы өлшеммен есептелінсе бұл өте кішкентай жер болып есептелінетін.

Джефферсондар әулетінің шаруашылығының әрі қарай нығаюына Томас Джефферсонның сайланбалы “жол инспекторы” лауазымын иемденуіне байланысты болатын. Томастың атасының міндеті сол жердегі жергілікті тракторлардың жұмысқа жарамдылығын тексеріп, қадағалау болды. Томас Джефферсонның орталаушы тапқа өткендігі, оның жергілікті сотта алқа би болып қызмет етуіде бірден бір дәлел болады. Өйткені, кедейлер мұндай лауазымға ие бола алмайтын еді. Оның үстіне, 1697 жылы- қайтыс болған үлкен ұлы Томасқа жер телімімен қатар, бірнеше құлды да мұралыққа қалдырған болатын [2, 10] .

Қоғамдық қызметті иемденуі және табысты некелесулер Джефферсондар әулетінің кейінгі ұрпағында да дәстүрге айналды. Осындай себептердің негізінде, Джефферсондардың әулеті әлеуметтік баспалдақта күн өткен сайын биктей бастады. Екінші Томас Джефферсон да сотта судия қызметін атқарады. Бұдан басқа тағы ол графтықта милиция капитаны шенін алады. Екінші Томас Джефферсон бай плантатор Рендольфтың туысы майор Питер Филдтың қызын әйелдікке алады. Бұль жағдай оған, үлкен жер иеліктерімен қатар мал -мүлік мұра ретінде қалып, жұмыс барысында қызметтік өрлеуіне себебші болады. Ол графтықтың шериф шенін алып, ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында кішігірім жер өсімқорлығына араласады. Бірақ, оның өмірінің соңына жақын өмір сүру деңгейі күрт төмендей бастайды. Бұның себебі үйін өрттің жалмауы себеп болды. Ол өрттен өте үлкен шығынға ұшырап, отарлық әкімшіліктен материалдық көмек сұраужағдайына дейін жеткен. Мәліметтерге қарағанда, одан осы қарыздары үшін айыппұл салынған. Осы жағдайға қарамастан, 1731 жылы ол өлгенінен кейін үш ұлынада біраз мал-мүлік мұра ретінде қалады.

Балаларының ішінде дәстүрге сай кенже ұлы - Питерге мұраның ең аз бөлігі тиді. Бірақ, Питер екі құл және екі атқа ие болды. Жер теліміне келсек, оған алыстау орналасқан жердегі 1707 жылы әкесі Томас Файнкрик аймағынан сатып алынған 150 акрлық жер берілді. Файнкрик жері дәл сол кезде Хенрико графтығынан бөлініп шығып, Гучланд графтығына қосылған болатын. Питер Джефферсон жер өлшеуші қызметін атқарған. Питердің қызмет бабымен өсуі өзінің іскерлік қасиеттерімен бірге, оның анасы тарапынан алыстау туысы болған кісілер мен де достық пейілімен жақсы араласуы оң әсерін көрсетті. Мысалы, осындай туыстарының бірі Гучланд графтығының ірі жер иеленушісінің бірі болған Уильям Рендольфпен достығы болатын [4, 170] .

1739 жылы 32 жастағы Питер Джефферсон Уильямның қарындасы - 19 жастағы Джейн Айшем Рендольфқа үйленді. Джейннің әкесі сол уақытта көреген, білімді кісі болған. Ол кісінің 3000 акрлық жер телімінде 350 қара құлдар істеген. Питердің қарамағындағы жерлер Джеймс өзенінің бір сағасында болса, Рендольфтардың иелігіндегі жер өзеннің екінші сағасында еді. Әйелінің жасауына Питер досы Уильямнан екі жүз акр жерді сатып алды. Питердің кезінде Шедвел деп аталған саяжайының негізі міне осылай қаланған болатын. Саяжайдың Шедвел деп аталуының себебі жас әйелі Джейннің Лондондағы туылған жері Шедвел деп аталатын еді.

Питер Американың батыстағы жерлерін игеруіне де қатынасты. Питер экспедиция құрамында болып, Аллиган тауының шыңына бірінші шыққандардың бірі болған. Сол экспедиция нәтижесінде сол уақыттағы Виргиния штатының батыстағы шекарасының алғашқы картасы сызылды. Картаны сызғандардың қатарында Питер Джефферсонда бар. Уильям Рендольфпен достығының тағы бір маңызды көмегі тиді. Уильям Питер Джефферсоннан 6 жас кіші еді, алайда ол одан 12 жыл бұрын қайтыс болып кетті. Уильямнің өсиет хаты мен Питер оның помесьтесі Такахоэге көшіп барып, ол жерде жеті жыл басшылық етеді. Такахоэ жеріне қоныс аудару кішкентай Томастың алғашқы саяхаты болды. Көшудің негізгі көлігі жылқы еді. Кішкентай Томас Джефферсон жылқы үстінде отырып, жол бойы көргендерін ә кесіне сұрап, алған жауаптарын бойына тоқып отырды.

Томастың бірінші ұстазы Такахоэ жерінде болды. Томас Джефферсон бұл кезде бес жаста еді. Үйде оқытатын балалар мұғалімнен Томас негізінен ағылшын әліпби мен арифметиканы үйренді. Бұған ол төрт жылын сарып етті. Джефферсон басқаоқұшыларға қарағанда берген білімді тез, қызығушылықпен қабылдады. Ұстазы Питерге қабілетті баласын мектепке беру керек деген ұсынысын айтады [2, 12] .

Такахоэде Питер жер өлшеуші қызметін жалғастырады. Сонымен бірге, қайтыс болған досыны Уильямның да иелігіндегі шаруашылықты да дамытып, темекі өндірісін жылдан-жылға кеңейте түсті. Питер Джефферсон бос кезінде өзі толтырған кішкентай кітапханасында кітап оқығанды ұнататын. Алайда Питер өзінің білімі мен мақтана алмады, осы жағдай өзінің өмірінде жетістіктерге жетуіне кедергі болды деп есептеді. Питер менің балам келешекте мен сияқты өкінбесін, менің балам оқыған үлкен адам болуы керек деп, Томастың ұстазының ұсынысын қабыл алады.

1752 жылы Такахоэ поместьесінің мұрагері досы Уильямның ұлына қамқорлық ету уақыты аяқталысымен Джефферсондар отбасы Шедвел саяжайына қайта оралады. Шедвелде 9 жастағы Томас пастор Уильям Дугластың мектебіне барады. Томас мектепке атпен баратын және аптаның соңында Шедвелге қайта оралатын. Сол кездің өзінде Томасты жақсы шабарман дейтін. Томас құралайды көзге атқан сұр мерген де болатын. Бірақ ол аңшылыққа құмар емес еді. Дугластың мектебінен соң Томастың ұстазы Моури Джеймс болды. Моуристің тәрбиесіне Томас Джеферсон келгенде 14 жаста болатын. Жаңа ұстазынан Джефферсон ағылшын әдебиеті жөнінен жүйелі түрде білім алды, математика, тарих, география пәндері бойынша алғашқы түсініктерін алды. Осы кезде Томас итальян және француз тілдерін үйренуде бірінші жетістіктерге қолы жетті [11, 148] .

Томас Моуридің мектебіне оқуға барған жылы Питер өмірден озды. Томас үшін бұл орны толмас үлкен қайғы болды. Томас тек әкесінен ғана емес, өз өміріндегі негізгі жол көрсетушісі, кеңесшісі, ақылшысынан айырылған еді. Бұл кезде Джефферсондардың жері 2650 акрға жеткен болатын. Томастың плантациясыннда 60 құлмен өсірілген темікі мұхит арқылы шетелдерге сатылып отырды. Бұдан бөлек шаруашылықта 25ат, 70 ірі қара мал, ұсақ мал мен 200 шошқа тағыда біраз мүлік болды. Дегенмен, Питердің қазасынан кейін Джефферсондардың әлеуметтік жағдайы нашарлай бастайды. Анасы Джейн үй шаруасынан, сегіз баланы қараудан қолы босамады.

14 жастағы Томас үлкен ұлы болғандықтан Питердің иелігінің үлкен бөлігін мұра ретінде алұға тиіс еді. Осылайша, Томас таңдау жасауы керек болатын, яғни, шаруашылықпен айналысу немесе оқуын жалғастыру. Питердің өлер алдындағы айтқан қалауы Томастың оқуын жалғастыруы еді. Оның оқуын жалғастыруын анасы мен бірге үлкен әпкелері - Марта және Джейн де қалады. Бір жағынан, Томас 2 жастағы інісін есептемегенде үйдегі жалғыз ер адам екендігінде естен шығармады. Томастың еске алуы бойынша сол кезде барлық жауапкершілік жалғыз өзінің мойнында болды, жанында оған жол көрсетіп, ақылын айтып, басшылық жасайтын туыстары немесе басқа жан да болмады. Осындай қиын кезде барлық мәселенің түйінін жалғыз өзі шешіп, Моуридің мектебіне қайтып оқуға келеді. Моури Джеймс Америкаға көшіп келген француздық гугеноттардың отбасынан шыққан еді. Ол отарлық саясаттың қара халықты қанаушылық саясатын айыптап, сынға алды. Джеймстің жеке кітапханасында 400 том болатын ежелгі және сол заманғы философтардың жазған философиялық ойлары мен сөздері жазылған кітаптары маңызды болып есептелінетін. Біраз уақыттан кейін Томас осы философтардың кітаптарын оқуға мүмкіндік алды. Ұстазы Томастың оқұға деген ерекше қабілетін көріп, Томастың оқуын қадағалай бастады. Кейіннен Томас Джеймстің мектебінен «терең әрі маңызды, рухани азықтар алғанын, әрі қарыздар екенін» еске алып, жазады [4, 175] .

Джеймстен алған білімдері Томасты Уильям және Мэри колледжіне келуіне себеп болды. Уильям және Мэри колледжі 1693 жылы іргетасы салынған Ұлыбританияның америкалық отар жерлеріндегі алғашқы колледждердің қатарында еді. Бұл кезге дейін Виргиния штатында он шақты үлкен иеліктер болды. Осы иеліктердің иелері ағылшын басшыларынан колледжді салуға мүмкіншілік алды. Бұл колледж Виргиния штатының әкімшіліктің басқару орталығына айналған Вильямсбург жерінде ашылды. Колледждің өзгешелігі құдай туралы ілімдерді оқытумен бірге, әдебиет, физика, тарих, математика, география, философия, заң салаларын оқытты. Джефферсон осындай өзгешеліктерін ескеріп, ойланбай осы колледжге оқуға түсті. Томасты сауда мен әскери қызмет қызықтырмады. Осылайша, Томас дәрігерлік және заңгерлік мамандығының ішінен адвокат болуды қалайды. Томастың неге дәл осы мамандықты таңдағаны жайлы анық бір себеп көрсету қиын.

Томас Уильям және Мэри колледжіне 1760 жылы түсті. Колледжде Томасқа еуропалық ағартушылықтың өкілі доктор математика профессоры Уильям Смолл мен антироялист, виргиниялық белгілі адвокат Джордж Уайт сияқты белгілі мамандар сабақ берді. Екі ұстазы да Томастың көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті. Кейіннен Шотландиялық доктор Уильям Смолл мен Джефферсонның арасы жақындай түсіп үлкен достық пайда болады. Томас Смоллға сол кезде 35 жастағы Джордж Уайтпен таныстырғаны үшін де борыштымын деп есептейтін. Джордж Уайтпен Томастың арасында да ұзақ жылдарға созылған керемет достық орнады. Заң саласының профессоры Джордж Уайт досы Томасты тек заңгерліктің қыр сырын үйретіп қана қоймай, мемлекетті билеудің республикалық формасының маңыздылығы жайлы да көп нәрсе үйретті. Біраз уақыт өткеннен соң, Джордж Уайт шәкірті Томас Джефферсон жазып шығарған Тәуілсіздік декларациясына қол қойған болатын.

Джефферсон колледжді қатты қызығушылықпен оқыды. Тіпті сабақтан бос уақытында ол өзіне арнап жасаған кестені қатаң түрде сақтау арқылы өткізді. Ол бір күнде оқуға 15 сағатқа дейін уақыт ажыратқан. Ертеңіне бірінші сағаттарда физика мен математиканы, кейін құқықты оқитын еді. Күндіз тарихты, философиялық трактаттарды оқуға, ал кешке әдеби кітаптарды оқуға уақыт ажыратты. Джефферсонның достарының бірі Нейдждің еске алып айтуы бойынша «Томас тіпті ең көп араласатын достарының өзінен кітаптарына қарай қашуға тырысатын» [11, 150] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Томас Джефферсонның өмірбаянын, саяси қызметін, ол басқарған кездегі Америка Құрама Штатының тарихы
Т.Джефферсон АҚШ-тың үшінші президенті: саяси өмірбаяны
Томас Джефферсон
Джефферсонның демократиялық саяси - құқықтық доктринасы
Томас Джефферсонның саяси-құқықтық көзқарасы
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар
Жаңа заманның саяси көзқарастары, саяси ілімдері
Жаңа замандағы саяси ой
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
Шотландтық Адам Смит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz