Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі.

Мазмұны:

Кіріспе . . . . . . . . . 2

1-тарау. Адамзат баласының пайда болуы5

1. 1. Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі 5

2-тарау. Қазақстанның көнетас дәуірі11

2. 1. Ерте палеолит11

2. 2. Орта палеолит. 18

2. 3. Кейінгі палеолит. 20

2. 4. Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. . 23

3-тарау. Қазақстанның ортатас дәуірі24

3. 1. Мезолит дәуірінің басты ерекшеліктері. 24

3. 2. Мезолиттік мәдениет пен тұрақтар30

4-тарау. Қазақстанның жаңатас дәуірі32

4. 1. Неолиттік төңкеріс 32

4. 2. Неолиттік мәдениет пен тұрақтар 35

Қорытынды38

Пайдаланылған әдебиеттер40

Қосымша41

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тарих ғылымының терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізенде жасалады. Жалпы алғанда «тарих» ұғымы оқиғалар туралы әңгіме деген мағынаны білдіреді, негізінен тарих адамзаттың пайда болуынан бастау алады. Соның ішінде Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ертеде өмір сүрген алғашқы адамдардың, сондай-ақ ата- бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпін, салт-дәстүрін, шаруашылығын жалпы алғанда олар жайлы мәліметтердің барлығын тарих ғылымы арқылы білеміз. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады. Планетамыздың барлық түкпірлерінде адамның шығуы мен даму тарихында, сондай-ақ оның еңбек қызметінің іздерінде ортақ нәрсе көп және олар өзара тығыз байланысты. Алайда адамзаттың ежелгі өткен заманының көптеген беттері осы кезеңге дейін ашылған жоқ, анықталған даулы мәселелермен даулы қағидалар әліде көп. Біздің ертедегі бабаларымыздың өмірі туралы қазіргі түсініктер адам еңбегінің қалдықтары - тас құралдар, оларды дайындаған кездегі қалдықтар, тамақ қалдықтар- жануарлардың сүйектері сақталып, үңгірлерді, үңгіме құыстарды зерттеуге негізделеді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың тұрмысын, оның кезеңдерін ерекше эканомикалық формация ретінде анықтау үшін тарих ғылымы әртүрлі деректерді қолданады. Соның ішіндегі ең маңыздылары-археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық деректер. Археологиялық деректер басқа деректерге қарағанда көп мағлұмат береді.

Археологиялық деректер ерте замандағы адамдардың қалдырған заттары мен іс-әрекеттерінің іздері болып табылыды. Әлемнің әртүрлі халықтарының мәдениеті мен тұрмысын, шығу тегін, қоныстану құрамымен мәдени тарихи қатынасын этнография зерттейді. Антропологиялық деректер -бұл алғашқы адамдардың сүйек, қаңқаларын зерттеп, олардың бет-әлпетін сипаттайды. Зерттеулер барысында мумияланған өліктерде кездеседі, бұл ғылым үшін құр қаңқаның өзі өте құнды болып табылады. Осындай ғылым салаларының арқасында біз алғашқы мекен еткен адамдар туралы мол мағлұмат ала аламыз. Тарих ғылымы негізі заттай деректер болып табылады. Табылған затттай деректердің өз ішінде ерекшелігіне байланысты ғалымдар адамзат тарихын бірнеше кезеңге болып қарастырады. Бұл кезеңдер тас дәуірінен бастау алады. Қазақстан аумағында бұл кезеңдерге жататын көптеген

археологиялық деректер табылған. Тарих ғылымы көптеген салалар негізінде құрылады, міне сондықтанда біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ еліміздің тарихын, артта қалған жолымызда кімдер жүріп өткеніні тереңірек білуге ұмтылуымыз керек. Біздердің арғы аталарымыздың сонау ежелгі тас дәуірінде қалай өмір сүргені, олардың қақылдаған аязда қалай қатып қалмағаны, тамақ жоқтығына ашығып қырылыып кетпегені, олардың қалай өмір сүргендігі, міне осылардың бәрі бүгінгі біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: адамзат тарихының археологиялық кезеңдерін анықтау, тас дәуірін тереңірек түсіну. Қазақстан аумағында осы дәуірлерге жататын ескерткіштерін анықтап білу, сондай-ақ әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін, жетістіктерін зерттеу.

Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды қамтиды: Деректік шолу. Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегінің, қалыптасуының ортақ тарихы, заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай халықтың болсын көне тарихын дұрыс түсіну үшін, осы ең көне замандағы тарихқа шолу жасау қажет. Ғалымдардың адамзат тарихын кезеңдерге бөлуі туралы ғылыми зерттеулері жеткілікті. Сондай-ақ, тас ғасырының өз ішіндегі кезеңдеріне тән адамдарының сана сезімінің дамуына байланысты еңбек құралдарының жетіле түсуі, Қазақстан территориясында бұл кезеңдерге жататын тұрақ, қоныстарының зерттелуі, бұл тұрақтарға жеке сипаттама беру, климатқа байланысты шаруашылықтың дамуы немесе құлдырауы, от алуды үйренуі сияқты әр кезеңнің жетістіктерін тағыда басқа жағдайларды айта кету қәжет болып табылады. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз. Жұмыста тас ғасырын зерттеген зерттеушілер, тарихшылар, археологтардың ғылыми еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып, тас ғасырына кеңінен ақпарат беруге тырысамыз.

1-тарау. Адамзат баласының пайда болуы.

1. 1Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі.

Тас дәуірінің ең басты белгілерінің бірі - адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы. Бүгінде адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі - бұл мәселені діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Ондай ұғым бойынша, күллі дүниені, соның ішінде адамды Құдай жаратты деу. Бұл - ғылыми жолмен дәлелдеуі өте қиын пайымдау. Екінішісі - әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гуманоидтер жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген. Бүл да әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір. Адамзат баласының пайда болуы, қалыптасуы жөніндегі үшінші пікір - адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан. Тарих ғылымының саласының бірі антропология тікелей осы адамзаттың даму эволюциясын зерттейтін ғылым болып табылады.
Ч. Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, дамудың төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгін де ең дәлелді, сенімді көзқарас саналады. Сондықтан әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды. Ежелгі дәуірдің өзінде адамның пайда болуы туралы әртүрлі аңыздар тарай бастаған. Адамның шығу тегін дұрыс түсіндіре алмай алғашқы адамдар бралығын құдайдан немесе бір аңыздық батырдың ықпалынан деп ұқты. Осыдан келіп адамзат тарихында екі бағыт пайда болды:идеалистік және материалистік. Бұл бағытттардың ертедегі өкілдері ретінде Гесиод пен Демокритті атауға болады.

Б. э. д XIII ғасырда өмір сүрген грек ақыны Гесиод өзінің «Еңбектер мен күндер»деген поэмасында адамзат қоғамының негізгі даму кезеңдерін көрсетіп, сол кезеңдерге сипттама беруге тырысты. Адамзат өмірінде ол бес кезеңді көрсетеді:алтын, күміс, мыс, батырлық және темір. Осылай ғалымдар адамзат өмірін болып жатты. Ал Демокрит батыл түрде әлемді құдай жаратқан жоқ, ол шексіз атом алмасу нәтижесәнде пайда болды дейді. Қәзіргі күнге дейін адамның пайда болуы туралы нақты дерек жоқ.

Адамның басқа жан иелерінен басты айырмашылығы - оның еңбекке қабілеттілігінде. Бірде-бір маймыл құрал жасай алмайды. Ол табиғаттағы заттарды құрал ретінде пайдалануы мүмкін. Мысалы, ағашпен жаңғақты немесе бананды ұрып түсіреді. Бүл - құралды пайдалану әрекеті ғана, әлі еңбек емес. Еңбек егер маймыл екі ағашты бір-біріне жалғап, не болмаса ағаштың ұшын ұштап, кейін іс-әрекет пайдаланса ғана еңбек құралын жасау іске асады. Яғни, табиғи құралды өз қажетіне қарай өңдеуден еңбек үдерісі басталады. Еңбекке қабілеттілік адамның басты критерийі, яғни басқа жан иелерінен негізгі айырмашылығы болды, еңбек ету үдерісінде адамның ойлау қабілеті дамыды. Ойлау қабілетімен бірге қатынас құралы - тіл дамыды. Тілдің пайда болып, дамуы қоғамның дамуына өзінің жағымды әсерін тигізді.
Адамның биологиялық, физиологиялық дамуында ет тағамының рөлі зор болды. Қалыптасып келе жатқан адамдардың өмірінде отты игерудің орны да бөлек еді. От алғашқы адамдарды суықтан сақтады, әр түрлі жыртқыштардан қорғануға мүмкіндік берді. Оның үстіне, отқа пісірілген ет адамның күш-қуатының артуына, ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Адамның адам болып қалыптасуы кезеңінде аталған факторлар негізгі рөл атқарды.

Антропологиялық сипаттама

  1. Австралопитек (Зинджантроп) «Епті адам» (Homo habilis)
1959-1960ж Шығыс Африкада, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы-1млн. 750мың жыл. Миының көлемі-652см3
Австралопитек (Зинджантроп) «Епті адам» (Homo habilis):
  1. 1. Питекантроп (Homo erectus) «Тік жүретін адам»

2. Синантроп «Қытай адамы»

1959-1960ж Шығыс Африкада, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы-1млн. 750мың жыл. Миының көлемі-652см3:

1890-1891ж Ява аралынан алғашқы питекантроп табылды.

1927ж Пекин маңынан Чжау-коу-дян үңгірінен алғашқы синантроп табылды. Жасы-1млн. жыл. Миының көлемі-950см2

Австралопитек (Зинджантроп) «Епті адам» (Homo habilis):
  1. Неандерталь(Саналы адам) (Homo sapiens)
1959-1960ж Шығыс Африкада, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы-1млн. 750мың жыл. Миының көлемі-652см3: 1956ж Неандерталь үңгірінен-Германия- табылды. Жасы-140мың жыл. Миының көлемі-1300-1400см3
Австралопитек (Зинджантроп) «Епті адам» (Homo habilis):
  1. Кроманьон «Қәзіргі адамға ұқсас»
1959-1960ж Шығыс Африкада, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы-1млн. 750мың жыл. Миының көлемі-652см3: Кро-маньон үңгірінен-Франция-табылды. Жасы-40мың жыл. Миының көлемі-1500-1800см3

Адамзат тарихы бірнеше қоғамдық құрылыс сатысынан өткен:

  1. Алғашқы қауымдық құрылыс.
  2. Құл иеленушілік құрылыс.
  3. Феодалдық құрылыс.
  4. Капиталистік құрылыс.
  5. Социалистік құрылыс.

Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің дамуына, өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты жасалады. Белгілі бір ғылым саласының әдіс-тәсілдері арқылы жасалатын кезеңге бөлу археологиялық және геологиялық деп екі кезеңге бөліп қарастырылады.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған - атақты американ этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық -варварлық - және өркениеттік -цивилизация- деп үш кезеңге бөлді. Аталған әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды - сөйлеу тілі пайда болды, отты бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л. Г. Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды.

Адамзат тарихының ең көне дәуірін кезеңге бөлуде археологиялық қазбалар пайдаланылады. Әр замандағы адамдардың негізгі құрал- сайман жасаған материалдары да әр түрлі болды. Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдірілуі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мадениеттің өсуі жатыр. Адамдар ең көне дәуірде құрал-саймандарды тастан жасаған. Сондықтан да бұл заманды тac дәуірі дейміз. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдық еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі адамзат баласы пайда бола бастаған кезден басталады, бұл - шамамен екі миллион жылдай уақытты қамтыды. Тас дәуірі үш үлкен кезеңге бөлінеді. Олар - « палеолит» -көнетас, «мезолит»ортатас және «неолит» жаңатас кезеңдері. Палеолиттың ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі соңғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазір палеолиттің бірінші ең ертедегі мәдениеті деп олдувай мәдениетін айтады. Осыған байланысты Қазақстанның палеолитін кезеңдерге болуде басқаша көрінеді.

Тас дәуірі әсіресе ежелгі тас дәуірі - адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған. Еңбек құралдарын жасауға көбінесе тасты пайдаланды. Бұдан соң адамдар еңбек құралдарын жасау үшін мысты пайдалана бастады. Бұл өтпелі кезеңді энеолит - мысты тac дәуірі деп атайды. Одан кейінгі кезеңде құрал-сайман қоладан жасалды. Сөйтіп, қола дәуірі пайда болады. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII ғасырда адам баласы темірді қорытуды үйреніп, содан құрал- сайман, қару-жарақ жасай бастады. Бүл - тарихта темір дәуірі, дәлірек айтсақ, ерте темір дәуірі деп аталды. Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б. з. б. 2, 5 млн. жылдан басталады.

Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.

2-тарау. Қазақстанның көнетас дәуірі.

2. 1. Ерте палеолит.


Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін, осы дәуірдің геологиялық, археологиялық деректерін нақты білу қажет. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша, шамамен 67 млн жыл бұрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, әр түрлі өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.
Бүгінгі таңда бір топ ғалымдар палеолит дәуірін: ерте палеолит, орта палеолит және соңғы палеолит деп үш үлкен кезеңге бөлсе, енді бір топ ғалымдар палеолитті: ерте палеолит жөне соңгы палеолит деп екі үлкен кезеңге бөледі.
Палеолитті үш кезеңге бөлушілер ерте палеолитке олдувайдан бастап кейінгі ашельге дейінгі кезеңді, ал мустьені - орта немесе кейінгі палеолитке жатқызады. Сонымен бірге кейінгі немесе орта палеолитке - оринъяк, солютре, мадлен мәдениеттерін жатқызады. Екі топтағы археологтардың бұл мәселедегі таласы мустье кезеңіне байланысты екен, біреулері оны палеолиттің орта дәуірі деп есептесе, екіншілері мустьені соңғы палеолитке қосып жібереді. Алайда мустье, соңғы ашельмен бірге орта палеолитке енеді. Тас дәуіріне арналған еңбектерде ғалымдар кейде геологиялық, кейде археологиялық мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан жер тарихының геологиялық және археологиялық кезеңге бөлінуін салыстыра білу қажет. Геологиялық кезеңге бөлуге сүйенсек, плейстоцен толығымен палеолитке және жартылай мезолитке сәйкес келеді. Ал голоцен (мұз қайтқаннан кейінгі дәуір) неолит заманына сай келеді. Палеолит дәуірінің кезеңдеуінде соңғы уақыттарда біраз өзгерістер болды.

Палеолит (палео… және грек. lіthos - тас) - ежелгі тас дәуірі деген мағыналарды береді. Палеолит 2млн 500-12 мың жылдықтарды қамтиды. Палеолит - қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ, қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шаруашылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді, яғни Олдувэй мәдениеті. Палеолиттің аяқталуы б. з. б. 12 - 10 мың жылдар шамасы. Бұл - Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Жоғарада айтқанымыздай палеолитты кейбір ғалымдар үшке, тағы біреулері болса екіге болып қарастырады. Біз бүгінгі тақырыбымызда палеолитты үш кезеңге болып қарастырымыз. Ал бұл бойнша палеолит: ерте, орта, кейінгі палеолит болып бөлінеді. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар ерте палеолитте яғни, б. з. д. 800-140 мың жылдықтарда мекен еткен. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй - б. з. б. 2 млн. -700 мың ж. Ал шелль мен ашель б. з. б. 700мың -140 мың жылдықтарды қамтиды; Олдувэй дәуірінде Палеолиттік Homo habіlіs өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т. б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі Homo Sapіens «неоантроп»- пайда болды.
Ежелгі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс - жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшіп бірлесу болды. Нақтылай келгенде, ежелгі палеолит - ірі-ірі үш кезеңге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат баласының пайда болуы
Палеолит кезеңдері
Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардын әлеуметтік экономикалық себептері
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
О. Конт - социологияның негізін қалаушы
Алғашқы қоғам тарихының проблемалары және маңызы. Дәрістер
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстандағы қола дәуірі туралы
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz