Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 4

1 Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері . . . …6

1. 1 Қаратау жотасының орографиясы, климаты, жер беті сулары,

топырағы мен өсімдік жамылғылары . . . 6

1. 2 Қаратау жотасының литологиялық-стратиграфиялық жыныстарының

ерекшеліктері . . . 21

1. 3 Қаратаудың геологиялық құрылысы мен тектоникасы . . . 26

2 Қаратау жотасының морфоқұрылымы және пайдалы қазбалары . . . 37

2. 1 Қарату жотасының морфоқұрылымдық топталуы . . . 37

2. 2 Қаратау қазба байлығының ашылу тарихы . . . 44

2. 3 Қаратау жотасының қазба байлықтарын пайдалану . . . 48

Қорытынды . . . . …. 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …… . . . 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ғасырлармен құрдас қасиетті де қастерлі таудың бар қадір-қасиеті халық шежіресіне, замана тарихына алтын әріппен жазылды. Сан ғасырдан бері, ықылым заманнан бері қазақ халқының ұғымында асқан қастермен, ерекше құрметпен сақталып келген қарт Қаратау - өз халқының тарих төрінен орын алған алып аймақ біздің ұлттық мақтанышымызға айналды.

Өзінің сондай бай тарихы бар Қаратау қашанда халықпен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келеді. Тарихтың талай сырларын аңғарғанда, халқымыздың өткен өміріне үңіле қарағанда Қаратау өз халқы үшін, ал халық Қаратау үшін қызмет жасаған. Ғасырлардың кұрдасы іспеттес Қаратау тек өзінің табиғат сыйлаған тамаша сұлулығымен, сырт көзге көрінер соншалықты қарапайымдылығымен ғана емес, бойындағы тұнып тұрған байлығымен де, қилы-қилы тарихи оқиғаларға куә болған көне көздігімен де қасиетті.

Дегенмен өз халқы үшін соншама құрметті, соншама қастерлі болған Қаратау қойнында тұнған байлық бар, сол байлықтың ішіндегі "фосфорит" атты байлығы оны белгілі етті.

Қаратау Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы жота. Тянь-Шяньның оңтүстік-батыс сілемі. Қаратау Талас Алатауыны батысымен ұштасып, солтүстік-батысқа 420 км-ге созылып, біртіндеп аласарып, Сарысу мен Шу өзендерінің атырауына жетіп бітеді. Биік жері - Бессаз тауы (2176 м), Қаратау қатарласа жатқан екі жотадан түрады; Солтүстік-Шығыс немесе Кіші Қаратау (Жанатас қаласы орналасқан) және Оңтүстік-Батыс Қаратау. Бұл екі жота тау аралық ойыстармен бөлінген. Солтүстік-шығыс (Жанатас қаласы) Қаратау төменгі палеозойдың құм тас және тақта тасына, аралық ойыс девонның қызыл түсті шөгінділерімен, ал Оңтүстік-батыс Қаратау карбонның құм тастары мен конглемераттан түзілген [1] .

Карсты жерлер де көп, сонымен қатар кайнозойдың әк тасты, құм тас, саздақты шөгінділер де кездеседі. Тау үсті тегістелген жазық, беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдарымен тілімделген, тік жақпар тасты. Қаратауда шөлге төзімді бұталар, дала өсімдіктері өседі. Тұрақты ағатын суы мол өзендері жоқ.

Қаратау қойнауынан ақтарылған асыл тас облысқа үлкен химия өлкесі деген атақ әпергені баршаға белгілі. Қаратау бассейні таусылмас фосфорит кені негізінде бүкіл Қазақстан химия өнеркәсібі кең қарқынмен дамып келеді. Ал облыс химия кәсіпорындары Қазақстанның үлкен химия кәсіпорындарының алдыңғы шегінде көріне білуде.

Қазақстан темір рудасына бай өлкенің бірі. Темір рудасының қоры 77, 8 пайыз, оның 10 пайызы байытуды қажет етпейді.

Қазақстан жерінде ондаған өндірістік мәні бар цинк, қорғасын кеніштері табылған. Олар Кенді Алтайда, Қаратау аймағында шоғырланған. Кенді Алтай байлығы ХҮІ ғ. ортасынан бастап өндіріле бастаған. Шығыс Қазақстан кенінің бір ерекшелігі кен құрамында қорғасын мен мырыштан басқа мыс, алтын, күміс, кадмий, висмут, молибден кездеседі. Лениногор кен орнындағы кен құрамында 10-15 пайыз қорғасын, 15-20 пайыз мырыш пен әр тоннасында жүздегей грамм күміс табылады.

Қаратаудың етектерінде Ашысай, Мырғалымсай полиметалл кен орындары бар. Олардың негізгі кендері қорғасын мен мырышты өндеу жұмысы мен Шымкенттегі қорғасын-мырыш зауыты айналысады. Химия өнеркәсібі Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндіретін аса ірі кәсіпорындар Қаратау бассейніне қарайды. Қаратау бассейні фосфорит қоры Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысытарының территориясында орналасқан, ені 25 км, ұзындығы 120 км жерді алып жатыр [2] .

Бұл алқапта төрт рудник бар. Олар: Молодежный, Ақсай, Орталық, Оңтүстік-Батыс рудниктері. Карьерден руда ашық әдіспен өндіріледі. Қаратау бассейніндегі химиялық шикізаттар Европа мемлекеттері және Орта Азия еддерін химиялық шикізатпен қамтамасыз етеді.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Қаратау жотасы Тянь-Шань тауының қатты өзгеріске ұшыраған, бұзылған ең шеткі Солтүстік- Батыс жотасы. Оның морфоқұрылымдық ерекшеліктері бірнеше топтарға бөлінеді: аласа тау, тау алды жазықтығы, тау аралық ойпаттардан тұрады.

Жұмыстың мақсаты - Қаратау жотасының физикалық-географиялық, геотехтоникалық ерекшеліктеріне сипаттама бере отырып, морфоқұрылымдарын талдау, антропогендік өзгерістерін айқындау.

Диплом жұмысының құрылымы. Қаратау аумағының пайдалы қазбалары туралы зерттеу барысында диплом жұмысымды бірнеше тараулар мен параграфтарға бөліп көрсеттім. Бірінші тарауда Қаратау жотасының физикалық-географиялық жағдайына сипаттама беріліп және оның жер бедерінің геологиялық-тектоникалық құрылымы көрсетілді. Бұл тарау үш параграфтан құралып Қаратау жотасының орографиясы, биогенді факторлары мен жер бедерінің литологиялық-стратиграфиялық жыныс кешендері қарастырылды.

Екінші тарауда Қаратау жотасының морфоқұрылымы мен морфомүсіндеріне талдай жасалынды. Бұл тарауда жотаның құрылымы топталып, морфомүсіндерінің негізгі түрлері көрсетілді. Диплом жұмысы сонымен қатар кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімнен кұралады.

Диплом жазу барысында Қаратауды зерттеуге арналған арнайы ғылыми зерттеулер мен қосымша әдебиеттер, геологиялық және географиялық түсіндірме сөздіктерінен мәліметтер, энциклопедиялық түсініктемелер пайдаланылды.

1 Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері

1. 1 Қаратау жотасының орографиясы, климаты, жер беті сулары, топырағы мен өсімдік жамылғылары

Қаратау - Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары Алатаумен салыстырғанда Қаратауда жаз айларында қар жымылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан шағын өзендер ғана бастау алып, тау алды жазықтарында құмға сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тасты, қорымды келеді. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда т. б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран, Шыңжаң автон. ауданы, Кавказ, Қырым, т. б. ) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында бар [3] .

Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысындағы тау жотасы (сурет 1. 1), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында орналасқан. Сырдария және Шу-Талас өзен алаптарының су айрығы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылған, енді жері 60 - 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы) Ең биік жері Бессаз тауы (2175 м) (сурет 1. 2) . Жота қатарласа созылған Кіші Қаратау және Үлкен Қаратау жоталарынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық ойыстар бөліп жатыр, Қаратаудың шығысы және Кіші Қаратау протерозойлық тактатас және құмтастарынан, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломерат және девонның жанартаутекгі жыныстарынан түзілген. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты. Қаратаудың оңтүстік-батысын Сырдария, солтүстік-шығысын Шу және Талас өздерінің алаптары алып жатыр. Қаратау төңірегіндегі өңірге климат тұрғысынан өз әсерін тигізеді. Сондықтан, жотаның оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысының ауа райында біраз айырмашылықтар бар. Қаңтар айындағы орташа температура жотаның солтүстік беткейі мен баурайында -10°С, оңтүстік-батысында -6°С. Жазы ыстық жері құрғақ, шілденің орташа температурасы 22 - 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200 - 400 мм, тауда 400 - 600 мм (сурет 1. 3) . Беткейлерінің топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Тауаралық аңғарлар мен шатқалдарында бетеге, боз, көде, өзен аңғарларында тоғай өседі. Қазақстанның басқа жерінде кездеспейтін, каучук ретінде қолдануға болатын тау сағызы Қаратау қойнауында мол өседі (сурет 1. 4) . Таутеке, борсық, түлкі, қасқыр, түрлі тышқан, сарышұнақ, т. б. мекендейді. Қаратау өңірінде жер асты суларының мол қоры бар (сурет 1. 5) .

Барлық климаттық биіктік зоналарында атмосфералық жауын-шашын, солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай өседі. Ащысай метеостанциясында жауын-шашынның орташа жылдық-мөлшері - 475 мм, ал Түлкібаста - 725 мм [4] .

Сурет 1. 1. Каратау.

Сурет 1. 2. Каратау жотасы.

Сурет 1. 3. Қаратау жотасындағы көктем.

Сурет 1. 4. Қаратау өсімдіктері.

Сурет 1. 5. Қаратау жануарлары.

Екі станцияда оңтүстік - батыс беткейіндегі су айрығына жақын орналасқан. Қызылорда - 108, Жусалы -140 мм, Түркістан - 176 мм, Тимур - 188 мм, Шубаровка - 339 мм, Шымкент - 433 мм, Метеорологиялық станциялардың деректері оңтүстік-батыс беткейлердің тау алды жотасындағы жауын-шашын мөлшерін сипаттайды [5] .

Қаратау жота биіктерінің негізгі су айрықтың бойында жауын-шашынның көп мөлшерде түсіп, ал тау алдында аз болады. Жауын-шашынның көп мөлшері қыста және көктем маусымында түседі, жаз кезінде жауын-шашын мөлшері өте аз болады, ал тамыз айында мүлдем сусыз болады. Орташа жылдық температура Қаратау маңайында Түркістанда - 13 градус С, Бурныйда - 7, 4 градус С-қа дейін болады. Ең суық ай - қаңтар, ең ыстық - шілде айы.

Орта және Солтүстік Қаратаудың таулы аудандарында, су айрық кеңістігінде қар жамылғысының қалыңдығы жұқа, оны желдер үрлейді. Солтүстік экспозициясының беткейлерінде қар жамылғысының қалыңдығы үлкен болуы ерудің ұзақ және біркелкі болуына солтүстік беткей құздарының аз болуы да әсер етеді.

Ауданда шығыс және солтүстік-шығыс, содан кейін батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бағытындағы желдер басым.

Зерттеулер нәтижесі бойынша Байжансай ауданының су айрықтарында жеке тұрған талдар шығыстан батысқа қарай бағытталған. Оңтүстік Қаратауда ауа ағыстарына жергілікті жер бедері себеп, жергілікті тау бриздер және аңғарлық желдер әсерін тигізді [6] .

Шығыс және солтүстік-шығыс батыстағы тұрақты желдер, үлкен-кішілігімен ерекшеленеді және олар жаз кезінде үздіксіз үш аптаға созылады. Ащысай поселкасында күшті желдер үй төбесіндегі темірлерді жұлып кетеді.

Қаратауда Мойынқұм және Қызылқұм шөлдерінен соғатын күшті желдердің болуы жағдайында, атмосфера үлкен тазалығымен және ондағы шыңдардың аздығымен ерекшеленетінін атап өту керек.

Ауданның таулы биіктерінде шаң тек Ащысай, Кентоғай сияқты ауылдардың жанында байқалады. Өйткені мұнда 5-7 км-дегі радиациясында шөп жамылғысы адамның іс-әрекеттері әсерінен топырақтарына Тянь-Шань тауына бейімделген бұталы өсімдіктер тараған. Солтүстігінде шөлге бейімделген сексеуіл, жусан тағы басқа өсімдіктер тараған. Ал оңтүстігіндегі беткейде шөлге бейімделген өсімдіктер, өзен аңғарларында, жайылымда өсімдіктер өседі. Таудың оңтүстік шығысында тасты жыныстар болғандықтан ксерофитті бұталы өсімдіктер өседі [7] .

Сонымен қатар, жануарлар дүниесі де бұл жерде баршылық. Мысалы, бұлақ, қарақұйрық, қабан, арқар, сібір тау ешкісі, ақ қоян т. б. жануарлар мекендейді.

Сонымен, Қаратау жотасының топырағы, өсімдігі мен жануарлары әр түрлі компоненттермен сипатталады. Қарастырылып отырған аймақтың геологиялық құрылымына әр түрлі жыныстар кешені кіреді (жасы мен кұрамы бойынша), протерезойдан басталып қазіргі шөгінділеріне дейін енгізіледі.

Қаратау жотасының орографиялық орналасуы. Қаратау жотасы Қазақстанның Оңтүстігіндегі, Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс сілемі. Қаратау Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып, біртіндеп аласарып, Сарысу мен Шу өзендерінің атырабында бітеді. Қаратау жотасын Талас Алатауынан өтпелі Шақпақ бөліп тұр [8] .

Солтүстік-батысқа қарай Шақпақ тауы азимут бойынша 310 градус 420 км арақашықтықта созылып жатыр. Негізінен аласа тау жүйесіне жатады.

Қаратау қатарласа жатқан екі жотадан тұрады: Солтүстік-шығыс немесе Кіші Қаратау және Оңтүстік-батыс Үлкен Қаратау. Бұл екі жота тау аралық ойыстармен бөлінген. Гипсометриялық белгілері жағынан Кіші Қаратау Үлкен Қаратаудан кіші. Ең биік жері 1625 м, беткейлерімен жайық толқынды су бөліктерімен мінезделеді. Жоталардың тау бастары тегістеу келген, жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты.

Қаратау ежелгі тау антиклинориына жататындықтан мұндағы топырақ құрамында жыныстардың ерекшелігіне байланысты орналасқан.

Мысалы, солтүстігі ашық-сұр, оңтүстік-шығысқа қарай таудың сұр топырағына ауысады. Қаратаудың ең жоғарғы бөлігінде топырақтың түрі жыныстарға байланысты, таулы сұр - қоңыр және таудың қоңыр топырақтары тараған. Одан төмен солтүстік ашық - сұр, ал Сырдария өзеніне жақындағанда шөптесін өсімдіктер өсетін шалғынды сұр топырақ тараған. Ал тіпті өзен арасында шалғынды, жайылманың топырақтары тараған.

Ірі жота жүйелері . Боралдай - Қаратау жотасының оңтүстік -шығысындағы тау сілемі. Ең биік жері Бекейтауы ( биіктігі 1813 м) . Солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 70 км - ге созылып жатыр, ені батысында 25 -30 км, оңтүстік - шығысында 5-7 км. Боралдайдың баурайынан Боралдай, Қиыршықты, Құлан, Жыланды өзендері бастау алады. Тау карбонның әктасты, гранитоидті және интрузивті жыныстарынан түзілген. Етегі сұр және қоңыр топырақты. Эфемерлі - бұталы биік шөптер басым. Беткейлері мен шатқалдарында Түркістан аршасы, Согдиана шетені, алша, жеміс ағаштары өседі. Боралдайда Ақсу - Жабағылы қорығының Қарабастау помологиялық (жеміс-жидекті аудандастыру) телімі бар. Боралдай жотасының қиыр оңтүстігінде Қиынасу - теңіз деңгейінен 1120 м биіктікте орналасқан. Жонды- қырқалы келген асу өңірінде бұта шоғырлары аралас нарғия, бетеге, қылқан бөз т. б. таудың шөптері өседі. Шақпақ желі соғып тұрады. Қарақия асуы арқылы Алматы- Тараз- Шымкент автомагистралі өтеді.

Үлкен Ақтау, Үлкен Барлытау - Қаратаудың шығыс сілеміндегі тау. Солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай 70-80 км -ге созылып жатыр. Ені 15-20 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 992 м. Тау жотасы кембрийге геосинклиналының карбонатты, ал беткей етегі ордовиктің терригендік жыныстарынан түзілген. Беткейлерін сай-жыра тілімдеген. Тау беткейлерінде жусан, бетеге, көде өседі. Фосфорит кен орны бар. Атырабы мал жайылымына пайдаланылады.

Кіші Ақтау жотасы - Бәйдібек ауданындағы аумағы Қаратау жотасының оңтүстік- батыс беткейі. Ең биік нүктесі - Көктау (1287 м) . Карбонның әктас, құмтас, конгомерат жыныстарынан түзілген. Кіші Ақтау жотасының қойнауында Байжансай қорғасын кені шоғырланған. Беткейінде бетеге, боз, жусан, өзен аңғарларында әр түрлі бұталы өсімдіктер өседі. Аңғары жайылымға пайдаланылады. Жота етегін Шаян, Бөген өзендерінің алаптары алып жатыр.

Арқарлы - Жота оңтүстік- батыстан Солтүстік- шығысқа қарай созылып жатыр. Ең биік жері 758 м, ұзындығы 60- 65 км, ал ені 20 км. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі тегістеу . Сай жыралармен тілімденген. Жота карбон шөгінділерінен түзілген. Құмдауыт сұр топырағында бұйырғын, жусан, баялыш өседі.

Ақшоқы - Қаратау жотасының Солтүстік- шығысында орналасқан.

Ұзындығы 5- 7 км, ендік жерлері 3- 4 км. Ең биік жері 571 м. Ақшоқы тауларының барлығы тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. Тау беткейлері сайлармен тілімденген. Етектерінде бұлақ көп. Ақшоқының қара қоңыр топырағында бетеге, селеу, жусан, қараған, сұлыбас, сайларында тал, түрлі шөптер өседі. Жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Үлкен Қаратау көптеген жазықтармен, әр түрлі массивтермен бөлініп тұрады. Ол әртүрлі морфологиялық пішіндермен ерекшеленеді. Оңтүстік және Шығыс Қаратау өзенінің созылған жолтақ сызықты депрессиясымен бөлінген. Гипсометриялық, геоморфологиялық, геологиялық карталарда Қаратаудың бөліктері бағытта өзгереді. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығысқа қарай тауды кесе және солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай тау бойымен.

Климаты . Қаратау төңірегіндегі өңірге климат тұрғысынан өз әсерін тигізеді. Сондықтан, жотаның оңтүстік-батысы мен солтүстік шығысының ауа райында біраз айырмашылықтар бар. Қаңтар айындағы орташа температура жотаның солтүстік беткейі мен баурайында -10 градус С, оңтүстік-батысында -6 градус С. Жазы ыстық әрі құрғақ, шілде айының орташа температурасы 22-26 градус. Орташа жылдық температура Қаратау маңайында -Түркістанда -13 градусқа, Бурныйда -7, 4 градусқа дейін болады. Ең суық ай - қаңтар, ең ыстық - шілде айы. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау бөктерінде 200-400 мм, тауда 400-600 мм. Барлық климаттық биіктік зоналарында атмосфералық жауын-шашын, солтүстік- батыстан, оңтүстік- шығысқа қарай өседі. Ащысай метеостанциясында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 475 мм, ал Түлкібас метеостанциясында - 725 мм. Екі станцияда оңтүстік- батыс беткейіндегі су айрығынна жақын орналасқан. Қызылорда - 108 мм, Жусалы - 140 мм, Түркістан - 176 мм, Тимур - 188 мм, Шубаровка - 339 мм, Шымкент - 433 мм. Метереологиялық станциялардың деректері оңтүстік- батыс беткейлердің тау алды жотасындағы жауын- шашын мөлшерін сипаттайды [9] .

Қаратау жота биіктерінің негізгі су айрықтың бойында жауын-шашынның көп мөлшерде түсіп, ал тау алдында аз болады. Жауын- шашынның көп мөлшері қыста және көктем маусымында түседі, жаз кезінде жауын- шашын мөлшері өте аз болады, ал тамыз айында мүлдем сусыз болады.

Орта және Солтүстік Қаратаудың таулы аудандарында, су айрық кеңістігінде қар жамылғысының қалыңдығы жұқа, оны желдер үрлейді.

Солтүстік экспозициясының беткейлерінде қар жамылғысының қалыңдығы үлкен болуы ерудің ұзақ және біркелкі болуына солтүстік беткей құздарының аз болуы да әсер етеді.

Ауданда шығыс және солтүстік - шығыс, содан кейін батыс, солтүстік- батыс және оңтүстік- батыс бағытындағы желдер басым.

Зерттеулер нәтижесі бойынша Байжансай ауданының су айрықтарында жеке тұрған талдар шығыстан батысқа қарай бағытталған. Оңтүстік Қаратауда ауа ағыстарына жергілікті жер бедері себеп, жергілікті тау бриздер және аңғарлық желдер әсерін тигізеді [10] .

Шығыс және солтүстік - шығыс батыстағы тұрақты желдер, үлкен-кішілігімен ерекшеленеді және олар жаз кезінде үздіксіз үш аптаға созылады.

Ащысай поселкесінде күшті желдер үй төбесіндегі темірлерді жұлып кетеді.

Қаратауда Мойынқұм және Қызылқұм шөлдерінен соғатын күшті желдердің болуы жағдайында, атмосфера үлкен тазалығымен және ондағы шаңдардың аздығымен ерекшеленетінін атап өту керек.

Ауданның таулы биіктерінде шаң тек Ащысай, Кентоғай сияқты ауылдардың жанында байқалады. Өйткені мұнда 5-7 км-дегі радиациясында шөп жамылғысы адамның іс- әрекеттері әсерінен жойылған, тау алдындағы шаңдардың пайда болуы адамдарға байланысты болды. Сонымен климаттық жағдай жер бедеріне әсер етуші негізгі экзогендік процесс алдын - ала болжай алатын фактор [11] .

Жер беті сулары. Қаратау жотасындағы өзендері климаттың континенттігіне байланысты көбі қар суымен қоректеніп, жазда суы тартылады, сулардың көбеюі қар ерігенде, яғни наурыз, сәуір айларында байқалады.

Боралдай өзені - Арыс өзенінің оң саласы. Бәйдібек, Ордабасы аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтвн алабының аумағы 1760 км кв. Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталады. Жоғары ағысында Қошқарата өзені құяды. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғары кеңейіп, ені 1-4 км - ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Боралдай ауылы тұсында жылдық орташа су ағыны 10, 5 м куб\сек. Суы тұщы. Минералдылығы 0, 2 - 0, 4 г\л.

Аңғарында жабайы жеміс ағаштары : алма, долана, жабайы жүзім тағы басқа көп. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау- бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Боралдай өзенінен тікелей 10- нан астам ирригациялық каналдар тартылған.

Бөген - Сырдария алабындағы өзен. Бәйдібек ауданының жерінен ағып өтеді. Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген ( Үлкен бөген) және Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап - Бөген деп аталады. Ұзындығы 164 км, алабы 4680 км. кв. Басты саласы - Сасық өзені.

Алабы белесті, еңістеу келген жазық. Жайылмасы 300 - 600 м. Бөген өзені ерте көктемде тасиды. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. “Қызыл көпір” бекеті тұсында көп жылдық орташа ағыны 4, 36 м. куб\сек.

Төменгі ағысында Бөген өзені бөгені салынған. Ал одан Түркістан каналы тартылған. Өзен суын Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандарының шаруашылықтары пайдаланады.

Көксарай - Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік- батысқа қарай Түркістан қаласының әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс- Түркістан каналына құяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Морфометриялық карталарды құрастыру принципі
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның оңтүстік-батыс өңірі
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қауіпті экзогенді процестер
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz