Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал



Кіріспе
1.1917.1926 жылдардағы әлеуметтік,демографиялық жағдай және халық санағы.
2.Қазақстандағы ашаршылық,оның демографияға әсері,1939 ж халық санағы.
3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі демографиялық өзгеріс және 1959ж халық санағы.
4. 1970.1989 жылдардағы демографиялық жағдай.
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер
XX ғасырда Қазақстан Кеңес одағының құрамында болып күрделі әлеуметтік жағдайларды бастан кешірді. Ал, бұл әлеуметтік жағдай демографияға өз әсерін тигізбей қоймады. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған, ел, тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.Әлуметтік тұрғыдан, Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі Кіші Қазан төңкерісінің салдары, 1921-1922 жылдардағы Жаңа экономикалық саясат, 1931-1933 жылдардағы аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі алыптарын тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, 1954жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру, комсомолдық бауырластық жолдамалар нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландырудың біршама ауыр зардаптары болды. Бұлардың ішіндегі ең ауыр дерт ашаршылық тан адамдардың қырылып қалуы-осы жылдардығы орны толмас демографиялық апат болды.XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казактардың бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды. Тарихи демографиядағы ақтаңдақтардың бетін ашуда да бірқатар жетістіктер болды. Жалпы, Кеңес дәуіріндегі демогрфиялық және этнодемографиялқ ахуал бүгінгі қалам тартып отырған тақырыбымызда қарастырылады.
1. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Алматыкітап баспасы»,2009.-264бет.
2. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті:Көмекші оқу құралы.-Алматы:Санат,1997.-320 бет.
3. Абылхожин Ж,Б., Қозыбаев М.К., ТатимовтМ.Б.,Казахстанская трагедия.-«Вопросы истории».1989,18-бет.
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы.
5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк).- Алматы: «Дәуір» баспасы,1994.
7. Веб-сайт:http://www.egemen.kz/309815.html

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
СӨЖ

Тақырыбы: Республикадағы,әлеуметтік,демографи ялық және этнодемографиялық
ахуал.

Түркістан-2013ж
Жоспар:

Кіріспе

1.1917-1926 жылдардағы әлеуметтік,демографиялық жағдай және халық санағы.

2.Қазақстандағы ашаршылық,оның демографияға әсері,1939 ж халық санағы.

3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі демографиялық өзгеріс және 1959ж халық санағы.

4. 1970-1989 жылдардағы демографиялық жағдай.

Қорытынды

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

XX ғасырда Қазақстан Кеңес одағының құрамында болып күрделі
әлеуметтік жағдайларды бастан кешірді. Ал, бұл әлеуметтік жағдай
демографияға өз әсерін тигізбей қоймады. Ғасыр басында қазақ даласы
тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары
болған, ел, тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке
айналды.Әлуметтік тұрғыдан, Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі
кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің
Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының
жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан
төңкерісінен кейінгі Кіші Қазан төңкерісінің салдары, 1921-1922 жылдардағы
Жаңа экономикалық саясат, 1931-1933 жылдардағы аштықтары мен 1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі алыптарын тұрғызу
мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың
әкелінуі, 1954жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру, комсомолдық
бауырластық жолдамалар нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға
еріксіз әкеліп тіреді. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және зорлап
отырықшыландырудың біршама ауыр зардаптары болды. Бұлардың ішіндегі ең
ауыр дерт ашаршылық тан адамдардың қырылып қалуы-осы жылдардығы орны толмас
демографиялық апат болды.XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс
аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік
болып орналасқан орыс-казактардың бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен
республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз
мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың
астарын түсінуге өз септігін тигізеді.XX ғасырда өткен демографиялық
үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну
тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті
екендігі еш күмән туғызбайды.1920-жылдары Қазақстанда демография мәселесіне
ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің жүргізген саяси және
әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын демографиялық апатқа
әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген статистикалық
материалдар мен мұрағат құжаттары зерттеушілер үшін жабық болды. Қайта құру
кезіндегі жаңаша пайымдау мүмкіндігі тарихи демографиялық мәселелердің кең
түрде зерттелуіне серпін берді. Қазақстандық ғалымдардың алғашқы еңбектері
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан демографиясы мәселелеріне арналды.
Тарихи демографиядағы ақтаңдақтардың бетін ашуда да бірқатар жетістіктер
болды. Жалпы, Кеңес дәуіріндегі демогрфиялық және этнодемографиялқ ахуал
бүгінгі қалам тартып отырған тақырыбымызда қарастырылады.

1.1921-1926 жылдардағы әлеуметтік,демографиялық жағдай және халық санағы.

Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи
жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың
30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың
этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру)
саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе
Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында
табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған
кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге
ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен,
ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де
жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық
аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда
славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай
ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жылдары), қуғын-сүргінді, зорлық-
зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш
рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық
ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан
қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі
үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз
елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар,
қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де басқа өкілдерден гөрі
аз болған кезең.

Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп,
көпшілікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең -
1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан
кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар -
қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға
дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең әрі қарай жалғаса береді.

ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін көптен-көп белгілі оқиғалар арқылы
қазақ демографиясында біркелкі болмағаны көзге анық.Алғашқы, нақтылыққа
бір табан жақын, қазақтардың жалпы саны, жастық, жыныстық құрамы, білім
деңгейі (негізінде сауаттылығы туралы), әлеуметтік жағдайы, діні, тілі,
туған жерінде тұрғандығы және т.б.құнды мәліметтерді 1897 жылы 28 қаңтарда
жүргізілген Ресей империясы халқының бірінші жалпы санағы береді.
Н.Бекмаханованың мәліметтері бойынша, Ресейдегі қазақтардың саны 1916 жылы
4678,8 мыңға жетіп, сол жылғы қазақтардың патшаға қарсы көтерлісінен кейін,
яғни 1917 жылы 4061,3 мыңға түскен.

Әрине, 1916 жылғы көтерілісті қанға бөктіріп басып-жаншу, сол жылы
тылдағы жұмысқа алынғандар арасындағы өлім-жітім, азамат соғысы, 1918 және
1921 жылдардағы ашаршылық, өлімнің көбейіп, туудың азаюы және т.б. келеңсіз
жағдайлардың салдарынан, көбісі көшпелі, соның нәтижесінде денсаулық сақтау
жағынан қорғансыз қазақ ұлтының көп шығынға ұшырағаны да тарихтан белгілі.
1916 жылы көтерілісті аяусыз басып, қырғынға ұшыратқан кезде 300 мыңдай
қазақ пен қырғыздар Қытай т.б елдерге қашады.. 1920-жылдары Қазақстанда
демография мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірақ, кеңестік биліктің
жүргізген саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларының қазақ халқын
демографиялық апатқа әкелгені бүркемеленіп, халық санына қатысты көптеген
статистикалық материалдар зерттеушілер үшін жабық болды. Олардың көбі 1918-
1920 жылдарда қайта оралды. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген
қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 ж жазда қуаңшылық болып, малдың 80%-
ы қырылды. Елде аштық басталы, ашығушылар республика халқының 13 бөлігін
қамтыды. Аштыққа індет қосылып, 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда
ашығушылар мен аурулар 82% -ға жетеді. Республика бойынша 2млн 300 мың
адам аштыққа ұшырады. Осы оқиғалардың нәтижесінде 1917-1920 жылдардың
арасында Қазақстан халқы 6 218,3 мың адамнан 4 679 795 адамға дейін, ал
1923 жылы 3 786 910 адамға дейін азаяды.700 мыңнан астам адам республикадан
тыс жерлерге көшіп кетті. 1923-1924 жылдарды Қазақстаннан халықтың көшіп-
кетуі тоқтай бастайды. Ең толық халық санағы  бұл 1926 жылы өткізілген
Бүкілодақтық халық санағы болды. 1925 жылдан бастап (санаққа дейігі 2 жыл
ішінде) халық санағын жүргізуге дайындық пен санақты жүргізуіне байланысты
мәселелер қызу талқылана бастады. Санақтарды жүргізумен негізінен Қаз ОСБ
демография бөлімі айналысқан. 1926 жылдың 17 желтоқсанындағы халық санағы
бүкіл халықтық іс болды. 1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі
басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы.
Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары
жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың 1926
жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы
 баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған:
1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, — оларды санақ комиссиясының тек қана
штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады;
2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды
орындау.
Қазақ мемлекеттілігін құру мен қалыптастыру жылдарындағы орын алған
демографиялы өзгерістердің қорытындыларын 1926 жылғы Бүкілодақтық халық
санағы шығарды.1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстанның
аумағында тұрған тұрғылықты халықтардың саны 6 1 98 469 адамды құраған.
Олардың 537820-сы, яғни 8,3 пайызы қалаларда, ал 5963075-і, демек 91,7
пайызы ауылдық жерлерде тұрған еді. Енді олардың арасындағы қазақтардың
саны 3 627 612 адамды құрап, республика халқының 57,1 пайызы болса, ал
орыстар қатары қазақтардың сандық үлесінен (243315 адамға) яғни 37,4
пайызға төмендеп, 1275 055 адамды құрап, демек 19,7 пайыз болған екен. Ал
қала тұрғындарының ішіндегі қазақтардың саны мен үлесі 77554, яғни 2,1
пайыз болса, ал орыстардың қатары 283767, демек 22,2 пайызды құрап,
қазақтардың санына қарағанда орыстардың сандық үлесі (206213) яғни 20,1
пайызға жоғары болған екен. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны
3635840, яғни 97,9 пайыз болса, ал орыстардың қатары 996212, демек 77,8
пайызды құрап, қазақтардың саны орыстардың санына қарағанда (2639628
адамға) яғни 20,1 пайызға басымдау болғанын көреміз.

1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанның аумағында тұрған тұрғылықты
халықтардың саны, құрамы:

Ұлт 1926
қазақтар 3 627 612
орыстар 1 275 055
өзбектер 129 399
украиндар 860 201
ұйғырлар 62 313
татарлар 79 758
немістер 51 094
кәрістер 42
түріктер 68
әзірбайжандар
белорустар 25 584
дүңгендер 8 455
күрдтер
тәжіктер 7 666
поляктар 3 762
шешендер 3
қырғыздар
башқұрттар 841
ингуштар 3
молдовандар 2 855
гректер 157
мордвалар 27 244
шуаштар 2 267
еврейлер 4 499
басқалары 30 591
Барлығы 6 198 469

1926 ж Бүкілодақтық халық санағының материалдарында жалпы ел халқының,
әсіресі шеткері аймақтарда тұратын қазақтардың арасындағы сауаттылыққа
қатысты өте мүшкіл жағдай байқалды. Бұған этникалық сауаттылық деңгейінің
көрсеткіштері дәлел болады. Орыстардың арасында 9-дан 49 жасқа дейінгі
адамдардың сауаттылық деңгейінің үлесі -64,3% –ды; 50 жастағы және одан
жасы үлкен адамдардың сауаттылық деңгейінің үлесі -27,9% –ды құрады. 9 дан
49 жасқа дейінгі қазақтардың арасындағы сауаттылар-9,9%, 50 жастағы және
одан үлкен жастағылардың арасындағы сауаттылар-5,3% болды.

2.Қазақстандағы ашаршылық,оның демографияға әсері,1939 ж халық санағы.

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам
шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан
бағалайды. Қарапайым рәсімге негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн
адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы,
белгілі америкалық маман Марта Олкоттың Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта
Азия қазақтары атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы
айтылады.Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші
Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939
жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді.
Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың
кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті.Басқаша айтқанда, қайғылы
оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты
қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында
3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі
1939 жылғы санақта халық саны 2 млн 327мың 625 ты құрап,1 млн 321 мың
адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Тарихшы-
демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген.
Байларды тәркілеу, кулактарды жою, жер аудару, 1931-1933 жылдардағы жаппай
ашаршылық , 1930 - жылдардағы саяси қуғын-сүргін және т.б. зорлық-зомбылық
салдарынан қазақ ұлтының саны күрт төмендеп кетті. Ұжымдастыру қарсаңында
-40,5 млн. мал болса,1933 жылы қаңтарда 4,5 млн мал қалады, ал бұл жағдай
аштық қасіретін тұғызады.
• 1930 жылы-313 мың адам;

• 1931жылы-755 мың адам;

• 1932-жылы-769 мың адам қайтыс болады.

• 1930-1932 жылдарда барлығы 1млн.750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы
жаппай қырылады.

• 1931-1933жылдары 2,1млн адам қырылды.

Алайда, Б.А.Төлепбаев пен В.П.Осипов 1931-1933 жылдардығы
ашаршылықта қазақ халқының арасынан 1 млн 50 мың-1млн 100мың адам опат
болды. Бұған қоса республиканың өзге ұлттары арасынан 200-250 мың адам
аштықтың құрбандығына кетті, десе, ал М.Қ.Қозыбаев, Ж.Б.Әбілқожин,
М.Б.Тәтімов шығын болғанг қазақтардың саны1млн 750 мың адамға жетті деп
жазады. Ал, Мәскеу және Алматы архивтерінен жаңадан табылған құжаттар аштық
жылдары қырылған қазақтар санының 2 млн адамнан асып кеткенін байқатады.
Аштық пен құғын-сүргіннен бас сауғалап 1 млн нан астам адам Қазақстаннан
тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады.
Ұжымдастыру мен аштық қазақ халқын бүкіл әлемге босқын ретінде шашыратып
жіберді. Қазақстан Республикас Жоғарғы Кеңесі Төралқасының осы мәліметтерді
зерттеген тарихшы демографтардың жүргізген алдын-ала талдаулары Қазақ елі
аштықтан және соған байланысты індеттерден,сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің
үнемі жоғары болуынан 2млн200 мың адамынан, яғни барлық қазақ халқының 49
процентінен айырылғанын дәлелдегенін атап көрсете отырып, сонымен қатар
қасірет құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық қалып отырғанын да
ескертті.(Егемен Қазақстан,1992ж.22 желтоқсан)

Аталмыш комиссия қорытындысы сонымен қатар Қазақстандағы қазақтан басқа
халықтардың азайғанын көрсететін деректерді төмендегідей кесте түрінде
берді:

Этностардың аты Олардың құрамының азаюы
Украиндар 100 мың адам (11%)
Орыстар 85 мың адам (6%)
Өзбектер 20 мың адам (8%)
Ұйғырлар 10 мың адам (8%)
Татарлар 9 мың адам (10%)
Немістер 8 мың адам (11%)
Мордвалар 4 мың адам (12%)
Белорустар 3 мың адам (10%)
Қырғыздар 3 мың адам (25%)
Дүнгендер 1мың адам (10%)
Басқа ұлттар 9мың адам (10%)

Кеңес үкіметінде қазақ демографиясын бұрмалап жазуда тарихтан белгілі:

ҚА КСР-індегі халық саны Айырмасы
Мерзімі (мың)
ҚазХШЕБ-ның есебі Мемлекетті жос. ОХШЕБ-ы
(мың) есебі (мың)
1.01.1932ж 5877,7 6756 879,0
1.01.1933ж 4906,1 6796,1 1890,0
-971,6 +960,6

Кестеден көрінетініндей, егер Қазақстанның Халық шаруашылығы есептеу
басқармасы(ҚазХШЕБ ) көрсетілген 12 айдың ішінде ғана республика халқы
санының 971,6 мың адамға азайып кеткенін көрсетсе, ал Мәскеудегі
Мемлекеттік жоспарлаудың Орталық халық шаруашылығы есебі Басқармасы (ОХШЕБ)
керісінше жантүршігерлік ашаршылықтың барынша кең өрістеген айларында
Қазақстан халқының 960,6 мың адамға көбейгенін есептеп шығарған. 1937
жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның
ішінде, қазақтар 1,7 есе, украиндар 1,6 есе, өзбектер 1,9 есе, қырғыздар
2,1 есе, басқа ұлт өкілдері 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару
саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар 1,5 есе, немістер 1,6
есе, татарлар 1,1 есе көбейген. Ашаршылық жылдарында республикадан тыс
жерлерге барлығы 1130 мың адам көшті солардың 676 мыңы біржолата кетсе,454
мыңы кейіннен қайтып оралады. Ұжымдастыру жылдарында ірі көтерілістер мен
толқуларға қатысқаны үшін 1929-1931 жылдарды 5551 адам сотталып, солардың
883-і ату жазасына кесіледі. Қазақстандағы осы жылдар туралы Республиканың
халық шаруашылық есеп жүргізу Басқармасы жасаған 1930-1936 жылдардағы халық
санының құлдырауы айғақтайды:
• 1930 жылы-5873,0 мың адам;
• 1931 жылы-5114,0 мың адам;
• 1932жылы-3227,0 мың адам;
• 1933жылы-2493,5мың адам;
• 1934жылы-2681,8 мың адам;
• 1935жылы-2926 мың адам;
• 1936жылы-3287,9мың адам;
Сонымен Қазақстан халқының саны 1930-1936жылдарда 2585,1 мың адамға
азаяды.      Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл атыс
санағы болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық
жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды,
өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл
санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын
қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл
санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай
мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы
жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ
алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді,
большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған. 1937
жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі
сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932
жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты
1937 жылы өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың.
сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл
бойы дайындықтар жүргізілген.1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына
белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. 1937 жылғы халық санағының
қорытынды мәліметтері өңделіп қатаң түрде құпияландырылған. Өңдеушілер
жоғалтылған мәліметтер үшін сотқа берілген болатын.1937 жылғы халық санағы
халықтың ұлттық құрамы бойынша мардымсыз мәліметтер берген болатын.

1937 ж халық санағының Қазақстандағы халықтың ұлттық құрамы бойынша саны 
Ұлты Халық саны % бен
Барлық халық 5 126 676 100
Қазақтар 2 181 520 42,6
Орыстар 1 917 673 37,4
Украиндар 549 859 10,7
Өзбектер 109 978 2,2
Татарлар 92 096 1,8
Немістер 80 568 1,6
Ұйғырлар 32 982 0,7
Мордвалар 21 511 0,4
Дүнгендер 7 007 0,1
Қырғыздар 5 024 0,1
өзге де 128 458 2,5

 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда тұрған халықтардың саны 6151102
адамды құрады. Олардың 1710027-сі, яғни 27,8 пайызы қалаларда, ал 4441075-
сі, демек 72,2 пайызы ауылдық жерлерде өмір сүрген еді. Енді олардың
ішіндегі қазақтардың саны 2327625 адам болып, республика халқының 37,8
пайызын құраса, ал орыстар үлесі 2458 687 адамды құрап, демек 39,8 пайыз
болған екен. Ал қала тұрғындарының арасындағы қазақтардың саны мен үлесі
374675, яғни 16,1 пайыз болса, ал орыстар қатары 977876, демек 39,9 пайызды
құрайды. Енді ауылдық жерлерде тұрған қазақтардың саны 1953010, яғни 83,9
пайызды құрап, ал орыстардың қатары 1471252, демек 60,1 пайыз болды.

1939 жылғы санақ кестесі:
Ұлт 1939
қазақтар 2 327 625-37,8%
орыстар 2 458 687-39,8%
өзбектер 120 655
украиндар 658 319
ұйғырлар 35 409
татарлар 108 127
немістер 92 571
кәрістер 96 457
түріктер 523
әзірбайжандар 12 996
белорустар 31 614
дүңгендер 7 415
күрдтер 2 387
тәжіктер 11 229
поляктар 54 809
шешендер 2 639
қырғыздар
башқұрттар 3 450
ингуштар 322
молдовандар 2 992
гректер 1 374
мордвалар 25 334
шуаштар 6 590
еврейлер 19 240
басқалары 70 342
барлығы 6 151 102

Қазақ халқының қала мен ауылға шоғырлану көрсеткіші:

Қала аты Қаладағы үлесі % Ауылдағы үлесі
Семей 29,7% 70,3
Гурьев 26,5% -
Қызылорда 18,2% -
Алматы 16,9% 83,1
Ақтөбе 14% 86
Жамбыл 13,6% 86,4
Оңтүстік Қазақстан 13% 87
Павлодар 12,4% 87,6
Солтүстік Қазақстан 11,4% 88,6
Шығыс Қазақстан 10,8% 89,2
Қостанай 6,4% 93,6
Батыс Қазақстан 4% 96

3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі демографиялық өзгеріс және 1959ж халық санағы.

Ұлы Отан соғысы республика халқының демографиялық құрылымына
түбегейлі бетбұрыс жасады. Ұрыстарда қаза тапқан, жарақаттар мен аурулардан
және тұтқында жүріп өлген, сондай-ақ, хабар-ошарсыз жоғалған
қазақстандықтардың санеы 601011 адам болды. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдары Қазақстан халқы да көп шығынға ұшырағандығын, 1,2 млн. азамат Отан
қорғауға аттанып, оның жартысынан көбі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Зерттеудің деректік негізі
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемографиялық өзгерістер
Қазақстандағы қазіргі демографиялық жағдай
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Пәндер