Дизель қозғалтқыш: жұмыс принциптері, техникалық қызмет көрсету және ақауларды диагностикалау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе бөлім:

Қозғалтқыштың жұмыс принциптері.

Негізгі бөлім:

Дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету.

Қорытынды:

Дизельді қозғалтқыштың ақаулары.


Қозғалтқыштың жұмыс принциптері

Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипының мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршень иінді білік пен онын екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Қозғалтқыш өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядын жаңартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында клапанмен жабылған енгізу тесігі қарастырылған (4-сурет) . Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан соңн цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды. Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланылған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың сиреуі салдарынан клапаны ашылған енгізу тесігінен жанар коспасының жаңа заряды цилиндрге толтырылады.

Дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету

Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ЕО) . Қозғалтқышты ластан тазартып, оның жалпы жағдайы тексеріледі. Қозғалтқыштың ласын қырғышпен тазартып, керосинге малынған щеткамен жуып, артынан құрғатып сүртеді. Қозғалтқышты бензинмен жууға болмайды, өйткені одан өрт шығып кетуі мүмкін. Қозғалтқыштың жалпы жағдайын жай көзбен байқап және әр түрлі режимдерде жұмыс істетіп тыңдап қарайды.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-1) . Қозғалтқыш тіректерінің бекітуін тексереді.

Цилиндрлердің қалпақшасының, картер табанаың, иінді білік сальнигінің жалғасқан жерлерінің жымдасуы тексеріледі. Қалпақшаларының тығыз жатпауы цилиндр блогы қабырғаларынан май ағатынын білдіреді. Картер табаны мен иінді білік сальнигінің тығыз жатпауын майдың ағатыны арқылы айырады.

Қозғалтқыштың тірегінің бекітілуін тексергенде гайкаларының шплинттерін босатып алып, мықтап тартқаннан кейін қайтадан шплинттейді.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТО-2) .

1. Цилиндрлер қалпақшасының бекіту гайкаларын тартып бекітеді. Алюминий қорытпасынан жасалған цилиндрлер қалпақшасының болттарын қозғалтқыш салқын уақытта динамометр немесе шофер құралдарындағы қарапайым кілтпен қосымша сұғындырманы қолбанбай-ақ тартып бекітеді.

Бұрандалы қосылыстарды бір қалыпты, жұлқымай әрбір қозғалтқышқа лайықты тәртіппен бекітеді. Блоктың қалпақшасының гайкаларын ортадан бастап шетіне қарай белгіленген тәртіппен тартып бекітеді.

Ү тәрізді ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 қозғалтқыштарында цилиндр қалпақшасының гайкаларын бұрап бекітпес бұрын салқындатқыш жүйесінен суды төгіп, енгізу трубопроводының гайкаларын босатады.

Цилиндр қалпақшасының гайкаларын тартып бекіткеннен кейін енгізу трубопроводының гайкаларын қайтадан тартып, клапан мен күйенте арасындағы саңылау реттеледі.

Картер табанының бекітулерін қарайтын жырашық арқылы орныдайды. Ол үшін автомобильді қол тежеуішпен тежеп, төменгі берілісті қосып, от алдырғышты айырады, ал дөңгелек астына қалыптар қойылады.

2. Клапанның стержені мен күйентенің қысқа тұмсығының арасындағы саңылауды тексеріп, қажет болған реттеп түзейді.

Гайкаларды тарту үшін түзік құрал-саймандар пайдаланылады, кілтті гайканың мөлшеріне сай таңдап алу керек. Гайка кілтінің тістері бүтін, бір-біріне параллель болулары керек. Көлемі үлкен кілтпен гайканы босатуға және қатайтуға, олардың қырларының аралығына металл төсем салуға, кілттің тұтқасын екінші кілт немесе трубамен ұзартуға болмайды.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету (СО) - қозғалтқыштың цилиндрлі-поршень тобының жағдайы жылына екі рет тексеріледі.

Дизель қозғалтқышта дизельдік жанармай сығылудан барып тұтанады. Дизельдік қозғалтқыштардың жетістіктері: жанармай аз жүмсалады (жанармайдың бағасы да арзанырақ болады), көміртек оксиді, көмірсутектер және азот оксиді ауаға аз шығарылады. Алайда, тұтас алғанда, адам үшін улы ластағыштардың мөлшері дизель қозғалтқыштардың лықсыма газдарында карбюраторлық қозғалтқыштардан 100 есе коп болады.

Дизель қозғалткыштардың лықсыма газдарындағы зиянды затгардың 0, 1 мг-ының организмге түсуі өлім қаупін төндіреді. Дизель қозғалткыштардың лықсыма газдары қатга жөтелтеді, өкпені ірітеді, обырға шалдығудың ықтималдығын көбейтеді.

Дизель отыны - сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны - қайнау температурасы 180 - 3600С, тығыздығы 0, 790 - 0, 860 г/см3, тұтқырлығы 1, 5 - 8, 0 мм2/с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті, азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық. Әр түрлі климаттық аймаққа арналып және жұмыс істеу жағдайына қарай дизель отынының арктикалық, қыстық және жаздық үш түрі шығарылады. Олар бір-бірінен қату температурасымен, фракциялық құрылымымен, т. б. көрсеткіштерімен ажыратылады.

Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру,
айыру) жабдықталған дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады.

Дизельді электр стансасы - электр генераторларының жетегі ретінде дизель қозғалтқыштарын пайдаланатын жылу электр стансасы. Дизельді электр стансасы дербес жұмыс істейді әрі икемді (іске қосу, жүктеу режимдерін реттеу және тоқтату жылдам орындалады) болады. Сондықтан олар біртұтас электр тораптары тартылмаған шалғай аудандарда, орман шаруашылығында, көлікте және ауыл шаруашылығында тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін негізгі, резервтік немесе апаттық, тұрғылықты немесе жылжымалы электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар ірі конденсациялық және атом электр стансаларының резервтік апаттық қорек көздері ретінде де пайдаланылады.

Дизельді электр стансасының негізгі элементі - балқытып біріктірілген рамаға орнатылған дизель-генератор. Дизель қозғалтқышы мен генератор, әдетте, бір-бірімен муфтамен жалғастырылады. Дизельді электр стансасының құрамына, дизель-генератор агрегатынан басқа, дизель қозғалтқышын отынмен жабдықтау, дизельді майлау, түтін шығару, ауа тазарту, жылыту жүйелері; басқару, қорғаныс және белгі беру қалқандары; дизельді от алдырып жіберу мен стансаны басқару, сондай-ақ белгі беру мен қоздыру тізбектерін қоректендіруге арналған аккумуляторлар және стансаның электр энергиясын тұтынушыларға тарату құрылғылары кіреді. Жылжымалы дизельді электр стансасы автомобиль тіркемесіне, автомобильдің қорабына немесе жабық вагонға орнатылады.

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесінің ерешеліктерне, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдың ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып жану қоспасын құрайды.

Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрлі жасалады, яғни қалыпты байытылған немесе кедейлетілген түрлері.

Дизельді двигателдердің тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтаңда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соныңда бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соныңда, оының температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді. Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкенболады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзетеді.

Дизельді двигательдердің осындай ерешеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жұйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса, оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал болып табылады.

Дизельді қозғалтқыштың ақаулары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің қысқаша тарихы, қозғалтқыш механизмдері және техникалық қызмет көрсету
Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесі: құрылымы, жұмыс істеу қағидалары және ақауларды диагностикалау
Дизельді қозғалтқыштың майлау жүйесін диагностикалау және техникалық қызмет көрсету
КрАЗ-260 жүк автокөлігінің қозғалтқыш салқындату жүйесінің құрылысы, жұмыс істеу принципі және техникалық қызмет көрсету
Автокөлік стартерлері: жұмыс принциптері, түрлері, техникалық қызмет көрсету мен қауіпсіздік
Автомобиль тұтандыру және дизель отын беру жүйелерін техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу
Дизельді қозғалтқыштар мен автокөліктердің диагностикалау әдістерін жетілдіру арқылы техникалық қызмет көрсету тиімділігін арттыру
Ішкі жану қозғалтқышының салқындату жүйесі: құрылымы, техникалық қызмет көрсету және күрделі ақауларды жөндеу
Автокөлік ішкі жану қозғалтқышының салқындату жүйесі: құрылымы, жұмыс принциптері және техникалық қызмет көрсету
Дизель қозғалтқышының отын айдаушы сорғысы: құрылымы, жұмыс принциптері және жөндеу-техникалық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz