Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері



Кіріспе бөлім:
Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
Негізгі бөлім:
а) Сұйықтық сорабы.
ә) Желдеткіш.
б) Термостат.
Қорытынды:
Тұтандыру алдындағы жылытқыш.
Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 – 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.
Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 – 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір – бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді – ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 – 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Салқындату жүйесінің түрлері мен жұмыс істеу тәсілдері.
Негізгі бөлім:
а) Сұйықтық сорабы.
ә) Желдеткіш.
б) Термостат.
Қорытынды:
Тұтандыру алдындағы жылытқыш.

САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.
Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 - 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.
Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 - 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір - бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді - ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 - 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.
Автомобиль қозғалтқыштарында салақындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып салқындататын сұйықтықпен салқындату жүйесі көп қолданылады. Мұндай жүйелер жұмыс істегенде әсері көп болады және қоршаған ауаның төмен болуына қарамастан оталдыру құрылғысымен қозғалтқышты тұтандырғаны жеңіл, жұмыс істегенде шуылы аз болады.
Салқындатқыш сұйықтығы ретінде суды немесе оның этиленгликолды қоспасы - антифриздер қолданылады. Төменгі температурада қататын қоспалардың көп қолданылатын түрлері:
ТАСОЛ А - 40 және ТАСОЛ А - 65. Екі антифризде техникалық этиленгликол мен судың араласқан қоспасы, мысалы ТАСОЛ А - 40 сумен этиленгликолдің 50% қоспасы, - 40о С температурада мұзға айналмай, тек қоюланған массаға айналып блок цилиндр мен радиаторға ешқандай ақау келтірмейді. Қозғалтқыштың жылулық жағдайына байланысты салқындату сұйықтығының жүйеде айналуы үлкен айналымда және кіші айналымда сұйықтық сорабының көмегімен жүргізіледі, ол иінді біліктің шкивіне ременьді жетекке жалғастырылып қозғалысқа келеді. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыстық жылу режимінде салқындату сұйықтығы үлкен айналымда қозғалып салқындатады. Бұл кезде термостат клапаны 10 ашық болып сұйықтық жоғарғы түтік 11 арқылы радиатордың 16 жоғарғы бачогына 13 беріліп, одан радиатордың түтіктерімен төменгі бачокке 20 түседі. Радиатордың түтігінен өткен сұйықтық, автомобильдің жүрісі кезінде желдеткіштің19 көмегімен берілген жылдамдатылған ауа арқылы салқындатылады және ауаның берілуі жалюздің 17 көмегімен реттеліп тұрады. Салқындатқыш сұйықтық төменгі түтік 22 арқылы насосқа 8 беріліп, сонан соң блоктың сұйықтық тысы 7 мен цилиндрлер қалпақшасына жіберіледі.
Оталдырғанда және қозғалтқыштың салқын кезінде температурасы 72о С төмен болғанда салқындату кіші айналымда жүргізіледі.
Бұл кезде термостаттың клапаны 10 жабық болғандықтан сұйықтық радиаторға жіберілмейді, сұйықтық блоктың ішімен 7 және цилиндрлер қалпақшасымен кері қайтару каналы 9 арқылы термостатты 10 айналып қайтадан насосқа беріліп, салқын қозғалтқыштың жылдам қыздырылуына көмектеседі. Сақындатқыш сұйықтықтың температурасының көтерілуіне байланысты термостаттың клапаны ашылып, сұйықтық үлкен айналыммен жүгізіле бастайды.
V - бейнелі ЗиЛ, ЗМЗ және басқада қозғалтқыштарда сұйықтық насостың корпусындағы құйылысы 23 арқылы оң және сол жағындағы цилиндрлерді салқындату тысына беріліп, жіберу құбырының қуысымен 26 термостатқа 10 және радиаторға 16 сонан соң сорабқа жіберілді.
Жіберу құбырының қуысынан бір мезгілде жұмсақ шланг түтік 24 арқылы компрессордың салқындату тысына беріліп, шланг түтік 25 арқылы сорабқа қайтадан келеді.
Қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін салқындатқыш сұйықтығының температурасы цилиндрлер тысына енгізер кезде 75 - 80о С аралығында, ал одан шыққанда 85 -95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі кезде қозғалтқыштардың температурасын жоғарлату үшін жабық түрдегі салқындату жүйесі қолданылады. Олар сыртқы атмосферамен бу шығару түтігі 15, радиатордың қақпағындағы булы ауа клапаны 14, немесе төгу шүмегі 21 бар кеңейткіш бачоктың қақпағындағы булы ауа клапаны арқылы жалғастырылған. Салқындатқыш сұйықтығының температурасын дистанциялық көрсеткіші 5 бар электрлі магнитті термометрмен және салқындату жүйесіне жалғанған сезгі 6 арқылы бақылайды. Салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың қызып кетуін аспаптар қалқанында орнатылған дабылды шамның көмегімен бақыланады, оның термосезгісі радиатордың жоғарғы бачогына орнатылған. Сұйықтық сорабының қозғалтқыштың алдыңғы жағына орналасуына байланысты соңғы цилиндрлердің және олардың жану камералары мен басқада бөлшектерінің жылу өткізгіштігі төмендейді, өйткені оларға алдыңғы цилиндрлерден қыздырылған салқындатқыш сұйықтығы беріледі. Содықтан кейбір қозғалтқыштардың құрылымында қатты қыздырылған бөлшектерге(шығару клапанына, жану камерасының керегесіне, тұтандырғыш шамына) бағытталған таратқыш түтік 4 арқылы сұйықтықты айналдыру немесе тесігі бар бойлық арна қарастырылған.
Қозғалтқыштың салқындату жүйесін негізгі қызыметінен басқа, жеңіл автомобильдер мен автобустардың жолаушыларға арналған шанақтарын сонымен қатар жүк автомобилінің кабинасын жылытуға қолданылады. Сол мақсатта жылыту жүйесіне салон немесе кабинаның ішіне радиатор 3 орнатылып, оны шүмек 1 және шланг түтік 2 арқылы салқындату жүйесінен қыздырылған сұйықтық беріледі.

СҰЙЫҚТЫҚПЕН САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АСПАПТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛІ.
Сұйықтық сорабы.Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып тұруға ортадан серпігіш сұйықтық сорабы қолданылады. Сораб цилиндрлер блогының алдыңғы жағына орнатылып, ремень арқылы иінді біліктің шкивінен жетекке алынып іске қосылады.
Ол аралары бір - бірімен төсем 6 арқылы жалғастырылған корпустан 7, қанат қалақшадан 5, подшипниктер ктұрқынан 10 тұрады. Сораб білігі 4 май ұстағыш сальникпен қамтамасызданған екі шарикті подшипниктерде 3 айналып тұрады. Алдыңғы ішпек таяныш сақинамен 2 тіреліп, ал артқы подшипник жылжуын болдырмайтын аралық төлкемен 11 ұсталып тұрады. Пластмассалы қанат қалақша 5 біліктің артқы жағына металды күпшектің көмегімен бекітіліп тұрады. Қалақшаның 5 айналуына байланысты сұйықтық түтік 9 арқылы насостың ортасына беріледі, сонан кейін қалақшалармен айналдырып ортадан тепкіш күштің әсерінен тұрқының 7 керегесіне итеріледі, одан қуыс канал 8 арқылы қозғалтқыштың сұйықтық тысына беріледі. Сораб тұрқының 7 ішіндегі айналып тұрған бөлшектердің тығыздалуы қалақшаға орнатылған тығыздауыш шайба 17, резиналы манжет 16, шайбаны 17 корпустың шетіне қысып ұстайтын серіппеден тұратын жылжымалы сальник арқылы қамтамасыз етіледі. Тығыздауыш шайба 17 өзінің кертігімен қалақшаның 5 ойығына таяныш 18 арқылы бекітіледі. Біліктің 4 алдыңғы жағына төлкенің 12 көмегімен күпшек 13 орнатылған, оған шкив 14 бекітіліп сораб пен желдеткішті іске қосады.
Желдеткіш.Радиатор арқылы өтетін ауаның жылдамдығын арттыру үшін желдеткіш 1 қолданылады. Қозғалтқыштарда орнатылған желдеткіштер 4, 5, 6 қалақшалы 15 болады және болат қаңылтырдан немесе пластмассадан (ВАЗ, Москвич автомобильдерінде) жасалады. Бірқатар қозғалтқыштарда капот астының желдетуін жақсарту үшін және радиатор арқылы өтетін ауаның көлемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде әдістер туралы түсінік
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі
Оқытудың техникалық құралдарын қолдану
Өнімдер өндірісі
Сүтқышқылды өнімдері өндірудің технологиялық желісі
Күн энергетикасы туралы жалпы түсініктер
Қонақ үйдегі салқындату желісі
Тексеру және кәсіпорынды бағалау
Сүт алу технологиясы
Қозғалтқышты салқындату жүйесін тазарту
Пәндер