Өрмек және ши тоқу өнері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Ою.өрнектер
1.1 Ою.өрнектер үлгілері
1.2 Ою.өрнек түрлері

2 Өрмек және ши тоқу өнері
2.1 Өрмек түрлері
2.2 Ши тоқу өнері

3 Киіз және текемет
3.1 Киіз және текемет басу тәсілі
3.2 Кесте және көркемдеп тігу

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы өзінің жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері қазіргі заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне айналуда. Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе ескіріп қолданылудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылым мен техника қарыштап дамыған заманда бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды фабрикалар мен арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарып та жатыр. Бұл – біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап, киім киіп, дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің бірсыпыра салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет болмай қалуы құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес өкіметі құлағаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере алмайтын жағдайға жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп кеткені белгілі. Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс тіршілігіне қажетті тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды сатып алуға кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-жерлерде қолөнер қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай жатқан ауылдарда бұл үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың қолтаңбалы өнері саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-сырын қолөнермен шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің маңызы зор. Тақырыптың өзектілігі де осындай жағдаймен сабақтасып жатыр деп ойлаймын.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествасын ғылыми негізде арнайы жетелеп зерттеу ісі басталғанына бір жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Бұл іске ең алдымен Ресейдің ғалымдары, олармен қатар, Батыс Европа мен Америка зерттеушілері де кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты мақалалар мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австралиялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В. Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың, Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Богалюбовтың, В.Чепелевтың, А.Н.Берниеталеның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының шығармалары жарық көрді 31,17. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) тағы басқа қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе басқалары жан жануарлардың ішкі-тысқа көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Үшіншілері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді бір зерттеушілер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты олардың ойлап, қиялдауынан туған дейді 31.17-19. Демек ою-өрнектің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Рас, бұл мәселеге С.Қасымов сынды ғалым елеулі үлес қосты. Автор өзіне «Қазақ халқының қолөнері» атты монографиясында ұлттық қолөнерінің ою-өрнек, киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты түрлері төңірегінде сөз қозғайды. Кітапта ою-өрнектердің 200-ге жуық түрлері қамтылған және ою-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшінде түсінікті болу жағы қарастырылған. Автор қазақ халқының қолөнері өзінің тамырларымен тас ғасырын байлап кетеді деп орынды тұжырым жасаған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде Т.К.Бәсеновтың «Орнамент Казахстана в архитектуре» деген кітабы көптеген құнды материалдарға қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Ғалым ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр –түрге ажыратады. Мысалы, «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «сыңар мүйіз», «қарнақ», «ырғақ», «қошқар мүйіз», «күлте», «жапырақ», «гүл» тағы басқа. Автордың архитектуралық өрнектерді егжей-тегжейлі зерттей әкеліп, қазақтың ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз жеткізуге әбден болады.
1977 жылы Әбдіқас Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты шығармасы жарық көрді. Онда қазақтың қолөнерінің басқа түрлерімен қатар ою-өрнек, киіз басу, кілем және ши тоқу мәселері де көтерілген. Монографияның 7 бетінде зерттеуші қазақ халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем басу, басқұр, алаша, қортын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнері кең тараған дей келе мынадай орынды пікір айтады: халқымыздың осындай мәдени мұрасына «көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек».
Ұлтымыздың қолөнерінің әртүрлі салаларын зерттеуде Ш.Әбдуалиева, Н.Әмірғазин, Х.Арғынбаев, В.В.Восторов, Н.А.Оразбаева, М.С.Мұқанов, Ж.О.Артықбаев және тағы басқалардың қосқан үлесі зор! Олардың құнды еңбектерінен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнерінің үздік үлгілері жайында қызықты деректер, маңызды мағлұматтармен қатар қолөнерімен шұғылданушыларға қажетті кеңестерді де кездестіруге болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан және бітіру жұмысының соңында келтірілген қолданылған әдебиеттер тізімінен байқайтынымыз: қазақ халқының қолөнеріне қатысты жарияланған азды-көпті еңбектер баршылық. Олардың барлығын өз жұмысымыздың негізіне алдық.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Қазақ халқының қолөнерінің әр-
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Л. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 19927-120 бет.
2. Әмірғазин, Қайыртай. Қазақ қолөнері: теріні, ағашты, темірді көркем өңдеу. - Алматы: Дайк-пресс, 1996-160 бет.
3. Әлімбаев М. Шебердің қолы ортақ: [Республикада қолөнерін дамыту туралы]. //Қазақстан өнері. - Алматы: Өнер, 1987-54-57 б.
4. М. Әлімбаев М. Алаша: [Асыл мұра] // Егемен Қазақстан.-1998.-29 сәуір.
5. Әлімбаев М. Қазақ кілемі: [Кілемнің түрлері] // Егемен Қазақстан.-1998.-18 наурыз.
6. Абдигапбарова.У. К вопросу использования материалов казакского орнамента //Поиск. Серия гуманитарных наук. – 2002. - № 2. – С. 181-186.
7. Абдуллаханова М. Халық мұрасының жарасымды жалғасы: [Қолөнер ісмері Гүлзада Сейтқали қызы] // Қазақстан әйелдері. – 1990. - № 2. -32-33 бет.
8. Абдуллаев Б. Еңбек түбі береке // Ұлағат. – 2002. - №5. - Б. 18-22.
9. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми зерттеу еңбек. -Алматы: Өнер, 1987. - 126 бет.
10. Артықбаев Ж.О. Этнология и этнография. - Астана: Формат, 2001. -3 04 с.
11. Асылханов Е, Нақысбеков А. Қазақстан қолөнері тарихы неге ескерусіз қалған?. //Қазақстан мектебі. - 1990. - №11. – 46-49 бет.
12. Ауғанбаева Ұ. Кілем тоқу // Қазақстан мектебі. - 2002. - №5. - Б.64.
13. Ахметжанова Күльзипаш. Қазақ халқының қолөнерінің мәдениет-танулық негіздері. – Алматы, 2000. – 7-27 бет.
14. Байбосынова Н. Өнерді тану-өзіңді тану // Ақ желкен. - 2001. - №5. с.18.
15. Бекешов С. Қазақтың ою-өрнектері жэне олардың қолданылуы // Қазақ тарихы. -2000.-№5 -Б.4.
16. Востров В.В., Каунова Х.А. Материальная культура казахского народа на современном этапе. -Алма-ата: Наука, 1972. -272 с.
17. Востров В.В. Новые материалы по этнографии казахов-адаевцев. «ТИИАЭ АН Каз ССР», т.8, Алма-ата, 1960.
18. Востров В.В. Некоторые вопросы этнографии казахов Кзыл-Ординской области «ТИИАЭ АН Каз ССР», т.18, Алма-ата, 1963.
19. Вопросы этнологии и антропологии Казахстана. -Алма-Ата. Академия Наук КазССР, 1962.-192.
20. Дудин С.М. Киргизский орнамент, «Восток», М.-Л., 1925,кн.5.
21. Ералы А. Қолөнер қолғабысқа мұқтаж // Қазақ әдебиеті. 2003. 8 тамыз. Б.15.
22. Жаманбаев Қ. Өрнектер сыры. [Халық шеберлерінің туындылары туралы. Шығыс Қазақстан обл.] Мәдениет және тұрмыс 1976, №1, 16-17 бет.
23. Жұмабайқызы Г. Қазақы қолөнер [Қазіргі кездегі қолөнердің дамуы] //Жас алаш. -1998. -8 мамыр. -Б.4.
24. Ислямов О. Жүн қолөнері технологиясының сарамандық жұмыстары. // Білім-Образование.-2001.-№2.-Б.ЗЗ-35.
25. Ислямов О. Жүн өңдеу және киіз басу қолөнері // Ұлт тағылымы.-2001.-№».-Б.53-62.
26. Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. /Отв. Ред. К.А. Акишев.-Алма-Ата: Наука. 1969.-196 с.
27. Күзембаева С. Ою-өрнекте көңіл күй мен сезімтереңдігі болады // Ұлағат. - 2000.-№2.-Б.34-35.
28. Коташев К. Особенности кочевой цивилизации // Мысль. 2003.-№5. с.88-
29. Кенжеахметұлы С. Казахские народные традиции и обряды. Алматы: Ана тілі, 2002.-96с.
30. Қазақ халқының сәнді ою-өрнек өнері. [Н.А. Оразбаева] Л.: Аврора,1970.
31. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері. Алматы. «Қазақстан», 1995-248 бет.
32. Қазақтың ою өрнектері. Казахские орнаменты / Авт.-сост. Г.А.Жанабаева. - Усть-Каменогорск: Б.и., 2000.-24с.
33. Қазақстан өнері / Құраст. О.Оралбаев. Алматы: Өнер, 1987. 80 бет.
34. Қазақстан өнері: Жылнама 1983 / Құраст. Ж.Дауренбеков. Алматы: Өнер, 1984.-96 бет.
35. Қазақстан өнері: Жылнама / Құраст. К.Қасымбеков. 1981-1982. -Алматы: Өнер, 1984.-96 бет.
36. Қол өнер-мол өнер // Ертіс Өңірі. -2004. -29 қаңтар -Б.31.
37. Марғұлан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. М, 1964.
38. Мұқанов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата, 1981.
39. Оразақынова К. Кілем сыры түгінде // Ұлағат. -2002.-№5.-Б.23
40. Парлак Т. Қазақстандағы кілем тоқу өнерінде қолданылатын ою-өрнектер. // ҚазМу Жабаршысы. Тарих сериясы.-2000.-№4.-Б. 126-130.
41. Парлак Т. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кілем тоқу өнерінде қолданылатын өсімдік бояулары // Отан тарихы.-2001.-№1.-Б.125-129.
42. Сапарғали Н. Текемет: [Ғажайып қолөнердің бір туындысы жайында] // Ана тілі.-1998.-26 ақпан.
43. Тоқжігітов М. «Оютастың» үлгісі [Өскемен қаласы]-Коммунизм туы, 1975, 26 февраль.
44. Тохтабаева Ш.Ж. Художественные традиции казахской вышивки // Отан тарихы.-2001.-№2.-с.111-115.
45. Тәжімұратов Әбдіқас. Шебердің қолы ортақ. Алматы, «Қазақстан», 1977.
46. Хозяйственно-культурные традиции народов Средней Азии и Казахстана. /Отв.Ред. Т.А.Жданко.-Москва: Наука.-1975.-232 с.
46. Художественная жизнь Казахстана: Сб. Статей.-Алматы.: Отан, 2001.-76с.
47. Шоқпарұлы Д. Кесте тігу өнері кенжелеп қалды. // Ақ босаға.-1993.-маусым (№4).-Б.2.
Дерек берген адамдар:
1. Тошкеева Қазиза 77 жаста. Қаратал ауылы
2. Биби апа 81 жаста. Дайыр ауылы
3. Хамзина Күлшан апа. 68 жаста. Шалқар ауылы
4. Нүрбәтша апа, Күлән апа. Зайсан ауданы
5. Бибаева Қапина апа 75 жаста. Айнабұлақ ауылы.
6. Ярулла, Хайрулла. Жаңатұрмыс.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Ою-өрнектер
1.1 Ою-өрнектер үлгілері
1.2 Ою-өрнек түрлері
2 Өрмек және ши тоқу өнері
2.1 Өрмек түрлері
2.2 Ши тоқу өнері
3 Киіз және текемет
3.1 Киіз және текемет басу тәсілі

3.2 Кесте және көркемдеп тігу

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті ғасырлар бойы
өзінің жалғасын тауып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Ежелгі халықтың қолөнері
қазіргі заманғы озық үлгілерімен ұштасу арқылы жалпы халықтың игілігіне
айналуда. Алайда ұлттық қолөнеріміздің кейбір түрлері ұмытылып, немесе
ескіріп қолданылудан қалып барады. Бұл түсінікті де. Ғылым мен техника
қарыштап дамыған заманда бұрын қолмен жасалатын көптеген бұйымдарды
фабрикалар мен арнайы шеберханаларда станоктар шығара бастады, шығарып та
жатыр. Бұл – біріншіден, екіншіден мәдениеті артып өркениетке ұмтылған
халқымыздың эстетикалық талғамы өсіп, уақыт талабына сай жиһаздар жинап,
киім киіп, дегендей өмір сүріп жатыр. Осыған байланысты қолөнердің
бірсыпыра салаларының, олардың туындыларының тұтынушылық сұранысқа қажет
болмай қалуы құбылыс. Десекте назар аудара кетелік, Кеңес өкіметі
құлағаннан кейінгі жылдары еліміздің экономикасы ешқандай сынды көтере
алмайтын жағдайға жетті, тиісінше халықтың да әл-ауқаты күрт төмендеп
кеткені белгілі. Осындай қиын-қыстау жылдары дүкендерде халықтың тұрмыс
тіршілігіне қажетті тауарлар жоғалып кетті, ал бола қалған жағдайда оларды
сатып алуға кісілердің көпшілігінің қаражаты жетпеді. Нәтижесінде жер-
жерлерде қолөнер қайтадан жандана бастады, әсіресе орталықтардан шалғай
жатқан ауылдарда бұл үрдіс бүгін де жалғасып келеді. Мұның өзі халқымыздың
қолтаңбалы өнері саласында жинақталған мол тәжірибесін зерделеп, оның қыр-
сырын қолөнермен шұғылдануға ниет білдірген жас шеберлерге ашып берудің
маңызы зор. Тақырыптың өзектілігі де осындай жағдаймен сабақтасып жатыр деп
ойлаймын.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халықтың қолөнері мен ою-өрнек
творчествасын ғылыми негізде арнайы жетелеп зерттеу ісі басталғанына бір
жарым ғасырға жуық уақыт өтті. Бұл іске ең алдымен Ресейдің ғалымдары,
олармен қатар, Батыс Европа мен Америка зерттеушілері де кезінде қызыға
кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты
мақалалар мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австралиялық ғалым В.Куррердің
бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым
С.В.Ивановтың, В.В. Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың,
Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Богалюбовтың, В.Чепелевтың, А.Н.Берниеталеның және қазақ
ғалымдары Ә.Марғұланның, Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының
шығармалары жарық көрді (31,17(. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің
түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді.
Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-
өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа геометриялық тұлғаларға
ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай
ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық
тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты
сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромба тәрізді өрнектер) тағы басқа қайдан
шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан
шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан
шықса керек десе басқалары жан жануарлардың ішкі-тысқа көріністерінен,
сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Үшіншілері өсімдіктердің әр түрлі
көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың сүйеулі тұрған
сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді бір
зерттеушілер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың
өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты олардың ойлап, қиялдауынан туған
дейді (31.17-19(. Демек ою-өрнектің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны
мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Рас, бұл мәселеге С.Қасымов сынды ғалым елеулі үлес қосты. Автор
өзіне Қазақ халқының қолөнері атты монографиясында ұлттық қолөнерінің ою-
өрнек, киіз басу, ши орау, ер қосу, зергерлік сияқты түрлері төңірегінде
сөз қозғайды. Кітапта ою-өрнектердің 200-ге жуық түрлері қамтылған және ою-
өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар
үшінде түсінікті болу жағы қарастырылған. Автор қазақ халқының қолөнері
өзінің тамырларымен тас ғасырын байлап кетеді деп орынды тұжырым жасаған.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түпкі негізін іздестіру ісінде
Т.К.Бәсеновтың Орнамент Казахстана в архитектуре деген кітабы көптеген
құнды материалдарға қандай ұғымда туып, қалай дамығандығы, ерте кездегі
қауымдардың мекендестігі, кәсібі мен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған.
Ғалым ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр –түрге
ажыратады. Мысалы, арқар мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз, қарнақ,
ырғақ, қошқар мүйіз, күлте, жапырақ, гүл тағы басқа. Автордың
архитектуралық өрнектерді егжей-тегжейлі зерттей әкеліп, қазақтың ою-өрнегі
үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытындының дұрыс екеніне көз
жеткізуге әбден болады.
1977 жылы Әбдіқас Тәжімұратовтың Шебердің қолы ортақ атты шығармасы
жарық көрді. Онда қазақтың қолөнерінің басқа түрлерімен қатар ою-өрнек,
киіз басу, кілем және ши тоқу мәселері де көтерілген. Монографияның 7
бетінде зерттеуші қазақ халқында өрнек тоқу, алуан түрлі кілем басу,
басқұр, алаша, қортын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз
жасау сияқты өнері кең тараған дей келе мынадай орынды пікір айтады:
халқымыздың осындай мәдени мұрасына көне деп қарамай, оны байырғы
байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді
пайдалануымыз керек.
Ұлтымыздың қолөнерінің әртүрлі салаларын зерттеуде Ш.Әбдуалиева,
Н.Әмірғазин, Х.Арғынбаев, В.В.Восторов, Н.А.Оразбаева, М.С.Мұқанов,
Ж.О.Артықбаев және тағы басқалардың қосқан үлесі зор! Олардың құнды
еңбектерінен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық
қолөнерінің үздік үлгілері жайында қызықты деректер, маңызды мағлұматтармен
қатар қолөнерімен шұғылданушыларға қажетті кеңестерді де кездестіруге
болады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан және бітіру жұмысының соңында
келтірілген қолданылған әдебиеттер тізімінен байқайтынымыз: қазақ халқының
қолөнеріне қатысты жарияланған азды-көпті еңбектер баршылық. Олардың
барлығын өз жұмысымыздың негізіне алдық.
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. Қазақ халқының қолөнерінің әр-
алуан екені белгілі. Оның барлығын көлем жағынан шағын еңбекте қамту мүмкін
емес. Сол себептен тақырыптың аумағын кішірейтіп, алдымызға қазақтың
қолтаңбалы өнерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа сәйкес
төмендегідей нақтылы міндеттер туындайды:
1) ұлттық ою-өрнектерді зерделеу;
2) өрнек және ши тоқу өнерін талдау;
3) киіз және текемет басу тәсілін сараптау;
4) кесте және көркемдеп тігу мәселесін қарастыру.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі: Тақырып бойынша зерттеу жұмысын
жүргізу барысында ғалымдардың пікірлері мен жұмысқа қажетті деректер
жинақталды, содан кейін оларды бір-бірімен салыстыру, талдау, жүйелеу
әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының негізіне алынған түп деректер белгілі ғалымдардың
еңбектерінде келтірілген құнды материалдар, тақырыпқа қатысты газет-журнал
беттерінде, ғылыми жинақтарда жарияланған мақалалардағы қызықты фактілер,
сондай-ақ өзімнің туған жерім Зайсан өңіріндегі ауылдардағы ақсақалдар мен
әжелерден өзім жинақтаған деректер, олардың аузынан естіген әңгімелер болып
табылады.
Бітіру жұмыстың ғылыми жаңалығы. Әрине, өзімнің шағын зерттеу
жұмысымда сондай бір ғылыми жаңалық ашып отырмын деп айту қиын. Сөйтседе
ескерте кетелік, бұрын ғалымдардың назарынан тыс қалып келген Шығыс
Қазақстан облысында, әсіресе Зайсан жерінде жинақталған мол этнографиялық
материалдарды алғашқылардың бірі болып ғылыми айналысқа түсіруге ұмтылыс
жасадым деп ойлаймын.
Бітіру жұмыстың тәжірибелік маңызы: Еңбекте келтірілген деректерді
тарих бөліміндегі студенттер этнология пәні бойынша өтетін семинар
сабақтарына дайындалғанда, курстық және бақылау жұмыстарын жазуда қосымша
материалдар ретінде пайдалануларына болады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, төрт тараудан,
қорытынды, дерек берген кісілердің және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1 ОЮ-ӨРНЕКТЕР

1.1 Ою-өрнектер үлгілері

Қазақ халқының сан-алуан түрлі әшекейлеп жасаған қолөнерінің,
өрнегінің түрлері мен атаулары аса мол. Соның ішінде халық арасында көбірек
тарағаны ою-өрнек өнері. Ою мен өрнекті бір-бірінен ажыратып айтуға
келмейтін бір мағыналы сөз. Бұл сөздің ұғымына бір нәрсені ойып, қиып алып
жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып басқа бұйым жасау, бір
нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Қазақ халқының қолөнерінде бір өрнекке салып қиып алған үлгімен
кескен сан алуан түрлі өрнектерін ою деп атайды. Өрнек дегеніміз-әртүрлі
ою, бедер, бейнені күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап жасаған
көркемдік бейнелердің ортақ атауы. Ою-өрнек біздің заманымыздан мыңдаған
жылдар бұрын пайда болғаны мәлім. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте
заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырған.
Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері, ағаш ою өнері деген сөздер-
сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Демек, бұдан қазақ халқының ою-өрнек
өнері де осы тұста басталғанына көзімізді жеткіземіз. [9,6.46].
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе
киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі,
таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған.
Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады.
Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрып салты бойынша, бөтен
жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін
төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің
күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт
болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген
сәлемдемесінде-алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте
жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған
дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеден қыздың ата-анасы
жат жұртқа ұзатылған баласының отырса опақ, тұрса сопақ болған мүшкіл
халін түсінген. Ал басқа бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан құсмұрын
бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде
құстай ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.
Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге құстұмсық жүзік келсе немесе
құстұмсық ою-өрнекті тұс киіз, басқұр сияқты зат келсе, ауыл-аймағы қуанып,
той жасап, атап өтуді әдет еткен. [45,6.46]. Бұл әдеттің жұрнағы қазір де
сақталған. Зайсан ауданындағы Қаратал ауылының тұрғыны Қазиза апамның айтуы
бойынша, ел ішінде құстұмсық жүзік көрсе көптеген қыз-келіншектердің құштар
болатыны тегін емес. Бұл сонау ертеден басталған ою-өрнек белгілерінің
жоғалмай, бүгінгі дәуірге жетіп, халық қажетіне жарап отырғанының айғағы.
Оның үстіне ою-өрнек үлгілері әр түрлі мағыналарды білдірген. Мысалы, әлгі
құстұмсық жүзікте салынған сыңар дөңгелек, күн белгісі, қос дөңгелек
әділеттіліктің, мейірімділіктің белгісі болып есептелген.
Сондықтан да қос дөңгелекті құдағи жүзікті қыздың шешесі өзінің
жақсы көретін, яғни келінін өз қызындай тәрбиелейтін қүдағиының қолына
салуды ерте кезден әдетке айналдырған. Осы мысалдардың өзінен халқымыз ерте
замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып,
іске жаратып келе жатқанын көреміз. Демек өткендегі әдет-ғұрып
дәстүрлерінің бәрі бізге жат емес. Оның ішінде тәрбиелік маңызы барларын,
керектілерін бүгінгі күні де пайдалана біліуіміз қажет. Мысалы, құдағи
жүзікті қазір де пайдаланудың ешбір сөкеттігі жоқ. Бұл адамдар арасындағы
сыйластықтың, жақсы адамға көрсетілген ілтипаттық құрметтің белгісі дерлік.
Оның үстіне ел ішінде көптеген егде адамдар қолында құдағи жүзігі бар қайын
енелерді көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін
бірден білетін болады.
Ою-өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына тағы бір
мысал, қазақтың бұрынғы салты бойынша, жаңа туған нәрестеге құтты болсын
айтуға барғанда, оған апаратын бала жинағы деп аталатын бұйымдарға
малдың, аңның бейнелері салынатын болған. Мұның себебі-балаға айналадағы
дүниені таныту. Бұйымдарда бейнеленген нұсқаларды бала есейгенше бірте-
бірте танып өседі. Қазақ даласына тараған ислам діні тірі бейнені түсірген
өнер атаулының жауы болғаны мәлім. Бірақ ою-өрнек өнері дін шырмауына
шырмалып қалмай, жазу-сызудың шыққанына қарамастан, дамып өсіп отырды.
Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою-өрнек таңбалары
бертін келе сәндік, салтанат белгілеріне айналды. Әйтсе де кейбір ою-өрнек
үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталып қалған. Мәселен, ою-өрнек
өнерінің көптеген шеберлері қазір күн белгісі ретінде сыңар дөңгелекті,
молшылықтың белгісі ретінде қошқар мүйізді, құстұмсықты, құсқанат, арқар
мүйіз тағы басқа белгілерді қолданады.
Адамзат баласы ертеден-ақ өзінің жағдайна, талғамына, тұрмысына сай
киіне, сәндене білген. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп
көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана да білген. Оған
біздің күні бүгінге дейін табылып жатқан көне мұраларымыз бен музейлерде
сақталған экспонаттар, сол дәуірдің суреттері, т. б. куә. Тағы бір мысал
ретінде білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан, бір ұрпаққа
ауысып, әр дәуірде, әр қоғамда әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін
жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдер де салған. Бір
таңғалатын нәрсе, ол кезде адамдар білезікті кездейсоқ бәлекеттен, тілден,
көзден, бақытсыздықтан сақтайтын құдірет деп санаған. Бізді осындай ойға
жетелеп, өз тарихынан хабардар етуші көне суреттер сол құдіреттің өте
арзанқол темірден, қаңылтырдан, қола, ағаштан жасалғанын да жасырып қала
алмайды. [30,6.23]. Халық ою-өрнектерінің пайда болуын екі топқа бөлуге
болады.
Бірінші - халықтың өзіне тән, ертеден жалғасып келе жатқан ұлттық
оюлары.
Екінші - басқа халықтардан ауысқан және интернационалдық сыпаттағы ою-
өрнектер. Осы күнгі көп жапырақты гүлдер мен геометриялық ою-өрнектер,
жазу, сызуды бейнелеген өрнектер, крестеп, бүршіктеп, машинамен тігу әдісі,
өрнектеп тоқу, өрнектеп ойып тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу
сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері қазақ халқының ұлттық ою-
өрнектерін байыта түскендігі белгілі.
Сонымен қатар қазақ халқының әлеуметтік салт-санасы өсіп, мәдени
дәрежесі, дүниеге көз қарасы, ойлау, ұғыну қабілеті де бұрын-соңды болып
көрмеген дәрежеге жетуінің нәтижесінде, халық шеберлерінің творчествалық
ізденуі мен қабілеті де шындалып жетілді.
Соңғы кезде қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін өркендетуге едәуір көңіл
бөліне бастады. Мысалы, бесаспап шебер оюшыларымыз өз туындыларында жердің
картасын, алып құрылыстардың бейнесін, халық шаруашылығының өркені мен
табыстарын, жұлдыз, көгершін бейнесін-бейбітшілік, бейбіт еңбектің символы
ретінде космосқа ұшқан ракета белгісін тағы басқаларды оюға түсірсе,
қылқалам иелері мен қолөнер шеберлері қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілерін
творчестволарына кеңінен пайдаланып келеді.

1.2 Ою-өрнек түрлері

Оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары
күнделікті тұрмыста қолданылу, тұтыну тәсіліне қарай, ұқсату мен іске
асырылу амалдары да, жолдары да сан салалы, алуан түрлі. Мәселен, әшекейлі
түр салудың кестелеу, ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, шымкестелеу,
мүйіздеу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу, өткермелеу, шаршылау
сияқты салалары ілмелеп, қайып, бүгіп, өткермелеп, тепшіп, шалып, торлап
тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, жону, ойып алу, құю,
сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй
тұрмысында, өнеркәсіпте, әр түрлі құрылыста, мәдениет саласында,
архитектурада, жалпы әлем өмірінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын
жері жоқ. Академик Әлкей Марғұланның сөзімен: Қазақ халқын кілең ою-өрнек
дүниесінің ортасында өмір сүреді-десек, қазақта өрнек түрлерінің сансыз
көп, күнделікті тұрмысқа етене сіңісіп кеткенін дәлелдейді. [23,6.3].
Халық арасында кеңінен тараған кесте өнерін алсақ, ол ел тұрмысына
өте кең жайылған. Тігін фабрикаларында әр түрлі киімдерді, құрылыста,
заводтың, фабриканың, тұрғын үйлердің, мекеме үйлерінің қабырға өрнектерін,
бағаналарын, бұрыштарын, қабырғаларын, есіктерін, маңдайша табалдырықтарын,
босаға жақтауларын, баспалдырықтарын әшекейлеп, түр салу үшін пайдаланады.
Тұрмыс бұйымдары: шымылдық, перде, түс киіз, жастықтың тысы, т. б. және
киімдер: көйлектің жаға-жеңі, тақия сәукеле, шапан, шекпен, белдемше,
желбіршек, қамзол, тірсекжең бешпет, шалбар, жамылғы, орамал тағы басқалар
кестемен әшекейленіп безендіріледі.
Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-
өрнектер өзінің даму барысында рр түрлі көркемдік сипат алған. Қошқар
мүйіз, арқар мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, сынық мүйіз жэне тармақ мүйіз
сияқты тағы басқа өрнектер өзіндік сұлу кескін таңбасымен сондай-ақ белгілі
бір мән-мағынаны білдірумен көзге түседі. Зергерлер металды әшекейлі
бұйымдарды жасауға пайдаланып, оған түрлі үлгі, өрнектер, нақыштар салғанда
мүйіздердің көркемдік элементтерінің жарастығын тауып, қисындырады. Ол
әшекейлер сырға, шолпы, жүзік, білезік, алқа, өңір жиек, белбау, ер-тұрман
тағы басқа арнаулы үй-мүліктеріне де қолданылған. Суретші-шебер сол көркем
дүниені биік талғам мен творчествалық ізденіс нәтижесінде туғызып отырған.
Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы
тұтыну заттарында да әсемдік сипат алған. Текемет, сырмақ, алаша, кілем,
түс киіз, бау-басқұр, қоржын, аяққаптарда өсімдік сипатты элементтер мен
астаса келіп жарастық тапқан. Қазақтың сәндік өнерінде оюдың түрі өте көп.
Бірақ солардың ішінде қошқар мүйізге көп мән берген. Киетін киім мен аяқ-
табағынан бастап, үйінің киізі мен кереге, сықырлауық, ер-тұрман, үзеңгі,
жүгеніне дейін қошқар мүйіз өрнегінің элементтері бар. Мүның себебін
халықтың тарихи дамуындағы кәсібінен, тұрмысы мен салтынан іздеген жөн.
Сонау Андронов дәуірі біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдықтың ортасы, сақ
тайпаларының жаңа даму кезеңін меңзейді. Содықтан ою-өрнек барлықтарда да
ертеден бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтық өнердің бір
түрі.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек негізінен үш түрлі
ұғымды бейнелейді. Олар, біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден
жер, су, көшіп, қону жағдайын, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін
әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. [26,6.58].
Енді осы ою-өрнектердің халық арасында көп қолданатын түрлері, не
әрбір шеберлердің көпшілігіне белгілі атауларына әдейі тоқтап өтейік.
Ай- өрнектері аспандағы айға ұқсас етіп жасалған. Бұл өрнектер ең
алғаш діни ұғымды уағыздайтын болса, осы заманда бұл ұғымнан мүлде тазарып,
тек әдеміліктің бір түрі болып сақталып қалған. Кейбір өрнектердегі
дөңгелене келіп түйіскен жарты айлардың қосындылары табақ, шеңбер
өрнектері сияқты әдемі түрлер жасайды. Ай балта-ай сияқты құдіретті балта
деген ұғымнан туған. Мұндай өрнек көбінесе ер-тұрмандарда, батырлардың қару-
жарақтарында, кестелі киім-кешектерде, архитектуралық өрнектерде кездеседі.
Айыр-айырдың өрнекте берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың
бақайы мен түйенің өркешін өрнекке салу негізінде шыққан. Айыр өрнегінің
екі жақтауын түйістіріп те жасайды, мұнан қос мүйіздің формасы жасалып
отырады.
Бұл өрнекті шеберлердің қолдану ерекшелігіне байланысты әр алуан
түрлі мәнерде кездесетіндігін көреміз. Сол себепті оны кей жерде, айыр
тұяқ, өркеш, теке мүйіз деп те атайды.
Алақан-көбінесе көп тармақты өрнектердің ортасында солардың негізгі
бөлігін бір-біріне жапырақ тақтасы немесе алақан формалы жалғап тұрған
жалпақ былғарыны айтады. Өрнекпен жалғастырады.
Алақан өрнегі сырмақ, төсек сырмақ, маяуза, алаша, бау өрнектерінде
жиі кездеседі.
Ала құрт-Ала құрт өрнегінің өңі бір-біріне параллель болып жалғасып
келеді, өңі кәдімгі жұлдыз құртына ұқсас болғандықтан солай аталған. Ол ақ
пен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келетін ұзынша
желі, соған қарай қызыл құрт, ала құрт, бунақ, буын өрнек деп те
атала береді.
Көбінесе ши орауында, сырмақ шетіндегі жиектерде, төсек, жүк аяқ,
кебеже сияқты заттардың шетінде, су өрнектерінің кейбір түрлерінде
кездеседі. Аламыш, алаша шахмат тақтасының сызығы сияқты жарыса
салынған қысқа-қысқа, кейде көлемді ұзын сызықтардан (желілерден) тұрады.
Сызықтардың ішінде геометриялық фигуралар тектес, немесе мүйіз
өрнектерінің желілі түрлерінен құралады. Мұндай өрнектер, ши, терме бау,
кілем, алаша сияқты заттарды әшекейлеу де жиі қолданылады. Қазақ халқы
аламыш балға өрнегін киім-кешек, ағаш бұйымдарына көбірек қолданады.
Ат ауыз, Ат ерін малдың аузы астыңғы, үстіңгі еріндерінің түйісіп
тұрған бейнесі негізінде жасалған. Ат ерін өрнегінде әрбір жарты
шеңбердің ортасында немесе түрлі мүйіз, өсімдік фигурасы тектес ұзын
өрнектер жалғасады. Көбінесе кесте, көркем тігіс, әр түсті маталарды,
киізді оюластырып құрауда, сандық қап, аяқ қап сияқты мүліктердің жиегінде,
киімдердің өңірінде жиі ұшырасады. Балдақ өрнегі бір ұшы ашық, қысқыш
сияқты заттар мен бүркітті қолға ұстайтын айыр ағашқа ұқсас болғандықтан
солай деп аталған. Балдақ өрнектері зергерлік бұйымдарда, әсіресе алтын,
күміс, ағаштан жасалатын заттарда, тақия, сәукеле, кестелі шыт, орамал
өрнектерінде жиі кездеседі.
Су өрнегі, Су деп әрбір өрнекті бөліп тұрған ұзын жолақты айтады.
Су өрнегі кейде екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып,
дөңгелек, төрт бұрышты бейнелерді жасайды.
Су өрнектерін ағаштан жасалған бұйымдардың шеткі өрнектеріне, тұс
киіз, әйелдердің киімдерінің өрнектерінде көп қолданады.
Су өрнектері болмаса басқа ою-өрнектер бір-бірімен шатасып, әнсіз
көрініп тұрады. Сондықтан да барлық өрнектерді бөліп тұратын шекаралық
қызмет атқарады. Қазақ халықтарының су өрнегінде өзгешелік болмайды.
Иректер, ирек өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары мен
доғал сынықтардың ұштары арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатармен
тізіліп келеді. Кейде бір иректің іші, екінші иректің ішіне қарсы келіп,
төрт бұрыштар мен сағат бау тәріздес иректер жүйесін жасайды. [1,6.89].
Қазақ шеберлерінің қол істерінде, киімдердің шет-шетінде, жағасында,
тақия жиегінде, сақина-білезіктерде, сырмақ шеттерінде, кебеже, жүк аяқ пен
табақтардың ернеулерінде, әдіп тігістерінде су өрнегі көбірек кездеседі.
Мүйіз өрнектері. Бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың, бұғының,
сиырдың мүйіздеріне ұқсас болғандықтан мүйіз деп аталған. Мүйіз өрнегі өте
ескі өрнек және ол мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі, не жартылай
көшпелі елдердің қолөнерінде өте жиі қолданылады. Мүйіз өрнектері бірте-
бірте малдың, немесе аңның төбесін, құлағын, тұмсығын елестетерлік
малдардың мүйізі тәрізді көп тармақты көрініске айналды. Яғни шеберлер
өздерінің білетін оюларының әр түрлі бейнелерін бір үлгіге құрып, ой-өрісін
кеңейте отыру арқылы тұтас бір композиция жасайды.
Сөйтіп мүйіз тектес өрнектердің барлығын сыртынан мүйіз оюы деп
атайды. Мүйіз өрнектерінің атаулары мен түрі өте көп. Мүйіз тектес
өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді.
Ұсақ түрлері зергерлік, кестешілік, ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік
іс-терде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, текемет, ши орауы, әр түрлі терме,
сондай-ақ архитектуралық әсемдеуге қолданады. Халық шеберлері мүйіз өр-
негінің сан-қилы мәнерлерін құбылта бір элементіне екінші, үшінші бір эле-
менттерді қосып толықтырады да, неше алуан мазмұнды композиция жасайды.
Мүйіз тектес өрнектегі мәнеріне қарай халық арасында қалыптасқан
Қошқар мүйіз, Арқар мүйіз, Қос мүйіз, Сыңар мүйіз, Сынық мүйіз,
Марал мүйіз, Сырға, Төрт құлақ, Түйе мойнақ сияқты байырғы түрлері
мен атаулары өте көп.
Бұлардың көбінің негізгі нұсқасы мүйіз тәрізді болып келсе де,
өрнектеу мәнеріне қарай күрделене түсіп, әрқилы мазмұнды сюжет жасап
тұрады.
Желі, иық, қолтық өрнектері әр түрлі оюлармен өрнектің арасын
бір-біріне қосып, желі иық, қолтық сияқты формалар жасалатындықтан осылай
аталған. Әдетте, сырмақ, аяқ қап, ораулы ши, кимешек, кестелі тон өрнек-
терінде көп керектенеді, сьірмақ оюларын, киізді, түрлі матаны кесіп, қырда-
сындап тастамас үшін бір тұтас желі жасап ояды. Мұны кесте тігісінде де
қолданады.
Қазақ халқының ою-өрнектерімен безендірілген жиһаздарында желі, иық,
қолтық өрнектері үнемі кездесіп отырады. Құс мұрын құстың, әсіресе
бүркіттің тұмсығына ұқсас, төбесінен қарағанда жалпақ, үсті сүйір
болғандықтан. Құс мұрын деп аталған. Құс мұрын өрнегінің сыртында бір
немесе екі суы тартылған желі өрнегі болады да, оның ішінде қошқар және
мүйіз өрнектері араласып, біртұтас құс мұрын өрнегін жасайды. Құс мұрын,
әйел жүзіктері мен кестелі шалбардың балағы, бешпет, кестелі тон, басқа
сыртқы киімнің етегі, иығы, арқа өрнектерінде қолданады. Құс мұрын өрнегі
жоғарғы аталған заттардан басқа бұйымдарда қолданылуы ұнамсыздау көрінеді.
Бұлардың формасы мен жасалу жолдары бірдей болады.
Шытыра немесе шытырман ұзын су өрнектерінің ішінен екі, төрт, кейде
сегіз рет қайталанған сызықтар жүріледі. Мұның әрқайсысы төрт бұрыш формалы
фигура құрайды да үстінен жарты шар сияқты сызықтар жүріледі. Өрнектің
соңында арасы ашық-ашық шытырманды өрнек сияқты жолақтар болатындықтан,
шытыра немесе, шытырман деп атаған. Шытыра немесе шытырман ою-өрнектерін
тұс киіздің қиюы, әр түрлі киімдер мен шымылдықтың ызба бауларының шетінде
жиі қолданады.
Таңдай өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан диогнал
тәрізді өрнектер ағаш, мүйіз заттарының шет-шетінде, киімдердің жағасында,
кимешектің шеті мен ортасында көбірек қолданады. Шеберлер халықтық ою-
өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын қағазға, матаға түсіріп
ойып алады.
Оюдың осындай қиындысын үлгі деп атайды. Үлгі қиюмен көп айналысқан
және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою
үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын, бедер қосып, жөндеп, дамытып
отырады. [31,б.16].
Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап, ұнасым мен әдемілік
жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық
шеберлері қазір де көп.
2 ӨРМЕК ЖӘНЕ ШИ ТОҚУ

2.1 Өрмектің түрлері

Өрмек-қолөнер шеберлерінің ерте заманнан бері жалғасып келе жатқан
тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісінің бірі. Өрмек тоқудың негізгі
материалы қойдың ақ, қара, қызыл өлі жүні. Ал арқауын түйенің жүнінен
иіреді.
Зайсан ауданындағы Дайыр ауылында тұратын 73 жастағы Биби әженің
тәжірибесі бойынша, өрмек тоқу үшін әзірленетін жүнді қырқудан бұрын қойды
бірден екі қайта тоғытады да қырқады, қырқылған жүнді қайтадан жуып кір,
шуашын әбден кептіреді, кепкеннен кейін жүнді түтеді де, жіңішкерте созып,
шумақтап ұршықпен иіреді. Ең алдымен жалаң қабат иіреді де домалақтап
орайды.
Осындай әдіспен екінші жіп те әзірленіп біткен соң, екеуін қосып
қайта иіріп, өрмектің өңіне сәйкестіріп бояйды.
Өрмектің арқау жібі ең ұзын жіптерінен жуан иіріледі, өрмек жіптері
үшін қой жүнінен басқа сан алуан түсті маталардың жібін суырып, бірнеше
қайта қабаттап иіру жолымен әзірлеуге болады, не болмаса қойдың ақ жүнін
екі қабаттап иіріп, түсті бояумен бояп әзірлеуге болады. Мұндай жіптің түрі
6-7-ге дейін болуға тиіс, оны өрмек жіптері деп атайды.
Қолөнер шеберлерінің кез-келген жағдайда қолданып, қажет жабдықтары
оңай табылатын өрнектің екі түрі бар.
Біріншісі- тұтас өңді, кілем сияқты аспалы жолмен тоқылатын өрмектер.
Екіншісі-қолмен тоқылатын жай өрмектер. Халық қолөнерінде көбірек
қолданатын, әркім өздері тоқи алатын жай өрмектің әр түрлі құрал-жабдықтары
болады.
1 Өрмек өрісінің қазықтары 4-5 дана болады, оны төрт бұрыш формада
қағып орнатады. Өрмек жіптерін шатастырмау үшін жіп алып жүруші қазыққа
жіпті іліп отырады.
2 Күзу қазығы, күзу шыбығы - бұл арқылы шалыс немесе айқас түсіреді.
Күзу арқалығы тоқылатын жіптерді шалыс түсуіне қолайлы болдыру үшін жоғары
көтеріп, көтермеге, мосыға іліп қояды. Күзу тоқылмайды, тек тоқылатын өрмек
жіптерін бір-біріне ауыстырмай бөлектеп тұрады. Күзу жіптерін түйе немесе
қойдың өлі жүнінен ширақ, екі қабаттап иіреді де, ызбалайды, күзу жібін
әрқашан да боямайды.
3 Адарғы- екі жақ шеті дүздендіре жонылған дөңес, ені 20-35
сантиметрдей тақтай.
4 Есепші, немесе кергіш-сабау. Құрылған өрмек жіптерін күзуден 30
сантиметрдей қашықтықта бестен, оннан байлап қояды.
5 Қылыш-өзі қылыш тәрізді, сырт жағын (жетесі) 6-7 сантиметрге дейін,
дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана жұқарта жонып, ортасын дөңестеу
еткен, ені 12-15 сантиметрдей түзу таяқша, жіптерден өрнек теріліп, арқауды
өткізгеннен кейін қылышты суырып алып шалысты қағып бекітеді.
6 Арқау ағашы - ұзындығы 30 сантиметрдей түзу таяқша, оған арқау
жібін орайды. Тоқу кезінде әрбір шалыстан (айқастан) кейін арқауды бір рет
өткізіп отырады.
7 Көтерме-қабығы алынған ұзындығы 1 метр 50 сантиметр шамасындай 3
ағаштың басын буып жасайды, оны мосы деп те атайды. Мосы темірден де
жасалады, оның ілмегі болады, өрмек жіптерін күзу арқылы жоғары көтеріп,
көтерме мосыға іліп қояды. [10,6.73].
Өрмек жіптерінің немесе тоқылатын заттың ені мен ұзындығы
жобаланғаннан кейін жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4
қазық, кейде үш бұрышты өріс жасап, үш қазық қағады.
Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз, тегіс жер болуы және малдың,
адамның көп жүретін аяқ асты болмауы керек. Өрмек құрушы шеберлердің көз
мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы өрмектің өрісі 20 метр болса,
онда 4 бұрыштың әр бір қабырғасы 5 метрден келеді.
Бұдан кейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінен бесінші қазық
қағылады оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді.
Бесінші қазықпен арқалық қаданың арасы 20-25 см алыс тұрады. Өрмектің ерсі
және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп соған
төгеді. Мұны өрмек жүгіру деп атайды. Егер ерсі жіптері бірнеше түсті
болса, онда әлгі екі адам оларды санай отырып, кезек-кезек төгеді, немесе
бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп-шалаңға
былғанбау үшін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез жазылып, тез
ағытылуы үшін жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіс аяққа, табаққа салып
алып жүгіреді.
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің
тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы күзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің
шағын домалағын алады да ерсі жіпті бір шалып арқалықты орай күзу шыбығынан
тағы бір рет қазықбау байлауымен өткермелейді.
Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле
салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып,
екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады.
Мұны өрмек шалу дейді. Өрмек жүгіру біткен соң, қазықтарды суырып
тастап, өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі жақ басы
тұйық болып шығады, мүның бір тұйығын өріске апарып қазыққа кигізеді.
Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып жерге
төсей бекітеді. [33,6.23].
Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне іледі. Дұрыс
шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзуден жіп жоғары
шығады да, бос жіп күзудің астында қалады. Бұдан кейін арқалықтың алдыңғы
және артқы жағынан екі айқас пайда болады.
Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15см қуыс болып, бұл қуысқа
қылышты өткізіп қояды. Енді алдыңғы айқас жіптерді ажыратып қолмен санап
отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түсіріп,
бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бірге бақылау жібін өткізіп, оның
екі ұшын қоса тұйықтап байлайды.
Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса оңай тауып алу үшін, адарғы
қоярда санаған жіпті 5-10 пармен кергіш сабауды байлауды естен шығармау
керек. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 сантиметр қашыққа арқауды
өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап
қағады.
Бұдан кейін қылышты суырып алып, адарғыны қырынан көтере күзудің
деңгейіне әкеледі. Сол кезде күзуге ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен
20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі
жіптің үстіне шығады. Осы кезде күзу мен адарғының денгейінде ерсі жіптің
үстінен қуыс қалады.
Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқау үстінен
пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді.
Күзудегі ерсі жіптер тағы да жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс
қайтадан қалпына келеді.
Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталаудың
нәтижесінде ерсі жіптер мен қарсы жіптердің қапсыра айқасып түсуінен барып
өрмек тоқыла береді.
Тоқитын заттың көлеміне, (еніне) байланысты етіп өрмек жіптерінің
өңін сәйкестіреді. Басқұр, терме бау, жел баудың шетіне су, ирек,
ортасына тұмарша, сыңар мүйіз, қос мүйіз, қолтық, шаршы, таңдай
өрнектерін теріп тоқиды.
Қазақтың терме өрнегінің тәсілімен тоқылатын заттар қатарына кілем,
басқұр, үзік, туырдықтың, шаңырақ пен шымылдықтың, төсек кергіштің баулары,
босаға, кереге таңғыш, есіктің астамасы, қоржын, сандық қап, алаша сияқты
бұйымдар жатады.
Халық арасында жиі тоқылып қолданылатын мүлік кәдімгі тоқыма қап.
Қаптың жібін боямайды ақ, қара жүннен иіріледі, қап өрмегіне мүйіз
салмайды, тек ақ, қара су түсіріп, жібін алып жүгіреді. Негізгі тоқу әдісі
басқұр, бау алашаға ұқсас, айырмашылығы терілмейді. Шалыс арасына арқауды
өткізіп, адарғымен қағып отырады. Қапта сақталған жануар тектес тағамдардың
сапасы көп уакытқа дейін бұзылмайды. [31,6.51].
Алаша тоқу. Алаша бүктеуге, алып, салуға қолайлы мүлік. Мұны
ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен
тоқылған алашаның ені әдетте 40-45 сантиметрден аспайды, сондықтан мұның
бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған
материалдардың ұзын бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бой етіп кесіп,
құрау қажеттігін есептейді.
Әдетте өрмек жіптерінің 35-40 сантиметрдейі тоқуға келмей қырқылады.
Мұны өрмектің қырқындысы дейді. Алашаның бойларын құрау үшін осы қырқынды
жіпті пайдаланады. Бұл жіптер ақ, қара, көк, қызыл 4 түсті деп көрейік.
Ендерін, жапсар бойын осы 4 түсті кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен
аралықтарын 1-2 сантиметрдей етіп, қосымша сыналана енгізіледі де алашаның
көлемі үлкейе түседі. Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі
бар. Оның біріншісі су өрнегі де, екіншісі тіс өрнегі. Су өрнегін
өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өңбойын бір түсті
етіп жүгірту арқылы тоқиды. Тіс өрнегін осы екі жіптің екеуін екі түсті
түрмен жүгіртіп, (астынғы жіп қара, үстінгі жіп ақ) тоқиды.
Өрмектерге мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі
өрнек те тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды терме деп атайды.
Терме өрнегіне жоғарыдағы аталған жабдықтарға қосымша ілмек,
өткерме, мәйменке деген жабдықтар қолданылады. Мәйменке өте жұқа
етіліп, жып-жылмағай, бұдырыссыз істеледі. Бұл өрмек жіптерін қиып, үзіп,
не шатастырып алмау үшін, сондай-ақ мүйіз өрнегін теру үшін қолданатын
құрал. Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәйменкелеу жұмыстарының
барлығы да есептеу, санау арқылы әрбір ілген жіп санын ұмытпай, есте сақтау
арқылы орындалады.
Термелеп тоқу әдісі өрмек өнерінің ең көп тараған және көркем
дүниелерді тоқуға ең қолайлысы деп саналады.
Енді терме құралдарын атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік.
Басқұр-керегенің басы уықтың баулығымен сыртынан шымқай орап тұрады,
оған төмен керегенің сыртынан ораулы ши ұсталады.
Дөдеге құр-үзіктің етегінен оюланған дөдегені төрт бұрышынан іледі
де, астынан терме дөдеге құр өткізіледі.
Үзік, туырдықтың бас, орта, аяқ бауы. Бұлар да түгелдей теріліп
тоқылады. Үзік бауларына қарағанда туырдық баулары үйдің ішінен айқын
көрінетін болғандықтан басқұрдан жіңішке, үзік бауларынан енді етіп
тоқылады.
Желбау мен шаңырақ бау. Желбау шаңырақтың оң және сол жағындағы
күлдіреуіштің арасына байланады. Ол үйге сән берумен қатар, шаңырақты
көтергенде қисайтпай тең ұстап түру үшін қажет.
Құр таңғыш. Керегелердің қоспаларын, есіктің босағасын қосып
байлайтын құр бау. Бұл онша енді болмай тоқылады.
Теңқұр-тең буатын құр жіп. Олар үзік, желбау құр таңғыштардан да
жіңішке етіп тоқылады. Құр аяқ жіп- түйеге мінгенде аяқ салып отыратын
үзенгі, сонымен бірге құр белбеу, құр дорба, құр аяқ қап, құр қол дорба,
құр сандық қап, құр қоржын, құр тізгін, құр жүген ботаның құр ноқтасы тағы
басқалар өрмек әдісімен тоқылады.
Соңғы кезде терме әдісімен өрмектеп тоқылған ерлердің галстугі, мойын
орауыш, әйелдердің белбеуі, шымылдық бауы сияқты бұйымдар жиі тоқылып жүр.
[4,6.3].
Кілем тоқу. Біздің елімізде соңғы жылдары кілем тоқу тек қана арнайы
кілем фабрикаларда өндірілетін, өндірістік кәсіпке айналумен қатар басқадай
өндіріс шаруашылық орындары мен бірлестіктерде де тоқыла бастады.
Кілем өрмегін - аспалы өрмек немесе кілем өрмегі деп атайды.
Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4
бет болып тізіледі. Жай өрмек әдісімен шеберлердің қолдан тоқитын кілемінің
арқауы түйе жүні аралас мақтадан мықты әрі жуан етіп иіріледі. Бой жіптер
мен қатарлас тұратын түк өрнек жасаушы жіптері қойдың ақ биязы жүнінен өзге
жіптерден гөрі бостау иіріледі. Өрнек жіптерін өң-өңімен домалақтап орап
бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер
өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге ілу арқылы түр
жасайды.
Кілем тоқушы өз-өзінен тез суырылатын тік домалақтаған, өрнек жасаушы
түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше, бірақ шалып шығады да,
кесермен қиып адарғы қаққыш тарақпен арқауға бастыра қағады. Осылай бір
қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай қайтадан шалып тоқи береді. Бой
жіптерден шалыс айқас түсіру термемен бірдей болады.
Кілем тоқыған кезде сызылған өрнегінің бояуына қарап түсті жіптерді
санап бой жіптерге шалады. Түк жіптерін сызылған өрнекке қарамай, санамай
шалса, өрнектің өңі мен фоны шатасып өңсіз болып тоқылады.
Кәдімгі алаша, басқұр сияқты бұйымдарды өрнектеп термей, бой
жіптерінен шалып өң түсіру арқылы кілем тоқуға болады.
Осы әдіспен ені 2-3 метр, ұзындығы 3,5 метр кілемді бір адам бір
айдың ішінде тоқып шығарады.
Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көк түсті бояумен
боялады. Кілем өрнегінде әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті
өрнектер көбірек жүргізіледі, кейде тіпті негізгі бір түстің бір-біріне
жақын бірнеше өндерді де қолданылады.
Түкті кілемнен басқа, түксіз тақыр кілем (дорожник) коридор, төсек
алдының төсеніштерін қолдан тоқуға болады. Оған ештеме орамай, өрнек
беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойында бояп алады да теріп өрнек
түсірмей арқауын өткізіп, өрмек әдісімен тоқи береді.
Тақыр кілемді кейде жіптерін боямай-ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек
келтіріп тоқиды. [40,6.126].
Мұндай кілем, өрмек, алаша, басқұр, түс киіз барлық қыр сырын өте
жақсы білетін ауылда, былайша айтқанда он қолынан өнер тамған апамыз
Бадижамал Андыбай қызы еді. Жалпы алаша, басқұр, өрмек, және т.с.с. тоқу
өте ұсақ түйектері көп, қателесіп кетуге мүмкіншілігі мол жұмыс. Тоқыған
алашаның түрінің сұлу, сапасы жоғары болуы жіптің түр түсіне, оның сапасына
байланысты. Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыс түрлері бұл тек былайша
айтқанда тек теория ғана. Ал оның іс жүзінде орындалуын, дұрыс шығуын білу
үшін өте жоғары кәсіби, іскерлік білімділік керек. Ал апамыз тек алаша,
кілем, т.с.с. ғана емес, қазақтың ұлттық киімдерінің озық үлгілерін әсіресе
қыздардың бас киімдерін (сәукеле, құндыз бөрік, үлкен әжелердің кимешек
шылауышын) біздің елге таратқан осы кісі еді.

2.2 Ши тоқу өнері

Ши тоқу өнері де ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан, күрделі құралсыз қолмен тоқи беретін халық қол өнерінің бір түрі
болып есептеледі. Бұрын көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы
өзбекткр, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі.
Сан-алуан әдемі өрнектермен оралып тоқылған шилер, киіз үйдің
керегесі мен туырлығының арасында орналасады. Ол кілем, түс киізі жоқ
тұстарында үйге әсемдік өң беріп сәулетін ашады. Сондай-ақ ыдыс-аяқ тұрған
жақ тұтуға, үлкен үйлердің ішін бөлмелеп далда жасауға, итарқа құруға өте
ыңғайлы. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден
тоқылған. Соңғы кезде ши халықтың қолөнерден ауысып, бірлестік
өндірістерінде, басқадай даяшылық орындарда тоқылып, өндірістік сипат алып
келеді.
Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға
түседі, әрі төзімді келеді. Әсіресе киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын
орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге
көздері мен құлпырған құрт-танғыштарға, термелеп өріп, жібекпен шашақтаған
уық бауларға, зермен кестелеп, шұғамен оюлаған туырлық пен үзіктің ішкі
өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Осындай әдемі
оралған кілем шилер малды ауылда қазір де жиі кездеседі. Әсем болумен қатар
ши көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы. Сондықтан мал
шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.
Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл
азаматтарының бәріне ортақ жүмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері
мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра,
қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың ши тарту биі, ши
шымылдық дейтін ұлт ойындары содан қалған.[3 1,6.95].
Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден
бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі
шық кетпей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді.
Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп
орайды. Шалқар ауылының тұрғыны Күлшан апаның сөзі бойынша ши тоқудың
төмендегідей сатылары болады. Олар:
Ши тарту-әзірлеу. Шиді августың 15-нен сентябрьдің 10-ы аралығында,
буыны қатқан мерзімде тартады. Кереге сыртынан ұстауға арналған ши 120 см-
ден 150 см-ге дейін ұзын болуы, ал іргелікке арналған шидің ұзындығы 40-50
см болуға тиіс.
Шиді тартқанда сабағын бұрап сындырмай, орта шенінен екі қолдың
саусақтарымен түгелдей қысып тартса, түбірімен суырылып жұлынады.
Мұны-ши тарту деп атайды. Әдетте, керегеге ұстау үшін тоқылған шидің
ұзындығы 4-5 метр деп есептегенде бір қанат ши тоқу үшін 800-1000 дана ши
тарту қажет. Тартылған шиді күн түспейтін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Макраме өнерінің тарихына шолу
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Тоқу өнері
Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары
Қазақ халқының қолөнернің даму жолы
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Қазақ кесте өнерінің шеберлері
Пәндер