Тежеу жүйесі туралы жалпы түсінік



Кіріспе бөлім:
Тежеу жүйесі туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім:
а) Тежеуіштің жетектері.
ә) Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
Қорытынды:
Басты тежеуіш цилиндрі.
Тежеуіш жүйесі автомобильдің жылдамдығы тежеп, оны шұғыл тоқтатуға және орнында тоқтатып ұстап тұру үшін пайдаланады. Сенімді тежегіш жүйелері оның орташа жылдамдығын көбейтіп және автоомобильді қауіпсіз пайдалануды арттырады.
Тежеуіш жүйесінің түрлері.
Жұмыстық тежеуіш жүйесі: Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеуіш аяқ тежегіші деп аталады.
Тұру тежеуіші. Көбінесе тұру тежегішін автомобиль тоқтағанан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеуіші деп атайды.
Қосымша тежеуіш жүйесі. Басты тежеуіш жүйе істен шыққан кезде автомобильді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінің бөліген (бірінші немесе екінші) контур немесе тұру тежеуіш жүйесін пайдаланады.
Көмекші тежеуіш жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ еңіске қарай жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектеуіш – тежеуіші трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеуіш жүйесін қызып кетуден және таулы жерден тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жүрген жолда тежеуішті 125 рет іске қосады таудағы жолда осы жүйені іске қосу бірнеше ретке жетеді. Сондықтан таулы жерден тежеуішті іске қосқанда көмекші тежеуіш жүйесі, жұмыстық тежеуіш жүйесіне түсірілген салмақты азайтуға көмектеседі.
Тіркеменің тежеуіш жүйісі. Тіркеме доңғалақтарын жүріс кезінде, тоқтағанда және теркеменің жүріп келе жатқанда автомобильден ажырап кеткен жағдайда тежеуге арналған. Жұмыстық, тұру және қосымша тежеуіш жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал көмекші – толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркеме тежеуіш жүйесі автомобильді поездарда теркемелерін тежеу үшін пайдаланады.
Әр тежеуіш жүйесі бір немесе бірнеше тежеуіш механизмдерінен және тежеуіш жетектерінен тұрады. тежеуіш жүйесінің механизмдері орнатылуына байланысты доңғалақты, трансмиссиялы, айналмалы түріне байланысты дисклі, барабанды болып келеді. Тежеуіш жетектері гидравликалық, пневматикалық, механикалық болып бөлінеді. Тежеуіш жүйесін жеңілдету үшін оларға күшейткіш, тежеуіш күшін реттеуіш және басқада қондырғылар орнатылады. Барлық автомобильдерде аяқ тежеуіші және рычагпен ұстату тежеуіші қолданылады.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Тежеу жүйесі туралы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім:
а) Тежеуіштің жетектері.
ә) Тежеуіштің гидравликалық жетегі.
Қорытынды:
Басты тежеуіш цилиндрі.

ТЕЖЕУІШ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
Тежеуіш жүйесі автомобильдің жылдамдығы тежеп, оны шұғыл тоқтатуға және орнында тоқтатып ұстап тұру үшін пайдаланады. Сенімді тежегіш жүйелері оның орташа жылдамдығын көбейтіп және автоомобильді қауіпсіз пайдалануды арттырады.
Тежеуіш жүйесінің түрлері.
Жұмыстық тежеуіш жүйесі: Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі, барлық доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға және шұғыл тоқтатуға арналған. Көбінде бұл тежеуіш аяқ тежегіші деп аталады.
Тұру тежеуіші. Көбінесе тұру тежегішін автомобиль тоқтағанан кейін қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу арқылы әсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеуіші деп атайды.
Қосымша тежеуіш жүйесі. Басты тежеуіш жүйе істен шыққан кезде автомобильді тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған жұмыстық тежеу жүйесінің бөліген (бірінші немесе екінші) контур немесе тұру тежеуіш жүйесін пайдаланады.
Көмекші тежеуіш жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ еңіске қарай жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектеуіш - тежеуіші трансмиссия білігіне әсер етеді, басты тежеуіш жүйесін қызып кетуден және таулы жерден тез істен шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жүрген жолда тежеуішті 125 рет іске қосады таудағы жолда осы жүйені іске қосу бірнеше ретке жетеді. Сондықтан таулы жерден тежеуішті іске қосқанда көмекші тежеуіш жүйесі, жұмыстық тежеуіш жүйесіне түсірілген салмақты азайтуға көмектеседі.
Тіркеменің тежеуіш жүйісі. Тіркеме доңғалақтарын жүріс кезінде, тоқтағанда және теркеменің жүріп келе жатқанда автомобильден ажырап кеткен жағдайда тежеуге арналған. Жұмыстық, тұру және қосымша тежеуіш жүйелері барлық автомобильдерде қолданылады, ал көмекші - толық салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк автомобильдерінде және толық салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда, тіркеме тежеуіш жүйесі автомобильді поездарда теркемелерін тежеу үшін пайдаланады.
Әр тежеуіш жүйесі бір немесе бірнеше тежеуіш механизмдерінен және тежеуіш жетектерінен тұрады. тежеуіш жүйесінің механизмдері орнатылуына байланысты доңғалақты, трансмиссиялы, айналмалы түріне байланысты дисклі, барабанды болып келеді. Тежеуіш жетектері гидравликалық, пневматикалық, механикалық болып бөлінеді. Тежеуіш жүйесін жеңілдету үшін оларға күшейткіш, тежеуіш күшін реттеуіш және басқада қондырғылар орнатылады. Барлық автомобильдерде аяқ тежеуіші және рычагпен ұстату тежеуіші қолданылады.
Тежеуіш жетектерінің педальді тежеуіш механизмдері гидравликалық, пневматикалық болады. Гидравликалық жетекті тежеуіш жүйесінің құрылысы қарапайым болғанымен жүргізушіден көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан мұндай тежеуіш жетекті жүйелер жеңіл автомобильдерде немесе 5-6 тоннандан аспайтын салмақта жүк автомобильдерінде қолданылады. Жүк автомобильдерінде және автобустарда толық салмағы 8 тоннадан артық болса онда пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесі қолданылады. Кейбір жүк автомобильдерінде қосарланған - пневмогидравликалық тежеуіш жүйесі қолданылады.
ТЕЖЕУІШТІҢ ЖЕТЕКТЕРІ.
Автомобильдерді тежеуге, тежеу механизмдерімен бірге қозғалтқышпен де тежеуді, аэродинмикалық тежеуді пайдаланады. Қозғалтқышпен тежеуді автомобиль жоғарыдан төмен түсіп келе жатқанда қолданады. Мұны қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүргізеді. Аэродинамикалық тежеуді автомобильдердің жарысы кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін (парашют, арнайы қалақша) қолднылады. Бұл құрылғыларды іске қосқанда ауа кедергісі ұлғайып, автомобильдің жылдамдығын азйтады. Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіштің түрі - механикалық тежеуіштер. Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп айтамыз. Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және атанақты болып бөлінеді.
Механикалық жетекті атанақты тежеуіш жүйесі.
Атанақты тежеуіш механизмдерінде тежеу атанағы білікпен (доңғалақпен) жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педалін 1 басқанда жетек 2 рычагпен 3 жалғасқан жұдырықша 4 білік, айналматын қалыптарды 7(колодка) атанаққа 6 (барабанға) жақындатып үйкеліске түседі де, оны қысып тежейді.

Тежегіш педалін босатқанда, серіппелер педальді бастапқы қалпына қайтарады, ал серіппе 5 тежегіш қалыпты 7 атанақтан кері қайтарады. Атанақпен 6 тежеуіш қалыбының 7 арасында саңылау пайда болып, атанақ доңғалақпен бірге айналады. Атанақты тежеуіш механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің артқы доңғалақтарын тежеуге қолданады.
Дискілі тежеуіште диск доңғлақпен бірге айналады, қалыптары(колодкалар) айналмайды. Тежеу кезінде қалыптар дискіні екі жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғары классты жеңіл автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта классты автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.

Пневматикалық жетекті атанақты тежеуіш механизміне жылжымайтын тірек диск 12, екі қалып 1, фрикционды жапсырмаларымен 10, тартқыш серіппелер 4, тірек саусақтардан 11, ажыратқыш құрылғы мен тежегіш атанағынан 3 тұрады. Жоғарғы қысыммен берілген ауа түтік 6 арқылы тежеуіш камерасына 9 беріліп, диафрагмаға 7 әсер етеді. Диафрагма 7 қысымның әсерінен иіліп штокты 8 итерді, червякты берілістің көмегімен білікті 5 жұдырықшаны 2 айналдырып, тежеуіш қалыбын 1 екі шетіне қарай жылжытады. Соның әсерінен тежеуіш қалыбы керіліп, тежеуіш атанағына 3 жақындап тежеледі, автомобильдің жылдамдығы азаяды, қажет болса тоқтатады. Босатқан кезде тартқыш серіппелердің 4 көмегімен бастапқы қалпына қайтарылады.
КамАЗ автомобилінде ажыратқыш жұдырықша мен тежеуіш қалыбының арасында болатын үйкелісті азайту үшін айналмалы ролик қойылады. Пневматикалық жетекті атанақты тежеуіш жүйесі құрылысына:
1 - тежеуіш қалыбы; 2 - ажыратқыш жұдырықша; 3 - тежеуіш атанағы;4 - татқыш серіппе; 5 - жұдырықша білік; 6 - штуцер; 7 - диафрагма; 8 - шток;9 - тежеуіш камерасы; 10 - фрикционды жапсырма; 11 - тірек саусақтары;12 - тірек дискісі жатады.
Гидравликалық жетекті дискілі тежеуіш механизмі.
Дискілі тежеуіш жүйесінде тежеу күші суппорттың 4 ішіне орнатылған екі тежегіш қалыбының 11, шойын дискіні 1 екі жанынан тежеу арқылы іске қосылады. Диск 1 күпшекпен бірге айналып, ал жапсырмалы тежегіш қалып 11 қаттылап орнатылған. Диск мен қалыптың үйкелісте болатын жақтауларын механикалық тозудан және шаң-тозаңнан қорғау үшін, оның ішкі жағына штамталған қаптама 2, ал сырынан доңғалақ дискісі орнатылған. Суппорт 4 ұясында қарама - қарсы орнатылған екі жұмыстық цилиндр 7 бар. Әрбір цилиндр ішіне поршень 8, серпімді резиналы тығыздауыш сақиналар 9, енгізілген. Тежеуішті қайтарған кезде тығыздауыш сақинаның 9 сепімділігінің әсерінен поршень 8 бастапқы орнына қайтарылады. Цилиндрдің ішкі қуысын шаң - тозаңнан сақтау үшін резина манжета 10 кигізілген. Жұмыс цилиндрінің екеуіде бір дөңгелектің механизмі және бір-бірімен түтік 5 арқылы жалғастырылған соның нәтижесінде қысым ішкі цилиндрден сыртқысына беріледі. Цилиндрде пайда болған ауаны шығаратын клапан бар. Поршень фрикционды қалыптарға 11 тіреліп тұрады және бағыттаушы саусаққа бекітілген. Қалыптарға фрикционды жапсырма 3 желімделген. Тежеуіш іске қосылған кезде тежегіш сұйықтығы бас цилиндрден қысым арқылы жұмыстық цилиндрге 7 беріледі. Қысыммен берілген тежегіш сұйықтығының әсерінен цилиндрдің поршені 8 тығыздауыш сақиналардың 9 кедергісін жеңіп, қалыптарды 11 ығыстырып фрикционды жапсырмаларды 3 дискіге 1 екі шетінен қысып жақындатып, оның айналуын тежейді. Үйкелістен қалыптар мен дискіге онымен байланысқан автомобиль доңғалағы айлану жылдамдығын азайтады, қажет болса тоқтатады. Тежегішті босатқанда серіппелі тығыздауыш резина сақиналардың 9 көмегімен поршень 8 кері қайтарылып, қалыптарды 11 дискіден 1 ажыратады. Қалыптар 11 мен дискінің 1 арасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Автомобильді пайдалану және ағымды жөндеу
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Новокаинмен тежеу
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Автомобильдің қозғалысы
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Пәндер