Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.ТАРАУ.
1.1. Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ..10
1.2.Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы ... ... .14
1.3.Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ІІ. ТАРАУ
2.1.Дене мәдениетіне деген қабілетті деңгейге бөлу ... ... ... ... ..26
2.2. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
ІV.ӘДЕБИЕТТЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында - Алматы, 1999.
2. Білім туралы Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым.
3. Қалиев С. «Тәлім тәрбие хрестоматиясы». Алматы «Рауан» 1996.
4. Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. – Түркістан: Тұран, 2004. – 277б.
5.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000ж.
6.Мұсаева С.А., Мейірманқұлова Т. редакциясымен «Кәсіптік блім беруде инновациялық технологяиларды енгізу» (әдістемелік нұсқа). Тараз, 2004ж.
7. Матвеев Л.П. Общая теория спорта и её прикладные аспекты:учеб. для завершающего уровня высш. физкульт. образования:доп. Гос.ком. РФ по физ. культуре, спорту и туризму / Л.П. Матвеев. – СПб.: Лань, 2005. – 378 с
8. Коник Г.А. Современные тенденции организации физического воспитания студентов / Г.А. Коник, В.А. Темченко, Т.Е. Усова
9.//Физическое воспитание студентов творческих специальностей.– 2009. – №4. – С. 68–74.
10. Физическая и рекреация студентов, занимающихся в специальном учебном отделении: метод. указания / состав. В.П. Зайце

Дене мәдениетінің теориясы мен әдістері
Жоспар
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.ТАРАУ.
1.1. Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ..10
1.2.Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы ... ... .14
1.3.Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ. ТАРАУ
2.1.Дене мәдениетіне деген қабілетті деңгейге бөлу ... ... ... ... ..26
2.2. Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 32
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
ІV.ӘДЕБИЕТТЕР КӨРСЕТКІШІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .40
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан -- 2030 бағдарламасында, ҚР Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.Оқушылармен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев, Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және т.б.Ал жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындау мәселелері бойынша маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары орындалған (В.А. Сластенин, Б.К.Момынбаев, С.С.Смаилов, Н.Д.Хмель, М.Ә.Құдайқұлов, Қ. Бөлеев, М.Н.Сарыбеков, Л.Ә.Байсерке, А.А.Саипов, О.С.Сыздықов, Е.Омар, Л.С.Сманов, А.А.Жолдасбеков және т.б). Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік ортамен оның тарихи аспектілері туралы (А. Г.Қазмағамбетов, Л.К.Керимов, В.А.Ким, К.Ж.Қожахметова т.б.) білім мазмұнын жаңарту және дамыту (Т.С.Садыков, А.Е.Әбілқасымова, С.А.Әбдіманапов, Б.Т.Кенжебеков, Ш.Таубаева, А.Қ.Аренова, С.М.Кеңесбаев, Қ.Ералин, К.М.Беркімбаев және т.б.). мәселесін зерделеген зерттеулер бар.Ал, Қ.И.Адамбеков, С.И. Қасымбекова, В.В. Сериков, А.С. Иманғалиева, Т.Т. Галиев т.с.с. қазіргі кездегі педагогтар болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне көңіл бөлген.Зерттеу бағыты бойынша жақын курстық жұмыстар туралы айтатын болсақ Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж. Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне оқушыларды баулуға, осы тұрғыда маман даярлауға арналған.Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі - халықаралық білім жүйесіне ену.Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми -- әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. Қарама-қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми -- педагогикалық негіздері деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты - оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік - эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
2. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби - шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
4. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегіоқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық іргелі заңдылықтар мен оның қалыптасу жағдаяттары, тәрбие теориясы, жүйе теориясы; тұлғалық бағдар теориясы; жеке тұлғаны дамыту ілімдері, психологиялық тұжырымдар, озат педагогтардың дербес іс-әрекетті дамыту және тәрбиелік шаралар мен қазіргі жетекші философиялық қағидалар: салауаттылық, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік, сол сияқты қазіргі білім беру проблемалары, кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психология, оқу үдерісін басқару, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, "Білім беру туралы" Заңы, ҚР "Қазақстан -- 2030" даму стратегиясы, "Дене тәрбиесі" тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- жоғары оқу орындары оқытушылары мен болашақ мұғалімдерге мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру және оны оңтайлы ұйымдастыру жөнінде теориялық және әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік материалдар ұсынылды;
-- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемелік жүйесі ұсынылды;
-- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жоғары оқу орындары мен мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолдануға ұсыныс жасалды;
-- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т.б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
-- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми -- теориялық негіздері болашақ маманның кәсіби кемелденген жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісінің өзегі болып табылуы.
-- мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімді дайындау өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері теориялық модельдің негізгі сипаттамасымен айқындалуы.
-- мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің тиімділігі педагогикалық үдерісте дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби дайындығы мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тікелей байланыстылығы.
-- мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.
-- дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі.
-- болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыру арқылы кәсіби дайындау мазмұнының оң нәтиже беруі.
-- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындау үдерісі алдын-ала белгіленген ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.
Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының теориялық тұжырымдарға сәйкестігімен, зерттеу жұмыстарының және оның нәтижелерінің жүйелі талдануымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, мәселенің шешімін табуда арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын өткізумен және оң нәтижелерге қол жеткізумен қамтамасыз етілді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, пәні, мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, зерттеу көздері мен әдістері, тәжірибелік мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу кезеңдері баяндалады.Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің ғылыми-теориялық алғышарттары атты бірінші бөлімде дене тәрбиесін дамыту бойынша болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық негізі зерттеу мәселесіне байланысты негізгі ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар беріліп, философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдар зерделенеді, сонымен қатар болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда педагогикалық пәндер мен педагогикалық тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздері атты екінші бөлімде жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімді кәсіби дайындаудың ерекшеліктері сараланып, дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың желісі мен болашағы талданады. Ғылыми-теориялық талдаулар нәтижелері негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, соған сәйкес деңгейлері мен механизмдері сипатталып тұжырымдамалық көзқарастар берілген.Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесі атты үшінші бөлімде дене тәрбиесі туралы білім мазмұнына, жоспарларға, бағдарламаларға талдау жасалады. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудағы психологиялық ерекшеліктер, сонымен қатар, мектептегі оқушыларының дене мүмкіндігі мен қозғалыс ерекшеліктеріне талдау жасалып, жас және дара, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүктемелері көрсетіледі. Осы тұрғыда болашақ мұғалімдерді дайындау әдістері қарастырылады.Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар атты төртінші бөлімде оқушылардың дене тәрбиесі жүйсін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі талданып, тәжірибелік-эксперимент нәтижелері сараланады. Зерттеу жұмыстарына жасалған қорытындылар мен тұжырымдар негізінде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстары баяндалады.
1.1 Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салтына қалыптастыруда және ұлттық ойындарға баулу оқушыларды негізгі маңыздылығ денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар - темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. [1].
Салауатты өмір сүру салты арқылы оқушыларды ұлттық ойындарға яғни арқан тарту, садақ ату, көкпар тарту.
Салауатты өмір сүру денсаулық зор байлық деген нақты айтылған түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.
Денсаулық - зор байлық, адам бақытының бастауы - дейді халқымыз . Ата бабаларымыздың бұл дана ой - пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік - жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 75 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.
Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. [2].
Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасында Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз - азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады - деп атап көрсетті.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды,жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін,оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат,міндеттердің ең бастысы өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады. [3].
Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан,балабақшадан бастап,одан кейін мектептерде жалғастыруымыз керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бәсекеге қабілетті елдің болашақ тұлғаларының бойынан табылатын ізгі қасиеттер:
1. Салауатты өмір сүру салты оқушылардың бойында ұлттық рух,ұлттық ойындардың мағанасын дұрыс қалыптасуына ықпал ету.
Онда жоғарыда аталған спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрса,салауатты
өмір салтының қалыптасуына септігін тигізер еді.
2.Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, болашақ тұлғаны тәрбиелеу бағытындағы тәжірибемді әріптестерім өз жұмыстарында қолдана білсе.
3.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп жасындағы оқушыларға арналған үйірмелер ашылса.
4.Барлық мектепте оқушыларды салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі акциялар мен қоғамдық жұмыстар жиі ұйымдастырылса.
Әдеп - ғұрып, салт - сана, дәстүр ұлтты басқалардан дараландырып, ерекшелендіріп көрсететін құбылыс, осы қасиеттер балаға жастайынан берілетін болса ұлттық тәрбиенің сапалы болуына әсер етеді.Адамның бала кезінде ойнаған ойындары өмір бойы ұмытылмай сақталып қалуы және жасы ұлғайған сайын аңсауы ойын әсерінің күштілігінің белгісі. [4].
Ұлттық ойындарды арқылы салауатты өмір салтына баулу мүмкіншілігі жоғары бағалауға болады және тәрбиелік әсерінің төмендегідей бағыттарын басшылыққа алып қарастырдық:
қазақтың ұлттық ойындары - халық мәдениетінің бір тармағы ретінде,
ұлттық ойындар негізінде оқушының денесін шынықтыру және болашақ еңбек дағдыларына қажетті дене қозғалыстарына баулу,
халық ойындары арқылы оқушыларды жерін, елін сүйетін патриоттыққа тәрбиелеу,
ұлттық ойындар салауатты өмір салтына қалыптастырады және көптеген оқу құралдары арқылы ізденуге болады.
Ойынның ұлттық деп атауының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны ұлт ойындары әртүрлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән қасиеттерді ашып айтып көрсете алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, ұлттық ойындар, ұлттық әдет-ғұрыптарды салт-сананы, дәстүрді өз ойына жақсы сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ ана сүтімен ұлтқа тән қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп бойына жастайынан дамытуға мүмкіншілік алады.
1.2.Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы ,дене тәрбиесі сабағында қолданудың жаңа әдістері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді. Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл аударарлық ойынның бір түрі - асық ойыны. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Бұл ойынның түпкі мақсаты - асық ұтып алу.
Асық ойынының түрлері өте көп.Олар - алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек.
Сурет 1. Алшы ойыны.
Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, баланың бұзылып кетпеуі үшін, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз.
Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны.
Сурет 2. Тоғыз құмалақ ойынының тақтасы.
Тоғыз құмалақ ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады. Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. Бұл ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі.Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін тұздыққа айналады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана тұздыққа ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл - ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген мал - жайы,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
Бар он сегіз ұясы оның - кіші отау,
Екі қазан үлкен келген - іші отау.
Бір жүз алпыс екі - барлық құмалақ,
Сексен бірден - екі ойыншы тұр қамап.
Әрқайсысының сегіз ұя - ойы бал,
Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.
Екі ойыншы - екі қойшы кезекпенен,
Түсіреді ұяға қой есеппен.
Бір-бірінің ұясына айдайды,
Қой - құмалақ, санын жіті аңдайды.
Ұяда қай жұп болса қой - құмалақ ,
Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ .
Солай талай қой қазанға түседі,
Есепке оны екі қойшы тізеді.
Кімде-кімнің қазаны тез толады,-
Сол ойыншы ұтып шыққан болды.
Қызықтырған бүгінде де ойлыны,
Міне, осындай бабалардың ойыны.
Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
Сурет 3. Дротик құралы.
Соқыр теке - ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке - сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.
Жамбы ату.
Қазан - ойыны. Ойынға 5-10 адам қатысады. Ойынға қажетті заттар, адам санына қарай ағаш таяқ, ағаштан ойылған шар, ия болмаса шағын доп. Қазіргі кезде крокет заттарын да пайдаланады. Ойыншылар дөңгелене ара қашықтығын бірдей қылып, бір-бір ағаштан ұстап тұрады, ағаштары ұяда тұруы керек. Дәл сондай ұя ортада да болады. Ойынды бастаушы дөңгелене тұрған адамдардың арасынан, ортада тұрған ұяға өзінің ағаштан жасалған шарын, ия болмаса шағын допты салуы керек. Өзге ойыншылар ол шарды ағаштарымен қағып, жолатпаулары керек. Егер бастаушы ойыншыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz