Қазақ бетке ұстар ағартушылары



1. Шохан Уалиханов
2. Ыбырай Алтынсарин
3. Абай Құнанбайұлы
4. Шәкәрім Құдайбердіұлы
5. Мәдениет туралы ұғым
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов—(1835—1866) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғамдық қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалык білімділік пен Шығңю халықтары-ньщ мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.
Уәлихановтың азамат; ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт яғни 1855—1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859—1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан — өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ. Ш.Уәлиханов тікелей философиялык мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Даладағы мұсылмандық жөнінде", "Тәңір (құдай)" деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде "сыртқы дүние—күн, ай, жұлдыздар және жер—алғашқы құдірет болып табылады" деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, "Тәңір (құдай)" атты мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Шохан Уалиханов
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы
Уалиханов—(1835—1866) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғамдық
қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалык білімділік пен
Шығңю халықтары-ньщ мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.
Уәлихановтың азамат; ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық
мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз
қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің,
Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен
идеяларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға
дейінгі уақыт яғни 1855—1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі
(1859—1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да
мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан — өмірінің
соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан
өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия
тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялык мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,
алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын
байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Даладағы
мұсылмандық жөнінде", "Тәңір (құдай)" деген еңбектерінде философияның
негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш. Уәлихановтың
сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін
айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде
"сыртқы дүние—күн, ай, жұлдыздар және жер—алғашқы құдірет болып табылады"
деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және
басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы,
себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы,
"Тәңір (құдай)" атты мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын
ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен
түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сырткы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның
объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық
көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселесінің
маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады.
Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ
айтып кеткен. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде табиғат
пен адам; өмір мен өлім әрқашанда түпсіз сырға толы ғажайып танданудың пәні
болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттігінен шамандық туды деп тұжырымдайды.
Бұдан Шоқан Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім
мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуынын
бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның
терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның
ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе
есебінде қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұқара молдаларының
таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса
айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары ой мен
сезімнін дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеме әкелмейді"-деп
көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға
болады деген пікірлеріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін
емес дейді.
Шоқанның прогресті халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруымен
тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден-
бір белгісі деуімізге болады. Сонымен бірге Ш.Уәлиханов қоғамның топка,
жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң-мұқтажына
қайшы келетіндігін атап көрсетеді.
Ерекше назар аударарлық нәрсе — Шоқанның демократиялық көзқарастары.
Мысалы, "Сот реформалары жөніндегі жазбалар" атты еңбегінде патша өкіметі
тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын билер
артық деген қорытындыға келеді. Себебі би болу үшін ол адам әділдігімен,
шешендігімен көзге түсуі керек. Егер әділ болмаса оған ешкім билік
айтқызуға келмей қояды, ал патша өкіметі сайлаған сот белгілі уақытқа шейін
сот міндетін атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік пен
мансалқорлык жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық дұрыс
даму үшін, алдымен оған қажет нәрселер—өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-
өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп және сақталып
қалу ушін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық
сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың ойынша,
дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен алынған
реформалар күшпен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді. Сонымен бірге
Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі керек деген ойдан
аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпы адамзаттык мәдениетті меңгеру қай елдің
болмасын алдына қоятын максаты болу керек деген ойды қолдайды. Әрине,
еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халкы ағарту мәселесін іске асыруы
қажет. Бұл ретте казақ жұрты үшін орыс мәдениетінің маңызын Шоқан ерекше
жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген мақалаларында қазақ даласында
орыс мектептерін ашуды, басқа да білім ошақтарын көбейтуді кеңес етеді.
Қазақ жерінде дәрігерлік жағдай мен жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала
көңіл аударады. Алғашқы кезде осы қиыншылықтардың бәрін патша өкіметі шеше
алады деп келді. Ресейдің мәдениетті көтермелемек тәсіліне үлкен үміт
артады. Шоқан Ресейдің оқу орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді
жақсы меңгерсе де өз халқынан ажырамады, халқының мұңын, әсіресе, қалың
бұқаранын жоғын жоқтады, Г.Н.Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халкынан
ажырата алмады, керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рухөз елінің
қызметшісі болуын міндеттеді деп жазды.
Ресей өкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе
бастайды. Әсіресе, генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс
әскерлерінің отаршылдық озбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен шығып,
ел ішіне кетеді. Н.М.Ядринский Шоқан туралы естелігінде: бұратана халықтың
өкілі цивилизация нәрін татып, білім алсада, бөтен мәдениетхалқының ырқын
ығыстырғанын көзімен көргенде, біржақты ықпалдың болашағына сенбей, өз
жұртына оралуды жөн көрді дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен
әдістерінде Уәлиханов әкімшілік жолымен жасалатын реформаға шешуші мәселе
деп қарады. Сондықтан отаршыл өкімет орындарына бірнеше рет өз
ұсыныстарымен барып та жүрді.
Н.Г.Чернышевскийдің "Философиядағы антропологиялық принцип" атты Батыс
Еуропа экономистерінің, онын ішінде Ст.Милльдің идеяларын қарастыратын
еңбегіндегі автордық реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы кеңіл
аударарлық. Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де жақсы таныс болған.
Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформа қарастырылып отырған әлеуметтік
қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық, тектік-топтық, психологиялық және салт-
дәстүр ерекшеліктері ескерілуге тиіс еді.
Революцияшыл демократтар реформа мәнін теріске шығармағанмен, алдыңғы
қатарға революциялык күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік ағартушылықты
ұстанып, халық бұқарасынын өмірін материалды және рухани жағынан жақсарту
кезі реформа деп білді Қоғамдық прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым,
білімді таратуда, содан сон реформа жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы
әлеуметтік бақытсыдықтың себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. "Әділетті
басшы" идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға шарттылығы жайлы
айтылған жеке ойлары болғанмен, жалпы алғанда ағартушылық позицияны
ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою
қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік
және сот реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат —
әлеуметтік теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам
құру.
Уәлиханов мәнгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін
түрлерінің ішінде Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді
"гушнды ілім" деп бағалады. Жалпы алғанда, Уәлиханов дүниетанымы, оның
шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның
рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.
Ыбырай Алтынсарин
Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы
Ыбырай Алтынсарин (1841—1889 ж.ж.). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған
ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының
еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының
артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және
Қазақстандағы Халықағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене
араласты.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялык тақырыпта еңбек жазбаған,
дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында
дүниеге көзқарастык пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері
мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір
сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. "Жаз", "Өзен" сияқты өлендерінде
табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс
жене тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл — ұлы ағартушының дүние туралы
көзқарасының бір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі.
Бұл ойшы ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, "Жаратқан
мұнша таңсық жаббар құдай!' "Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым" деген
өлең шумақтарында, "Мұсылманшылдықтың тұтқасы",т.б. еңбектерінде осы
пікірді қуаттайды, "Мұсылманшылдықтың тұтқасында" бүкіл дүниені, жан-
жануарларды атай келіп, "мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір
Құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық — қадір екендігіне
дәлел болса керек" деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған
дүниенің объективтік өмір сүретіндігін мойындайдцы, сонымен бірге дүниені
жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге
жақын екенін көреміз. Кейбір зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материалист,
дінге қарсы болған деп айтып жүр. Мәселені нақты қарасақ, Алтынсарин Шоқан
сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардың уағыздайтын діннің озбыр
түріне қарсы болған Н.И.Ильминскийге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында
татар және Бұқара молдаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу,
оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады
деп көрсетеді. Мұндай дүмше молдалардың барлық ақыл-парасатты тек Мұхаммед
дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.
Қай идеология болмасын ресми және монополиялық түрге айналса, ерте ме,
кеш пе оның тоқырауға ұшырайтыны заңды. Ыбырай мұсылман дінінің
монополиялық, ресми идеология болып тұрған кезіндегі озбыр түріне қарсы
шықты. Мұнымен қатар Алтынсарин казақ балаларына христиан дінін зорлап
үйретушілергеде үзілді-кесілді қарсы болды. В.В. Катаринскийге 1888 жылдың
20 ақпанында жазған хатында Бессонов А.Г. деген мұғалімнің оқушы казақ
балаларына інжіл мен оның парыздарын уағыздағаны туралы қатты ренжіп
жазады. Ыбырай "...мұнымен, тек оқытушылар мектебінің келешегін ғана емес,
онымен қабат, жалпы орыс-қазак мектептерінін бәрінің де келешегін мүлдем
бүлдіріп алуымыз мүмкін" дейді.
Алтынсариннін этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және
маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, "Жаз", "Өзен" деген өлеңдерде
табиғаттын сұлулығы, көкорай шалғынды көркі, күмістей сылдыраған суы,
көкжиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар
жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге
тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттарымен жазбаларында қазақ
балаларына ән-күйден, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп
қояды. Бұдан Ыбырайдың жастарға эстетикалық тәрбие берудің манызын жоғары
бағалағандығын көреміз.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой тұжырымдарын бағалы асыл
мұра деуге болады. Ең алдымен, Ыбырайдың өз басының өте жоғары дәрежелі
мәдениет иесі болғандығын айта кету керек. Оның достары мен жолдастарына
жазған хаттарында кішіпейілділік пен ізгіліктің белгісі айқын көрінеді.
Ұстазы болған Н.И.Ильминскийге жазған хаттарында үлкен құрмет пен ілтипат
сезімдерін білдіріп, ал өзінің шәкірті есебінде болған А.А.Мозохинге жазған
хаттарын ұдайы "сүйікті досым" деп бастап жазады. Кейбіреулерге ағарту
жұмысындағы кемшіліктері үшін қатты сөз айтып, реніш білдірсе, артынан
артық кеткеніне кешірім сұраған көңілін білдіреді.
Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше
орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік
сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға түсінікті болатындай әңгіме,
мысалдар арқылы жеткізе білді. Ыбырай әлеуметтік мәселелерді көптеген
еңбектерінде талқылайды. Ресей оқу орындарынан білім алып, өркениеттен нәр
алған Алтынсарин демократиялық ағартушылық идеяларын қазақ елінде жүзеге
асыру үшін талмай еңбек етті. "Кел балалар оқылық", "Өнер білім бар
жұрттар" сияқты өлендерінде жастарды өнерге, білімге шақырды. Ыбырай ағарту
ісінің тек насихатшысы ғана емес, сонымен бірге аса көрнекті ұйымастырушысы
болды. Қазақ даласында білім бұлағы болатын мектептермен қатар өндірістік
кәсіпкер кадрлар дайындайтын арнайы техникалық-кәсіптік оқу орындарын ашу
жөнінде мәселе қояды. Бұдан Алтынсариннің өндірістің қоғам өміріндегі ролін
жоғары бағалағандығы көрінеді. Кейбір зерттеулерде ағартушылар сияқты
Ыбырай да оқыту, ағарту ісі қоғам өмірінде шешуші фактор болатыңдығын
мойындаған деген біржақты тұжырымдар жасалады. Мұндай пікірді марксизм
әдістемесін сынаржақтылық тұрғыдан дәріптеу деуге болады. Шыңдығында, сол
кездегі қазақелінде ағар-ту және сол аркылы өнеркөсіпті дамыту ісінен басқа
қандай жол бар еді? Айталық, қазақжұрты көтеріліс жасап, патша өкіметін
құлатып, байларды жойды дейік. Сонда басым көпшілігі сауатсыз қалың кедей
өндіріс кәсібі жоқ елде жоғары дәрежелі, әділетті коғам құра алады деп айта
аламыз ба? Әрине, жоқ. Ендеше, Ыбырай айтқан ағарту ісі, өндіріс кәсібінің
өркендеуі сол замандағы қазақ халқы үшін бірден-бір дұрыс жол еді.
Ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан өз халқына деген зор
махаббатын, үлкен қамқорлығын көруге болады. Н.И. Ильминскийге,
В.В.Катаринскийге жазған хаттарында қазақ халқының көңілі ашық, қонақжай,
мейірімді екенін, жаңаша, талпынғыш, білімге құштар жұрт екенін үлкен
сүйіспеншілікпен айтады. Халқының өзіндік мәдениетінің дамуын аңсайды,
тілінің бөтен тілмен шубарланбай таза болғанын тілейді. Н.И.Ильминскийге
1862 ж. жазған хатында "молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше
қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін де бұзып жүр"' деп реніш
білдіреді. Сонымен бірге Ыбырай қазақ халқы басқа халықтармен
ынтымақтастықта болуын және олардың мәдениетінен үлгі алуы керектігін әр
уақытта уағыздап отырды. Ыбырай толығымен ағартуды жақтады, мектепті діннін
ықпалынан ажырату үшін күресті, исламның феодалдық лерикалды идеологиясын
сынады, мұсылман дін басыларын, олардың діни-схоластикалық білім жүйесін
әшкереледі.
Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да терең
демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. "Қырғыз
қайғысы" деген жазбаларында ол 1868 жылғы отаршылдық қанауды күшейту
мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылығын білдірді. Халыққа
пайдалы реформа қандай болу керек деген сұраққа берер жауабы Шоқан
Уәлихановтың "Сот реформасы туралы" жазбаларындағы ойларына жақын. Тарих
пен қоғамдық құбылыстар, қоғамды өзгерту жолдары туралы мәселеде Алтынсарин
ғылым мең ағартушылыққа, олардың түрленуші күшіне сенім білдіреді''.
Абай Құнанбайұлы
Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті
тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай
Құнанбайұлы (1345—1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма,
философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай — қазақ
әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол "ақынның азаматтық парызы
шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне
жүгіндіруде" деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді
деизмге жақын. Құдай — өз зандары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы
себепшісі деп түсінді. Абай дінбасылары мен діни надандықты, фатализм мен
екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы-демократгарының
көбісінде кездесетіндей, "нағыз" дін немесе рационалдандырылған дін
позициясынан сынады. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміңе Абай
ақылмен тануды қарсы қойды. Немесе онын өз сөзімен айтқанда "алла табарака
уатағаланын шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына... хақтығына бірлән
дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек" (Қарасөздер, 13-
сөз.)
Абай Кұнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінін терендігі, халқына
деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен
қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес.
Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын деуге болады. Біріншіден,
сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мы-салы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНДЕГІ ТУҒАН ЖЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ ЖОБАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА ТАЛДАУ
Қазақ мәдениетінің рухани байлығы
Тұлға ұғымы - тарихи өлшем
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Көне жазба ескерткіштеріндегі гуманистік идеялардың көрініс табуы
Дене шынықтыру пәнінде ойнатылатын ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы
Пәндер