Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Ортағасырлық Тараздың экономикалық және
саяси мәдениетi . . . 5
- Айша Бибі . . . 7
- Тараз - қазақ мәдениетiнiң алтын бесiгi . . . 13
- Көне Тараз жерi туралы ерте
кездегi географиялық мағлұматтар . . . 17
- Ортағасырлық Қостөбе қаласы . . . 19
- Ортағасырлық Тараздың және оның
қала аймағының қорғаныс жүйесi . . . 22
- Атамекен: ежелгi қалалар Тараз аймағы . . . 25
- Тараз және облыс өңіріндегі Жарғабақтасындағы таңбалар . . . 34
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41
Кіріспе
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес.
Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi.
Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады.
IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди былай жазған: «Тараз - бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар.
Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады.
IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди былай жазған: «Тараз - бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Мәдина қақпасы алдынан өзен ағып жатады, ар жағында қаланың бiр бөлiгi орналасқан, оған өтетiн жол бар. Ал, базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады». Тараз қаласының орнын тұңғыш рет iрi ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромоди, Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектерiне сүйене отырып, көне екенiн дәлелейдi.
Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшiсi Земархтың түркi қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейiн, бiр ғасырдан соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань «Цзянь-Июаньнан батысында (Долос) қаласы орналаскан, қаланың аумағы 8-9ш/км, онда әр елдiң саудагерлерi мен соғырлар тұрады», деп жазды. Осы кезден бастап қаланың аты тек өз өлкесiнде ғана емес, көршiлес мемлекеттерге белгiлi болды. Тараз қаласының IX - X ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетiнiң өркендеуiне негiзiнен ықпал еткен Талас аңғарындағы бай егiншiлiк алқап пен Талас Алатауының маңындағы күмiс өндiретiн кен орындарының дамуы болды.
Тараз - Түркеш, Қарлық онан кейiн Қараханид мемлекеттерiнiң орталығы болып, өзiнiң бақыр ақшаларын шығарды. Ортағысырлық қалаға жүргiзiлген археологиялық қазбадан табылған қыштан жасалған су құбырлары, сәулет өнерiнiң дамығандығын дәлелейтiн құрылыс орындарының қалдықтары, тас төселген көшелер мен тротуарлар және қолөнер шеберлерiнiң қолынан шыққан көптеген бұйымдар, сөз жоқ, қаланың X - XII ғасырларда едәуiр гүлдене өскендiгiнiң куәсi.
Менің курстық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
- Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениеті
- Айша Бибі
- Тараз - қазақ мәдениетiнiң алтын бесiгi
- Атамекен: ежелгi қалалар Тараз аймағы
- Көне Тараз жерi туралы ерте кездегi географиялық мағлұматтар
- Ортағасырлық Тараздың және оның қала аймағының қорғаныс жүйесi
- Ортағасырлық Қостөбе қаласы
- Тараз және облыс өңіріндегі Жарғабақтасындағы таңбалар
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТI
Архелогиялық қазба жұмыстарына сүйене отырып, Орта ғасырда Тараз қаласының экономикалық жағынан жоғары, саяси мәдениетiнiң дамығандығын байқай отырып, ғалымдарымыздың пiкiрiне сүйенетiн. А. Н. Бернштан “Архелогические работы в Казакстан и Киргизий” деген мақаласында Тараздың екi үлкен тарихи кезеңдi басынан өткергенiн айтады.
Ол тарихи кезең:
Бiрiншiден VI-IX ғасырлардағы феодалдық қарым-қатынастың пайда болуы, екiншi - X-XII феодализмнiң гүлденген дәуiрi. Тараздың дамыған дәуiрiнiң өте жоғарғы кезiн бiр қатар ғалымдар оның iшкi экономикалық қарым-қатынасымен тығыз байланыстырады. Қазақстан мен Орта Азияның қалалары өзара тығыз байланыста болып отырған шақта олардың дамуына керуен жолдары арқылы болған сыртқы сауда да Тараз қаласының өркендеуiне тигiзген әсерi аз емес.
Осымен қатар Тараз қаласынан табылған археологиялық қазба материалдар Қазақстан мен Орта Азия жерiндегi басқа қалалармен Тараз қаласының экономикалық және саяси мәдениеттiк байланысының тығыз болғандығын көрсетедi. Оған дәлел: VI-VIII ғасырларға жататын Соғды және Шаш жерiнен табылған дөңгелек түптi, екi құлақты қазаның табылуы, Сондай-ақ Үзген, Қашғар, Жаркент, Самарқанд қалаларында Қараханид дәуiрiне жататын ақшалардың құйылып, олардың Тараз қаласынан табылуының өзi экономикалық байланыстың тығыздығын көрсетедi. Талас қаласында кәсiп пен сауда дамып, онымен қатар архитектура және құрлыс жақсы дамыды. Бұған дәлел Қарахан, Бабаджа - Хатун, Айша-бибi мавзелейлерiнiң салынуы. Араб және Қытай саяхатшылары Талас қаласы туралы кеңiнен мәлiмет бердi. Араб географы Мухамед- Хайдар X ғасырда Таразда болып, ол туралы былай жазады: “Талас үлкен, бекiнiстiгi қала, бау бақшасы бар, халқы тығыз орналасқан, қорған сыртында ор бар және төрт қақпасы бар, оның маңында халқы көп орналасқан рабады, қақпаның жанынан үлкен өзен ағады. Қаланың жарты бөлiгi өзенiң арғы жағында, өзеннен жол өтедi. Қаланың ортасында базарда мешiт бар. Қ Сондай-ақ Тараздың маңында Бухарадан шыққандар негiзiн қалаған Жаукент қаласы болды. Археолгтар Жаукенттiң жұртын Талас аңғарында, Таразға жақын жерде, Талас өзенiнiң оң жағалауында, Сарыкемердiң қарсысынан тапты. Оның қираған жұрты қазiр Қостөбе деп аталады. Бұл қалалардан басқа Талас аңғарында, аңғардың iрi күмiс кенiштерi орналасқан таулы бөлiгiнде Шелже, Сус, Көл және Текабкат сияқты белгiлi қалалар болған. Археолгтардың ескi Тараздың орнынан I Юстинианың, византиялық алтын солидi табылды, оның бiрi бетiнде даулыға киiп, Найза мен қалқан ұстаған император, екiншi бетiнде қолына крест ұстаған Жеңiс құдайы бейнеленген Византияның алтын солидiң кең тараралғанын және халықаралық валюта ретiнде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кiмнiң беилеушiсi күштi екенi жөнiнде византия және парсы көпестерiнiң айтысуы туралы кузьма Индикопловтың VI ғасырдың орта шенiне жататын әнгiмесi мәлiм. Персия саудагерi тек күмiс көрсете алған кезде, византиялық бүкiл әлемге таралған алтын теңге көрсетiп жеңiп шыққан ! Бiз бүл деректен Тараз қаласындағы Сауданың дамығандығымен қатар, жоғарғы мәдениеттiң дамығандығын байқаймыз. Дегенмен, XV ғасырда Талас өңiрде Татар Маңғол шапқыншылығының әсерiнен Тараз және сол өңiрдегi бiраз қалалар қирағанмен өз өмiр сүрулерiн тоқтатқан жоқ. Бiрақ отырықшы шаруашылықтың гүлденген мәдениетi бiр қатар тоқырап қалды. X-XV ғ. ғ. Тараз және Талас өңiрiнiң қалаларынан табылған архиалогиялық материалдар: - әсем бояалған, өрнегiнiң ерекшелiгiмен дараланатын ыдыстар - Хорезмдегi XII-XIII ғасырдың басы және Тараздың Оңтүстiк шығыс аймағындағы (XII-XIV. ғ. ғ. ) ыдыстарға өте ұқсас. Қ Бұл, да Тараз және Талас өңiрiндегi қалаларының Орта Азия қалаларымен алыс-берiстiң тығыз байланыста болуымен қатар, саяси мәдениеттiң жеңiлдегенiн көрсеттедi. Мiне Тараздың- 2000 жылдағы қарсаңында айтарымыз. Тараз қаласының орнының әлi зертегенiмен зертелгенi көп, әлде де жер қойнауында тарих қатпарларының не бiр құпия сырлары жатыр. Оның бiр дәлелi. Жақында ғана Қарахан мавзолейiнiң маңындағы су құбырларын қазып жатқандағы табылған тарихи ескерткiштер. Сондықтан алдағы уақтта бiздiң археолгтарымыздың Тараз қаласы үшiн атқаратын жұмыстары ұшаң теңiз.
АЙША БИБІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz