ХV және ХVІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

К і р і с п е

Тақырыптың маңыздылығы мен міндеті; Бұл күндері егеменді ел атанып, өзге жұртпен тең болып, ата бабаларының ертеден бергі арман - тілегі іске асқан, қалыптасқан елдік тәстүрі, қабылданған Ата заңы бар, дербес тәуелсіз ұлттық мемлекет құрып мекен-тұрақ, құтты қоныс болған Ұлы даланы сөз еткенде қазіргі Қазақстан оны тегіс қамтып, түгел алып жатыр екен деп ойлауға болмайды.

Сайып келгенде, егер осы Ұлы даланың айдыны асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестетер болсақ, теңіздің қайнар бастауы, оның ішінде қазақ халқы екендігін ұмытпаған жөн.

Қазақстанның кезінде осы Ұлы даланың елеулі қаусыра құшақтап, қарымды қамтып жатқан, бүгігіден де үлкен жері болды.

Қазақстанның бүгінгі жері Қазан төңкерісінен кейін 20-жылдарда қалыптасты. Оның шеңбері Албания, Италия, Англия, Жапония сияқты ондаған мемлекетті емін - еркін сыйғыза аларлық таулы-тасты, орман-тоғайлы, өзенді - көлді, Каспийден асқақ теңізі, ашық далалы алқаптары бар, батысынан шығысына дейін 3000 шақырым, оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1700 шақырым созылып жатқан, жалпы көлемі 2 млн 700 мың шақырымды қамтитын алқап.

Тарих кешегі емес бүгінгіге, келешек - бүгінгі ұрпаққа керек. Ата-бабамыздан "жеті атасын білмеген жетесіздік белгісі" дегенге сөз қалған. Бұл сақты сындырып сүйекке таңба салатын сөз.

Тақырыптың өзектілігі: Кешегі тарихымыз халқының қамын ойлаған, іргелі ел болуы үшін күн қатып жүріп түсі қашқан хандарсыз, билерсіз, батырларсыз, ақырып жел өтінде қалған жағдай шекпенмен пара - пар.

Ресей империясы үстемдік жүргізе бастағаннан, одан бергідегі солақай саясаттың салдарынан халықтың бір туар зиялы азаматтарын бұхара халыққа жау етіп көрсету сияқты зымыяндық өріс алды. Мұндағы мақсат халықты қараңғылықта ұстап, өткенін білмейтін мәңгүртке ұстау еді.

Өз тарихымызды білмей, біз қазір баршамыз мақсат етіп отырған тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекіту, шаңырағын шайқалмайтын ету мүмкін емес.

Қазір тарихтың көптеген мәселереі қайта қаралып жатыр.

Солай бола тұрса да, жоғары және арнаулы оқу орындарында Қазақстан ьарихы бойынша оқулықтар жетіспейді.

Қазақ халқының тарихи құжаттарында нақты таңбаланған азаматтық тарихы соңғы мың жарым жылды қамтиды. Ежелгі түркі дәуірінен бастап, Алтын Орда заманына ұласқан ұлыстар шежіресіне келген, сала-сала, қат - қабат әңгіме.

Арыдағы тарихымызды айтпағанда, бергі қазақ атымен аталатын дәуірдің өзі біздің ұлы халық екеніміздің айғағы. Біз ХV ғасырдың орта кезінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегіне Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты ұлттық мәдениет жасады.

Менің осы жазған дипломдық жұмысым теңізге құйған тамшыдай ғана ізденген еңбегім еді.

Жұмыс алты бөлімнен тұрады.

Тақырыптар қазақ халқы тарихының белгілі кендеріне байланыстырылып алынды. Яғни ХV ғасырдың орта шенінде Жәнібек пен Керей ханның Қазақ хандығын құрған кезінен бастап, ХVІІ ғасырдың І жартысындағы жоңғарлармен арадағы екі жүз жылдық соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.

Соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы алғы шарттары, әлеуметтік жағдайы, экономикалық және мәдени жағдайы және де қазақ хандарының заңдары қарастырылды.

Тақырыптың библиография яғни тарихнамасында; түрік, парсы, тимуридтік шағатайлық, аштрахандық, араб еліндегі ғұламалардың еңбегі пайдаланылдым соның М. Х. Дулатидың “Тарих -и- Рашиди” еңбегі бойынша жазылды. “Тарих -и- Рашиди” кітабы үш себеп бойынша жазылған (құрастылыған) . Бірінші себеп Тоғылық Темір хан ислам дінін маулана Аршададиннің ықпалымен қабылдады. Екінші себеп Тоғылық Темірге дейін - ақ исламды Барақ хан одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда, осы хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмайды. Ал құдретті де мәртебелі Тоғылық Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшінші себеп қазіргі уақытта моғол хан Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналған, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих “Тарих - и- Рашиди” (“Хақ жолындағылар тарихы” ) деп аталады.

Жоғарыдағыларды жазған, баяндаған кезде Қазақстан тарихы жөнінде бұрын соңды жарық көрген еңбектер кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге Қазақстан тарихындағы көптеген маңызды оқиғаларға соңғы кезде беріліп жатқан тың бағалар мен жалтақсыз айтылған сындар, жаңадан қалыптаса бастаған көзқарастар жан-жақты ескерілді. Бұл сияқты материалдарды неғұрлым толық пайдаланғанымызды айта кетелік.

Әрине, мінсіз дүние жоқ, бұл жұмыстың да мүлт кеткен, толықтыруды, жетілдіруді керек ететін жерлері болуы әбден ықтимал.

ХV - ХVІІІ ғасырлар Қазақстан тарихынан ерекше орын алады. Бұл кезеңнің басталуы ХV - ХVІ ғасырдың басындағы Орталық Азияның жалпы тарихымен ұштасып жатқандығында: бір орталыққа тартқан және орталықтан сыртқа тепкен тенденциялардың шиеленісуі нәтижесінде бірнеше мемлекеттер құлап, жаңадан Орта Азияда Шайбанидтер, Аштраханидтер, Түркияда Онтомон (Осман) империясы, Солтүстік Үндістанда Ұлы Моғолдар, Иранда Сефевидтер мемлекеттері құрылды. Бұл кезінде қазақ халқы өзінің қазіргі атауын қабылдайды, осы атымен көршілес елдермен өзара байланысқа түседі және тарихтағы өзінің орнын айқындайды.

Қазақ халқының тарихын, оның ішінде ХV - ХVІІ ғасырдағы тарихын зерттемей тұрып, тек қазақтардың ғана емес, Орта және Орталық Азия, Сібір, Еділ бойы халықтарының да тарихи тағылымдарын түсіну мен түсіндіру мүмкін емес.

ХV - ХVІІ ғасырдағы қазақ тарихы жөнінде деректер сақталған парсы және түркі тілдеріндегі жазба ескерткіштер көлемі жағынан үлкен және ұстамаған ашық саяси бағыттары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.

Осы белгілеріне қарай деректемелер тимуридтік, шайбанидтік. шағатайлық, сефевидтік, османдық, аштрахандық/10, 18-19/ т. б. болып бөлінеді.

ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың басындағы Қазақстанның тарихын және қазақ халқы этногенезін зерттеуге қажетті біздің қолымызда көптеген жазба деректер бар.

Олардың ішінен "Таварих-и гузида-ші нусрат-нама", "Фатх-нама", "Шайбани-нама", Зубдат ал асрар "Тарих-и Абулхайр-хани", "Бадан алваксей", "Тарихи-и Рашиди" іспетті еңбектер айырықша /ерекшеленеді. Аталған еңбектердің арасынан "Михман-нам-й Бухара", "Зубдат ал асрар", "Тарихи-и Абулхаирхаш" шығармаларынан басқалары бір уақытта, ХVІ ғасырдың басында жазылған. Негізінен бір кезең, бір оқиға жайын баяндаған олар бір-бірін толықтырып, нақтылап отырады.

Бұл шығармаларды басты орындарды әскери-саяси оқиғалар алғанмен, аталған еңбектерден әлеуметтік-экономикалық деректерді де көптеп табуға болады.

Жазба ескерткіштерде қазақ халқы мемлекеттік құрлымның саяси және сыртқы саяси тарихына қатысты хабарлар, қазақ хандары мен сұлтандарының көршілес елдерімен халықтарының билеушілеріне қарсы соғыстар жөнінде деректер қамтылған. Олар қазақ даласы мен қазақ хандықтарының ішкі саяси тарихын, қазақ хандары әлеуметінің арасындағы өзара жанжал, ұрыс-керіс пен күресті баяндайды. Өзара соғыстар Тоқа-Темір, Барақ, Керей, Жәнібек ұрпақтарының арасындағы әлеуметтік күрестерге ұласқан.

Парсы тіліндегі Қыпышақ тұрғындарының ру тайпалық құрамы бұрындары өзбек аталып жүрген тайпалардың қазақ атауын қабылдауларының себептері, өзбек және қазақ терминдерінің арақатынасы туралы көлемді деректер сақталған. Бұл қазақ халқының қалыптасуына кеңінен айқындауға тиісті қортынды жасауға мүмкіндік береді.

Жазба деректерде Қазақ хандығының мемлекеттік құрлымы, ондағы лауазымды, салық жүйесі хақында айтылады. Қазақ атауы "Бадан алвакан" шығармасында аталады. Онда Васифи қазақ ханы Тахирдың қазіргі Қырғызстан жерінде қалмақтарға қарсы қамал тұрғызғаны жөнінде дерек келтіреді.

ХV ғасыр мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қазақ тарихын зерттеуде Мырза Мухамед Хайдар Дулатидың "Тарих -и- Рашиди" шығармасының мәні ерекше.

"Тарих -и- Рашиди" алғашқы қазақ хандары, қазақ моғол, қазақ - өзбек арасындағы одақтастық және жауапкершілік қарым-қатынастар, Моғолстанға иелік ету үшін қазақтар мен моғолдар арасындағы күрес туралы материалдар молынан кездеседі.

Шығыс авторларының жоғарыда аталған шығармалары, негізінен ХV - ХVІ ғғ. Қазақстанның саяси тарихи бойынша деректерді қамтиды.

Рузбиханның "Михман-наме-йи Бухара" еңбегінің олардан ерекшелігі ХVІ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасы, мәдениеті, тұрмысы мен қалаларының тарихы жөніндегі қызғылықты деректерді келтіруінде.

Бұл еңбек Мұхамед Шайбани ханның Бұрындық, Қасым, Жаныш тағы басқа сұлтандарына қарсы үлкен жорығына арналған. Рузбихан бұл жорықта Шайбани ханға еріп жүреді де, осы оқиғаны жан - жақты сипаттайды. Бұл еңбекте қазақтардың әкімшілік жүйесі, сыртқы сауда байланыстары, құл саудасы мен құлдары көшпелілердің шаруашылықта, соғыс кезінде пайдаланулары туралы басқа жазба деректерде кездеспейтін жазбалар қамтылған.

ХV ғасырдың орта кезеңі жөнінде жүйелі түрдегі деректер кездеспейді, ал қолда барымен (процестің) толық маңызы мен ашу мүмкін емес.

Аталған ғасырдың 50-жылдарынан кейін қазақ халқының тарихына қатысты маңызды деректер кездесе бастайды және олардың көлемі мен мазмұны да арта түседі.

Тарихи деректердің бұлай бөлінуі қазақ тарихына қатысты парсы және түркі тіліндегі жазбалардың шағатайлық, сефевидтік, тағы басқа, оның ішінде Мәуренақырлық шайбаниттер тарихнамасы тұрғысынан және солар арқылы түсіндірілуінде. Бұл тарихнама, іштей екіге бөлінеді. Бірі Әбілхайыр хан (1428-1468жж) мен оның немересі Мұхамед Шайбани ханның есімдері төңірегінде жинақталады.

ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Хафиз Тыныш Бұқаридың "Шараф-наме-йи Шахи" еңбегінде ІІ Абдаллах ханның өмірі мен қызыметі, әскери жорықтары жан - жақты баяндалады.

Хафиз Тыныш өзі суреттеп отырған оқиғалардың көпшілігі көзімен көзбен көрген. Бұл еңбекте ХVІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының сыртқы саяси тарихы кең көрініс тапқан. Онда 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, қазақтардың Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбанидтермен күресі, ол күрестің идеологиялық және саяси құпиялығымен құйтырлығы соғыс қимылдар кезінде бір шайбанидтермен екіншілеріне қарсы одақ құрған байланыстары туралы жан - жақты толық баяндалады.

Қазақтардың ХV ғасырдың екінші жартысындағы саяси тарихы хақындағы деректерді жинақтаған тағы бір маңызды ескерткіш-Мұхаммадияр ибн Араб қатағанның "Мусаххир Ал - билад" шығармасы.

"Мусаххир Ал-билад" ХV -ХVІІ ғасырлардағы басқа авторлардың шығармаларында кездеспейтін, қазақтар туралы қиғылықты деректер бар. Ондағы қазақтар тарихы туралы кейбір деректер Хафиз Тыныш "Шараф-нами-йи-шахи" да келтірілген мәліметтерді толықтыра түседі. Есімхан мен Бахадур хан бастаған қазақтардың Абд ал - Тарфа сұлтанмен болған соғысын (1665 ж. ) баян етеді.

Искандер Муншидің "Тарих-и иамара-йи Аббасида" суреттелген оқиғалар қазақтар туралы "Шараф-нами-йи-Шахиде" айтылғандарды одан әрі сабақтай түседі.

Жазба деректерді одан әрі зерттеу ХV ғасырдағы қазақ тарихы жөніндегі мәліметтері бар жаңа ескерткіштерді анықтауға жағдай жасады. Бұл топтағы шығармалардың ішіндегі ең тәуірі ортаазиялық ашогеографиялық шығармалар.

ХV - ХVІІІ ғ. ғ қазақ тарихы үшін маңызды еңбектің бірі түрік тіліндегі "Хиуа хроникасында" (Муниса-и Асахи Фердауыс ал икбал) қазақ сұлтандарының әулетінің Хиуа мемлкетінің саяси өміріне кеңінен арласқандығы айтылады.

Қазақ - жоңғар байланыстары жөнінде "Ислам-наме" ашогеографиялық шығармасында келтіреді.

Қазақтардың сыртықы саяси қатынастардың тарихы бойынша ТМД елдері мен шетел архивтерімен қол жазба қорларында сақталған жазба ескерткіштері бар.

"Мират -и ал - мамлик" - түрік адмиралы Сейд Али Раистің мемуары. Онда Сейд Али Раистің үш жарым жылдық саясаты кезінде аралаған елдері мен болған қалалары, кездескен ел билеушілері жайындағы деректер жинақталған.

ХV ғасырдағы қазақ тарихы жөніндегі аса қызғылықты және маңызды ескерткіш - Осман империясының қаржы жөніндегі әкімі (дефтердар) қызметін атқарған Сейфи Челибидің "Тарих" атты еңбегі.

Кітапта автор Орта Азия мен Қытайды аралаған сапарындағы алған негізінде, Осман Империясының құрамына кірмеген Азияның көптеген елдерінің географиялық орналасуы мен саяси тарихы туралы құнды деректер келтіреді. "Тарихта" қазақтардың тұрмысы жөнінде әсіресе, тері өңдеу кәсібіне байланысты, этнографиялық деректер бар.

Қазақ тарихын тағы бір құнды деректің берігі болып табылатын А. И. Левшин "Қырғыз-қайсақ" ордалары мен даласының еңбегі аталған ең алғаш 1832 жылы жарық көрген. Еңбекте Қазақстаның жағарпиялық жағдайына, тарихына, этнографиясына сипаттама береді.

А. И. Левшин қазақтардың табиғат қаталдығына, төзімділігіне күн көріс кәсібін төрт түлік мал мен байланыстыра отырып, әдет ғұрыптарын, салт-дәстүрін, құқық формаларын баян етеді.

Өз еңбегімде М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде соңғы жылдары өткен ғылыми теориялық халықаралық конференциялардың материалдарын қолдандым. Сонымен қатар М. Х. Дулатидың 500 жылдық мерей тойына байланысты газет журнал т. б. да ақпарат материалдарында осы тақырып жөнінде өте көп шығармашылық еңбектер жазылды.

Сондай - ақ ХV - ХVІІ ғасырлардағы қазақ хандықтары жайлы жазылған тарихы шығармаларды оның ішіндегі өзімізге белгілі тарихи ғалымдардың (Ж. Қасымбаев, Э. Тілеуова, М. Мағауин, С. Асфендияров, Т. Сұлтанов, М. Тынышбаев, Х. Маданов т. б. ) тарихи шығармашылық еңбектерін пайдаландым.

І - тарау ХҮ және ХҮІ ғасырдың І жартысындағы қазақ хандығы.

1. 1. Қазақ хандығының құрылуы.

Қазір халқымыздың тарихына байланысты ғылым мойындаған бір шындық бар. Ол - Қазақ мемлекеті тарихы 1456 - 1468 жылдары, яғни Керей мен Жәнібек сұлтан бастап Моғолстанның батыс бөлігіне келіп орналасқан халықтың дербес Қазақ хандығы шаңырағын көтерген кезден басталғандығы.

Бірақ, өкінішке орай, құжаттың құқы бар тарихи шығармалар дерегі арқылы орныққан осы нақтылықтың арғы жағының да, бергі жағыныңда айқындығы әлі аз болып тұр. Оған басты себеп: күні бүгінге дейін өткенімізге өгей көзбен қарап, көне тарихымыздың ұмыт қалдырғанымыз екендігі даусыз.

Моғолстан тарихын жазған Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих -и- Рашидиінде" есімі келтірілген екі сұлтанның бірі Керей хан екіншісі Жәнібек сұлтан деп көрсетеді.

Кез келген тарихи шығарманы алып, оқып көріңіз. Шыңғысхан ұрпағының бірден - біреуі, егер ол шағын да болса жеке хандықты иеленбесе, хан деп атамайды. Оларды ата жолына қарай мұрагер, ханзада, сұлтан деп қана атайды. Олардың хан атануы үшін мейлі аз болса да, тіпті ресми емес болса да жеке хандыққа ие болуы шарт. Демек, Мұхаммед Хайдар Дулати өз дерегіндегі Керейдің хан деп атап көрсетсе, бұл - олардың өз иелігін жеке "хандық", ал Керейдің "ханымыз" деп танығанының белгісі. Ал хандық болу үшін оны құрайтын белгілі дәрежедегі халық та болуы керек. Екі - үш ауылдан хандық құрылмасы тағы аян. Әрине, хандық Керей мен Жәнібек Моғолстанға келген соң құрылған ба, жоқ келмей тұрып құрылған ба, оны дәл айту қиын. Бірақ, Моғолстандықтардың өз елінің шекарасына ауа көшіп келеген өзбектерді жеке хандық деп қабылдағаны хақ. Олай болмаған күнде сол кездің куәгері Моғолстандық тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстанға ел бастап келегн Керейді бөліп алып, оны хан деп көрсетпес еді. Тап осылай бөліп көрсету "Бахр әл-асрар . . . " авторы Махмуд пен Әмір Уәлиге де тән. /10, 46/

"Қазақ хандығының нақ қай жылы шаңырақ көтергені ғылым әлі анықтаған жоқ. Әзірге әр ғалым өз болжамымен алға тартумен келеді. Мысалы, А. П. Чулочников қазақ хандығының пайда болуын ХV - ХVІ ғасырлар аралығы десе, С. К. Ибрагимов А. А. Семеновты құптай отырып, бұл мерзімді ХVІ ғасырдың 30 - 40 жылдары деп көрсетеді. Ал, Т. И. Сұлтанов қазақ хандығы ХV ғасырдың 70-жылдарынан бұрын құралған жоқ десе, К. А. Тушулина бүл мерзімді сол ілгері жылжытып, 60-жылдардың ортасына бұрын емес дегенді айтады. Соңғы кезде тарихшыларымыз көрсетіп жүрген 1468 жыл Әбілхайырдың өлген жылы. Әбілхайыр өлген соң, оның хандығында тақ таласы басталып, ішкі қырқыстан берекесі кеткен ру - тайпалар аударыла көшіп, Керей мен Жәнібекке келіп қосыла бастайды. Біздің тарихшыларымыз осы кезеңді Қазақ хандығының құрылған кезі етіп алады да, әлгі жылды көрсетеді.

"Меніңше бұл шындыққа келмейді, себебі бұл жыл Қазақ хандығының құрылған жылы емес, нығайған, сыртқа танылған жылы болуға тиіс, өйткені моғолстандықтар бұған дейін - ақ ұлысынан жырыла бөлініп, өздеріне, көшіп келгендерді бұрынғы көшпелі өзбектерден ерекшелеп, "қазақтар", олар құрған хандықты "Қазақ хандығы" деп атап қойған. Сондықтан да Қазақ хандығы құрылған жылын 1456 жыл деп көрсету дұрыс болады". Қазақ хандарының Әбілхайыр өлгеніне дейін - ақ дербес хандықтың билеушілері болғанын Мұхаммед Шайбанидың "Тауарих-и Гузида-йинусратнама", Молла Шадидың "Фатхнама", Камалладин (Шир) Әли Бинайдың "Шайбанинама"атты еңбектеріндегі деректер де дәлелдей түседі.

Енді біз жоғарыда айтылған деректердің мәліметтеріне және басқа жанама түрде кейбір мәселелерді анықтауға көмектесетін деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, Керей мен Жәнібек сұлтанның Әбілхайыр хандығынан көшіп кету жағдайларын қарастырайық.

Керей мен Жәнібектің атақты Орыс ханның ұрпақтары екендігі баршаға мәлім. "Тауарахи Гузидан нусрат нама" бойынша Орыс ханда 7 ұл және 5 қыз болған. Ұлдарының есімдері Тохтақия, Құтлұқ - Бұқа, Тұғлық - Болат, Құйыршық, Тоқта - Болат, Сайид - Ахмет, Сайид - Әлі.

Тоқтақия 3 ұл 3 қыз болады. Ұлдарының есімдері Тәңірберді, Йагуджек-анке, Болат. Болаттың ұлы Керей хан. Оның үш ұлы болды, олар Бұрындық хан, Қожа - Мұхаммед, Сұлтан - Әлі.

Құйыршықтың ұлы Барақ хан. Барақ ханның үш ұлы болды. Олардың есімдері Мир Саид Қасым, Әбу-Саид (Жәнібек хан деп те атайды) . /26, 10-11/

Жәнібек ханның ұлдары Иренджі, Махмуд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш, Ұснақ, Жадық - деп келтіріледі. Әбілғазыда Керей мен Жәнібектің Орыс ханнан тарағандығын осылайша көрсетіп "Әбусағит-лақабы Жәнібек хан" деп көрсетсе, Қадырғали Жалайыры да осылайша айта келе, Барақ ханның ұлын "Көшө Жәнібек деп атайды", - деп жазады. Орыс хан әкесі қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырады. 9 жыл хандық құрғаннан кейін ауырып қайтыс болған дейді Муин ад - дин Натанзи. /25, 14-15/

Ақ Орданың хандары Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Алғашында Орда Еженнің Ордасы Алакөл маңында болған. Оны ХІІІ ғасырдың 40 -шы жылдары осы жерден Қарақорымға қарай өткен Т. Карпин сөзі дәлелдейді. Ол бұл өңірінде Батудың үлкен ағасы Орда тұрады; ол татар княздарының ішіндегі ең үлкені деп жазады. /11, 23/

Ақ Орданың орталығы ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында Сырдарияның орта ағысы бойына ауысады. Себебі осы кезден бастап Түркістан аймағының халықаралық сауда ролі артып, Түркістан қалалары арқылы Ұлы Жібек жолының тармақтары өтеді. Түркістан аймағының экономикалық сауда, орталықтары болумен қатар, ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында саяси орталыққа айналуы, түгел алғанда, аймақтық ролін өсіріп, атағын арттырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Тәуекел хан
Хан жоғарғы билік иесі
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы. XV-XVIIIғғ. басындағы Қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz