Диалектологиядағы сөз мағынасына байланысты құбылыстармен таныстыру


Диалектологиядағы сөз мағынасына байланысты құбылыстармен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Омонимдер.
2. Антонимдер мен омоантонимдер.
3. Синонимдер, дублеттер, варианттар.
4. Көп мағыналы сөздер.
5. Табу және эвфемизмдер.
Омонимдер.
Қазақ әдеби тілдегі сияқты бір-бірімен тұлғалас, бірақ мағына жағынан үйлеспейтін омоним сөздер көп кездеседі. Мысалы: көтерме сөзі Арқа қазақтарында көмек, асар, жәрдем мағынасында қолданылса, Сыр бойында, Шымкент облыстарда ой жерден жүргізілген, топырақпен көтеріп жасаған арықтарды айтады. Ақыр сөзінің әдеби тілдегі зекіру мағынасына қосымша қыста қардан жасалған қораның ық жағындағы қар түсіртпей тазалап тұратын алаңды да білдіреді. Ал бұл сөздің басқа омонимдік қатарлары да бар. Оңтүстік алқапта малға шөп салатын орын, оттық; Ақтөбе тұрғындарында - кірпіш құю үшін қазылған жер. Баспа сөзінің әдеби тілдегі кітап шығаратын орынмен қатар, орталық-солтүстікте шөп жинайтын машинаның педалін де айтады. Осы сөз Түрікмен, Орынбор қазақтарында баспалдақ, Жамбыл облысында есіктің ілгегі. Алматы облысында текемет, көйлек жиегіне салатын өрнек мағынасын білдіреді.
Антонимдер мен омоантонимдер
Қазақ сөйленістерінде бір-біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалатын антоним сөздер көп кездеседі. Әдеби тілге қатыстылығына қарай тіліміздегі антонимдер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Таза диалектілік антонимдер. Сыңарларының бәрі де сөйленістегі сөздерден құралған антонимдік қатарлар.
Дырау, нән (үлкен) - күйттей, шікідей (кішкентай)
Субайлы (әдепті) - сімсіз (әдепсіз)
Сәлекей (аз) - күдер (мол, көп) .
2. Әдеби-диалектілік антонимдер. Антонимдік қатардағы сыңарларының бірі - әдеби сөз, екіншісі диалектілік сөздерден құралған қатарлар: Керім, әйбәт-жаман, кішкентай-нән, дырау, тәуір-тақыл.
3. Таза әдеби антонимдер. Сыңарларының бәрі түгел әдеби сөздерден құралған қатарлар. Үлкен-зор, дәу, жаман-жақсы, биік-аласа.
Синонимдер
Қай тіл болмасын белгілі бір заттың не ұғымның бірнеше атпен аталып, бірнеше вариант күйінде айтылуы себепсіз, жай бола салған құбылыс емес. Қазақ сөйленістерінде де тұлғасы әртүрлі, бірақ мағынасы бір-біріне жақын сөздер мол.
Әдеби тіл мен диалектілік лексика өзара тығыз байланысты. Кейде олардың арасына меже қою қиын. Өйткені әдеби тілдің қалыптасу барысында бір ерекшеліктер әдеби тілге еніп, оны байытып жатса, енді бірқатар аймақтық сөздер әдеби тілді шұбарлап, оның нормалануына кедергі жасайды. Көптеген варианттық сыңарлар әдеби тілде қатар қолданылып жүргендіктен, олардың әдеби варианттары осы күнге дейін анықталмай келе жатыр.
Тіліміздегі вариант, дублеттер тіл категориялар тұрғысынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып үшке бөлінеді:
1. Фонетикалық дублеттер. Залым (зәлім), құдағи (құдағай), сүйінші (шүйінші), жаутаңдау (жәутеңдеу) т. б. Бұл дублеттердің әрбір сыңары бір-бірінен фонетика жағынан яғни жеке дыбыстардың түрліше дыбысталып айтылуы арқылы бөлектенеді.
2. Лексикалық дублеттер. Бұл топқа сыңар сөздердің әрбір компоненті дыбысталу жағынан бір-біріне ұқсамайтын сөздер жатады: иіс су / әтір /иіс май, су ағаш / иінағаш / күйенте т. б.
3. Грамматикалық дублеттерге бір-бірінен қосымша арқылы ерекшеленетін сыңарлар жатады: барасыз / барасыңыз, барғым жоқ / барғым келмейді, жатқан / жатырған т. б.
Көп мағыналы сөздер
Қазақ сөйленістерінде көп мағыналық (полисемиялық) құбылыстар өте жиі кездеседі. Бір сөйленісте бір мағынада қолданылатын сөз екінші сөйленісте басқа мағынада, тіпті кейде қарама-қарсы мағынада қолданылуы мүмкін. Немесе сөз сөйленісте әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, қосымша диалектілік мағынада қолданылуы мүмкін. Мысалы: Сарымсақ сөзі әдеби тілде чеснок мағынасында жұмсалса, орталық-солт. қазақтарының тілінде пияз мағынасында жұмсалады.
Тас етістігі әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, «кірпіш» мағынасында да жұмсалады. Мыс: Биыл 2 тас соғып, тұрғын үй салу ойымызда бар (Орал. Жәнібек) . Кейде әдеби тілде бір-ақ мағынада жұмсалатын сөздің сөйленістерде мағынасы кеңейе түседі. Мысалы: пәс сөзі әдеби тілде пәс адам түрінде тек адамның мінезімен байланысты қолданылса, Шымкент, Жамбыл облысының кейбір аудандарында әдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, оның үстіне пәс стол, пәс орындық, пәс ағаш дегендей, аласа мағынасында да айтылады. Мысалы: Мына ағаш пәс екен (Шымк, Сайр) .
Табу және эвфемизмдер
Сөйленістерде кездесетін кейбір заттық атаулар жергілікті халықтың әдет-ғұрпындағы, тұрмыс-салтындағы ерекшеліктермен байланысты болып келеді. Табу (полинезия сөзі) - кей сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тыйым салу. Ең көп тараған табу адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тыйым салынған, сондай-ақ құдай, патшаның атын айтуға тыйым салынған. Ақсақалдық-феодалдық дәуір өктемдік еткен заманда қазақ әйелдеріне өзінің ерінің атынан бастап күйеуінің жақын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz