Тәрбие теориясы мен әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие теориясы мен әдістемесі

Тәрбие - адамзат тарихының біте қайнасқан, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс - тәжірибе, салт - дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.

Тәрбие - қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.

Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемелекет мұқтаждығына, талаптарына тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының, мұқтаждығының өтелуі, оның саяси - экономикалық күш - қайратын шыңдап, бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт - мемлекет талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау.

Бүгінгі күннің сұранысы - сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез - келген ісінде патриоттық сезімі көрніс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемелекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.

Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны, ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс - тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын - тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.

Тәрбие ісімен айналысушы әр педагог өзінің тәрбиелік функцияларын біліп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын, тәсілдерін жан - жақты іздестіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауы тиіс. Өзінің тәрбиелік міндеттерін оқушылардың жас және жеке ерекшелігінің спецификасын, олардың арасында пайда болған қарымқатынасты ескере отырып, ұйымдастырғаны жөн.

Педагогтың тәрбиелік іс - әрекетіндегі басты мақсат - жеке тұлғаның өздіндік дамуына көмектеу, оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру, оқушының әлеуметтік - экономикалық мұқтаждықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамассыз ету, оқушыларды жеке даралыққа үйретіп, өз проблемаларын шешудегі белсенділіктерін арттыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасау.

Педагогтің тәрбиелік функцияларының мазмұны - педагогикалық процесті басқару функциялары негізінде анықталады.

Педагогикалық процесте басқару функцияларын 3 деңгейге бөліп қарауға болады.

Бірінші деңгей - педагогикалық және әлеуметтік - гуманитарлық функциялар. Бұл функциялар оқушының жеке актуалды проблемаларын шешуге көмектесетін әлеуметтік дамуына жағдай жасауға, сондай - ақ оны жеке өмір сүре білуге дайындауға бағытталған.

Екінші деңгей - ұйымдастырушылық, коммуникативтік функциялар.

Бұл функциялар оқушылар арасында қарым - қатынасты реттеуге, анықтауға, ұжым мүшелрінің дамуына жағымды психологиялық ахуал арнатуға бағытталған әркеттерден тұрады.

Үшінші деңгей - басқару, болжау, мақсат белгілеу, жоспарлау, түзету функциялары.

Тәрбиеде, қолданылған ұйымдастыру формаларының тиімділігін зерттеу - маңызы іс. Тәрбие формасының тиімділігін зерттеу дегеніміз - оның нәтижелерін анықтау және оны ұйымдастырылған жұмыстарға жұмсалған күшпен, уақыт мөлшерімен салыстыру.

Тәрбие жұмысында кез - келген ұймдастырылған шараның тиімділік сапасы, тәрбие міндеттерінің өз шешімін табу дәрежесі - оқушылардың одан алған әсерінің өлшемімен, өзара қарым - қатынас деңгейімен, шығармашылық белсенділігімен, жеке даралығымен өлшенеді.

Ұйымдастырылған тәрбие формасының тиімділігін анықтаудың әдістемелері мен жолдары өте көп. Сондай шаралардың бір қатарына тоқталып өтелік.

Оқушылардың шараға дайындық кезіндегі және шара аяқталғанан кейінгі мінез - құлқына салыстырмалы бақылау жүргізу әдістемесі.

Шара барысындағы оқушының көрсеткіштерін әр ситуация бойынша бақылау қолданылған форманың тиімділігіне жалпылай сипаттама беруге көмектеседі. Бұл жұмысты шара барысы бойынша оқушылармен бірлікте талдау жасап, әңгімелесіп, сол сәттегі оқушылардың мінез - құлқындағы, тәртібіндегі өзгерістерді бақылап, салыстыру арқылы жүргізуге болады.

Оқушы әрекетін бағалау банкі

Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы
Оқушының аты - жөні
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы
Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы: Көңіл - күйі
Оқушының аты - жөні: Мінезі
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Көңіл - күйі
мінезі
Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушының аты - жөні:
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушының аты - жөні:
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушының аты - жөні:
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушылардың шараға дейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:
Оқушының аты - жөні:
Оқушылардың шара өткеннен кейінгі көңіл - күйі, мінез - құлқы:

Оқушылар әрекетін анкеталау. Бұл әдістемені әр оқушыға жеке қолану ұсынылады. Анкета сұрайтар қою арқылы жүргізіледі. Сұрақтар мазмұнын ұйымдастырушы өзі белгілейді. Мәселен, неге қол жетті және неге жетпеді, неліктен?, осы шараны қайта ұйымдастыратын болсақ, нені өзгертер едің? т. б. мазмұнда. Сұрақтарға жауап ала отырып, шара жөнінде оқушылардың ойын, көзқарасын, шараның ол үшін маңызды элементтерін анықтап, қолданылған форма тиімділігіне әділ баға беруге болады.

Шара барысы бойынша оқушылар ойын анықтау анкетасы

Оқушы аты - жөні

Неге қол жетті?
Неге қол жетпеді?
Шараны ұйымдастыру бойынша ұсынысың
Қай жерін өзгертер едің?
Неге қол жетті?:
Неге қол жетпеді?:
Шараны ұйымдастыру бойынша ұсынысың:
Қай жерін өзгертер едің?:

Жұмыс формасын жеке бағалау. Жыл соңында оқушыларға, ата - аналарға жыл бойы қатысқан жұмыстарын еске түсіріп, оларды түсграммасы, шкала немесе сөз арқылы бағалау ұсынылады. Жүргізілген жұмыс формаларының тиімділігін анализдеу ісінде қатысушылардың қаншалықты белсенділік көрсеткендерін бағалау арқылы қолданылған формалардың тиімділігі жөніде мәлімет алуға болады.

Жұмыс формаларының тиімділігн зерттеу оның жетістіктері мен кемшіліктерін, алдағы уақытта оларды жетілдіру немесе болдырмау жолдарын қарастыру және нәтижелерді үнемі бақылап отыру үшін қажет.

Шкалалық анкеталар қолдану. Бұл әдістеме арқылы ұйымдастырылған шараның

тиімділігі жөнінде маңызды және объективті мәліметтерді алуға болады. Оқушыларға төмендегідей мазмұндағы сұрақтарға (сұрақтарды ұйымдастырушының өзі белгілейді) жауап беру ұсынылады:

  • - осы істе өз қабілетің мен талантыңды қаншалықты көрсете алдың?
  • - белесенділігіңді, қызығушылығыңды көрсете алдың ба? т. б.

шкала көрсеткіштері:

4 - толық көрсеттім

3 - негізінен көрсеттім

2 - жекелеген жағдайларда

1 - аз көрсеттім

0 - көрсете алмадым.

Сұрақтардың мазмұнын өзгерту арқылы ұйымдастырылған шара жөніде өзгеде мәліметтерді алуға болады. Мәселен,

  • - жүргізілген іс біздің ұжымдағы өзара қарым - қатынасты дамытуда маңызды ма?
  • - жүргізілген іс сенің творчестволық қабілетіңді дамытуда маңызды ма? т. б.

Ұсынылатын шкала жүйесі:

4 - маңызды

3 - маңызды маңызсыздан басым

2 - айту қиын

1 - маңызсыз маңыздыдан басым

0 - маңызсыз

Берілген шкала бойынша оқушылар қолданылған форманың жалпы барысын және ондағы әр элементтің өздері үшін тиімділігін бағалайды.

Бүгінгі инновациялық жаһандану кезеңінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - білім берудің барлық аймағында компьютерлік технологияны қолдану. Нәтижесінде шығармашыл, креативті, іздемпаз, ақпаратты-технологиялық мәдениеті жоғары, бәсекеге қабілетті, өз ойын ашық демонстрациялай алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Компьтерлік технологияны тәрбие процесінде пайдалану педагогикалық тәжірибеде дамыта оқыту технологиясын шапшаңдататын психолого-педагогикалық әдістемелерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Тәрбие процесінде компьютерді - зерттеу құралы, тәрбиелік деңгейді анықтайтын диагностикалау құралы, жеке адамның технологиялық білігін, шығармашылық қабілетін дамытатын ақпарат көзі ретінде де пайдалануға болады.

Қоғамның дамуы саяси - әлеуметтік ұстаным мен экономикалық мәдениеттің қарқынды өзгеруіне тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамда ақпараттық мәдениеті, құзырлығы жоғары тұлғаның алатын орны ерекше.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз - дербес компьютерде жұмыс жасау, галамтор мүмкіндіктері мен ресурстарын еркін пайдалану, бір - бірімен қарым - қатынас жасау және ақпаратты әр түрлі формаларда бере білу біліктілігі. Ақпараттық мәдениетті информатика немесе өзге де сабақтардағы дайын бағдарлмалар арқылы қалыптастыру жеткіліксіз. Бұл бастама өзінің жалғасын сабақтан тыс шаралар барысында табуы тиіс.

Компьютерлік технология бүгінгі қоғамда жәй электронды есептеу, жазу техникасы ғана емес, барлық субъектілер байланысын қамтамасыз ететін ақпарат көзі және байланыс жүйесінің универсалды құралы ретінде қабылдануы тиіс. Ал ақпарат көздері - бүгінгі күнде жеке сананы қалыптастырып, қоғамдық сананы шыңдайтын, адамзат құзырлығының басты құралдардың біріне айналғаны баршаға мәлім. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінде қоғамдық мазмұн, үрдіс, айқын мақсат және тәрбиеленушілердің қызығушылығы мен талап - тілектерінің ескерілген нақты жүйесі балуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер

  1. 1. Есқалиева С. Б. Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі. 2011 ж.
  2. 2. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2004 ж.

Тәрбие теориясы мен әдістемесі

Конец формы

Тәрбие теорияс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Педагогикадан дәрістер жайында
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Биология оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz