ТМД елдері туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. ТМД-ның бастапқы жағдайы
  2. ТМД-ның құрылу принциптері
  3. ТМД-ның Қазақстанға әсері
  4. Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы
  5. ТМД елдерінің тілдері
  6. ТМД кеңістігінде саяси қатынастар
  7. ТМД-ның органдары
  8. ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама
  9. ТМД-ның көлемі, географиялық орны мен шекарасы
  10. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ

ТМД-ның бастапқы жағдайы

70 жыл бойы бүкіл әлемді өзіне қаратқан Кеңес Одағы ыдырай бастаған кезде кеңес халықтары олардың саяси қайраткерлері, тіпті халықаралық қауымдастық өздерінің алаңдаушылықтарын байқата бастады. Бұған көптеген себептер де болды. Кеңес Одағы көпұлты, экономикалық және әскери потенциалы зор держава болуына байланысты ол саяси жағынан бүтін бір социалистік системаны құрып, оны басқарып, бүкіл әлемде өзінің ықпалын мол көрсетіп отырды. Бүкіл дүние жүзінде социалистік қоғамды орнатқысы келген Кеңес Одағы ерекше қаруланған милитаристік пиғылдағы ядролық держава ретінде танылды.

Әкімшілдік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылған бұрынғы кеңестік жоспарлы экономика тығырыққа тіреліп, өзінің шешімін таба алмаған түрінде жаңадан құрылған 15 мемлекеттін үлесіне тиді. Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан территорияларында орналасқан дүние жүзіндегі ең күшті ядролық потенциал басқарусыз қалып, бүкіл әлем халықтарын және көптеген мемлекеттерді үрейлендіре бастады.

Бұрынғы КСРО басшыларының солақай саясатына байланысты өрши түскен ұлтаралық дау-жанжалдар ерекше қауіпті жағдайды қалыптастырды. Мұның өзі 300 миллион халқы бар әлемнің алтыншы бөлігінде азамат соғысы қауіпін төндірді. Осы кезеңде барлық бұрынғы одақтас республикаларда азаттық қозғалыс жоғарғы деңгейге жетіп, саяси-экономикалық жағдайды басқару жергілікті ұлттардың саяси элитасының қолына көшті.

Бірақ республикалардағы ұлттық күштер әртүрлі саяси бағытта болды. Олардың ішінде тек саясатты алға қойған бірақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жөнді білмейтін топтар немесе Ресейге сүйеніп бұрынғыша екінші рөлде болғысы келгендер, бұрынғы КСРО кеңістігінен толық бөлініп, тез арада таза этникалық мемлекет құрғысы келген радикалдық ұлттық топтар және қалыптасқан жағдайға салқын қандылықпен қарап, тәуелсіз мемлекеттерінің ірге тасын байсалды және көрегендікпен қалай бастаған саяси күштер де болды.

Ең бастысы, жаңадан пайда болған мемлекеттер алдында шешілмейтіндей көптеген проблемалар шықты. Бұрынғы біртұтас экономиканы, өнеркәсіп орталығын бөліп, олардағы жұмысты ұйымдастыру, көп ұлтты республикаларда саяси тұрақтылықты сақтап қалу, шеқараларды делимитациялау, транспорт, авия және байланыс жүйелерінің қызметін ұйымдастыру, толық істен шыққан бұрынғы қаржы системасының проблемаларын шешу т. б. болды.

Сонымен қатар Кеңес Одағының тез арада ыдырап кеткенін әртүрлі пиғылда қабылдаған көптеген шетел мемлекеттерімен оның ішінде ірі державалармен қалай қарым-қатынас орнату және оны қандай дәрежеде және бағытта дамыту мәселесі бірқатар жаңа тәуелсіздік алған елдің басшылары алдына өте қиын жағдай туғызды. Солардың бірі 14 мемлекетке бөлінген орыстар проблемасы болды. Бір кезеңде Ресей империясының билеушілері кейін КСРО басшылары отарлау саясатына байланысты бағындырған ұлттық територияларда миллиондаған орыс халқының өкілдерін орналастырып, «орыс форпостарын» жасаған. Ал енді ТМД құрылынуына байланысты 20 миллионға жуық орыстар бірден «шетел» мемлекеттерінің территорияларында қалып қойды. Олардың көпшілігі қалыптасқан жағдайды дұрыс түсінсе де, кейбір топтары жаңа мемлекеттерге сенімсіздікпен қарап, тарихи отаны Ресейге кете бастады. Осындай жағдайды пайдаланып Ресейдегі кейбір шовинистік, ұлы державалық позицияны ұстанған қайраткерлер «бөлініп кеткен орыс жерлері» және «қысым көріп жатқан орыстар» проблемасын қозғауға кірісті. Әрине, олардың мұндай пиғылдары бүкіл ТМД кеңістігіңде өте қауіпті саяси ахуал қалыптастырды.

ТМД-ның құрылу принциптері

Алматы декларациясы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына: Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина кірді, ал Латвия, Литва, Эстония және Грузия бұл ұйымға кіруден бас тартты. Бірақ кейін Грузия ТМД құрамына қосылды. Сөйтіп, ең басында славян халықтарының одағы ретінде белгіленген бұл жоспар ең соңында ірі халықаралық ұйымның пайда болуына әкеп соқты.

Осы Достастық ұйымды құру бұрынғы кеңес халықтарының тарихи ортақтығын және олардың арасындағы күрделі, жаңаша байланыстарды негіздеді. Бірақ олар жаңа топтық ұйым құрғанмен жаңа мемлекет құрған жоқ. ТМД-ның Кенес Одағынан басты айырмашылығы ерекше көрсетілді, бұнда бір Конституция, Орталық үкімет жалпы азаматтық ең басынан белгіленген жоқ.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізгі мақсаттары жалпы түрде былай көрсетілді:

-Саясатта, экономикада, гуманитарлық, мәдени және басқа салаларда бірігіп жұмыс істеу;

-Барлық жағынан экономиканы реттеу және әлеуметтік дамытуды мүше мемлекеттердің жалпы экономикалық аумағында іске асыру;

-Адам құқықтарын және еркіндіктерін қорғау;

-Мүше мемлекеттер арасында біргіп қимыл жасау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай және толық қарусыздануды іске асыру;

-Экономикалық одақ кұру, мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық саясат айырмашылықтарын жою.

Достастықтағы мемлекетаралық қарым-қатынастар жалпы мойындалған нормаға және халықаралық құқықтарға сәйкес құрылды. Сонымен қатар жаңа мемлекеттер тәуелсіздігін мойындау, өз жолдарын өздері таңдау құқығының барлығы, тең құқылы принціпі және бір-бірінің ішкі жұмыстарына араласпау, күш қолданудан және күшпен қорқытудан бас тарту, экономикалық және басқа әдістермен әсер етпеу, таластарды бейбіт түрде шешу, адам құқықтары мен еркіндіктерін сыйлау, сонымен қатар аз ұлттарға да осы құқықтар еркіндігі болу керектігі, Достастық мүшелері бір-бірінің территориясын бұзбау, шеқараларын бұзып кетпеу керек деп көрсетілді.

Осы халықаралық ұйымға қатысушылардың бірігіп қимылдауы паритеттік негізде құрылған институттар негізінде тек құқықта іске асырылатын болды. Соның ішінде принціптік мәселелерді талқылап бір мәмлеге келтіретін және шешетін Мемлекет басшыларының Кеңесі ерекше орын алды. Үкімет басшыларының кеңесі мүше мемлекеттердің атқарушы биліктерінің бірігіп жұмыс істеуін, экономикалық, әлеуметтік және басқа қажеттіктер сферасында қызмет атқаруын бақылайтын органға айналды.

ТМД құрылу шартында «Бұл органдарда әрбір мемлекет бір дауысқа ие болады, шешімдер бәрінің келісімі мен консессум негізінде шешіледі. Үкімет басшыларының Кеңесі жылына төрт рет, бірақ кезектен тыс жиналысқа немесе бұл органдардың бірігіп өтетін отырыстары болуы мүмкін. Бұндай отырыс ереже бойынша Достастықтың штаб-пәтері бар Минскіде болады. Бірақ келісім бойынша басқа ТМД мемлекеттерінде өтуге құқылы болады. Негізгі қызметте болатын Достастықтың атқарушы органы-координациялық-консультативтік комитет Достастықтың үкімет басшыларының орынбасарларынан құрылады» деп нақты көрсетілді. Аталған комитет саяси, экономикалық, мәдени және басқа салаларда бірігіп жұмыс істеу мәселелерін шешіп, Достастық мемлекеттерінде экономикалық саясаттарын іске асырып, сонымен қатар сауда-экономикалық ұйымдардың бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орган ретінде танылды. Ол бюджет, салық, ақшалай-кредит сферасында, валюталық-кеден саясатында, жалпы еңбек нарығын құру, капитал және құнды қағаздар мәселелерін шешуге қызмет етіп, мемлекет басшыларының кеңесі және ТМД үкіметінің басшылары Кеңесінің шешімдеріне жауап берумен шұғылданды. ТМД елдерінің негізгі мән беретіні заңды іске асыру қызметі болды. Бұл мақсатпен олар Достастық уставы бойынша осы мемлекеттер парламенттерімен штаб-пәтері Санкт-Петербургте Парламент аралық ассамблея (МПА) құрды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру сол кездегі егемендік алуға ұмтылған, өз республикаларының тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік саяси аренадан көруге ұмтылған республикалар басшыларының заңды талпыныстары болды. Тоталитарлық жүйедегі «қызыл империяның» ыдырауын толық байқап сезген басшыларды, енді демократиялық жолмен Еуразия кеңістігінде жаңа жалпылама принціптегі Достастық құрулары, сол тарихи кезеңдегі дұрыс шешім болғандығын қазіргі уақыттың өзінде анық
байқауға болады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

Штаб-пәтер
Минск, Беларусь
Штаб-пәтер: Түрі
Минск, Беларусь: Достастық
Штаб-пәтер: Қолданатын тіл
Минск, Беларусь: Орысша
Штаб-пәтер: Мүшелігі
Минск, Беларусь: 11 ел мүше, 1 ассоцияланған мүше
Штаб-пәтер: Басшылары- Орындаушы хатшы
Минск, Беларусь: Сергей Лебедев
Штаб-пәтер: Ұйымдастыруы
Минск, Беларусь: 1991 Желтоқсанның 21
Штаб-пәтер: Жұрты
Минск, Беларусь: 2007 сарап. 277, 983, 490
Штаб-пәтер: Ғаламтор торабы
Минск, Беларусь: http://cis. minsk. by

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) - ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым

Тарихи шолу

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Құрылымы
Құрылымы: Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Құрылымы: Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Құрылымы: Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Құрылымы: Экономикалық кеңесі;
Құрылымы: Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Құрылымы: Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
Құрылымы: ТМД Экономикалық соты;
Құрылымы: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Құрылымы: Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
Құрылымы: ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
Құрылымы: ТМД-ның Атқарушы комитеті.

ТМД-ның Қазақстанға әсері

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы, яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД - ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 -жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты - 54, 6 %, оның ішінде үлкен 7 - ке - 43, 0% кіреді, АҚШ - 20, 9%, 12 - мемлекет кіреді Евроодақ - 15, 3% кіреді. Әлемдегі 146 - мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7, 2% құрайды, оның ішінде 3, 8% ТМД - ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0, 1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1, 75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 - 1998 жылығы Азия - Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің қарқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энергетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71, 8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42, 3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21, 2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2, 7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 - жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 - есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына бағытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3, 8% есеге, ал импорт 3, 3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының бірі инвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жахандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0, 35% деңгейінде тұр. бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214, 5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178, 2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153, 8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43, 3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18, 9 млрд. немесе жалпы көлемі 55, 1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және барийден әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец, флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4, 6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331, 5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1, 6 млрд -қа бағаланады, ол «қара алтынның» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3, 6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877, 5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлемінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздік жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірімен 10 215, 1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097, 2 млн., импорт $ 6117, 9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662, 4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999, 0 млн. құрап 61 % өсті, импорт $6663, 4 млн. құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, сонда да осы тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өнімінің үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа және еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып алушылар Швейцария (18, 7 %), Италия (15, 5%), Ресей (14, 1%), Қытай (9, 8%), Франция (7, 3 %), Вергин аралы (3, 8%), Иран (3, 5%), Нидерланды (2, 3%), Израиль және Португалия (1, 6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1, 4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20, 4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79, 6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54, 6 % құрайды, оның 34, 8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2, 6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнімдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойынша импорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей, Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланды болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы 28, 9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия және Италиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Индия шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ - тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.

Қазақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД-елдерінің өзара ынтымақтастық қарым- қатынастарының маңызы
Толық экономикалық одақ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАР
ТМД елдеріне экономикалық шолу
АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасының экспорты мен импорты
Тәуелсіз Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасы
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
ТМД-НЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz