Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Экология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ
СУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 4
1. 1 Табиғи жағдайлардың қысқаша сипаттамасы . . . 4
1. 2 Өскемен қаласының табиғи суларының ластаушы көздері . . . 5
2 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ . . . 12
2. 1 Су объектілерінің сапалық және сандық көрсеткіштері . . . 12
2. 2 Жер беті суларының ластануы . . . 20
2. 3 Топырақ суларының ластануы, оның жер беті суларына әсері . . . 24
2. 4 Жер асты суларының ластануы . . . 26
2. 5 Тазалау қондырғыларының орналасу аудандары және негізгі сипаттамалары . . . 32
3 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР . . . 44
3. 1 Табиғи сулардың фондық концентрацияларын анықтау әдістері . . . 44
3. 2 Су объектілерінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыты мен шаралары . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Су - маңызды табиғи ресурс. Ол өмірдің негізін құраушы, зат алмасу процесстерінде басты рөл атқарады.
Тақырыптың өзектілігі: Үлкен маңызды орынды су - өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруашлығы саласында алады. Жалпыға белгілісі, оның адамның тұрмыстық қажеттіліктері үшін, өсімдіктер мен жануарлар үшін де қажетті екендігі, барлық тірі организмдер үшін ол өмір сүру ортасы болып табылмақ. Қалалардың өсуі мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы, пайдалы жерлердің кең ауқымда пайдаланылуы, мәдени-тұрмыстық жағдайлардың жақсартылуы мен басқа да бірқатар факторлар, күннен-күнге сумен қамтамасыз етілу мәселесін күрделендіріп отыр. Суға деген қажеттілік өте зор және жылдан - жылға өсіп отыр. Жыл сайынғы су шығыны жер бетіндегі барлық сумен қамтылу түрлері бойынша 3300-3500 км 3 құрайды. Мұндағы сумен қамтылудың 70 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары анықталынуда: шикі сулар ресурстарын кеңінен өндіру және толық тиімді етіп пайдалану, су көздерін ластауды болдырмайтын, оған тыйым салатын жаңа технологиялық процесстерді жасау, таза сумен қамтылуды азайту, шикі суды пайдаланушы түсті металлургия өнеркәсібінде, оның мөлшерін көп шығындамайтын жаңа технологиялық процесстерді жасап шығару, су көздеріне келіп түсетін ағынды суларды тазартудың осы заманғы технологияларға сай келетін жаңа, тиімді әдістерін қолдану, енгізу неғұрлым ластанған ағынды сулардың бөліктерінде локальді тазалау тәсілдерін қолдану.
Өндірістік қызмет нәтижесінде барлық мүмкін болатын қалдықтар жиынтығы түзіледі, олар қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізеді және оның ажырамас бөлігі ретінде адамға да әсерін тигізеді.
Өскемен қаласының су ресурстары өнеркәсіптік кәсіпорындардың
токсиндік компоненттерімен ластануы бойынша интенсивті күш түсіруші жағдайды бастан кешіруде. Бұл мекемелер өзен желілері шоғырланған зонада орналасқан. Осында жылуэнергетика саласының ірі кәсіпорындары да орналасқан.
Мұндай орналасу мынаған ықпал етеді яғни барлық газ тектес сұйық және қатты қалдықтары бар ластаушы заттар мүлтіксіз өзен желілеріне келіп түсуде. Осының нәтижесінде сулардың ластану мәселесі өте маңызды болды.
Жұмыстың мақсаты: Өскемен қаласы аумағының су объектілерінің экологиялық жағдайын қарастыру, талдау жасау және оны ластанудан сақтандыру шараларын қарастыру.
Мақсатқа жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:
1) Өскемен қаласының су объектілерінің осы заманғы жағдайын, табиғи сулардың ластау көздерін анықтау, ағын сулардың жіктелуі мен сипаттамасын, тазарту құрылғыларының жалпы сипаттамасын беру;
2) Өскемен қаласының 2002 - 2005 жылдар аралығындағы су объектілерімен танысу және оның экологиялық жағдайына баға беру;
3) Өскемен қаласының су объектілерін жақсарту үшін ластандырушы көздерден сақтандыру шараларын жасау.
Ғылыми зерттеу объектісі: Өскемен қаласының су объектілері болып табылады, ал зерттеу нысаны: Өскемен қаласындағы су объектілерінің ластану жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Өскемен қаласының жер беті суының ауыр металдармен ластану жағдайын анықтау.
Ғылыми жаңалық: Өскемен қаласының қазіргі су объектілерінің жағдайына экологиялық салыстырмалы талдау жасай отырып, оның жер беті суларының экологиялық жағдайына баға беру.
Зерттеу әдістері: салыстыру, статистикалық, аналитикалық-зертханалық әдістері.
Теориялық маңыздылығы: Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайын зерттеу қорытындыларын алдағы уақытта студенттер мен оқушылардың оқу барысында оқу құралы ретінде қолдану.
Жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: Осы берілген зерттеу жұмыстарының мәліметтерін Шығыс Қазақстан аумағының су электр станциясы орталығының іс-әрекеттерінде, өнеркәсіп орындарында және табиғатты қорғау мекемелерінде пайдалануға болады.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысында ақпарат көздер , арнайы әдебиет көздері, интернет желісі, статистикалық мәліметтер, нормативтік - құқықтық актілер, тәжірибелік көркем материалдардың талдаулары, іс - тәжірибелік жұмыстар.
1 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Табиғи жағдайлардың қысқаша сипаттамасы
Өскемен қаласы дала зонасында құрғақ типті-бетегелі жазықтар мен жартылай шөлейт зонасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Облыс территориясында дала зонасының негізгі дала зонасын бөліп көрсетуге болады: әртүрлі шөпті - дәнді, нағыз (типтік) және құрғақ (оңтүстік) .
Металогендік қатысы тұрғысынан алсақ, облысқа Алтай кені белдеуі енеді, ол мынаны білдіреді, яғни полиметалдық және сирек кездесетін кендердің бай минералды-шикізаттық қорларының болуымен түсіндіріледі.
Басты өзен ретінде трансшекаралық Ертіс өзені болып табылады, ол: Қытай, Ресей және Қазақстан секілді үш мемлекеттің территориясынан ағып өтеді. Оның ірі салалары болып: Бұқтырма, Үлбі, Уба, Күршім өзендері болып табылады.
Өскемен қаласының метеостанциясы қаланың солтүстік-батыс шетінде, ашық жерде орналасқан. Оған таяу жерде Ертіс өзені ағып өтеді, мұнда ол өзінің су кеңістігін кеңейтіп, бірнеше салаларға бөлінеді. Метеостанцияның орналасу аймағы төменгі температурамен, тынышжел режимімен және әсіресе жылдың суық мерзімінде жиі қайталанатын тұмандармен сипатталады.
Метеостанцияның орналасу орнымен қала орталығы арасындағы температуралардың айырмашылығы 10 0 С- қа жетеді. Үлкен айырмашылық, сондай-ақ жел жылдамдығында да білінеді. Егер метеостанция орналасқан аэропорт ауданында жылдамдығы 8-10 м/с жел байқалса, датчик бойынша ШҚГМО шатырындағы орнатылған датчик бойынша 18-20 м/с, ал жекелеген аудандарда (ЖМК, Аблакетка, Пристань) желдің күші 23-25 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласы метеостанциясының бақылауларының мәліметтеріне сүйеніп, Өскемен қаласының климаты туралы мынаны айтуға болады. [7]
Қаланың климаты шұғыл континентальды, орташа жылдық ауа
температурасы - 2, 7 0 С. Аса суық қаңтар айының орташа айлық ауа температурасы -16, 3 0 С. Аса жылы шілде айының орташа айлық температурасы + 20, 5 0 С.
Өскемен қаласы үшін жауын -шашынның орташа жылдық қосындысы - 487 мм. Жауын-шашынның мезгіл бойынша бөлінуі бірқалыпты емес, жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы уақытында түседі. Көп мөлшердегі орташа айлық жауын-шашын мөлшері 60 мм-ге тең, шілде айы болып саналады. Жауын-шашынның ең аз түсетін айлары қаңтар және ақпан - 25 мм. Жауын - шашынды күндердің ең көп күні қараша айына келеді, ал ең аз жауын-шашын күндері байқалған ай - қыркүйек айы.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 2, 3 м/с, күшті жылдамдықты желдер өтпелі кезеңдерде -яғни сәуірден маусым айларында және қазан-қараша айлары бойында байқалады.
Бір жылдағы 10 м/с-тан жоғары жылдамдықтағы жел соққан күндердің орташа саны - 86, 6, 15 м/с-тан жоғарылары-18, 9, 20 м/с-тан жоғарылары - 3, 9. Өскемен қаласында тіркелген ең жоғарғы жел жылдамдығы - 37 м/с.
Өскемен қаласында шығыс және оңтүстік - шығыс бағыттық желдер жиі байқалады. Көрініс жылдың жылы уақытында өзгереді, мұнда батыс және солтүстік-батыс бағыттық желдері бар жағдайлар саны көбейеді. Өскемен қаласындағы аязды емес кезеңнің орташа ұзақтығы -12. 11, қар жамылғысының бұзылуы - 03. 04. Тұрақты қар жамылғысының жату ұзақтығы - 142 күн. [9]
1. 2 Өскемен қаласының табиғи суларының ластаушы көздері
Қазіргі кезде Өскемен қаласында қала канализациясы мен Ертіс және Үлбі өзендеріне өздерінің ағынды суларын тастаушы 50 -ден аса өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындары бар. Технологиялық өңдеуден өткен және кәсіпорындардың тұрмыстық ағын суларынан басқа қала канализациясына өнеркәсіптік аудандардан шыққан шайынды сулар мен берілген өндіріс түріне байланысты құрамында бейорганикалық және органикалық қосылыстары мен зиянды заттардың көпшілік мөлшерін қамтыған, тазаланбаған ағынды сулар да келіп түседі.
Өскемен қаласында негізгі ластаушылар болып мына ірі кәсіпорындары танымал: ҮМЗ АҚ, ҚАЗМЫРЫШ АҚ, Өскемен жиһаз комбинаты, Шығыс Қазақстан түсті металлдар ғылыми зерттеу институты, Арматура зауыты АҚ, Шығыс машина жасау зауыты АҚ, Конденсатор зауыты АҚ, Рост ЖШС, Локомотив депосы. Осы кәсіпорындардың ағынды суларында ШРМ - ден асып түсетін мөлшерлері бойынша зиянды заттар бар.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процесстерінде судың маңызы көп қырлы. Өнеркәсіпте су мына мақсатта қызмет етеді:
- тікелей химиялық реагент немесе өнеркәсіптік шикізат ретінде;
- химиялық реакциялар мен басқа да заттар ағып өтетін орталар;
- белгілі бір технологиялық параметрлерін қолдау үшін қажет құралдар;
- энергетика жүйелерінің компоненттері;
- шикізат, өнімдер мен қалдықтарды тасымалдау үшін құралдар.
Судың белгілі бір мөлшері қондырғылар мен жабдықтарды жууға, өндірістік бөлмелерді жууға, сондай-ақ шаруашылық және тұрмыстық мақсаттар үшін қолданылады. Өнеркәсіп салаларының барлығы үшін ортақ ретінде, өндірістік және басқа да шаруашылық және тұрмыстық циклді өту арқылы, бастапқы су әртүрлі өзгерістерді және қайта қайтпай жоғалтылады. Өндірістік ағынды сулар, құрамында еритін және ерімейтін, органикалық және бейорганикалық заттары бар, соның ішінде токсиндік заттарды қоса алғандағы күрделі көп компонентті жүйелерді құрайды.
Осы заманғы кәсіпорындарда түзілетін ағынды суларды талдау көрсеткендей, су көздеріне тасталушы суда күшті токсиндік категориясына жатпайтын өнімдердің бар екендігі анықталды, яғни хлоридтер, сульфаттар, нитраттар, натрий, калий, кальций, аммоний фосфаттары, органикалық өнімдер, өлшенген заттар, мұнайөнімдері, майлар, ағаш қалдықтары, кен байытпалары және т. б. Хлор өндірісінен бастап, кокстық химия өнідірісі, қара металлургия мен түсті металлургия, энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары мен басқалары арқылы су көздеріне келіп түсетін ағынды сулармен бірге қышқылдар, сілтілер, фенолдар, метанолдар, сондай-ақ мышьяк, сынап, фтордың қосылыстары келіп түседі. [15]
Барлық ағын сулар шаруашылық-тұрмыстық ағын суларға, өндірістік ағын суларға, кәсіпорындардың коммуналды-тұрмыстық ағын суларына бөлінеді. Көптеген кәсіпорындарда өндірістік және коммуналды-тұрмыстық ағын сулар тазалауға дейін араласады, осы екі топ біртұтас ретінде қарастырылады - өнеркәсіп ағын сулары ретінде. Өскемен қ. ағын сулары 33 пайыз өнеркәсіптік ағынды сулардан, 27 пайыз кәсіпорындардың коммуналды-тұрмыстық суларынан және 40 пайыз шаруашылық-тұрмыстық ағын сулардан түзіледі.
Технологиялық процесстен өткізілген және табиғи суларға келіп түсетін өнеркәсіп сулары төрт категорияға бөлінеді:
- тазалауды қажет етпейтін, нормативті-таза;
- нормативті-тазаланған;
- қажетті деңгейге дейін ғана тазаланған;
- тазаланбаған.
Бірінші категория - нормативті таза ағын сулары - бұл оларды кәсіпорын мұқтаждықтары үшін қолданғанда ластануға болмайтын ағын сулар. Олардың су көздеріне түсуі, тазарту қондырғыларын айналып өтулері нәтижесінде жүзеге асады.
Екінші категория - нормативті-тазаланған ағынды сулар - құрамында ластандырушы заттары бар, бірақ белгілі бір концентрацияда, олардың су көздеріне түсуінен кейін ШРМ -не дейін тазартылады және араласып кетеді.
Үшінші категория - қажетті деңгейге дейін ғана тазаланған ағын сулар - бұл ағын сулары, тазарту қондырғыларынан өткізілген, бірақ құрамында ластандырушы заттары белгілі ғана мөлшерде ғана.
Тіпті ағын сулардың тиімді биологиялық тазалануы, оның құрамындағы ластану заттарының 1/3 бөлігін ғана жоя алады, ал ауыр металлдардың көпшілік бөлігі өзгеріссіз биологиялық тазалаудан өтіп, ашық су көздеріне келіп түседі.
Нормативті-тазаланған және қажетті деңгейге дейін ғана тазаланған ағын сулардың токсиндігін төмендету үшін 20-150 және тіпті 1000 есеге жуық таза өзен суын араластыру қажет болады екен. [26]
Кесте 3. 1 Кейбір өндірістердің ағынды суларындағы ауыр металлдардың орташа құрамы.
Өскемен қаласының канализациясына өнеркәсіптік және жалпы қалалық ағынды сулармен бірге әртүрлі зиянды заттар келіп түседі, солардың бірі және кең таралғаны мұнай өнімдері қалдықтары, фенолдар, пестицидтер, күрделі химиялық қосылыстар, минералды және органикалық қоспалар, ауыр металлдар.
Ағынды сулардағы ауыр металлдардың мөлшерінің орташа құрамы 3. 1 кестеде көрсетілген.
Соңғы жылдары Өскемен қаласында беттік және топырақ суларын ластауға өздерінің қомақты үлестерін қосып келе жатқан алғашқы тұтыну заттарын шығарушы өндіріс пен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары саны өсіп келеді. Осындай кәсіпорындардың ағынды сулары құрамында әртүрлі зиянды заттары бар органикалық қоспалармен, дисперстік қоспалармен, мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанған және оларды бүгінгі таңда жою мүмкін болмай отыр.
Осы заманғы биологиялық тазарту әдістері теория жүзінде органикалық заттардың қоспасын 90-95 пайызға ғана азайта алады, бірақ тәжірибе жүзінде 80 пайыз ғана болып отыр. Толық ашымаған, қиын түрде ашуға жататын заттар су көздерін ластауда.
Ауыр металдардың жоғарғы құрамы әсіресе гальваникалық өндірістің кәсіпорындарында кездеседі. Мұнда қорғасын мөлшері он есе, хром, кадмий, мыс, мырыш мөлшері - жүз есе және мың есе жоғары.
Мысалы, Арматура зауытының негізгі ластаушылары болып, гальваникалық цехта қолданушы хром және никель болмақ. Технологиялық жолдан өткен су құбыры сулары хром және никельмен байытылады. Нейтралдық локальдік тазарту қондырғыларынан өткеннен кейін хром мөлшері анағұрлым төмендеп қалады. Тазарту қондырғыларынан кейін су шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулармен араластырылады және ары қарайғы тазарту үшін қала коллекторына түседі. Мұнда хром мөлшері жалпы зауыттық ағынды сулардағы хромның бастапқы судың құрамындағы мөлшерінен асып түседі. Технологиялық жолдан өткен су құрамындағы никельдің мөлшері,
технологиялық процесске жіберілуші су құбырындағы сумен салыстырғанда көп мөлшерге ие, атап айтсақ, 12585, 7 есе бір жылда.
Қала колекторына келіп түсетін ағынды сулар, зауыт ішілік тазартудан өтсе де, бастапқы технологиялық процесске арналған сумен салыстырғанда, көптеген металлдармен ластанған(әсіресе кадмиймен, молибденмен, қорғасынмен, мыспен, ваннадиймен) .
Қала канализациясына келіп түсуші ағынды сулардағы зиянды заттардың көпшілік бөлігін мұнай өнімдері құрайды екен, олар автокөлік жөндеу орындарынан, автопарктерден, автокөлікті жанар-жағар маймен қамту орынынан, сондай-ақ автожолдарды шашыратып жуу сулары арқылы келіп түседі. Мұнай және мұнай өнімдері канализацияның тазарту қондырғыларының және су көздерінің қиын түрде тотығатын органикалық заттарына жатады. Су бетінің мұнай қабығы 0, 5 мм қалыңдықта болған күннің өзінде ол су айналымын қиындатады.
Жоғарыда келтірілген кәсіпорындардың ауыр металлдармен ластанған ағынды сулары шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулармен араласып, соңғы тазалану үшін сол жақ жағалау тазарту қондырғыларына 167033 м 3 /тәулігі көлемінде келіп түседі. Әртүрлі ағын суларын тазартудан кейін, лай суларды тазартқан соң тұнбалардың көп мөлшері түзіледі. [2]
Ағынды суларды тазартумен байланысты технологиялық сұрақтарды шеше отырып, «Өскемен водоканал» кәсіпорынын ағынды сулардың тұнбаларын жою мәселесі толғандырып отыр.
Ағынды сулардың тұнбаларын өңдеу технологиясына тәуелділігінен тұнбаны өңдеудің агротехникалық қасиеттерімен, агротехникалық құндылығы шығып отыр. Ағынды сулардың тұнбаларын тыңайтқыш ретінде қолдану мәселесі бойынша зерттеулердің экологиялық мәнділігін анықтаушы басты фактор ретінде ауыр металлдардың мөлшері болып отыр. Өскемен қаласын тазарту қондырғыларының ағынды суларының тұнбаларындағы ауыр металлдардың еритін құрамы мөлшері 100 г суға келетін грамм есебінен алынады.
Металлдардың анағұрлым жоғары концентрациясы машина жасау, электротехникалық машина жасау, құрал-жабдықтар жасау өнеркәсібі кәсіпорындарының тұнбалары үшін тән.
Қазіргі кезде топыраққа ауыр металдардың түсуінің екі жолы белгілі
болды. Оның біріншісі тұнбалар құрамында ауыр металлдардың болуы және екіншісі олардың көп мөлшерінің қауіптілік нормасы есебінен қабылдануы, тұнбалардың құрамын химиялық құрамын реттеп отыру, топырақ құрамына техногендік қысым түсіруден жеңілдетеді, ал оның анализін жасау ондағы өзгерістерді бағалайды.
Тұнбалардағы ауыр металлдар әртүрлі формаларда кездеседі, онда органикалық түрі әр кезде де алдыңғы орында. Жекелей алсақ, никель түріндегі мәліметтерді қарастырсақ: оның органикалық үлесіне 24 пайыз, никель карбонатына - 32 пайыз келеді екен.
Ауыр металлдардың суда еритін түрлерінің мөлшері ағын сулардың тұнбаларында жоғары емес - небәрі ондаған үлестен бастап, бірнеше пайыздық үлестерге шекті ғана. Бірақ есте ұстаған жөн, топыраққа енген ағынды сулардың тұнбалары маңызды айналуларды келтіреді, яғни органикалық заттардың ыдырауына әкеледі. Ауыр металлдар жеңіл қозғалатын түрге ауысып, өсімдіктер үшін қол жетерлік болмақ, екінші жағынан топырақ саласымен орын ауыстыруға қабілетті келеді. [16]
2 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР БЕТІ СУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАҒА БЕРУ
2. 1 Су объектілерінің сандық және сапалық көрсеткіштері
Ертіс өзені ағын сулардың төменгі бөлігінде, төменде орналасқан Шүлбі ГЭС-інің су деңгейінен еркін ағып жатыр. ШҚ Гидрометеорология және
мониторингі орталығының мәліметтері бойынша Ертіс өзенінің орташа көп жылғы есептік ағын көлемі, тазарту құрылыстарынан шығушы ағысындағы 17, 5 млрд. м 3 /жылына есептеледі. Осы учаскедегі Ертіс өзенінің ең кіші орташа айлық шығыны 162 м 3 /с, судың орташа көлемі - 1, 31 м/с, ал орташа тереңдігі - 1, 7 м, арнасының ені - 250 м.
Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы ластану деңгейі одан жоғары орналасушы су пайдаланушыларынан келіп түсуші өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды суларға байланысты, яғни олар өздерінің ағынды суларын тікелей су объектілеріне - Ертіс және Үлбі өзендеріне ағызады. Мұнда Ертіс өзенінің құрамы мен суының сапасына аса маңызды әсерін тигізетін, түсті металлургия кәсіпорындарының ағынды суларын ағызуы болмақ. [14] Су сапасының критерийлері 1. 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1. 1 Су сапасының критерийлері.
2002-2004 жылдары судағы заттардың орташа концентрациясы 1. 2, 1. 3, 1. 4 кестелерінде келтірілген.
Экология басқармасының ұсынған фактілік материалдарының негізінде, сондай-ақ ШҚ ГМО -ның 1998 ж - дан 2003 ж -ға дейінгі экологиялық бюллетеньдерінде жарияланған мәліметтері негізінде, сол және оң жақ жағлаулардың гидробиологиялық құрамы туралы келесі мәліметтер алынды. Сынамаларда көптеген ксерофильді түрлер бақыланған, оң жақ жағалаудың жармасындағы биогеоценоз кедей. Хирономид пен олигохеттердің жұмыртқалары бірінің орнын бірі басуда. Мұны былай түсіндіруге болады, яғни жарма қаланың шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын ағызуынан кейін орналасқан, сондай-ақ ТМК-ның ағын суларынан және Үлбі, Ертіс өзендерінің құйылыстарынан төмен орналасқан, сондықтан транзиттік ластануға ұшырайды. Ертіс арқылы салынған көпір құрылысынан кейін және тазалау құрылғыларының сол жақ жағалауға ауыстыруы нәтижесінде, биогеоценоздар сипаттамасы күрт өзгерді. Гидрохимиялық тәртіптің өзгеруіне жауап ретінде, сол жақ жағалаулар сынамаларында құрамында азоты бар заттардың концентрациясы көбейді, О 2 құрамы төмендеді және БПК мәні өсті. Зообентос сынамаларында су тазалығының индикаторлары түрлері жойылды.
Оң жақ жағалаудан алынған сынамаларда балықтар қауымының құрамында алмасу өткізілді, түрлік түрленулердің өсуі байқалуда, ол осы нүктедегі су сапасының жақсарғандығын байқатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz