Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Кәсіби бағдардың мәні мен мазмұны . . . 8

1. 2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру ерекшеліктері . . . 17

2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің әдістемесі . . . 30

2. 1 Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері . . . 30

2 . 2 Оқушыларға кәсіби бағдар берудің жолдары . . . 39

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қолжеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікте - ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады .

Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуды едәуір жоғары деңгейде жалғастыруды немесе еңбекрыногында өзінің орнын табуы үшін құрылуы тиіс .

Оқушылардың кәсіп таңдауында кереғар құбылыстардың да ықпалы жоқ емес. Оқушылар кәсіпті табыс көзі, қызмет орны, өзінің материалдық жағдайын жақсарту үшін таңдайды. Яғни, оқушылар кәсіп таңдауда қоғамдық құндылықтарды басшылыққа алмайды. Бұның басты себебі кеңестік білім беру жүйесінің жойылып, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін білім берудегі жаңа реформалардың келуі, қоғамның мәдени өмірінің жаңаруы, оның ішінде білім

беру жүйесіндегі жаңа әлеуметтік құндылықтардың келуі.

Бүгінгі таңда оқушылардың кәсіби бағдарларын қалыптастыру олардың жалпы дайындығын қалыптастырумен өлшенеді. Яғни, оқушыларға кәсіби бағдар беру олардың интегративті сапасын қалыптастыру негізінде жүргізілуі тиіс. Кәсіби бағдар берудегі тұлғаның интегративті сапасына мінез-құлқы, адамгершілік сапасы, қызығушылықтары мен қабілеті, бейімділігі т. б. жатады.

Өз қабілеттерін айыра білу, сонымен қатар жаңа қоғамдағы құндылықты бағдарлардың қалыптасуы кәсіп таңдаудағы оқушылардың өмірдегі орны айқындалып, оқушылардың өзін-өзі басқарудағы саналы іс-әрекетіне айналса -кәсіптік бағдар беру нәтижиелі болады. Нәтижесінде өз ісіне шебер, елжанды, кәсіби міндеттерін адамгершілік тұрғыдан орындауға қабілетті, ең маңыздысы өз қабілетіне сай кәсіп иесі болып табылатын тұлға қалыптасады. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы оқушыларды кәсіби бағдарлауда олардың еңбек әрекетіндегі қызығушылықтары, бейімділіктері мен қабілеттерін айыра білуі де жатады. Алайда бұның өзін қоғамның рухани өмірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі, адамгершілік құндылықтар мамандық таңдаудағы оқушылардың ынталы әрекеттеріне айналуы керек. Сонда ғана әрбір кәсіп иесінің қабілеттері өздерінің таңдаған мамандықтарына сай болмақ.

Бұдан шығатын қорытынды, оқушыларға кәсіби бағдар беру қоғамның жаңа талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Кәсіби бағдару беру осыған негізделінеді. десек қателеспейміз. Себебі, қоғамның өзгеруіне байланысты оқушыларды кәсіби бағдарлау жеке адамның, қоғамның талап тілектерінен туындай отырып, жаңаруға негізделген білім беру жүйесінде оқушыларға кәсіби бағдар берудің жаңа талаптары мен сұраныстары пайда болды. Яғни, әрбір жеке адамның тұлғалық дамуын қалау оның барлық қабілеттерін ашып дамыту бүгінгі таңдағы білім берудің басты мақсатына айналды. Тұлғаның жан-жақты дамуы тұлғаның өз қабілетін айыра білуімен өлшенеді.

Адамның өмірлік жолының негізін құруға мамандықты дұрыс таңдаудың орны өте үлкен. Сондықтан оқушыларға кәсіби бағдар беру психологиялық - педагогикалық қызмет міндеттерінің бірі болып табылады. Мектепке келген кезден бастап оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау, мамандықтармен таныстыру негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуына көмек көрсету қажет. Бұл проблеманы жан - жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым - психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В. Вундт, Мюнстерберг, А. Бине, Ф. Парсонс, Д. Сьюпер, Е. Гинцберг т. б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан: А. С. Макаренко[1], К. Д. Ушинский[2], П. П. Блонский [3], Н. К. Крупская[4], Ю. В. Большакова [5], В. И. Лебедев[6], Е. Гинцберг[7], Г. Н. Стичинский[8], В. А. Сухомлинский[9], Ю. П. Сокольников[10], В. Ф. Сахаров[11], А. П. Чернявская[12], С. Н. Чистякова, Н. Н. Захаров[13], Голомшток А. Е. [14], Р. Паженцкий[15], С. Фукуяма[16], Л. А. Йовайша[17], А. С. Гецадзе[18] т. б.

Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс - тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын жасады.

Ал Қазақстанда кәсіби бағдар мәселелерімен А. П. Сейтешов[19], Г. А. Уманов[20], Л. К. Керимов[21], Л. В. Левонов[22], Л. Х. Мажитова[23], Ж. Асқарова[24], Р. А. Озғамбаева[25], Г. Саудабаева[26], Х. Хамракулов[27], Ж. Бейсенова[28] А. С. Мауытова[29], С. Я. Батышев[30], В. В. Водзинская[31], Е. И. Смирнова[32] және т. б. айналысты.

А. Д. Сазонов, В. Д. Симоненко, B. C. Аванесов, Б. И. Бухвалов[33] еңбектерінде кәсіптік оқу, еңбек процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдарының теориялық негіздері келтірілген.

Н. Н. Захаров еңбегінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының тәжірибесі және кәсіптік бағдар жұмыстарының медико-биологиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік экономикалық аспектілері нақты көрініс табады[21, 35б. ] .

Мамандық таңдаудағы әлеуметтік негізге байланысты сұрақтар В. А. Поляковтың, Р. Г. Гуровтың, И. Н. Назимовтың, В. Н. Шубиннің, С. Н. Чистякованың, С. Н. Чистяковтың, Г. Г. Агновойдың еңбектерінде талданған.

Психологиялық-педагогикалық консультация, оқушылардың кәсіптік бағдарын, жеке тұлғаның икемділіктерін қызығулықтарын тәрбиелеу сұрақтары А. Т. Ковалев, И. Н. Назимов, Е. А. Климов, Г. Н. Шунин, С. Д. Рубинштейн, Л. Н. Капустин, С. Н. Чистяков, С. В. Аванесов, В. Д. Симоненко еңбектерінде келтіріледі.

Кәсіптік бағыттылықтың сабақта және оқытудың басқа формаларында ұйымдастырылу мәселесін В. П. Басаргин, А. В. Мордовская, Г. Ф. Вечерко еңбектерінде ашып көрсетеді.

Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр. Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты, мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.

Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса.

Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек? Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалған негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған[34] . Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сұрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады. Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.

Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық, физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамаудан, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады. Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады. Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкерлік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау керек. Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындауы - яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді. Кәсіптік бағдар - мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т. б. ) . Қазір жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.

Жолмұхан Түрікпенұлының «Кәсіптік бағдар»[35] еңбегінде кәсіптік бағдар пәнін оқу орындарында, орта мектептерде жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері, мектептің ата-аналармен және кәсіпорындармен бірлесіп атқаратын жұмыс түрлері жан-жақты баяндалған. Тәлім беру барысында шәкірттерді сынақтан өткізу, шыңдау жолдарын сөз еткен. Бірақ-та, бүгінгі күнде арнайы зерттеулер оқушылардың кәсіптік бағдарын бақылау, болжау, түзету енгізудің нақты зерттеулері жоқ екенін көрсетті. Осыдан барып қайшылықтар туындайды.

Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруді теориялық жағынан негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны: жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі

Зерттеу пәні: жоғары сыныптарда кәсіби бағдар беру.

Зерттеудің міндеттері:

- кәсіби бағдардың мәні мен мазмұны

- жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру ерекшеліктері

- оқушыларға кәсіби бағдар берудің тиімді жолдары

-жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру

Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері: ғылыми- педагогикалық еңбектерді және іс-тәжірибелерді талдау, жинақтау, әңгімелесу, бақылау, анкета т. б.

Зерттеу көздері: тақырыпқа орай философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында орта білім берудің мемлекеттік стандарты т. б. .

Зерттеу базасы: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері

1. 1 Кәсіби бағдардың мәні мен мазмұны

«Кәсіп» (лат. professio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті. Атақты ғалым академик С. Г. Струмилинаның ойы бойынша, бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т. б. [36] Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда - молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағынада түсіндіріледі[37] . Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып, белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді. Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса, онда оны мамандыққа бағдарлау дейді. Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.

Біз "кәсіби бағдар беру" мен "кәсіптік бағдар беруді" синоним ретінде қолданамыз.

Кәсіби бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде мақсатты істелетін жұмыс.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу - мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

- оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

- оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш сыныпта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю, құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экономикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр - түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т. б.

Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі - өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т. б. болып табылады.

Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Кәсіптік іріктеу - (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз - мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. [38]

А. С. Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында «үш күш одағы»- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т. б.

Еңбек пәнінің оқытушысы - еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. [39]

Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz