Климаттың өзгеруі


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Климаттың өзгеруі
- Мәңгілік үсу аймағы Сібір
- Антарктида және Арктика мұздықтары
- Гималай мұздықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. “Табиғатты бағындыру” қағидасы ұранға айналған ХХ ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдігінің іргетасын шайқалтты. Тіршілік атаулы табиғатпен үйлесімді әрекеті арқылы ғана дами алатындығын, өзі де сол Табиғат-ананың бір баласы екенін жиі естен шығаратын адамзат тойымсыз тәбетін табиғатты тұқырту тәсілімен қанағаттандыру жолына түскен еді.
Өзін “адамзат рухының құлдырау кезеңінде туғаныма өкінемін” деп санаған атақты неміс-француз ойшылы, әйгілі гуманист Альберт Швейцер “Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шаруа, еріккеннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі бұл жағдайда ол, ешқандай қажеттіліктен тумаған, табиғатқа қарсы қылмыс жасайды”, деген екен
Климаттың өзгеруі
Бүкіләлемдік климаттық конференцияда сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун “Арктикадағы жылыну үрдісі Жер шарының басқа өңірлеріне қарағанда тым жылдам белең алып барады. Осылай бара беретін болса, 2030 жылға таман ондағы мұз қалқанының мүлде жойылып кету қаупі бар. Арктикадағы бүгінгі болып жатқан өзгерістер климаттың жаһандық жылынуын жылдамдата түспек”, деп атап көрсетті.
Сөйтіп, жер бетіндегі мәңгі мұздардың күрт еруі басталды. Бүгінгі таңда біздің планетамызда атмосфера тепе-теңдігін сақтап тұрған екі алып мұздақ бар. Оның бірі Гренландияда, бұл мұз қабатының қалыңдығы 2 шақырымнан асады. Екіншісі, Антарктиканың мұз қабатының қалыңдығы 4 шақырымға жетеді. Сонымен бірге Солтүстік Мұзды мұхиттың көп жылдық мұз қабаттары 4 метр қалыңдыққа дейін қатады. Одан басқа құрлықтардағы биік таулардың мәңгі мұз құрсанған шыңдары бар. Қорыта айтқанда, жер бетінде жаһандық жылыну салдарынан күрт еритін қаупі бар мұздақтар жеткілікті. Міне, ғалымдарды ерекше алаңдатып отырған күрделі қауіп те осы мәңгі мұздақтардың күрт еруіне байланысты болғалы тұр.
Сібір
Сібірдегі метан әлемдік апатқа әкелуі мүмкін. Парнекттік эффект көптеген құрлықтарда қауіп тудыра бастады. Сібірдегі қардың жылдам еруі атмосфераға улы газдарды шығара бастады. Бұл газдар мыңдаған жылдар бойы қалын қар астында болған. 2007 жылға дейін бұл анық айтылмаған болатын. Сол кезде Халықаралық климат өзгерістерін бақылайтын комиссия, улы газдардың шығу қаупі бар екенің ескерткен болатын. Улы газдардың ішінен ерекше метанды атап көрсеткен, өйткені метан әлемдік температураның жылынуына әкеліп соқтырады. Ғалымдардың айтуынша Сібірдегі жалғыз бір өзеннің өзі 50 миллиард тонна улы газ шығарады. Ал ол атмосферадағы газдардан 10 есе асып түседі. Аймақта Ресей ғалымдарының жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына сүйенсек соңғы 5 жылда ауа температурасы 2 градусқа көтерілген.
Антарктика және Арктика
Антарктикалық мұздықтар бүкіл дние жүзі бойынша барлық мұздықтардың 90% пайызын құрайды және оның 70% тұщы су. Егер Антарктикалық мұздықтар түгел еритін болса бүкіл дүние жүзі мұхиттардың деңгейі 45-60 метрге көтерілді.
Оңтүстік полюстан үзілген 100-ден астам мұздық Жаңа Зеландияға қарай бағыт алды.
Аймақта жүзіп жатқан кемелерге ескерту жасалынды.
Мамандар мұздықтардың еруі нәтижесінде теңіз деңгейінің көтерілу шығынының 28 триллион долларға көтерілетінін білдірді.
Мұздықтардың кейбірлереулері 150 метрден асады. Үзілген үлкен мұздықтардың Жаңа Зеландияның оңтүстік жағалауларына 300 километрге дейін жақындағаны хабарланды. Жағалауларға жақындаған мұздықтарға себепті қауіпке қарсы аймақтағы кемелерге ескерту жасалынды.
Ғалымдар жаһандық ысынудың салдарынан соңғы 10 жылда полюстағы мұздықтардың еру жылдамдығының 75 пайыз артқанын білдірді.
Оңтүстік полюс аймағындағы мұздықтардың жылдам еруіне назар аударған ғалымдар 30 жылдан кейін көктем маусымдарында Антарктика төңірегіндегі мұздықтардың 80 пайыз мөлшерінде азаятынын пайымдауда.
Антарктиканың толығымен еруі теңіз деңгейін 1 метрге дейін көтереді.
Теңіздің 1 метр көтерілуінің салдарынан 190 мың текше шақырымдық бір құрлық судың астында қалатын болады.
Осындай бір жағдайда Малдивтер, Тувалу сияқты көптеген аралмен, Бангладеш және Голландия сияқты мемлекеттердің жағалау аймақтары, Амстердам, Вена немесе Лондон сияқты қалалардың су астында қалу қаупі бар.
Әлем табиғи тіршілікті қорғау қоры ерумен ортаға шығатын сел апаттарының 2050 жылы үлкен жағалау қалаларында 28 триллион доллар зиян келтіретінін пайымдауда.
Арктика
«Арктика мұзын зерттейтін жетекші маман саналатын Питер Вадхэмс климаттық өзгерістерге қарсы күресті жедел бастау керек дегенді көптен бері айтып келеді» деп хабарлайды euronews. com. Бүгін ол енді күтуге болмайтынын ескертті.
Ғалым қазір осы мәлімдемені жария етті, себебі, оның ойынша, жазғы маусымда мұз ғалымдардың есептеуіндегіден әлдеқайда көп ериді. Енді бұл есептеулер мұздықтардың толық еріп кетуіне 40-50 жыл қалғанын емес, тек қана төрт жыл қалғанын көрсетіп отыр.
Айта кетейік, осы жылдың басында ғалымдар Арктика мұздарының еруі кезінде төтенше жағдай орын алатын аумақта 800 миллион адам зардап шегуі мүмкін екенін жеткізді.
Спутниктік мәліметтерге сай, айдың аяғына қарай арктикалық мұздықтардың еруі рекордтық көрсеткіштерге жетеді.
Қар мен мұз туралы мәліметтердің Ұлттық орталығының ғалымдары теңіз арктикалық мұздығының деңгейі 2007 жылы қойылған рекордтық көрсеткіштен төмен болатынын мәлім етті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, тамыздың ортасында мұздықтың алаңы 483 000 шаршы шақырымды құрады, бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен көп төмен. «Мұздықтардың еруі жөніндегі рекорд тамыздың аяғында болады деп күтілуде», - деп мәлімдеді Ұлттық орталықтың жетекші ғалымы Тед Скамбос
Гренландия
Аумақ өлшемі 2 165 000 кв. кмОрташа мұздың қалыңдығы 2. 5 км, үстіңгісінің беткейінде 2 460 000 кубтық км. Мұз және ол еруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz