Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары, оларға қарсы шаралар



КІРІСПЕ
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Зерттеу нәтижелері
Көгершіндерден анықталған таспа құрттар
Көгершін аскаридиозы
Көгершін капилляриозы
Көгершін эймериозы
Көгершін маллофагозы
Эймериозға қарсы коккимедті сынау
Маллофагозға қарсы 5% каратэні сынау
Маллофагозға қарсы 10 % . ды фьюриді сынау
Зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТІЗІМІ:
Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың көгершінтектестер (Columbiphormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін (Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған, әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада зертханалық жануар ретінде пайдаланылады.
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап, дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] «Глистные инвазии голубей» атты еңбегінде «Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы, көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді», - деп атап көрсеткен.
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А. Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді.
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы біршама жақсы зерттелгенмен бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100 жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген. Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми жұмыс кездеспеді. Үй көгершіндерінің паразитоздары жан - жақты зерттелмеген. Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл маусымы мен құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты көгершіндердің паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып жатқан, тиімділігі жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген. Осыған байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу, оларға қарсы ғылыми негіздегі күрес шараларын жасап, тәжірибеде қолданысқа енгізу, паразитология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
1. Ахметжанов О.Н., Есімбеков Ж.М., Ысқақов М.М. Көгершіндердің ішек құрттары және эймерилері //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары «Мал шаруашылығы және ветеринария ХХІ ғасырда: бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары», Шәкәрім атындағы СМУ. – Семей, 2002. – Б.34-36.
2. Ахметжанов О.Н. Паразитофауна голубей на востоке Казахстана // Мат. междунар. научно - произ. конф. посв. 100-летию засл. деятеля науки РСФСР, док. вет. наук, проф. А. Н. Каденации «Актуальные вопросы теоретической и практической паразитологиии», ОмГАУ. - Омск, 2004. – С. 27- 29.
3. Ахметжанов О.Н., Исимбеков Ж.М. Қазақстанның шығыс аймағында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің эктопаразиттері // С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми журналы, «ПМУ Хабаршысы». - Павлодар, 2004. - № 3. – Б.9-12.
4. Ахметжанов О.Н. Көгершіндердің ассоциативтік инвазиясын емдеу //Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Ветеринариялық ғылымы және тәжірибесі - өндіріске», Ғылыми журнал «Шәкәрім атындағы СМУ Хабаршысы». - Семей, 2004. - № 4. – Б.177-179.
5. Искаков М.М., Есенгулова Н.Ж., Ахметжанов О.Н. Современное состояние изученности эймериозов сельскохозяйствнных животных и птиц на востоке Казахстана //Мат. междунар. научно - практ. конф. посв. 100 – летию КазНИВИ «Современное состояние и актуальные проблемы развития ветеринарной науки и практики», КазНИВИ. – Алматы, 2005. – С. 62-64.
6. Ахметжанов О.Н. Тауықтар мен үй көгершіндерінің маллофагозын емдеуге каратэ және фьюри дәрілерін қолдану //Ғылыми журнал «Шәкәрім атындағы СМУ Хабаршысы». - Семей. 2005. - № 3. – Б.181-184.
7. Ахметжанов О.Н., Искаков М.М. Профилактика и лечение эймериоза голубей //Мат. междунар. научно - практ. конф. «Аграрная наука – сельскому хозяйству», МСХ РФ Алтайский государственный аграрный университет. - Барнаул, 2006. – С. 327-329.
8. ҚР алдын ала пат. 17045. Көгершін эймериозын емдеу және алдын алу әдісі /Ахметжанов О.Н., Искаков М.М. жариял. 15.03.2006, Бюл. № 3. – 3 б.
9. ҚР алдын ала пат. 17332. Көгершін аскаридиозы мен капилляриозын емдеу және алдын алу әдісі /Ахметжанов О.Н., Искаков М.М., Исимбеков Ж.М. жариял. 15.05.2006, Бюл. № 5. – 3 б.
10. Ахметжанов О.Н. Қөгершін дерманиссиозына қарсы каратэ дәрісін қолдану //Ғылыми журнал «Шәкәрім атындағы СМУ Хабаршысы». - Семей, 2006. - № 3. – Б. 171-176.
11. Ахметжанов. О.Н. «Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын анықтау, емдеу және оларға қарсы шаралар жөніндегі ұсыныстар», ҚР АШМ Семей аумақтық басқармасының ветеринария бөлімінің отырысында қаралып, бекітілген. – Семей, 2006. – 12 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 619:576.69;636 Қолжазба
құқығында

АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы
шаралар

03.00.19 – паразитология

Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ветеринариялық медицина кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Биология ғылымдарының докторы,
профессор
Исимбеков Ж.М.

Ресми оппоненттері:

Жетекші ғылыми мекеме:

Қорғау ______ 2007 жылы сағат -
да Ветеринария ғылыми – зерттеу институты ЕМК мәжіліс залында,
Д 55.40.01 диссертациялық кеңестің отырысында өтеді.

Институт мекен – жайы: 050016, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 223-
ші үй.

Диссертациямен Ветеринария ғылыми – зерттеу институты ЕМК
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылы айының ____ жұлдызында
таратылды.

Диссертациялык кеңестің

ғалым хатшысы, биология

ғылымдарының докторы
Барамова Ш.А.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың
көгершінтектестер (Columbiphormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін
(Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға
үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй
көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып
өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше
ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат
тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп
шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың
теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен
Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы
диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған,
әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда
көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада
зертханалық жануар ретінде пайдаланылады.
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның
ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап,
дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды
қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] Глистные инвазии голубей атты
еңбегінде Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы,
көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі
болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және
ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді, - деп
атап көрсеткен.
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін
гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А.
Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді.
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған
паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары
қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты
ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем
көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы
біршама жақсы зерттелгенмен бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100
жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары
арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми
басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның
оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің
эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген.
Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай
зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй
көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан
аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми
жұмыс кездеспеді. Үй көгершіндерінің паразитоздары жан - жақты
зерттелмеген. Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл
маусымы мен құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты
көгершіндердің паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып
жатқан, тиімділігі жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген. Осыған
байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу,
оларға қарсы ғылыми негіздегі күрес шараларын жасап, тәжірибеде қолданысқа
енгізу, паразитология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2001-2005-ші
жылдарға арналған ғылми зерттеулер бағдарламасы аясында, бастамашыл негізде
орындалған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Қазақстанның шығысындағы
көгершіндердің паразитоздарын зерттеп, оларға қарсы күрес шараларын ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:

1. Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу;
2. Көгершіндердің паразитоздарына қарсы дәрілерді сынау;
3. Көгершіндердің паразитоздарына қарсы шараларды жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде:

-Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
ішкі және сыртқы паразититерінің түр құрамы, олар туғызатын паразитоздар
анықталды;
-Көгершіндердің паразитоздарына қарсы дәрілер сыналып, тиімділіктері
анықталды және қолдану әдістері ұсынылды;
-Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2-і алдын ала патенті алынды және 2
өнертабысқа алдын ала патент беру жөніндегі сұраныс тіркеуден өтіп,
сараптама жасалуда;
-Көгершіндерінің паразитоздарына қарсы шаралар жүйесі жасалып,
ветеринариялық тәжірибеде қолдануға ұсынылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы мен қолданысқа енгізілуі Қазақстанның
шығысындағы көгершіндер арасында таралған паразитоздарды анықтап, зерттеу
нәтижелерін паразитоздарға қарсы шараларды жоспарлағанда және жүргізгенде
ескерудің тәжірибелік маңызы зор.

Зерттеу нәтижелері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ветеринариялық медицина және ветеринариялық санитария мамандықтары бойынша
оқитын студенттердің оқу үрдісіне енгізіліп, курстық, дипломдық жұмыстарды
орындағанда қолданылуда.
Көгершіндердің паразитоздарына қарсы сыналған дәрілер Семей
қаласындағы Айда, Владимиров ветеринариялық клиникаларында күнделікті
тәжірибеде ұй көгеншіндерінің паразитоздарын емдегенде және алдын алғанда
қолданылуда.
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын анықтау, емдеу
және оларға қарсы шаралар туралы ұсыныс дайындалып, Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық аумақтық
басқармасының ветеринариялық қадағалау бөлімінің отырысында қаралып,
мақұлданып, көбейтіліп, тәжірибеде пайдалануға ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

1 Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің арасында таралған
паразитоздар және олардың кейбір ерекшеліктері;

2 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы қолдануға ұсынылатын дәрілер
және олардың тиімділігі;
3 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы шаралар.
Жұмыстың сыннан өтуі Жұмыс нәтижелері Мал шаруашылығы және
ветеринария ХХІ ғасырда: бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2002); Ресей
Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ветеринария ғылымдарының
докторы, профессор А.Н. Каденациидің 100-жылдығына арналған
Паразитологияның теориялық және өндірістік келелі мәселелері Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Омск, 2004); Ветеринария ғылымы мен
тәжірибесі-өндіріске Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Семей, 2004); ҚазҒЗВИ-ның 100-жылдығына арналған Ветеринариялық ғылым мен
тәжірибенің қазіргі жағдайы және маңызды проблемалары Халықаралық ғылыми
тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005); Аграрлық ғылым-ауыл
шаруашылығына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Барнаул,
2006); баяндалып, талқыланды.
Зерттеу жұмысының жариялануы Диссертацияның негізгі мәселелері бойынша
11 ғылыми еңбек жарық көрді, соның ішінде 2 алдын ала патент, 1 зерттеу
нәтижелерін тәжірибеде қолданысқа енгізу жөніндегі ұсыныс бар.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы Диссертация компьютермен 115 бетке
терілген. Ол мазмұны, мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен
қысқартулар, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Диссертациялық жұмыс 6 кестемен, 3 фотосуретпен, 9 суретпен, 14
микрофотосуретпен безендірілген. Әртүрлі 8 қосымша құжаттармен
толықтырылған. Пайдаланылған әдебиеттер 145 басылымнан тұрады.

ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

Зерттеудің негізгі бағыты
Қазақстанда көгершіндерің паразитоздары жан - жақты зерттелмеген.
Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл маусымы мен
құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты көгершіндердің
паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып жатқан, тиімділігі
жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген.
Осыған байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің
паразитоздарын зерттеу, оларға қарсы дәрілерді сынап, тиімділіктерін
анықтау, қолдану тәсілдерін ұсыну, ғылыми негіздегі күрес шараларын жасау
және тәжірибеде қолданысқа енгізу, паразитология ғылымының негізгі зерттеу
бағыты мен өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеу материалдары мен әдістері
Зерттеу жұмыстары 2002 - 2006 жылдары Шәкәрім атындағы Семей
Мемлекеттік университетінің ветеринариялық медицина кафедрасының
паразитология лабораториясында жүргізілді. Семей, Өскемен қалалары мен
оларға жақын орналасқан елді-мекендерде (Озерка,Приречный, Күршім,
Бородулиха) мекендейтін жабайы көк көгершіндер және осы қалалар мен
елді мекендерде тұратын әуесқой көгершін өсірушілер ұстайтын үй
көгершіндері зерттелді. Зерттеу материалдары көгершін қоралары мен
ұяларынан алынды. Жабайы көк көгершіндерді ұстау үшін арнайы торлар
пайдалынады. Зертханалық сынақтар қойғанда көгершіндер ветеринариялық
клиникада арнайы дайындалған орындарда оқшау ұсталынды.
Көгершіндерді ішкі-сыртқы паразиттеріне зерттегенде М.Н. Дубининаның
[1971] арнайы әдістемесі басшылыққа алынды. Қабылданған әдістемелерге сай
эпизоотологиялық, клиникалық және арнайы зерттеу әдістері қолданылды.
Көгершіндердің гельминттермен және эймериялармен залалдануы, ИИ-гі мен ИЭ-
нің құс жасына, жыл маусымына байланысты өзгеруі гельминтоовоскопиялық
әдістермен, оның ішінде негізінен Дарлинг әдісімен анықталды. Сонымен бірге
ішін ара Фюллеборн және Шербович әдістері де пайдаланылды. Осы әдістермен
барлығы 2055, ның ішінде 520 жабайы көк көгершіндердің, 1535 үй
көгершіндерінің нәжіс сынамалары зерттелді. Өлген көгершіндердің өлекселері
К.И.Скрябиннің [1928] гельминтологиялық толық жарып тексеру әдісімен
сойылды және әр мүшесі жеке-жеке біртіндеп шаю әдісімен зерттеліп, олардан
гельминттер бөлініп алынды. Барлығы 52 жабайы, 37 үй көгершіні осы әдіспен
зерттелді. Жиналған гельминттердің түрлерін анықтағанда К.И. Скрябиннің
[1932], В.А.Потемкин мен Н.В.Демидовтың [1956], Е.М.Матевосян мен
С.О.Мовесянның [1977], К.И.Скрябин мен А.Н.Петровтың [1964] анықтағыштары
мен зерттеу нәтижелері пайдаланылды.
Эймериялардың түрлерін анықтағанда С.К.Сванбаев [1979], O.Nieschulz
[1935] зерттеу нәтижелері бойынша берген сипаттамалар пайдаланылды.
57 жабайы және 265 үй көгершіні қауырсын-мамық жегіштерге зерттелді.
Жәндіктер көгершін денесінен пинцетпен жиналды. Қауырсын-мамық жегіштердің
түрлерін анықтағанда Д.И. Благовещенскийдің [1940,1959] анықтағыш кестесі
пайдаланылды.
Көгершін қоралар мен ұялардан кенелерді жинау үшін қора
саңылауларындағы, ұядағы қоқыс, шөп, мамық шыны немесе полиэтилен ыдысқа
жиналып алынды. Аузы тығыз жабылып, 24 сағат зертханада ұсталды. Ыдыс
мойнына жиналған кенелер зерттеулерге пайдаланылды. D. gallinae кенесі аса
жылдам қозғалғыш, сондықтан тірі кенелерді жинау үшін арнайы әдіс
қолдандық. Бұл әдісте кенелердің қозғалу қабілетін тежеу үшін ыдыс
кенесімен қоса 30 минутқа тоңазытқыштың мұздатқышына қойылды. Содан кейін
қозғалуы тежелген кенелер басқа полиэтилен ыдысқа жиналып алынып, аузы
жабылды. Ауа ену үшін ыдыс қақпағынан кене шыға алмайтындай бірнеше тесік
тесілді.
Зертханалық зерттеуге жансыздандырылған кенелер пайдаланылғанда кенесі
бар ыдыс жеке столға қойылып, қақпағы ашылып, 0,02 %-ды каратэ немесе 0,04
%-ды фьюри дәрілерінің бірінің ертіндісі шашылды. 1-2 минуттан соң толық
жансызданған кенелер пинцетпен жиналып алынды. 2003-2005-ші жылдары әр жылы
10 жабайы көк көгершін ұясы және 10 үй көгершіндерінің қоралары белгіленіп,
ай сайын кенеге тексеріліп отырылды. Сөйтіп барлығы 30 жабайы көк
көгершіндердің ұялары, 30 үй көгершіндерінің қоралары мен ұялары зерттелді.

Кенелердің түр құрамын анықтағанда В.Н.Сенотрусованың [1987] анықтағыш
кестесі мен Н.Г.Брегетованың [1956] монографиясы пайдаланылды.
Көгершіндерден жиналған гельминттер, қауырсын-мамық жегіштер, кенелер
70°С спирте сақталды. Паразиттердің түрлерін анықтау үшін олардан уақытша
және тұрақты препараттар жасалды. Уақытша препараттар жасағанда 70°С
спирттен алынған паразит дистилденген суда 30 минут жуылып, зат шыныға
қойылып, үстіне глицерин мен сүт қышқылының тең қоспасы тамызылып, жапқыш
шынымен жабылды. Объекті түссізденген соң (24-36 сағат) микроскоп астында
зерттеледі. Әр түрлі паразиттерден зерттеуге тұрақты препараттар жасағанда
төмендегі белгілі әдістер пайдаланылды:
-жұмыр және таспа құрттар 70°С спирттен алынып, дистилденген суда 30
минутқа ұсталып жуылған соң, глицерин мен сүтқышқылының тең қоспасында
түссіздендірілді. Түссізденген құрттан зерттеуге тұрақты препараттар
жасағанда гельминттер алдын ала канада бальзамы немесе глицерин-желатин
салынған зат шыныға қойылып, үстінен екінші зат шынымен жабылды,
- кенелер мен қауырсын-мамық жегіштер 70° спирттен алынған соң
кезектестіріле 80°-96° және абсолютті спирттерде 1 сағаттан ұсталды.
Канадалық бальзам салынған зат шыныға қойылып, үсті жабын шынымен жабылды.
Паразиттерді зерттеу үшін биологиялық микроскоп “Биолам Р6”,
биологиялық стереоскопиялық микроскоп МБС-1, бинокулярлы үлкейткіш әйнек
қолданылды.
Биометриялық өлшеулер бұрандалы окулярлық микрометрмен (МОВ-1 – 15х)
жасалды. Зерттеу барысында зерттеу объектілерін микрофотосуретке түсіруге
МФН-12У4.2 микрофото қондырмасы пайдаланылды.
Барлығы жұмыр құрттардан 22 уақытша, 6 тұрақты препарат, таспа
құрттардан 4 уақытша, 4 тұрақты препарат, кенелерден 17 уақытша, 7 тұрақты
препарат, қаурсын-мамық жегіштерден 14 уақытша, 6 тұрақты препарат
дайындалып, биометриялық өлшеулер жасалып, микрофотосуретке түсіру
жүргізілді. Көгершін паразитоздарына қарсы дәрілер табиғи жағдайда
паразиттермен залалданған көгершіндерге сыналды. Дәрілердің
экстенстиімділігі (ЭТ) мен интенстиімділігі (ИТ) гелминтоовоскопиялық,
клиникалық зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды. Сынақ нәтижелері Семей
қаласындағы әуесқой көгершін өсірушілердің паразитоздарға шалдыққан үй
көгершіндерін емдеуге және оларға қарсы шараларды жүргізгенде тәжірибе
жүзінде қолданысқа енгізілді.
Зерттеу барысында алынған сандық деректер статистикалық өңделіп,
орташа арифметикалық нақтылық Стьюденттің кестесі бойынша анықталды.

Зерттеу нәтижелері

Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері
Қазақстанның шығысында көп мекендейтін жабайы көк көгершіндер- Columba
livia. Олар көгершінтектестердің Columbidae тұқымына жататын отырақшы және
синантропты құстар.
Қазақстанның шығысындағы елді-мекендерде, әсіресе, Семей, Өскемен
қалаларында көптеген әуесқой көгершін өсірушілер тұрады. Олар көбіне сәндік
қолтұқымдарға жататын, түрлі-түсті, бітімді, биік және ұзақ ұшатын, қанатын
қамшылайтын т.б. үй көгершіндерін өсірумен айналысады. Өскемендік В.Э.Гопп,
ТМД-ға, Қазақстанға белгілі көгершін өсіруші болса, Семейліктер
Н.Овсянниковпен В. Барановтың қызыл шәлілі қолтұқымды көгершіндері
Москвада [1980], Тьюменде [2005] өткен көгершін көрмелерінің жеңімпаздары.

Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері
Зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және
үй көгершіндерінен анықталған паразиттердің түр құрамы 1-ші кестеде
берілген.

Көгершіндерден анықталған таспа құрттар
Таспа құрттар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек
кездесті. Зерттелген үй көгершіндерінен таспа құрттар анықталмады. Оның
себебі таспа құртардың аралық ие арқылы дамитын биогельминттер болуымен
түсіндіріледі. Үй көгершіндерінің ұсталу және азықтандырылу ерекшеліктері
олардың таспа құрттармен залалдануына тосқауыл болатынын көреміз.
Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi Европа, Азия, Африка
және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында
таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй
көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін
жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт
биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-
деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк
көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы
көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп
ИИ - гі 1 – ге тең болса, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады.
Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia
sphenocephala Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған.
Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер
кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден
алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9
- ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ-гі 13,4%-ды құрайды. ИИ-гі бір
көгершінде 2-7 паразитке тең болды.

Көгершін аскаридиозы
Аскаридиоз - Қазақстанның шығысында көгершіндер арасында ең кең
таралған гельминтоз екені анықталды. Оның қоздырғышы Ascaridia columbae.
К.И. Скрябин 1905-1911 жылдары Қазақстанның оңтүстік өңірінде
мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықтаған. Қазақстанның
шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен бірінші рет анықталып
отыр.
2 – ші кестеде инвазия көрсеткіштерінің жыл маусымына байланысты
өзгеру динамикасы берілген. ИЭ-гі мен ИИ-гі маусым, шілде, тамыз, яғни жаз
айларында ең жоғары деңгейде болады. Үй көгершіндерінде ИЭ-гі 85±7,8%- ға,
ИИ-гі 6,4±1,56 аскаридиа жұмыртқасына тең. Жабайы көгершіндерде бұл
көрсеткіштер төмен, ИЭ-гі 41,8±6,2%-ға, ИИ-гі 2,7±0,42 аскаридиа
жұмыртқасынан аспайды. Аскаридиалармен залалданып өлген көгершіндердің
өлекселерін сойып тексергенде аскаридиалар негізінен олардың аш ішегінің
алғашқы бөлігін мекендейтіні анықталды. Тек жекелеген аскаридиалар аш
ішектің ортаңғы бөлгінен бөліп алында. ИИ-гі үй көгершіндерінде 1-38
аскаридиа болса, жабайы көгершіндерде ИИ-гі 1-3 аскаридиадан аспады.
Көгершіндердің аскаридиалармен залалдану көрсеткіштерінің құс жасына
байланысты өзгеруін анықтау үшін жүргізілген зерттеулер аскаридиа
жұмыртқалары алғаш жасы 2 айға толған көгершіндердің нәжісімен бөліне
бастайтынын көрсетті. Бұл маусым айының ортасына сәйкес келеді. Шілде

айында көгершіндер 3 айға толғанда ИЭ - гі жоғарғы деңгейге көтеріліп, ол
қаңтар айының аяғына, көгершіндер 9 айлық жасқа толғанша сақталады. Бұл
кезде ИЭ - гі 90,9±8,9 – 90,3±8,7 %, ИИ – гі 3,1±0,3 – 9,6±1,6 аскаридиа
жұмыртқасы аралығында болды.
Көгершіндердің нәжіс сынамаларын гельминтоовоскопиялық әдіспен
зерттегенде ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 7-16 аскарида жұмыртқасы
аралығында болғанда көгершіндерде аскаридиоз жіті өтті және негізгі
клиникалық белгілері байқалды.
ИИ-гі 1-6 аскаридиа жұмыртқасына дейін болса, көгершін аскаридиозының
ағымы созылмалы болады.
Аскаридиозды дер кезінде анықтап, жедел және арнайы ем қолданбаса,
әсіресе үй көгершіндері көп өлім-жітімге ұшырайды.

Көгершін капилляриозы
Қазақстанның шығысында жабайы және үй көгершіңдерінің жиі кездесетін
гельминтоздарының бірі-капилляриоз. Оның қоздырушысы- Capillaria columbae
жұмыр құрты.
3 –ші кестеден ИЭ-гі мен ИИ-гі жыл маусымына байланысты өзгеріп
отыратыны көрінеді. Бұл көрсеткіштер жазда ең жоғарғы деңгейде. Үй
көгершіндерінде 75,1±8,5%-ға, ИИ-гі 3,5±0,51 капиллярия жұмыртқасына, ал
жабайы көгершіндерде ИЭ-гі 31,4±5,1 %-ға, ИИ-гі 2,2±0,3 капиллярия
жұмыртқасына тең.
Көгершіндердің өлексесін сойып тексергенде капиллярилер олардың аш
ішегінің ортаңғы бөлігін мекендейтіні анықталды. Бір көгершінде ИИ - гі 1 -
17 капиллярия аралығында болды.
Үй көгершіндерінің балапандарының нәжісімен капиллярия жұмыртқалары
алғаш олар 2 айлық жасқа толғанда бөліне бастайды. ИЭ-гі мен ИИ-гі шілде,
тамыз, қыркүйек айларында, 3-5 айлық жастағы жас көгершіндерде ең жоғары
деңгейде, ИЭ-гі 67,2±8,8–75,3±10,9%, ИИ–гі 3,5±0,51 -4,1±0,7 капиллярия
жұмыртқасы аралығында болатынын анықталды. Күз, қыс және көктем айларында
ИЭ-гі мен ИИ-гі төмен.

Көгершін эймериозы
Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның шығысында көгершіндердің эймериозы
кең таралғанын көрсетті. Жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерін
зерттегенде олардан эймериялардың екі түрі анықталды. Негізгі түрі –
Eimeria labbeana.
Зерттеу нәтижесінде E. labbeana-ның сыртқы ортада қолайлы жағдай
болғанда споруляция уақыты 48 сағатқа тең екені және эймериялар аш ішектің
соңғы 13 бөлігін мекендейтіні анықталды.
Көгершіндерді зерттегенде анықталған эймериялардың екінші түрі әлі толық
зерттеуді қажет етеді. Ұшырасу жиілігі бойынша E. labbeana түрімен ара
қатынасы 110 тең. Көгершіндерде сирек ұшырасатын эймериялардың бұл түрінің
пішіні сопақша. Эймериялардың екінші түрінің Қазақстан аумағында
мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен анықталғаны туралы ғылыми
әдебиттерде деректер кездескен жоқ. Сондықтан бұл түрді толық
анықталмаған, яғни Eimeria spezii – деп атауды жөн көрдік.
4 – ші кестеде берілгендей, көгершіндердің эймериялармен залалдануының
ИЭ - гі мен ИИ - гі жыл маусымына байланысты өзгерін отырады.
Жүргізілген овоскопиялық зерттеулер көрсеткендей, көгершіндердің
эймериялармен залалдануы жаз айларында ең жоғары деңгейде болып, үй
көгершіндерінде ИЭ - гі 98,7±13 % - ға, ИИ - гі микроскоптың бір көру
алаңында 26±4,7 ооцистаға жетеді. Жабайы көк көгершіндерде бұл көрсеткіштер
төмен, ИЭ - гі 31,4±4,6 % - ға, ал ИИ - гі 9,5±1,3 ооцистаға тең.
Зерттеу нәтижелерінде эймерия ооцисталары алғаш жасы 1 айға толған
көгершін балапандарының нәжісімен бөліне бастайтыны анықталды. ИЭ - гі мен
ИИ - гі 2 - 4 айлық жастағы жас көгершіндерде ең жоғары деңгейде, ИЭ - гі
98± 10,6 – 99,1±10,8 % - ға, ИИ - гі 24,5±3,8 – 25,3±4,1 эймерия
ооцистасына тең және ол жаз айларына сәйкес келеді. Көгершіндердің жасы
өскен сайын ИЭ - гі мен ИИ - гі біртіндеп төмендейді.
Жабайы көк көгершіндер мен сақа үй көгершіндерінде ИИ – гі көбіне 1-50
ооцистадан аспайды. Оларда эймериоздың клиникалық белгілері байқалмайды,
ауру жасырын өтеді, бірақ олар ауру қоздырушысын таратады. Ауырудың ағымы
созылмалы.
Жаз айларында 2-3 айлық жастағы үй көгершіндерінде ИИ - гі 50-200
ооцистаға жетуі жиі кездеседі. Оларда эймериоздың айқын клиникалық
белгілері байқалмаса да, қоңдары төмендеп, салмақтары кемиді.
Жекелеген жас көгершіндерде ИИ - гі 200 - 350 ооцистаға жетіп, олар
эймериоздың жітілеу түрімен ауыры. Арнайы ем жасамаса ауру асқынады.
Ауру асқынғанда, ИИ - гі 900-950 ооцистаға жетіп, оларда эймериоздың жіті
түрінің клиникалық белгілері анық байқалады.. Олар 3-5 күн ішінде өледі

Көгершіндердің сыртқы паразиті-Dermanyssus gallinae кенесі
Қазақстанның шығысында жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінің
ұяларында Dermanyssus gallinae кенесі паразиттік тіршілік ететіні
анықталды. Ол көгершіндердің қан сорғыш сыртқы паразиті
Кене алғаш үй көгершіндері ұяларынан сәуір айының ортасында
анықталды, ал жабайы көк көгершіндердің ұяларынан тек мамыр айының басында
анықталды. 5 –ші кесте деректерінен көрінетіндей, жаз айларында ИЭ - гі ең
жоғарғы деңгейге көтеріліп, үй көгершіндерінде 70±8 % – ды. ал жабайы көк
көгершіндерде 20±2,3 % – ды құрайды. Кенелер жабайы көк көгершіндерге
шабуылын қыркүйек айының аяғында тоқтатса, үй көгершіндеріне шабулын қазан
айының ортасына дейін жалғастыратыны анықталды.
Зерттеулер Қазақстанның шығысында Dermanyssuis gallinae кенесі
көгершін ұяларын жайлап, әсіресе жаз айларында аса көбейіп, 1 айға дейінгі
жастағы, ұша алмайтын, үнемі ұяда отыратын жас балапандарға зор зиянын
тигізетінін көрсетті.
ИИ - гі маусым, шілде және тамыз (жаз) айларында ең жоғарғы деңгейге
жетіп, түнде 17,5±1,9 – 75±6,5 кенеге, ал күндіз 10,5±1,2 – 31,5±4,1 кенегі
тең болды. Кененің негізгі көгершіндерге шабуыл жасайтын уақыты түн.
Дегенмен, аш кенелер қара - көлеңке жерде орналасқан ұядағы қауырсыны
толық жетілмеген, ұша алмайтын, үнемі ұяда отыратын жас балапандарға
күндіз де жабылып, қан сора береді. Кенелер аса көбейгенде олардың
шаққанына шыдай алмаған көгершіндер қатты мазасызданып, жұмыртқасын баспай,
балапандарын азықтандырмай тастап кетулері өте жиі кездеседі. Кене жайлаған
көгершін ұясындағы жас балапандар кенелердің тәулік бойы шағуынан,
олардың уынан және қаны өте азайып, анемияға ұшырап, жиі өледі.

Көгершін маллофагозы
Қазақстанда көгершіндердің маллофагозын туғызатын қауырсын-мамық
жегіштерді зерттеу және оның нәтижелері туралы ғылыми деректер
кездестірмедік. Қазақстанның шығыс аймағында мекендейтін жабайы көк
көгершіндер мен үй көгершіндеріне жүргізген зерттеулерде олардан қауырсын-
мамық жегіштердің (Mallophaga) 2 түрі анықталды. Олар: Columbicola
columbae және Goniocotes bidentatus. Бұл анықталған екі түр де қауырсын
жегіштер (Philopteridae) тұқымдасына жатады.
Зерттеуде бұл қауырсын жегіштер көгершін денесінің әр түрлі аймағын
мекендейтіні белгілі болды. Columbicola columbae қанат астындағы екінші
реттегі желпуіш қауырсындардың арасын мекендесе, Goniocotes bidentatus –
көгершіндердің басындағы, мойнындағы және арқасындағы қауырсындары арасынан
жиі анықталды.
6 – шы кестеде берілгендей, көгершіндердің жыл маусымдарына байланысты
қауырсын-мамық жегіштермен залалдануының ИЭ - гі мен ИИ – гі жыл
маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. ИЭ - гі мен ИИ - гі көктемде ең
жоғары деңгейге көтеріліп, үй көгершіндерінде ИЭ - гі 80±9,7 % - ды, ИИ -
гі 1 көгершінде 43,6±5,1 қауырсын-мамық жегішке жетеді. Ал жабайы көк

көгершіндерде бұл көрсеткіштер төмен, ИЭ - гі 55±6,8 % - ға, ИИ - гі
26,5±3,5 қауырсын-мамық жегішке тең.
Қауырсын жегіштер үй көгершіндерінің балапандарының денесінен олардың
жасы 2 айға толып, қауырсындары жетілген кезде алғаш анықталды ИЭ - гі мен
ИИ - гі көгершін балапандарының жасы өскен сайын біртіндеп жоғарлай отырып,
қыс – көктем айларында ең жоғары деңгейге жетеді. Зерттеуде 9 – 11 айлық
жас көгершіндерде қыс –көктем айларында ИЭ – гі 90±8,3 – 90±9,0 % – ға, ИИ
– гі 37±4,1 – 45±4,8 қауырсын жегіш аралығында болды. Көгершіндердің жасы
11-12 айға толғанда, яғни наурыз - сәуір айларынан бастап ИЭ - гі мен ИИ -
гі біртіндеп төмендейді. Оның басты себебі көктемде күннің жылынуына
байланысты көгершіндер көп ұшып, таза ауада болады және суға шомыла
бастайды.
Көгершіндердің денесінде қауырсын жегіштер 140 және одан да
көбейгенде маллофагоздың клиникалық белгілері байқалды. ИИ - гі төмен болса
маллофагоздың клиникалық белгілері байқалмайды. Ауру жасырын өтеді

Көгершіндердің паразитоздарына қарсы тиімді дәрілерді іздестіру және
сынау

Аскаридиоз бен капилляриозға қарсы 0,2 % - ды универмді сынау
Көгершіндердің аскаридиозы мен капилляриозына қарсы 0,2 %-ды универм
дәрісі сыналды.
Сынаққа пайдаланылған көгершіндердің аскаридиалар мен залалдануының ИЭ-
гі – 100 % - ға, ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 1 - 8 аскаридиа
жұмыртқасына, ал капилляриялармен залалдануының ИЭ - гі 100 % - ға, ИИ - гі
микроскоптың бір көру алаңында 1 - 3 капиллярия жұмыртқасына тең болды (ок-
7, обь-8).
Сынақ нәтижесінде көгершіндердің аскаридиозы мен капилляриозына қарсы
0,2 % - ды универмді көгершіндердің 1 кг тірі салмағына 0,6 г-нан есептеп
(1 көгершінге 0,18 г). қолданудың ЭТ - гі мен ИТ - гі 100 % - ға тең екені
анықталды.

Эймериозға қарсы коккимедті сынау
Коккимед табиғи жағдайда эймериялармен залалданған үй көгершіндеріне
сыналды. Сынақ топтары мен бақылау тобында 10 көгершіннен болды және олар
бірдей жағдайда ұсталып, бірдей азықпен азықтандырылды. Сынаққа
пайдаланылған көгершіндердің эймериялармен залалдануының ИЭ - гі 100 % -
ға, ал ИИ - гі микроскоптың бір көру алаңында 1 - 120 ооцистаға тең болды.
(ок-7, объ-8)
Коккимед көгершіндерге сынақтың басында 3 күн қатар беріліп, 10 күн
үзілістен соң тағы 3 күн қайталап қолданылды.
Сынақ қорытындысында коккимедті көгершін эймериозына қарсы 1 кг тірі
салмаққа 0,2 г есептеп, суға езіп жеке-жеке ішкізудің және суға, жемге
араластырып топтап қолданудың экстенстиімділігі мен интенстиімділігі 100 %
- ға тең екені анықталды.
Маллофагозға қарсы 5% каратэні сынау
5 % - ды каратэ дәрісін сынауды 2005 - ші жылы наурыз-сәуір айларында
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ветеринариялық
клиникасында, табиғи жағдайда қауырсын-мамық жегіштермен залалданған үй
көгершіндеріне жүргіздік. Ол үшін әр қайсысы 10 көгершіннен тұратын сынақ
топтары және бақылау тобы пайдаланылады. Сынақтағы көгершіндерде ИЭ -
гі 100 %, ал ИИ - гі бір көгершін денесінде 15 - 60 қауырсын-мамық жегішке
тең болды. Мұнымен қоса көгершіндердің қауырсындарына салынған қауырсын-
мамық жегіштердің жұмыртқалары анықталады.
Сынақ нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Ахметжанов Оралғазы Нұранбасұлы Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Қой негізінен жайылым малы
Көгершіндердің құрттары және олардың таралуы
Құстарды кнемидокаптозға тексеру және алдын алу
Шошқа балантидиозы
ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
Құс пуллорозымен ауырған балапандар
Құс сальмонеллезі
Пәндер