Қазақ тіл білімінің кеңес дәуірінде зерттелуіне шолу


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тіл білімініц Кеңес дәуірінде зерттелуіне шолу

Кеңес дәуірінде Қазақстан тоталитарлық тәртіп жағдайында өмір сүргенімен, онда ұлт мәдениетін, ғылым мен өнерді дамытуға, оқу-ағарту, баспасөз жүйелерін кеңейтуге, ұлттық жазбаны жүйеге келтіріп, әдеби тідді қалыптастыруға объективті мүмкіншіліктер туды. Қазақ тіл білімінің жан-жақты зерттеліп, дербес ғылым саласына айналуы осы Кеңес дәуірімен деңгейлес келеді.

Бірақ Кеңес өкіметі жылдарындағы қазақ тіл білімінің зерттелу дәрежесі іштей біркелкі емес. Сол себепті оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі туады.

1920 жылдардағы қазақ тіл білімі. Қазан революциясына дейін мектептерде қазақ тілі оқытылмағаны белгілі. Халық арасында сауатсыздық басым болды. Осындай жағдайда ашылған мектеп, техникум және басқа оқу орыңдары үшін оқулық, оқу құралдарын жасау, жазу жүйесін ретке келтіру, терминдерді қалыптастыру мақсатындағы алғашқы шараларды жүзеге асыру - 1920 жылдардағы казақ тіл білімінің ең басты міндеті болды. Бұл міндетті жүзеге асыруда қазақтың ұлттық тіл білімінің негізін қалаушы А. Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екені бұдан бұрын айтылды. Ол ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңына икемдеп, оның емлесін жасады. Мектепке арнап жазған оқулықтары мен оқу құралдарында қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының терминін жасады.

Жаппай сауат ашуға қажетті әліппе, шағын анықтама, грамматикалық, әдістемелік құралдар, сөздіктер жасауға, тіл мәселелерін зерттеуге Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Жүсіпбек Аймауытов, Қошке Кемеңгеров, Әбдірахман Байдилдин, Нәзір Төреқұлов т. б. қазақ зиялылары ат салысып отырды.

1926 ж. Бакуде латын жазуына көшу туралы шешім қабылдаған Бүкілодақтық түркологиялық І съезд өткізілді. Осыған байланысты республикада латын графикасына негізделген жазуға көшу мәселесі көтерілді. Латын жазуына көшудің ең басты дәлелі ретінде араб жазуының дыбыс жүйесіне сәйкес келмейтіндігі, Еуропа мәдениетіне жақындасу мақсатында түркі халықтарының бүкіл одақ көлемінде латынға көшу талабы өрістеп отырғаны көрсетілді. Ал А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеп реформалауы - заман талабына сай келмейтін жазуды жамап-жасқау, прогреске қарсы керітартпа әрекет деп бағаланып, оның ақыры идеологиялық қарама-карсылық тартысына айналып кетті.

Латынға көшу туралы шешім 1924 жылы қабылданганымен, Қазақ өкіметінің «Қазақ жаңа емлесі туралы декреті» тек 1929 жылы ғана жариялаңды. Бұл жазуды халық 1940 жылы орыс графикасына көшкенге дейін пайдаланды.

Сөйтіп, 20-жылдар, академик I. Кеңесбаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ тіл білімі дамуының болашағын дайындаған, сонымен бірге ана тіліндегі ағарту ісін шын мәнінде дүниеге әкелген жылдар. Олай болатыны -халықтың сауатсыздығын жою, ұлттық терминологияны жасау, оқулықтар шығару, мемлекеттік істі ана тілінде жүргізу сияқты шараларды жүзеге асырудағы алғашқы адым осы жылдарда басталды».

1930 жылдардағы тіл білімінің дамуына 1933 ж. құрылған Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу инсттуты, 1936 ж. құрылған КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалы, 1928 ж. ашылған Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институы (қазір Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) сияқты мекемелер мен жоғары оқу орындарының зор мәні болды.

1930 жылдарда қазақ тілінің ғылыми тұрғыда зерттеле бас-тауы қазақ тіл білімінің көрнекті екілі профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) есімімен байланысты.

Оның қаламынан туған «Қазақ сөйлеміңдегі сөздердің орьш тәртібі тарихынан», «Көмекші етістіктер», «Абай - қазақ әдебиетінің классигі», сонымен бірге қазақ тілі фонетикасының тарихы, буын, шылау, қос сөз, біріккен сөз т. б. жайындағы еңбектер күні бүгінге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Ғалым кезінде қазақтың латынға негізделген ұлттық жазуын, емлесін және терминологиясын жетілдіру ісіне, ана тілінің оқулығын жасауға белсене қатысқан. 1936 жылы ол жазған «Қазақ тілінің грамматикасында» (1 бөлім, жалпы морфология, 5 класқа арналған) сөздердің құрылымына, қазақ тіліндегі фонетикалық құбылыстарға байланысты негізгі мәселелер жүйелі баяңдалған.

1930 жылдарда мектепке арналған қазақ тілі оқулықтарын жазуда Сәрсен Аманжолов (1903-1958) нәтижелі еңбек етті. Ол 1932 ж. IV класқа арналған «Қазақ тілі грамматикасын», 1933-34 ж. VI-VII кластарға арналған қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулығын, 1938 жылы «Қазақ тілі грамматикасының» 1 бөлімін (фонетика, морфология), 1939 ж. осы оқулықтың II бөлімі - синтаксисті жазды. Соңғы оқулық күні бүгінге дейін -ІХ кластардьщ оқулыш ретінде үздіксіз пайдаланылып келеді.

Мектеп үшін қазақ тілі оқулықтарын жазуда I. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, М. Балакдев, ана тілін оқыту әдістемесін жасауда X. Басымов, Г. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. X. Сарыбаев зор еңбек сіңірді. 1930 жылдардың аяғында латыннан орыс жазуына көшуге дайындық басталды.

Сөйтіп, 1930 жылдарда бастауыш, орта мектептер ана тілі окулығымен қамтамасыз етілді. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын даярлауға мүмкіндік туды. Дегенмен тіліміздің дыбыстық, грамматикалық құрылысы мектеп оқулықтары мен мақалалар көлемінде эерттелгені болмаса, олар жайында колемді зерттеулер жоққа тән еді.

Кеңес дәуірінің үшінші он жылдығы - 40 жылдардың ішінде қазақ тіл білімі онан ары даму үстінде болды. Бұл кездің басты жаңалығының бірі - орыс графикасына негізделген қазақ жазуын қабылдауға байланысты еді. Жаңа қазақ әліппесі 41 әріптен тұрады, оның 32-і орыс тілінікі, 9-ы қазақ тілінің ерекшелігін білдіретін таңбалар. Орыс жазуына көшу идеясы латын жазуын қолданудағы қолайсыздықтан арылу (мәселен, халықаралық сөздерді жазудағы), қазақ халқын орыс мәдениетіне жақындастыру мақсатынан туған еді.

40-жылдардың екінші жаңалығы - қазақ тіл білімінің теориялық мәселелеріне көңіл бөлінгендігінде. Бұл жылдары фонетика саласында - I. Кеңесбаевтың қазақ тіліңдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар, екпін туралы ғылыми мақалалары; грамматика саласында Н. Сауранбаевтың қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесін (бұл тақырыпқа ол 1943 ж. докторлық диссертация қорғады), көсемшенің семантикасы мен қызметі, С. Аманжоловтың қазақ тілінің ғылыми синтаксисі, С. Жиенбаевтың синтаксис мәселелері, А. Ысқақовтың үстеу, Ғ. Мұсабаевтың сын есім, Ы. Мамановтың етістік, М. Балақаевтың жай сөйлем синтаксисі т. б. туралы зерттеулері жарық көрді.

Тіліміздің бұрын зерттелмей, ғылыми пән ретінде оқытылмай келген саласы лексика жайында алғашқы зерттеу еңбектер пайда болды. I. Кеңесбаев қазақ тілінің тұрақты сөз тіркесі (бұл тақырыпқа ол 1944 ж. докторлық диссертация қорғады), С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, Қ. Шәріпов, Ә. Ермеков т. б. лексикология мәселелері жайында мақалалар жариялады. Осы кезеңде сөздік жасау ісі едәуір ілгеріледі. 40-жылдардың басында орысша-қазақша әскери сөздік (құрастырғандар Ғ. Мұсабаев, Ю. Цунвазо, Қ. Адайханов, редакциясын басқарған С. Аманжолов), қазақша-орысша сөздік (құрастырған Ғ. Бегалиев), 1946 ж. екі томдық орысша-қазақша сөздік (редакциясын басқарған М. Балақаев, С. Жиенбаев, I. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев), 1948, 1950 жылдары терминология сөздігі (1, II кітаптар, жауапты редакторы Н. Сауранбаев) т. б. сөздіктер жасалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казақ тілі — қазақ халқының ана тілі
Лингвистикалық практика
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Жарнамадағы түс: психолингвистикалық зерттеу
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Көсемшенің тұлғалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz