Тахауи Ахтановтың драмалық шығармаларына ғылыми талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ТАХАУИ АХТАНОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГУМАНИЗМ МӘСЕЛЕСІ
1. 1. «Махаббат мұңы», «Сәуле» драмаларындағы махаббат, мораль мәселесі
1. 2. «Боран», «Күтпеген кездесу», «Әке мен бала» драмаларындағы адамгершілік мәселесі
2. ТАХАУИ АХТАНОВ - КОМЕДИЯ, ДРАМАЛЫҚ ДАСТАН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ШЕБЕРІ
2. 1. «Ант» драмалық дастанының тарихи негізі
2. 2. «Күшік күйеу» комедиясындағы парасат мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы идея
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тахауи Ахтанов драматургиясы әдебиеттану ғылымында аз зерттелген. Оның қазақ дарматургиясында алатын орны жеткілікті қарастырылмай келді. Тахауи Ахтановтың бүкіл дарамалық шығармалары, яғни трагедиясы, комедиясы, әрқайсысы арнайы зерттеуді қажет етеді. демек, жазушының дарамалық шығармаларын ғылыми тұрғыда қарастыру жұмысының өзектілігін көрсете алады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Тахауи Ахтановтың драмалық шығармаларына ғылыми талдау жасауға ұмтылу. Осы мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттер туындайды:
- Драматург шығармаларындағы махаббат, адамгершілік мәселелерін қарастыру.
- «Ант» драмалық дастанының тарихи негізін айқындау.
- Күшік күйеу комедиясындағы парасат мәселесін, ұлттық құндылықтар туралы идеяны айқындау.
Жұмыстың теориялық негіздері. Бітіру жұмысы барысында С. Жұмабек, Б. Ыбырайым, Ә. Сарай, Д. Рамазанов, Р. Нұрғали, Х. Әдібаев, Н. Ғабдулин еңбектері мен тағы басқа ғылыми мақалаларды басшылыққа алдық.
Бітіру жұмысының нысаны. Драматургтың жарық көрген «драмалық шығармаларын, яғни «Сәуле», «Боран», «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», «Күшік күйеу», «Күтпеген кездесу», «Ант» драмалық дастаны - бітіру жұмысының нысаны болды.
Жұмыстың әдістері. Бітіру жұмысы барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың жаңашылдығы. Тахауи Ахтанов драмалық шығармаларын ғылыми зерттеу нысанына алынуы - жұмыстың жаңашылдық сипатын таныта алады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Бітіру жұмысында айтылған ой - пікірлерді орта мектептердегі әдебиет сабақтарында, жоғары оқу орындарында «Қазақ әдебиеті тарихы» пәнін оқытуда және арнайы курстарда қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың мақұлдануы. Бітіру жұмысы 2006 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университетінің филология және журналистика факультетінің, қазақ филологиясы кафедрасының отырысында алдын ала қорғаудан өтті.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТАХАУИ АХТАНОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГУМАНИЗМ МӘСЕЛЕСІ
1. 1. «Махаббат мұңы», «Сәуле» драмаларындағы махаббат, мораль мәселесі
Тахауи Ахтанов - профессионал драматург. Қазақ сахнасының көкжиегін кеңейтіп, ұлттық драма жанрының мерейін үстем етіп, осынау күрделі, жауапкершілігі мол саланың абыройын биікке көтеріп, жан дүниесіндегі, жүрегіндегі бар шындығын ортаға ақтарып салған алымды автордың театр алдындағы беделі өте үлкен.
Ол жазған дүниелер сахнаға оңтайлы, орындаушылар талап - тілегіне ыңғайлы, режиссерлар, артистер илеуіне икемді болып келуі тегін құбылыс емес. Оның әуелгі себебі - оқиғалардың шыншылдығы, шынайылығы, шымырлығы.
Тақырыпты табуда, тануда, талғауда оның ең қажетті түсін түстеп, іріктеп, сұрыптап алуда драматург алдында жан салмайды деуге болады. Өмірдің өз ақиқатын ортасынан ойып алып, оны өнер тілінде - сахна, театр ұғымына етене етіп жіберуі. Тахауи Ахтанов шеберлігінің негізгі кілті. Өмірдің өзіндік болмысын өнердің өзгеше шыншылдығымен шатастырмау жағын драматург шығармашылығының басты табысы деуге қақылымыз.
Тахауи Ахтанов - қаны сорғалап тұрған, тамыры солқылдап соғып жатқан кеудесінде жаны бар адам баласын сүлеқос қалдырмайтын актуальді де, қажетті мезеттерді зерек аңдайды. Кейіпкерлерінің ішкі арбасуына, олардың шарт - шұрт айқасуына, психологиялық тұрғыда өзара еркін ұстануына да жол ашып отыратын осы өзіміздің Тахаң. Сырттай сырғытқан сұлу сөз, кісіні қасақана тамсантар тәтті текст Тахаң табиғатына жат. Сылдырақ, жылтырақ, жалтырақ интонацияға жаны қас. Оның сахналық қара сөзінен де, тасып - төгіліп, жан тереңінен тулап шыққан ақ өлеңнен де аңғарарың алғыр қаламгердің асыл қасиеттері. Бір қызығы драматург еңбектерінің айшықты ерекшелігі - ол өзіне ұнаған нәрсенің өзгеге ұнамауын жадынан шығармауы. Демек, қиялыңмен, ойыңмен, көкірек көзіңмен алдағыны зерек шолып, сергек болжап отырудың - жанр талабы, сахна талқысы. Бұл жанр заңдылығы, оның бұлжымас принципі. Осы талапқа жауап бере алатын Тахауи Ахтановтың әлеуметтік драмалары тек Қазақстан ғана емес, басқа елдер сахнасынан да ерекше ықыласпен, өзгеше ілтипат, айырықша сипат тапты.
Соғыс, әлеуметтік жағдай, туған жер, әке мен бала арасындағы қарым - қатынас, махаббат, жастар тәрбиесі, адамгершілік мәселелері - драматург қаламынан ешқашанда тыс қалмағанын оның шығармаларын атау - айдарынан - ақ байқап білуге болады.
«Махаббат мұңындағы» жан толқытар жастыққа тән жағымды жастықтың лирикасы. «Боран» драмасындағы кешегі тұтқын, бүнігі шопна Қоспанның алай - түлей тағдыры, профессор әке мен дүниенің төрт бұрышын қиялмен кезген еркін де бұла өскен, қыңыр ұлдың бітіспес айтысы «әке мен балада» әдемі өрілсе, студентжастар тұрмысынан күлкілі сыр қозғйтын «Күшік күйеу» комедяссының да әлеуметтік - қоғамдық салмағы ойда жүрген біраз мәселелерге қозғау салады.
Ұлттық әдет - ғұрып, тол әуен - сазыңды қастерлеудегі кеміс тұстарыңды қаһармандар мінез - құлқы, солардың күлкілі кескін - келбеті, қитұрқы іс - әрекеттері арқылы шебер көрсетеді.
Алпысыншы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сапалы лирикалық повестің бірі - Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» болатын. Қазақ қыздарының жиынтық бейнесін жасаудағы үлкен бір табысы осы повестегі - Ляззат бейнесі. Ляззат басындағы махаббат драмасын, оның құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасын көрсету арқылы автор бүгінгі жастардың өмірі жайында маңызды моральдық мәселе көтереді. Шынайы махаббат пен жалған сүйіспеншіліктің, адал достық пен жылтырақ жолдастықтың ара салмағын ашып, жастардың өмірге деген көзқарасын, ой - толғамын суреттейді.
Оқиға қызығына, сыртқы әрекеттер қақтығысына иек артпай, құбылыстың ішкі мәнін ашуды көздеген жазушы адамдар арасындағы нәзік сезім күлерін бейнелеуге ұсталығын танытқан. Араға оншақты жыл салып, автор сол туындыны қайта қараған, жаңа өзнерістер енгізіп, повесті пьеса еткен. Әрине, кез - келген прозалық шығарманың ішіндегі монологтарды, диалогтарды қақтай сауып алғаннан оп - оңай дүниеге пьеса келе қоймайтыны хақ.
Повестің уақыиға желісі, сюжет арнасы бойынша персонаждардың мінездерін, тағыдырын көрсетуді көздеген автор жаңадан кейіпкер қоспаған. Екі шығарманың тартыс торабы, ұзын - жүлге бір-бірінен онша алшақ емес. Пьесада повестен өзгеріссіз қалпында алынған сөйлемдер, диалогтар, үзінділер мол:
«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кезі болады . . . Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп барып, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ляззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді».
«Дала кеудесі жай теңселіп, рахаттана тыныс алып жатыр. Қызғалдақтар күн нұрына шағылысып, өз көркіне өздері мәз болып, жарық - жұрқ етеді. беткейдегі бозар бірін - бірі қуап, жас қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп барады».
«Жазушы деген өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт көзі оның әр қадамын қапы жібермейді. Жан аярлығыңды, жалғыз тамшы күшіңді іркіп қалғаныңды кешпейді олар. Майданда қорқақ жауынгер жексұрын болса, өмірде жалған жазушы жексұрын».
«Бағила, несіне қорқам. Нарқоспақ түйе ғой. Салиха. Түйенің де мінез көрсететіні болады. Бағила. (қарқылдап күліп) . Бағила да біледі. Әә сілесін қатырамын Нарқоспақтың. Загске бармай тұрып жолатып, жын қағып па мені?»
Повесте диалогқа құрылған сценалар қайта қаралып, драматимзм күшейтілген. Дәлел.
Повесте:
«Қатшы, Ләззат, шын ренжіп қалды ба? Қойшы, - деп қыңқылдайды.
Түрі самарқау, даусы күмілжіп шығады. Бұрын кездескен сәтте жайнап қоя беруші еді. «Ләзтай» деп атын атағанда дауысынан сағыныш дірілі сезілетін . . . »
Маған деген махаббатың осы - ақ болғаны ма? - деп қиналды Ләззат. Болашағын ойлауға да қорықты. Енді түңілсе, жоқ, жоқ . . . адал сезімді ластап, қор қылып алмай тұрып, көңілде қимастық барда тиылу керек. Әйтпесе өзімді - өзім өмір бойы жек көрі өтермін . . .
Ләззат орнынан тұрып жүре береді. Нияз қанша жалынып жалбарынса да қайырылмайды.
- Нияз, мен сені жақсы көрем. Екеуіміз сыйлас дос болайық. Одан артықты бізге жазбаған, - дейді.
Бірақ, Нияз Ләззаттан шын айырылып қаларын енді ғана сезіп, сөзге тоқтамай:
- Ләззат шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер екен ғой. Жоқ. Сен мені сүймеген екенсің, - деп өршіп бара жатыр еді, Ләззат оны тып тастады:
- Жетер енді. Ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. Бүйте берсең сыйласудан қалармыз?
Пьесада:
«Нияз. Неге үндемейсің, Ләзтай? Қойшы Ләзтай, маған ренжіп қалды ба? (самарқау, құшақтап, сүйп) қойшы енді
Ләззат. Маған деген махаббатыңның осы - ақ болғаны ма? ЕНді түңілсем . . . Жоқ, жоқ . . . Адал сезімді ластап, қор қылып алмай тұрып, көңілде қимастық барда тиылу керек. Әйтпесе өзімді - өзім жек көріп өтермін.
Нияз. Ләзтай әлі ашуың басылған жоқ па? Неге томсырайғаныңды түсінсем бұйырмасын. Қойшы енді.
Ләззат. Нияз мен сені жақсы көрем. Екеуіміз сылас дос болайық. Одан артықты бізге жазбаған.
Нияз. Шын айтасың ба, Ләзтай?
Ләззат. Шын айтамын. (пауза)
Нияз. Шын жақсы көргенің сол ма? сүйем дегенің бекер екен ғой. Жоқ сен мені сүймеген екенсің . . .
Ләззат. Жетер енді ондай сөзді саған мен айтуым керек. бүйте берсек сыйласудан қалармыз».
Интермедияда ерекше мазасыз күйге түскен, ауыр психологиялық сезімді басынан кешіріп тұрған жан көреренге бұрылып, тебірене тіл қатады. Жүрегінде өксігі, көкірегінде шері бар адамның түрі. Қайғы кешкен, ой азабын тартқан кісінің сөзі. Осыған дейін не болды, бұл адамның қандай сыры бар, кімдермен араласты - мұның бәрі шегініс арқылы беріледі [1, 154 б. ] .
Бір кезде басынан кешкен оқиғаны, істеген ісін, жасаған әрекетін кейіпкер араға уақыт салып, немесе есейген шағында есіне түсіріп, өзінің ой елегінен өткізеді, психологиялық ой толғаныс жасайды. Драматургиялық шегініс іспеттес осы әдіс Т. Ахтанов пьесаларынан да кездеседі. Мұндай шешім кейіпкердің өткен өмірін еске алумен, өкінішін көрсетімен шектелмейді, соынмен қатар көрермен - қауыммен етер әсері де ерекше. Ол пьеса кейіпкерімен бірге өткен құбылысқа байсалды қарап, болашағына ой жүгіртеді, есейген, толысқан шағында өмір болмысын басқаша бағалап, драмалық оқиғаның сырын бірге ұғысуға дәнекер болады.
Ләззат бейнесін жасаудағы тағы бір көркемдік тәсіл - сұлу табиғаттың көрінісін орныды қолдануында. Қыз жүрегінің сезімін, ішкі көңіл - күйін ашуға мол ықпал еткен табиғаттың әсерлі бояулары тұтас пьеса болмысына лирикалық саз, поэтикалық үн берген.
Сонау қызғалдақ қуып, дананың тынысын, табиғаттың сықырлы сырын ұққан Ләззаттың «көкірегіне нұр құйылған күнінен» бері қарай, алғашқы сезімнің оянуы мен оның айнымас махаббатқа айналуы, сонан соң жалған сүйіспеншіліктен жаны жараланған тұтастардағы өзгерістер, драмалық тартыс, дамылсыз әрекет, психологиялық толғаныс үсітнде суреттеледі. Бұған енді Ләззаттың ақындық және өмірлік, азаматтық және әлеуметтік көзқарастарының қалыптасу процестерін қоссақ, біздің алдымызда болмыастың күрделі жолдарынан күрес арқылы өткен замандастарымыздың бейнесі бар көркемдік сипатымен бой түзейді [2, 12 б. ] .
Байыппен қарасақ, Т. Ахтановтың драматургтік тәжірибесінде шетпен шыққан ерекше оқиға, сирек кездесетін ситуатция, әсіресе қызыл жағдай іздемейтінін, қарапайым фабуламен образ жасауға ден қоятынын көруге болады. «Махаббат мұңы» пьесасына да осы тән. Компазиция тұтастығы ең алдымен шағын-шағын біршама тиянақталған, көріністердің хроникалық сабақтастығына негізделеді. Драма кейіпкерлерінің ішінде мінез құбылысы, характері өз сабасында шайқалған жалғыз адам-лязаттың анасы. Жер ортадан асқан, тіршіліктің ыстық-суығына көндіккен кісінің анау-мынауға қозғала қоймайтыны аян.
Өзіне ең жақын дүниені, һәм қуантып, һәм мұңайтып жүрген күйлерді бейнелегенде суреткер қанжығасы майланбай қалмаса керек. Тоқсан тоғыз тамырды солқылдатып, жүректі жарып шығар перзент-өлеңнің өмірге келуін, осы қуаныш үстіндегі жас қиялдың толқуын драматург сенімді бейнеленген. Поэзисында сезім, сұлулық мол Төлеген Айбергеновтың шығармасын сәтті пайдаланған.
Қуантай, Ляззат, бүгін ауыл сыртына алтыбақан құрғалы жатырмыз. Келесің ғой? (Ляззат үндей қоймайды) . Мынау қолыңдағың не? Өзің дырдай болып қуыршақ ойнап жүргеннен саумысың? Ляззат. Қуантай, сен бүгін қырға шығып көрдің бе? Қуантай. Мана фермаға барып келгенмін. Ляззат. Дала бүгін ғажап емес пе? Рас қой ә?
Қуантай. Өзің не айтып тұрсың, Ляззат. Мен қызғалдақ пен жусан көрмеппін бе? Қуантай. Не дейді? Өзің әдейі боп кеткенсің бе? Ха-ха-ха . . . Қой, кешке алтыбақанға кел . . . Даланың ән салғаны . . . Хе-хе-хе . . . (Шығады) .
Ляззат. Сен түк түсінбейсің, студент болсаң да түк көрмейтін соқырсың . . . (Қуыршақты байқаусыз кеудесіне қысып, алған екен, енді соған қарап) . Енді сен де түк түсінбейсің. Мылқаусың. (Ойланып қалады. Өзі де байқамай, ақырын күбірлеп өлең оқиды) .
Қызғалдақ қуып құмардан
Шығатын болдық құрбым-ау
Далаға бүгін нұр жауған,
Нұр жамылған қыр мынау,
Білмедім қонбас сыр ма бұл,
Жазылмай қалған жыр ма бір . . .
Ауылда өтетін алғашқы көріністе оқушы қыз Ляззат бойынан байқалған ақындық қабілет ұшқыны можантопай Қуантайдың дүмбілеміздігімен шарпысады. Біреуі үшін дала ән салып, тебіреніп толқып жатыр, біреуі үшіе далада үн жоқ. Көкірегінде оты бар, сезімтал Ләззаттың сүйген көңіл қалауына орай университетке түсуі табиғи қадам. Драматург Ляззат ортасын әдейі ықшамдап алған: оқуға келген кездегі машақат, қаладағы алғашқы тосаңдық, ауылды сағыну секілді жәйттер қозғалмайды.
Драматург үшін ең қиын мақсаттың бірі салған жерден әрекет арқылы, мінез ерекшелігімен көрінетін кейіпкерді сахнаға шығару. Осы талап тұғысынан курстас үш қыздың алғашқы сөздері кібіртік, тұтқыр. Тартыс арнасына түсіп кетпегендікткен, әр шөптің басын шолу еріксіз болмақ нәрсе. Қимыл-қозғалыс мол, көңіл күй толқуы бар сцена-әдебиет үйірмесінің жиналысында пьесадағы соқталы кейіпкер Ниязбен танысамыз. Жүргеі алып-ұшып тұрған, әлі тұяғын тас қақпаған, ауызымен аспандағы құсты тістеген жас ақын. Менмен, өр. Оның осы сценадағы сөздерін беруде дрматург шеберлік танытады: Нияздың өлең, поэзия туралы ойларымен бейтаныс сүйкімді қызға деген сезімі қатар өрілген.
Қашанда өнер туындысын бағалағанда, шығармаға арқау болған өмір құбылыстарын, тіршіліктегі жағдайларды, олардың әсемдік заңдылығында сәйкес өзгерген бейнесін нақты қарастыру талабы естен шықпаса керек. Прозада сүйіспеншілік сезімнің ғаламат мол сырларын дәл жеткізер неше түрлі бояу, сан-алуан тәсіл бар: қос-қабақ қимылы, өңдегі өзгерістер, саусақ дірілі -бәрі де қақас қалмайды, диалог аралас көріністер, психологиялық анализ мүмкіндіктері ересен мол. Рас, драматургке режиссер шешімі, актер ойыны көмекке келіп, талай тар өткелден қалықтап, демеп жібермек. Дегенмен түбегейлей бастағанда, ең ауыр салмақ пьесада кейіпкер сөздеріне түсетіні хақ.
Қазақ драматургиясындағы халық жүрегінен берік орын алған, классикалық туындылардағы махаббат сценалары негізінен романтикалық ыңғайда, көтеріңкі лепте жазылған. Көбі ақтарылып төгілген, жалын атқан ақ өлең. Еңлік пен Кебектің кездесулерінде, Сырым мен Қарагөздің жолғасуларында, Ақан сері мен Ақтоқтының оңаша сәттерінде айтылатын сөздер заманына, уақытына сәйкес шыққан.
Реалистік дәлдікті құнттаған пьеса үшін Ләззат пен Нияздың ең алғашқы кездесуін, жұрт көзінен таса, табиғат аясында сыр шертуін бейнелеудің ерекше мәні бар. Автор екі жастың осы шақтағы көңіл күйіне, сезім қалпына лайық бояу табуды ниет еткен. Дау жоқ, әрі ақындық қиялмен дүниені шарлаған, әрі сүйіспеншілік жалынына шарпыған қос ақынның сөзден гөрі ішке үңілуі, жүрек дүрсіліне құлақ қоюы - табиғи қылық. әйтседе бұлардың қысқа қайырылған сөздерінің өзінен шабыт лебі аңғарылып, шақпақ оттың ұшқыны көрінуі керек еді. Бұл мақсат орындалмаған: Нияз бен Ләззаттың осы сценадағы қоңыртөбел, қарабайыр диологтары драматург мүмкіндіктерінен төмен жатыр.
Кейіпкер даралығы сөйлеу мақамынан, машықты бір сөзді яки тіркесті қайталаудан ғана көрінеді деу келте қайыру болар еді, ең алдымен хас суреткер мінез, көзқарас ерекшелігін іздейді, сонда стильдік, өрнектік жағынан ұқсас оралымдардың өзімен-ақ әртүрлі бейне жасау мүмкіндігі тумақ.
Бірге оқып, бір бөлмеде тұрып жүрген үш қыздың характері үш түрлі: өңсіз жаратылған, тілі ащы Салиха қолына түссе ешкімді аямақ емес; алғашқы махаббат қуанышын кейін Ләззатқа дүние түп - түгел қызылды - жасылды боп көрінеді; сөз айтып жүрген жігітті Бағила танауын тескен тайлақтай бағындырып алған.
Бұл қыздың тіршілік мәні жайлы өз өлшемі, пікірі, бағасы бар. Онысын кепештеп ішіне тығып, жасырып, жауып ұстамайды. Жариялап, дабырлап, айтып жүреді. Ойдан қорытып шығарғаны да, кинодан көріп, кітаптан оқып алғаны да емес: өзі бұл жалғанның пайғамбары деп санайтын Шынар жеңгесінен ұққаны. Көкейіне ұялап, бойына әбден сіңген мораль - бойдақ күніңде ойнап күліп, жастық базарында ит жүгіртіп, құс салып рахат көр, жігітті ашсаң - алақаныңда, жұмсаң - жұдырығыңда ұста, мөр бастырып, неке қағазын алғанша жуытушы болма. Бағиланың үй болу жайлы бағдарламасы тіпті қызық: баланы тоғытып - тоғытып жібер, сонда еркек тырп ете алмайды.
Бұл қыздың ойынша, махаббат, сүйіспеншілік деген әншейін бос сөздер, еркек пен әйел арасында ит жығыспен өтетін, кім мықты болса сол үстемдік құратын ерегес, күрес, бәсеке ғана болмақ.
Қанша сеніммен айтылса да ол сөздер Ләззат көңілін бұра алмайды. Нияздың әйелі барлығын білгеннен кейін қатты тарығып, қанаты қайырылғандай күйге түскенде де дүниеден мүлде безінуден аулақ.
Пьесада қатар жарысқан екі тақырып, екі арна бар: бірі сүйіспеншілік сарыны, екіншісі суреткер тағдыры. Ләззат шын беріліп, ат басындай алтын таптым деп, махаббат буына мас болып, опық жейді. әңгіме Нияздың әйелінің барлығында, қақ - соқты көргендігінде емес, өмірде талай шаңырақ құлап, қайта көтеріліп, егде адам мен жас адам көңіл қосып, бір үйдің отын өшіріп, екінші рет түтін түтетіп кететін кездер аз ба? Ләззат жанына бататын - Нияздың жалғандығы, мүләйім кейпі.
Суреткер тағдыры әманда тайғанақ, қатерлі: топырағын таппаса, бап, күтім көрмесе, жағдай жасалмаса, табиғат берген асыл қасиет адамды береке кенішке жеткізу былай тұрсын, арылмас азап, жазылмас қасіретке түсірмегі қиын емес.
Тырнақалдысына қарап тұрып, қабілетіне, келешегіне шек келтіру күпірлік болған талайлардың кейін жүнжіп, мимырттанып, бір жыбырлақ толқынға түсіп ағып кеткені несі? Жалғыз доданың өзіне шыдамай жоғалған ет пен терінің арасындағы мардымсыз қызу ма, белі талып отырып еңбек етуден гөрі лепіріп шарап ішуді күйттеген есірік пе, жазғұтырым қылтиған жауқазынды бәйтерек болардай қолпаштаған көп шуылдақ па, түбіне не жетеді екен, не кеселден қалады екен?
Жазушы тіршілігіне қатысты бірқыдыру ойларын автор Нияз бейнесі арқылы береді. Махаббаттың қадіріне жақсы шшақтың парқын ескермеген ақын бірте - бірте жетімсіреп, бойында бар нәрсенің өзінен айырыла бастайды [1, 157 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz