Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тұлғанын базалық мәдениетін қалыптастыру

Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мәдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-әрекеті барысында жүзеге келетін білімдер ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік және эстетикалык даму деңгейі, ортактасу әдістері мен формалары - бәрі қосылып, «тұлғаның базалық мәдениетін» құрайды.

Тәрбие тұлғаның аталған мәденнетін дамытушы әрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық әдеблеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:

- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыста тұрақты қатынастар жасау) :

- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын және оның құндылық мәнін дәріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік-теңдік, туысқандық және т. б. сынды құндылықты категорияларды қаллыптастыру) ;

- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамнын құқықтық негізі және оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» және қоғам, отаршылдық тәрбиесі) ;

- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету) . Дәстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тәрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б. Лихачев, В. А. Сластеник, М. П. Подласый, т. б. ) :

- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;

- азаматтық тәрбие;

- еңбек тәрбиесі;

- адамгершілік тәрбиесі:

- эстетикалық тәрбие;

- дене тәрбиесі.

Тәрбиелік істердін кейбір жетекші бағыттарынын мазмұнын ашайық.

Ғылыми дүниетаным тәроиесі. Дүниетаным негізі - әлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа да қатысты. Олардың бәрі адамдардың рухани дүниесінің кәусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, әдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.

Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ес жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның «Мен» мәніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.

Дүниетанымның қалыпта, суы кездейсоқ жәй, тұрмыстық тәжірибеден не әрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұратгар мен принциитердің теориялық зерттеулері арқасында болуы мүмкін.

Адам дүниетанымында әрқашан белгілі уақыт, заман бслгілері көрініс береді. Әлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүннетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дәуірімізге тән дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары және адам құқын, оның экономикалық және саяси еркшеліктерін, ар-намыс және дүниетанымдық еркіндікті бүкіл әлем болып қолдан-қуаттау және қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық әлеуметтік бағдарламалар да кебіне білімді негізге алып түзетілетін болды.

Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат - мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-әрекет жасаудың бағдарын беру.

Азаматтық тәрбие мәні - кемелденудегі ұрпақты отаншылдық құқықтық адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тәртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдык, ұлтжандылық және ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Азаматтық тәрбие мақсаты - әр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас -ниеттерін қалытастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері - мемлекет және басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік және құқықтық мәдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі - сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да - осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.

Азаматтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны: әрекет-қылыктың конституциялық және құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау күшін жұмсамауға тәрбиелеу; қоғам және тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортарласу және құқықтық қатынастар мәдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін, адаммың қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тәжірибесін қалыптастыру.

Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерді қолға түсіруіміз мүмкін:

- азаматшылдық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағ-дайлары жасалады:

- азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады;

- бірлікті өмір сүруге дағдыланады;

- өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде. ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;

- басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады:

- қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Отаншылдық тәрбиесі. Бұл тәрбиенің мақсаты - оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу; туған ел тарихы және өз халқы мен басқа дауыстардың мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасып қалыптастыру;

Отаншылдық тәрбиесінің мазмұны:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін (Ел таңба, Ту, Әнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де мемлекеттік белгілерін білу:

-отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен интерпаци-анализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық қатынастар сезімі) әрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;

- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;

- елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы халықтар салты мен дәстүрлерін білу;

- халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаһармандығына байланысты нақты дерек көздерін іздеу және зерттеу.

Құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауса баулу. Құқықтық тәрбие жүйесі мемлекет сипаты және саясатымен белгіленеді.

Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай әрекет-қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектеер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы әлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мәртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) және «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы және мектеп жағдайларында балалар орынды әрекет-қылық әдеттерін адамгершілік және құқықтық нормаларын, әлеуметтік іс-әрекеттердің алғашқы дағыларын меңгере бастайды.

Құқықтық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны - құқық бұзушылық әрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тәрбиедегі қолайсыз жәйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тәрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тәрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.

Адамгершілік тәрдиесі. Бұл қоғамдық талаптар және әрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.

Мәдениет тарихында адамгершілік тәрбиесі мәнін түсінудің төрт негізгі дәстүрі қалыптасқан:

- патерналистік (патер - лат. «әке». үлкендерге құрмет түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;

-діни-дәстүрлік (діни наным сенімдер мәртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;

- ағартушылық (ғылыми білімдер игерудің нәтижесі түріндегі адамгершілік тәрбиесі) ;

-коммунитаторлық (коммуна-лат. «қауым», «бірлестік»; ұжым-шылдық сезімін қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тәрбиесі) .

Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты - өз іс-әрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғамдық пен кәззаптықтан жаны аулақ адамды тәрбиелеу.

Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербестігін енгізделіп, әр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жәй мақсат емес. Ол адами іс-әрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.

Адамгершілік тәрбиесі негізінде қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарттық, әдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жәрдем және жолдастық үлкенге сый, кішіге қамқорлық әйел және ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тәртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Әр адам өзі қалаған әдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Адамгерішлік тәрбиесіне орай іс-әрекеттер мазмұны:

- ұжымдық оқу және қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;

- қайырымдылық пен жауыздық проблемаларын талдай білуге үйрету:

- шынайы және бейнақты гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;

- әлеуметтік әділдік пен әділетсіздік мәніп түсінуге баулу;

- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне бағалауға дағдыландыру.

Экологиялық тәрбие. Бұл тәрбиенің мақсаттары- тәрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты ұлттық және жалпы азаматтық құндылық ретінде тану мен оган жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың адами алуға үйрету; сонымен бірге қ оршаған ортада ләззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.

Экологиялық тәрбиеге байланысты іс-әрекеттер мазмұны:

- тәрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы;

- табиғаттың экологиялық қалпынаталдау жүргізу;

- әлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі про-блемаларымен танысу;

- адам әрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл әлемдік экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп, білу.

Эстетикилық тәрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй -сезімдік және тұлғалық сана мен оған сәйкес іс-әрекет қалыптастыру және дамыту.

Бұл тәрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады әрі құндылық мәнін иеленді. Эстетикалық тәрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шаруалары (эмоция) мен бағандарын туғызатын болмыстың әсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының формалары және әдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабыллау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие тұлғанын әсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағаны, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін бағалау - эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет-қылық пен мінезде өз қалаулары мен іс-әрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық сөзіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эсте-тикалық тэрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту; оқушылардың ән-күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тәрбие мен білім беру көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту, т. с. с.

Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың -эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы.

Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, аркестрлер) күйтабақтарын жинақтау тірі табиғат бұрығнын және т. б. жасау.

Дене тәрбиесі - тән - денелік бой тіктеу үшім қажетті білімдер мен әдістерді ұрпақтан ұрпаққа ауыстыра жеткізуге бағытталған педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тәрбиесінің мақсаты -адам тұлғасының оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінін қалыптасуы, тән саулығын көтеру.

Дене тәрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш кездерін пайдалану (күн энергиясы, ауа мен су ортасы және т. б. ) гигиена ережелерін ұстану (әр адамнын жеке басына, еңбегіне, тұрмысына және т. б. байланысты) . Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тән-дене қабілеттерінің дамуына әртараптан әсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану және оларды орынды қолдана білуден әрбір оқушы не ересекдене шынықтыру мәдениетің дене тәрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тәрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кәсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тәрбиесіне орай іс - әрекеттер мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін әрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды туристік саяхаттарды және т. б. қамтиды.

Еңбек тәрбиесі. Бұл тәрбие түрінің мақсаты- тәрбиеленушіде осы заманғы техника, технология және өндірісті ұйымдастыру, жалпы, еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлік қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Полилингвалық тұлға
12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz