Сәләф және сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сәләф және Сәләфиліктің мағыналары және айырмашылықтары

Тарихта іздері болмаса да, қазіргі таңда көптеген ағымдар және идеалстер өздеріне ерекше назар аудартуда. Олар, модернистер, реформистер, құраншылар, құран мағынасын оқушылар және исламды саф негізінде ұстауды алға тартқан сәләфилер бұлардың алдынғы қатарындағылар.

Қазіргі кезде діни сауатсыздық және дұрыс пен бұрыстың бірбіріне араластырылуына байланысты бұл ағымдар, ниеттері дұрыс мұсылмандардың алдануына, теріс жолға түсуіне себепші болуда.

Бұл мақала 13-ғасырдан бастау алған ағымдардың бірі болған Сәләфилікті қысқаша таныту және жаңылған жерлерін ортаға шығару мақсатымен қолға алынып отыр. Бұл ағымның көзқарастары, жетекшілері, оларға тағылған сындар жайлы жеке еңбектер жазылатындай ауқымды тақырып. Біз бұл мақалада негізгі мәселелерге тоқталып, қысқа түрде тұжырымдамалар береміз.

Кімдер сәләф деп аталады?

Ибн Хиббан (р. а. ) «сахих» жинағында риуаят етілген хадис шәріпте; Мұхаммед (с. а. с. ) пайғамбардың «Ең жақсы буын менің кезеңімде өмір сүргендер. Кейін оларға ергендер, одан кейін олардың артынан жүргендер» деген хадисіндегі «ең жақсы буын» деген атқа ие болған алғашқы үш буынды «сәләф» деп атайды. Бұл хадисте ислам діні даму сатысының ең биік шыңына жеткен үш буынына сілтеме берген.

Бұл алғашқы үш буынды қатарымен айтар болсақ олар сахабалар, табиғиндер (сахабаларды көргендер) және табаға табиғиндер (табиғиндерді көргендер) яғни исламның алғашқы үш ғасырында өмір сүргендер. Бұлар иманда, ілімде және амалда бүтін мұсылмандарға үлгі-өнеге болған буындар.

Сахаба буыны Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін исламның алғашқы өкілдері болды, Хижаз аймағында және ислам топырақтарына қосылған жаңа аймақтарға исламды дұрыс уағыздап жеткізіп, көптеген шәкірттер жетістірді. Құран кәрімді, хадис шәріптерді және ислами жораларды мұсылмандар сахабалар арқылы үйренді. Сондықтан тарихқа көз жүгіртсек сахабалар ілімге үлес қосумен қатар иман, амал, әдеп, зуһд, тақуалық және көркем мінез-құлықта да өз үлестерін қосқан.

Олардан кейінгі келген буынға табиғиндер дейді. Табиғиндер сахабалардың көзінің алдында жетісіп, иманды, ілімді және амалды солардан үйренді. Бұл буынның табиғиндер деп аталуының себебі, сахабалардың артынан жүруде көрсеткен табандылықтары мен сүйіспеншіліктері.

Сахабалардың мәретбесінің жоғары болуы, Құранда жақсылықтың жаршысы ретінде аталуы, Мұхаммед пайғамбардың көзінің алдында жетісіп өкілдері болуы, сонымен қатар исламды ең дұрыс бойларына сіңіріп өмір сүрулерімен қатар қара қылды қақ жарған әділеттіліктерінде жатыр. Ал табиғиндердің маңыздылығы төмендегі мына екі негізге сүйенеді.

  • Исламды сахаба буынынан, яғни, ең дұрыс түсініп іске асырған буыннан үйренулері;
  • Сахабалар кезеңінде кездеспеген, кейіннен ортаға шыққан исламға жат идеалар, мәдениеттер, наным-сенімдермен алғаш рет бетпе-бет келулері.

Алғашқы философиялық ағымдар мен қатар Мұғтәзила, Жәбрия, Мүржия секілді жаңа шыққан ағымдар және түрлі мәдениеттер мен наным-сенімдер алғаш рет табиғиндер кезеңінде ислам қоғамына еніп, түрлі көзқарастардың және ақидалық мәселелердің туындауына түрткі болды.

Табиғиндер буынынан болған ғалымдар, бұл ағымдармен күрес жүргізіп, сахабалардан алған дұрыс ислам түсінігін, кемшіліксіз таралуына және келешек ұрпақтарға дұрыс жетуіне көпір болып, көптеген қызметтер атқарды. Сондықтан ислам негізіне жат келетін әртүрлі жаңалықтарға көзқарасымыздың қандай болатындығын табиғиндер буынынан үлгі алып бағдарымызды белгілеуіміз қажет.

Табиғиндер кезеңі фиқһи мазһабтардың негізі қаланған және жеке мазһабтардың ортаға шыға бастаған кезеңі ретінде де өте маңызды. Сол кезеңде өмір сүрген Хасан Басри, Суфиян Сәури, Ибраһим Ән-Наһаий, Шағбий . . . секілді көптеген ұлы тұлғалардың әрбірі мұжтәһид болып, жеке мазһабқа ие болды. Ханафи мазһабының имамы Әбу Ханифа да осы кезеңде өмір сүрген табиғиндер буынынан.

Табиғиндерден кейін келген, олардың шәкірттері болғандарға «табаға табиғиндер» дейді. Бұл кезең ғылыми салалардың салаланып кең етек жайған, хадистердің жеке кітаптар халінде жинақталып, ақидалық және фиқһи мазһабтардың кемелденіп тармақталған шағы болады.

Сонымен, жоғарыда баяндалған үш буын, Құран мен сүннетте аталып өтілген, дұрыс исламның бізге дейін үзіліссіз жетуіне жауапкершілікті өз мойындарына алып орындағандар. Сондықтан аталмыш үш буынның діни наным-сенімдері, діни шешімдері мен ұстанымдары ең сенімді әрі олармен санасу керек әрі дұрыс пен бұрыстың өлшемі дегенге саяды.

Фикһтағы төрт мазхабтың жетекші имамдары Имам Әбу Ханифа (80-150 һ. ж. ), Имам Малик (94-179 һ. ж. ), Имам Шафиғий (150-204 һ. ж. ), Имам Ахмад ибн Ханбал (164-241 һ. ж ) ислам дінінің алғашқы дәуірлерінде өмір сүрген. Сондықтан төртеуін де «салаф» имамдар дейміз. Исламның алғашқы дәуірлерінен бері бұл төрт мазхаб пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с. а. с. ) пен оның саңлақ сахабаларының ұстанымдарына негізделгендіктен «әһлу сунна уал-жамағат» деп танылған.

Тарихқа қарасақ ислам қоғамында қандай да бір толқулар туындаған сәтте бұл үш буынның үлгі-өнегесіне қайта оралу нәтежесінде мәмілеге келіп тұрақтылық жүзеге асырылған. Сондықтан «Сәләфу салихин» ислам үмбетіне бастартуға болмайтын даңғыл жол және әділ таразысы болған.

Сәләфилік дегеніміз не?

Сәләфилік - жоғарыда баяндағанымыздай исламды сәләфу салихинның түсінгеніндей етіп түсіну керектігін алға тартатын ағым. Алғаш рет 18- ғасырда өмір сүрген, қазіргі Сауд Арабияның шекарасының ішінде қалған Нәжид аймағында ортаға шыққан. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың жүргізген «Уаһһабилік» қозғалысына да кейіннен сәләфилік делінген.

Мысырда Жәмаледдин Ауғани, шәкірті Мұхаммед Абдух тарапынан бастау алған «Исламдық реформа» қозғалысының мақсаты дінді бұрынғылардың түсінігі бойынша іске асыру, негізгі қайнар көзге оралу, мұсылмандардың мәдени, саяси ұстанымдарын реформалау және батыс отаршыларына қарсы тұру идологиялары кейіннен сәләфилік атымен аталатын ағымның ортаға шығуына себепкер болған.

Бұл екі қозғалыстың негізінде маңызды айырмашылық болмауымен қатар, мына мәселелерде айырмашылықтар кездеседі.

  • Ақидада Уаһһабилер кәлам мазһабтарын қабыл етпейді. Әһли сүннеттің екі атақты кәлам ғалымы Әбу Мансур әл-Матуриди мен Әбул Хасан әл-Әшғариді саф ислам ақидасын кәлами дәлелдер қолдану арқылы және ақылды нақылдан (Құран, сүннет) үстем тұтуымен негізін бұзған деп айыптайды. Сонымен қатар Мұташабих аяттар мен хадистерді Алла тағаланың ұлылығына сай жорамалдануына қарсы шыққан Уаһһабилер тасаууфқа да қарсы екендіктерін ашық айтады.

Ауғани мен Абдухтың жолы болса ақида саласында кәлам ғалымдарының қолданған әдістемелерін қолдап, философия, логика және кәлам секілді ғылымдарға қарсы шықпайды, мұташабих аяттар мен хадистердің, Алла тағала мен мақұлұқаттарының арасында ұқсастық болмауы үшін тәуил етілуін қолдайды.

  • Уаһһабилер, фиқһи (құқықтық) мазһаб ретінде Ибн Тамия мен оның шәкірті Ибнул Қаийымның жолымен жүреді. Әһли сүннет мазһабтары истихсан, истислах, мәсалихи мурсәл және т. б. құқықи дәлелдерді қолданғандары үшін бидғат (жаңашылдық) енгізді деп айыптайды.

Ал Ауғани мен Абдух жолы болса, бір мазһабпен ғана жүруді қабыл етпейді. Барлық фиқһи мазһабтарды бірлестіру жолын қарастырады.

Араларындағы айырмашылықтарды қысқа түрде түсіндіргеніміздей, бұл екі ағым уақыт өте келе бірбіріне жақындасып «Сәләфилік» деп атала басталды. Ортаға шыққан кезеңнен қазіргі таңға дейін сәләфилік ағымына басқа көзқарастағылар да қосылды. Сондықтан «Сәләфилік» деген кезде ойымызға келетін әр тұлғаның бір түсінікте бір формада қалыптасқан топ емес, төменде баяндайтын көзқарастарды бойларына сіңірген топты көруге болады.

Сәләфилердің көзқарастары

1) Мұташабих аяттармен хадистер жайлы

Сәләфилердің ең айқын сипаттарының бірі, мұташабих аяттармен хадистерді сөздік мағынасыны негізге ала отырып, айтылғанындай қабыл ету керектігін алға тартады. Сондықтан Құранда және хадис кітаптарында Алла тағала жайында айтылған «қол, жүз, келу, отыру, түсу, арышқа истуа ету, ашулану, күлу . . . »сияқты сипаттар, мақлұқаттарға қалай айтылған болса, олардың көзқарасы бойынша, Алла тағала хақында да дәл солай қолданылуы керек. Олай болса Құран кәрімнің көптеген аяттары бұл сипаттардың Алланың жаратқандарының сипаттарына ұқсатудың дұрыс болмағандығын айтады.

Әр ғылым саласында, сол саланың білікті мамандарының айтқандарына жүгінілетіндігі ақиқат. Осы қағидаға сәйкес тәпсір саласында, мүфассирлер, хадис саласында мұхаддистер, фиқһ саласында фақиһтар, ақида саласында кәлам/ ақайд ғалымдары не деген болса соған жүгінілуі қажет. Барша ғұмырын фиқһ ғылымының терең мәселелеріне жұмсаған бір ғалымның, ақайд саласында айтқандарын, ақайд саласы ғалымының айтқандарымен бір таразыға тартуға келмейді. Сондай-ақ қаншама жылын тәпсір саласында өткізген бір ғалымның, хадис ғылымының тереңдігі мен айырынтылырын хадис ғалымы сияқты білуін күту мүмкін емес.

2) Тасаууф (сопылық) жайлы

Ислам әлемінде кейбір аймақтарда тасаууф атымен ортаға шыққан бұрыс әрекеттер, сәләфилердің тасаууфқа дұшпан болуларына негіз болды. Әһли сүннетпен бірге қайнасқан шынайы тасаууфты, Батинилік, Хурафилік секілді адасқан топтармен бірге қарастыруға болмайды. Әһли сүннет жолының дұрыс сақталып таралуына үлес қосқан шынайы тасаууф иесі, мұсылмандардың ішкі жан дүниесімен рухани өмірінің жаңғыруына, көркем мінез-құлықтың әсемделуіне және парасатты тұлғалардың жетісуіне сахабалар кезеңінен бастап сол жолмен жүріп олардың арттарынан ерген. Ақайд саласында болсын, амал саласында болсын тасаууф ғалымдарының еңбектері және көзқарастары нақты білдірілген.

  • Тақлид (құр ілесушілік, еліктеушілік) жайлы

Кейбір сәләфилер, фиқһ мәселелерінде мұжтаһид имамдардың тақлид етілуіне қарсы шығып, бұның адамдарды шіркке діннен шығаруға апаратын жол екендігін алға тартады. Бұл айтқандарын дәлелдеу үшін көптеген аяттармен хадистерді дәлел ретінде қолданады.

Олардың тақлидтің харамдығын дәлел ретінде алға тартқан аяттар мен хадистерге терең үңіліп қарағанда бұрмалап жорамалдау арқылы қол жеткізгендіктерін көреміз. Олар тәуәссул мәселесінде қателескендері сияқты, тақлидтің харамдығы мәселесінде де үмбет ғалымдарының дәлелдеріне қарсы шыққан.

Хадис ғалымдарының арасында бір мәмілеге келген мәселелер бар. Олардың хадистерге сахих, хасан және дағиф болғандығы жайлы берген үкімдері өздерінің ижтиһадтарының нәтижесі болады. Сондықтан олардан кейін келгендер олардың еңбектерінде жазылған хадистерді дәлел ретінде қабылдағандар олардың хадистерінің дұрыс-бұрыстығы жайындағы ижтиһадтарыны тақлид еткен болып табылады.

Қазіргі таңда біздің, бірнеше ғасыр бұрын өткен хадис рауилерінің өмір тарихын білуіміз үшін бір ғана жол бар. Ол хадис ғалымдарының бұл тақырыпқа байланысты пікірлерін бізге жеткізген еңбектерге көз жіберу. Олай болса қазіргі уақытта қандай да бір хадистің сенімді болып болмағандығын зерттеуіміз үшін, хадис ғалымдарының ижтиһадына сүйенуде «талқид» тің дәл өзі. Әр мәселеде сәләфилердің ізімен жүргендігін айтқан сәләфилер де бұл жағдайда хадис ғалымдарыны тақлид етіп «мұқалид» болуда.

Егер қандай да бір ғалымның ой тұжырымын, дәлелін білместен қабыл ету тақлид ретінде харам болса, бұл харамды сәләфилердің өздері де істеп жүргендігі болады. Егер хадис ғалымдарының хадистердің дәрежелері жайындағы қанағаттарын тақлид ету дұрыс болса, мұжтәһид имамдардың фиқһ жайындағы ижтиһадтарын тақлид ету не үшін харам болсын? Тіпті өздерін салаф деп атап жүрген бауырларымыздың өзі де тақлид істеп жүргендерін білмей ме?

  • Қияс жайлы

Күнімізде сәләфилер деп аталатын топтардың арасында қиясты ислам құқығының дәлелі ретінде қабылдамайтын, «Алланың дініне өз көзқарасы бойынша үкім беру» екендігін алға тартқандар бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сәләфизм» ағымы туралы
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Уахабилікпен күрес тарихынан сөз
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Христиан діні әлемдік дін
Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі туралы
Әлемдік және дәстүрлі діндер
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz