Елуліктер дәстүрлі емес діни қозғалысы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және педагогика факультеті

Дінтану және теология кафедрасы

Елуліктер дәстүрлі емес діни қозғалысы

Орындаған: Тұрлыбекова Сәуле

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Сержан Оразбай

Түркістан, 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЕЛУЛІКТЕР ДІНИ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

2. ЕЛУЛІКТЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 12

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

КІРІСПЕ

Жұмыстың негізгі сипаттамасы. Қазақстанда қазіргі кезде миссионерлік саясаттарын емін-еркін жүргізіп келе жатқан секта Елуліктер деп аталады. Бұл діни ағым жалған христиандық (псевдохристиандық), ариандық, апокалиптикалық, милленаристік (хилиастық) болып табылады. Онық Қазақстанға келу тарихы еліміз тәуелсіздік алған жылдармен тұспа-тұс келеді. Демек, осыдан олардың Кеңес өкіметінің құрсауынан кейін босап қалған діни санаға өз идеологиясын толтыруды мақсат еткендіктері аңғарылады. Бұл қазіргі кезде Қазақстанда емін-еркін орнығып үлгерген барлық секталарға, дәстүрлі емес діни ағымдарға тән жағдай. Олардың кедергісіз таралуына мемлекеттік дін туралы заңнаманың да олқы тұстары себеп болып отыр.

Елімізде әрбір азаматтың діни сеніміне бостандық және әрбір діни бірлестікке заң алдында тең құқығы берілген. Осы еркіндікті ұтымды пайдаланған шетелдік миссия өкілдері өз миссиясын атқарып келеді. Кейбір діни ұйымдардың мақсаты мемлекет заңдарын сыйламаушылық, қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару сонымен қатар ұлт, тіл тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай ұйымдар біз адамды тура жолға салып, шынайы құдайлық өмірге жеткізушіміз, парызымызды өтеп жүрміз (өзінің діни сенімі бойынша) деп түсіндіреді. Бұл діни бірлестіктер қоғамдық әдеп қағидаларын өздерінше түсінеді және халықтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін сырттай құрметтегендей көрінгенімен, шын мәнінде жоққа шығарады, яғни ой мүдделерін жасырын ұстайды, мақсаттары діни сенімдеріне тарту.

Олардың ішінде елуліктер де өзіне ерекше назар аударады. Осы күні көшеге шыға қалсаңыз, өз дініне шақырған уағызшыларды жиі кездестіресіз. Олар алдымен: «Мынау киелі кітап сөздері» дейді. Артынан сізге отбасы, өмір мәселелері жайлы сұрақ қояды, пікіріңізді сұрайды. Олар сізбен сөйлесіп, соңында қолыңызға әсем безендірілген бүктемелі бір парақша, не болмаса журнал ұстатады.

Елуліктер діни бірлестігіне кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында жақын адамдармен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап, дәлелдеуге тырысады. Өзімшілдікке бой алдырып, тіпті кейбір діни бірлестік мүшелері жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады. Бұл дәстүрлі қоғамдық өмірді өзгертуге алып келеді.

Олар көшеде де, үйде де қыр соңыңыздан қалмайды. Арасынан қазақша сөйлеген басқа ұлт өкілдерін көресіз. Бұл әрбір қазақстандық кездестірген жайт. Қазақша сөйлейтіндер сирек кездесетін немесе ауылдан келген бауырларымыз ғана сөйлейтін көшелерімізде басқа ұлт өкілдері қазақша тіл қатса, әрине сіз оған ризашылығыңызды білдіріп, көңіл аударасыз. Мұндай қазақ тіліндегі уағыздың себебі айтпаса да түсінікті. Бұл бір ғана тәсіл емес.

Елуліктер мүшелерінің негізгі міндеті - өз ілімдерін насихаттау, діни ұйымға адамдарды кіргізу. Үгіт-насихатқа ұйым мүшелері табыстарының 10% береді және үгіт-насихат жұмыстарына айына кемінде 10 сағат бөлуі тиіс және бұл шарамен өте белсенді айналысады. Елуліктер мүшелері басшыларының бұйрығын орындауға әр уақыт дайын болуы керек. Ұйымның әрбір мүшесі ай сайын қанша рет миссионерлікпен айналысты, неше рет ұйым жиынына қатысты, Библияны оқуға қанша уақыт бөлгені, ұйымға қанша ақша қосқаны туралы есеп жүргізіп отырады, жыл соңында басшылыққа есеп береді. Шіркеу дәстүрлі діндердің бейқамдығын мен қорғансыздығын, заң олқылықтарын, тұрмыс қиыншылығы мен жұмыссыздықты пайдаланып, рухани экспансия жүргізіп жатыр. Бұл еңбектері жеміссіз де емес. Шетел инвестициясы тек мұнай және газ саласына құйылып жатқан жоқ, рухани өріске де ауыз салуда. Секталар кәсіпорын ашып, оған өз дініне енген Қазақстан азаматтарын ғана жұмысқа қабылдайды.

Курстық жұмыста Елуліктер шіркеуінің Қазақстанға таралуы, ерекшеліктері, мақсаттары талданып, олардың жұмыстары мәліметтер арқылы қарастырылды.

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде кез келген адам үшін өте қиын, әрі ауыр уақыттар өтіп жатыр. Бұлай дейтін себебіміз, адамды жан-жағынан психологиялық түрде аздыратын, санасына салмақ салып, жынды ететін, ауру ететін неше түрлі ағымдар Қазақстанда таралып жатыр. Баспасөз беттерінде адасқан секталардың арбауына ілініп, өмірлері қиылған, отбасылық өмірде келеңсіз жайттар орын алған жекелеген субьектілердің бастан кешірген жанайқайлары туралы материалдар жиі-жиі жарық көруде. Осының бәрі Қазақстан қоғамы үшін керітартпалық сипатқа, қауіпті құбылысқа айналып отырған діни факторлардың тамырын танып, тереңінен зерттеуге итермелейді.

Елуліктер шіркеуі жайлы қазіргі кезде баспасөз беттерінде жазылып жатса да, олар туралы толымды зерттеу еңбегі жоқтың қасы. Тек қана аздаған курстық еңбектерде олар туралы сипаттамалар берілген. Мәселен, Қ. Борбасованың «Қазақстандағы жаңа діни бірлестіктер және ұлттық қауіпсіздік мәселесі» атты докторлық диссертациясында евангелшіл дәстүрлі емес ұйымдар қатарында Елуліктер шіркеуі жайлы қысқаша мәлімет беріле кеткен [2] . Ал бұл тақырыпты жекелеп қарастырудың Елуліктер шіркеуінің идеологиясын айқындап танытуда маңызы зор болмағы сөзсіз.

Курстық жұмыстың пәні. Қазақстандағы Елуліктер сектасының таралу тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы. Сонымен қатар жұмыста олардың психологиялық зардаптары, қоғамға зияны туралы да кеңінен сөз болады.

Курстық жұмыстың нысаны. Жалпы Қазақстандағы миссионерліктің тарихы мен Елуліктер діни сектасының келуі жайлы. Әрі қарай Елуліктер сектасының зияндары, жамандықтары туралы да айтылады. Осылардың барлығын талдай отырып, белгілі бір қорытынды шығару зерттеудің нысанына жатады.

1. Елуліктер діни қозғалысының жалпы сипаттамасы

Елуліктер - бұл протестанттық ағым, оның пайда болуы құдайдың бірінші толқыны деген атпен байланыстырылады. Ол XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында АҚШ-та және Германияда пайда болды.

Елуліктердің баптистер мен басқа да бұрынғы протестантизмнің ағымдарынан ерекшелігі дінге сенушілер сумен шоқынғаннан кейін де басқа тілдерде сөйлеу сыйын ала отырып, тағы да құдайға шоқынулары қажет. Мұның негізін олар Жаңа өсиетпен байланыстырады, яғни, «Апостол әрекеттеріне» сәйкес, Иисус Христостың жексенбіден кейінгі елуінші күні апостолге құдай келген және олар басқа тілдерде сөйлескен деген ұғымдарды білдіреді.

Елуліктер қозғалысы көптеген деноминацияларға бөлінген. Басты тарауы «Иисус Христос атынан» деген формуланы жасау арқылы шоқынуды мойындаған унитаристер мен «Киелі әке, ұл және құдай атынан» деген формуланы пайдаланатын тринитаристер арасынан өтеді. Бұдан басқа, екі кризисті (екі жарылқаушы) - құдайға сыйыну және шоқыну (елуліктерге баптистік қауымда болатындар тән) және үш кризисті (үш жарылқаушы) - құдайға сыйыну, құрмет көрсету және шоқынуды мойындайтын шіркеулерімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта кейбір елуліктер басқа тілдерде сөйлесуді мойындамайды.

2001 жылдың басында әлемде әртүрлі деноминациялардың елуліктерінің саны 119 миллионға жеткені есептелді.

Қазақстанда елуліктердің төмендегі негізгі бірлестіктері әрекет етеді.

Апостолдың Інжілдік Христиандықтары (Апостол ілімі бойынша) - С. П. Смородина қызметімен байланысы бар елуліктер ағымы. Бірінші қауымы 1913 жылы Санкт-Петербургте құрылды. Олар шіркеулердің құдай мен адамдар арасындағы елші ретінде қызмет ету қажеттілігін теріске шығарады, бірақ, қауымда ұйымдастыру мен тәртіптің қажет екенін мойындады.

Апостол Інжілдік Христианы унитаристер болып табылады, яғни, олар Құдайдың үш жақтығын жоққа шығарады: олардың пікірі бойынша Христоста әке құдайы, ұл құдайы және киелі құдай көрсетіледі. Осыдан олардың басқа атауы - «бірлесушілер» келіп шығады.

Інжіл Сенімінің Христиандықтары - 1921 жылы өзінің дін жолындағыларының қауымын ұйымдастырған И. В. Воронаевтың қызметімен байланысқан елуліктер ағымы. Олар тринатаристер болып табылады, яғни үш жақтағы біртұтас Құдайды мойындайды. Інжілдік Сенім Христиандықтары діни ғибадатханалар туралы заңнамаға қатысты теріс ұстанымда болды, дінге сенушілердің әскердегі ант қабылдауларынан босатуды талап етті. Қазіргі уақытта қауымның көпшілігі мемлекеттік тіркеуден өтті және мемлекет олар үшін Құдай орнатқан институт ретінде қабылданады, бірақ ант беруден бас тарту туралы қағиданы сақтап қалды.

Церковь Божья (Дети Божьи) (Құдай шіркеуі) (Құдай балалары) - ХХ ғасырдың басында Германияда пайда болған елуліктер ағымы. Оған жетілу туралы (перфекционизм) ілім тән, бұл христиан дініндегі адам барынша «мұқият дәріптеуден» немесе «толық дәріптеуден» өте отырып, ол жер бетінде мүлдем күнәсіз бола алатындығының арқасында «таза жүрекке» жетеді дегенді білдіреді. Құдай шіркеуінің дін уағыздаушылары христиандықтар барлық күнәлардан тазарған, олар күнә жасамайды және киелі өмірді жүргізеді деп сендіреді. Сонымен бірге, олар құдай өз шәкірттеріне (яғни сенушілеріне) құдай емінің сыйы ауырғандарды емдеу билігін берген деп оқытады.

Қазақстанда елуліктердің әртүрлі ағымдары бар. Ерекше танымалы Апостол Інжілдік христиандықтары («бірлесушілер»), ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында, дінге сенушілер топтарының шағын қауымдары республиканың көптеген облыстарында бар. 4 қауымы тіркелген.

Інжілдік Сенім Христиандықтарының (воронаевтіктер) қауымдары барлық облыстарда бар. Ерекше ірі бірлестіктері (300-500) адамнан Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Қазақстандағы елуліктер - воронаевтіктердің қозғалысын бұрынғы кезеңде Киевтік епископатқа есеп беретін епископтар басқарған (Конрад, Веников, Доманск, Мозолин, Панкратов, Альберт, Рох, Стрелюк және т. б. ) . Көптеген дінге сенушілері 90 жылдардың ортасында АҚШ-қа және Канадаға қоныс аударған. Қазіргі уақытта 10 қауымы тіркелген.

Құдай шіркеуінің қауымдары мен топтары Қарағанды, Ақмола, Қостанай және республикадағы басқа да облыстарда бар. қазіргі уақытта 2 қауым тіркелген, біреуі тіркеусіз жұмыс істеуде. Бірақ дінге сенушілердің саны неміс эмигранттарының есебінен азайып келеді. Қарағанды қаласында 1 мың дана тиражымен «Інжілдік құбыр» журналы басып шығарылады.

1990 жылдары Алматы және Шымкент қалаларында Сун Бок Ым корей елуліктер шіркеуі пайда болды. Қазірдің өзінде 12 қауымы әрекет етеді.

Сондай-ақ, 90 жылдары республикада «Құдай Ассамблеясы» елуліктер бірлестігі пайда болды. Құдай Ассамблеясы 1914 жылы Хот-Спрингте (Арканзас) пайда болды. жаңа діни бірлестікті құрудың мақсаты: 1) елуліктер арасындағы жақсы түсінік пен бірліктің жетістігі; 2) миссионерлік күштердің бірлестігі; 3) баспа қызметтерін үйлестіру деп аталды. Құдай Ассамблеясының қызмет аумағы аса ауқымды: олар қайырымдылықпен айналысады, радиохабарлар жүргізеді, оқу орындарын, оның ішінде жексенбілік мектептер құрады, ерлер, әйелдер және жастар бастауыш ұйымдарын құрады, АҚШ-та және 118 елдерде миссионерлік қызметтерін жүргізеді. Әлемде Құдай Ассамблеясы дін жолын қуушыларының саны 22 мың адам.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы қауымдардың саны 11. Оларды Д. Пескилиди басқарады. Олардың қызметтерін ұйымдастыруға АҚШ және Австралияның Құдай Ассамблеясы қатысады [3, 41] .

Елуліктер бастауларын баптизмнен алады. Ол - XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған протестанттық емес қозғалыс.

Бұл конфессияның негізіне «Апостолдар әрекеттері» (2:1) деп аталатын өсиеттік жаңа кітапта Пасхадан кейінгі елуінші күні (атауының өзі содан шығып отыр), яғни Елулікте (Үштік) апостол-дарға Киелі Рух келіп қонғаны туралы баяндалған әңгіме алынған.

Алғашқы «елулікшілдік» шіркеу болып 1886 жылы Техас (АҚШ) штатында Құдайды іздеушілердің «Киелілік қозғалысы» әдіскер-баптистері негізін қалаған «Құдай Шіркеуі» саналады.

1903 жылы «Киелілік қозғалысының» американдық шіркеулерінің көпшілігі бүгінгі тавда да бүкіл дүние жүзіне ықпалы күшті болып отырған алғашқы елулікшілік альянс - «Құдай Шіркеуіне» бірікті.

Шіркеу тарихы 1906 жылғы сәуірдің 9-ын қазіргі заманғы елулікшілдік қозғалысының бастамасы деп санайды. Ал оның алдында, 1906 жылғы сәуірдің 8-інде бір негр баласының түсініксіз тілдерде сөйлеп кетуіне байланысты оқиға орын алған-ды. Ал келесі күні, елуліктердің сенімі бойынша, ғибадат ету кезінде Киелі Рух болашақ елуліктердің барлық жиындарына түскен. Бұл бұрынғы құлдардан шыққан негр Вильям Сеймур (1870-1922) уағыз жүргізетін Лос-Анжелесте (АҚШ) болған еді.

Өткен жылдарда елулікшілік тұрақты түрде үдайы өсіп-өркендеу үрдісіндегі ең бір серпінді конфессиялардың біріне айналды.

«Протестанттықтың үшінші толқыны» ретіндегі елулікшіліктің оны басқа барлық бағыттардан ерекшелендіріп тұратын іргелі өзгешелігі - оның рухани тәжірибесі бар қозғалыс екендігінде. Олар, мысалы, Елукүндікте апостол тәжірибесі барлықтары үшін басты маңызға ие және мүмкіндігінше оны әрбір сенуші адам өз басынан өткеруге (яғни «Киелі Рух арқылы шоқынуға») тиіс екендігіне сенімді.

Міне, бұл адамның сенімімен жүретін (жоғарыдан түскен күштің құдіретімен) өзгеше көңіл күйі сезімі Киелі Рухтың сый-тартуы (емдеп-жазу қасиеті және глоссолалия деп аталатын өзге тілдерде сөйлей алу қабілеті) арқылы христиандық өмірде ерекше күшпен мықты орнығу болып табылады. Бұл жерде глоссолалия Құдаймен қарапайым адам тілі мүмкіндігінен асып түсетін тілде сөйлесе алу («Рух ғибадаты» деп аталатын) құралы деп ұғынылады.

Глоссолалияның тарихи құбылысы күрделі және елулікіділіктщ алдында көп замандар бұрын пайда болған, бірақ елуліктер тілдер құдіретіне қағидалық маңыз берген.

Олардың жоғарыдан жаратылған және Киелі Рух арқылы шоқындырылған жекелеген тұлғалардан тұратын шіркеуді мистикалықдаралық мағынада түсінуінде де өзгешелік байқалады. Елулікшшер өздерінің шіркеу туралы ілімдерін эсхатологиялық дамуға жатқызады.

Олардың ойынша, өздері қозғалыстарында іске асырған шіркеуді және оның рухани қасиеітерін толық қалпына келтіру әрекеті дүниенің ақыры, яғни ақырзаманның бастауы болып табылады ал ол кезде шіркеу масаттанады да, Мәсіхтің жер бетінде Мыңжылдық
Патшалығы орнайды.

Елуліктер де, протестанттықтардың көпшілігі сияқты, тек екі шіркеулік салт-жораны: шоқынуды (шомылу рәсімінен өтуді), шіркеуде нан үзіп және шараптан ауыз тиюді (причащение) мойындайды. Нан үзіп ауыз тию, әдетте, Мәсіх тартқан азаптар мен оның өлімін еске түсіру деп қабылданады. Шоқынуға, баптистердеп сияқты, тек ересек адамдардың саналы сенім-нанымы бойынша рүқсат етіледі. Алаида баптистерден айырмашылығы, елуліктер суға шомылып шоқынуды сенімге саналы бойлаудың бастамасы, ал содан кейін барып, кеудеге қол қою арқылы және глоссолалия пайдаланып, арнаиы дұға айтумен Киелі Рухтың шоқындыруы келетін әрекет деп қарастырады.

Тетастай алғанда, елуліктердің Құдайға құлшылық қызметтері сиыну және тағзым етудің айтарлықтай әртүрлілігімен және көбінесе сырттай әсерсіз, өздігінен пайда болған сезімге бағыттаи отырып және қазіргі заманғы музыка аспаптарын пайдалана отырып жүргізілетіндігімен ерекшеленеді.

Ғибадат етілетін жиналыстың алдында қатаң ораза тұту қажет, ал жиналыс кезінде дінге берілгеніне қуанып, соншама шаттық сезімге беріліп, экзалътация күйіне түсуі маңызды саналып, дұға айту тылсым жұмбақ (мистикалық) жағдайда өткізіледі.

Елуліктер ерекше «құбылыстарға», «елес-көріністерге» сенеді, пайғамбар еркектерге және пайгамбар әйелдерге табынып-сиынуга айрықша көңіл бөледі.

Протестантизмдегі бұл қозғалыстың жолын қуушылар бірнеше бағытқа бөлінген. Олардың ішіндегі ірілері саналатындар: Құдай Шіркеуі Кұдай Қауымдастығы, Біріккен Елуліктер шіркеуі - Олардың ізбасарлары АҚШ-та және Латын Америкасында көптеп саналады. Елуліктердің кейбіреулері Үштікті (Әке, ұл және Киелі Рух) жоққа шығарып, Иса Мәсіхпен теңдестірілген жалғыз Құдаиды ғана мойындайды. Ресейде бұл бағыт жолын қуғандар өздерін «Апостол рухындағы Інжіл христиандары» деп атайды.

Үштікті мойындайтын Інжіл Сешмі христиандары да өте көп таралған. Олар «өзге тілде сөйлеуге» машықтанған, Исаның екінші қайтара келуінің, ақырзаманның және Иса Мәсіхтің мыңжылдық билігінің жақын қалғанын уағыздауға үлкен мән береді.

Ресейде Інжіл Сенімі христиандары бірнеше ағымға бөлінген:

  • воронаевшылар («Інжіл Сенімі христиандары» - ІСХ) . Оныңатауы 1921 жылы Одессада өзінің жолын қуушылардың қауымынұйымдастырған миссионер И. В. Воронаевтың (И. П. Черкасов) есіміменбайланысты. Аталған ілімге тән белгілер - Әулие Үштікті мойындау, бөгде тілде сөйлеп кетуге, «діни қабілеттерге» («харизма»), әулиелікқасиеттерге, емдеп-жазуға қол жеткізгеннен кейін, оған қоса нан үзіпжеу алдында бір-бірінің аяғын жуғаннан кейін, «Киелі Рух» арқылышоқындыру қажеттілігі. 1945 жылы воронаевшылар Інжіл-христиан-баптистері одағына («Тамыз келісімі») бірікті, бірақ 1947 жылыолардың А. И. Бидаш басқаруындағы біраз бөліктері ІХБО-дан қол үзіп, бейресми жағдайда жұмыс істей бастады;
  • смородиншілер Ресейде 1911 жылы пайда болды. АтауларыПетерборда елуліктер қауымының алғашқы басшыларының біріболған Н. П. Смородиновтың фамилиясынан алынған. құдай мен адам арасындағы делдал ретінде өмір сүру қажеттілігіне қарсы, сөйтсе де сектадағы ұйым мен тәртіптің қажет екенінмойындайды. Бірақ олар Құдайдың Үштігін қабылдай алмайды, олардың пікірінше, Иса Мәсіхтің бойында ғана Құдай-Әке, Құдай-ұл, Құдай-Киелі Рух болу қасиеті бар. Осыдан келіп олардың басқа атауы - дарашылдар және мәсіхшілер шығып отыр;

- мурашковшылар - аталған сектаны XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары Батыс Белоруссияда И. Мурашко құрған. Секта негізін
қалаушы оны Құдайдың өзі «Илья пайғамбар», «өсиет періштесі және
Сион әкесі» деп атағанын айтады, сол себепті де ол «ақырзаманның»
және «күнәһарлар сотының» жақындап қалғанын уағыздай бастады.
Сектада аса қатал - «жеті қабат терісін сыпыру» («жеті мөр салу») деп
аталатын, яғни дінге сенушінің етінен ет кесіп алу салты енгізілді.
Дінге сенушілердің сектаға қабылданғанын осылайша қандарының
сорғалауы дәлелдейді. Сектаға кіргендерге қоғамдық орындарға баруға, зайырлы өмір жайындағы кітаптар оқуға, басқа дін ұстанатындармен араласып, қарым-қатынас жасауға, ер адамдардың әскер қатарында қызмет етуіне, әйелдердің басқа дін жолындағы адамдармен некеге тұруына қатаң тыйым салынған. Тамаққа ет пайдалануға да үзілді-кесілді тыйым салынған, сонымен қатар сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Бұл ережелерден сәл-пәл ауытқу, тәртіпті бұзу орын алса, діңкелететін аштық, зынданға тастау, ал балалар үшін дүре салу сияқты қатаң жаза қолданылатын болған. И. Мурашко Батыс Украинада «Батыс Иерусалим» деп аталатын шаруашылық құрып, сонда жұмыс істеуге оның жүздеген ізбасарлары жиналды. Біраз уақыттан кейін ортақ табысты иемденіп, ол Америкаға қашып кетті. Секта тарап кетуге шақ қалды, бірақ И. Мурашконың белсенді ізбасарларының көп күш жұмсауының арқасында 80 жылдары ол қайтадан жанданып, жұмыс істей бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Адастырушы діни ағымдар
Діни қызмет және діни бірлестіктер
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
Жергілікті билік органдары
Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz