Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі


Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз
қазақтарының көтерілісі
1-17 XVIII ғ. Кіші жүздегі шаруалар көтерілісіне Сырым Датұлы басшылық
етті.
1783-1797 жылдардағы көтеріліс Кіші жуз территориясын
қамтыды.
3-15. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс 14 жылға созылды.
С. Датұлы старшын болған ру: Байбақты руы.
1783-1797 ж. ж. арасын қамтыған Кіші жүздегі ең ірі көтерілістің басты мақсаты: 1) патша үкіметі тартып алған атамекенін қайтарып алу; 2) отарлық басқыншылықты тоқтату; 3) хан әулетінің озбырлығын шектеу; 4) Жайық бойында қазақ әскерлерінің озбырлығын тоқтау.
Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі. Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы. Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы. (1744ж. құрылған Орынбор губерниясы таратылды) .
- Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскерінің қазақтарға зомбылығынын күшеюі.
1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын қазақ әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
1782 жылғы 27 желтоқсан - патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
- Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
- Қазақтар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.
- Жлға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші карапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.
Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал тенізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:
• Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
• Орал қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
• Нұралы хан мен оның сыбайластарынын озбырлығына шек қою.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802ж. ж. ) . Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А. Суворов граф Панинге жазған хатында (1775 ж. 22 маусым) : "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды" деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.
• 1778жыл - Орал қазақтарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.
• 1783 жылдың күзі - батырдың Орал қазақ әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.
• 1783 жылғы желтоқсан - Сырымды оралдық қазақтар тұтқынға алды. Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.
• 1784 жылғы маусым-Сырымның Орал қазақ әскерімен кескілескен күресі басталды.
Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты.
• 1784 жылғы қараша - Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.
Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.
• 1785 жылғы 17 ақпан - көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді. (300 қазақ, 2000 башқұрт)
Кіші жүздің далалық аймактарына терендей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.
• 1785 жылғы 15 наурыз - көтірілісшілерге қарсы 1250 қазақ тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал қазақтары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.
Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза болып, сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.
Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.
Нұралыны хандықтан тайдыру көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.
• 1785 жыл - Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 жылы күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға (бөлікке) бөлу ұсынылды:
- Байұлы
- Жетіру
- Әлімұлы
Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезені аяқталды.
Нұралы 1786 жылы көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.
• 1790 жыл - Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.
Сырымның мақсаты - хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.
• 1786 жыл - Орынборда шекаралық комиссия құрылды.
• 1787 жыл - Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.
Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, Игельстром реформасы уақытша тоқтатылды. Көтерілістің қайтадан өрлеуіне түрткі болған оқиға - Орал қазақтарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.
Атаман Д. Донсков 1500 қазақтарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 жылы тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясынын мүшесі, граф А. А. Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императица II. Екатерина 1790 жылы 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда генерал-губернатор А. А. Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 жылы наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.
• Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:
- Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді қазақтардың қолында қалдыру.
- Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру. Батыр екінші жолды таңдады.
Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 жылы Орск қаласының маңында Бралыны хан етіп сайлау әсер етті (1791-1794) .
• 1792 жыл - Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.
Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады.
1791 жылы маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.
• 1794 жыл - Ералы хан қайтыс болды.
• 17 95 жыл - Есім хан болып сайланды (1795-1797ж. ж. ) .
1796-1797 жылдардағы қысқы жұт ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.
• 1797 жылғы 17 наурыз - Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.
Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал қазақ әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.
• 1797 жылғы күз - полковник Скворник тобы Сырымды кудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты,
Алаш, Беріш, Адай т. б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.
Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.
Есім ханнын қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:
- Сұлтан, старшындардың бір бөлігі
- Қаратайды (Нұралының ұлы) қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz