Хақ-Назар хан



1 Билігі
2 Ноғай ордасы
3 Өзгерістер
4 Бұхара хандығы
5 Аңыз
6 Дереккөздер
Хақназар хан[1] — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу менЫстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Хақ-Назар хан
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хақназар хан

Қазақ ханы

1538 — 1580
Ізашары: Бұйдаш хан
Ізбасары: Шығай хан
 
Әкесі: Қасым хан
Анасы: Ханыкей
Сұлтан-ханым

Хақназар хан[1] — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар
(Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар
қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында
Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-
қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.
Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол
майталман екендігін көрсетті.[2]

Мазмұны
  [жасыру] 
1 Билігі
2 Ноғай ордасы
3 Өзгерістер
4 Бұхара хандығы
5 Аңыз
6 Дереккөздер

[өңдеу]Билігі

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және
күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш
хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта
біріктірді.1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз
нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан қазақтар мен
қырғыздардың патшасы деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене
отырып, Моғолстан хандарының Жетісу  менЫстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне
тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы
жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе
түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан
хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығ ын басып алды. Осы жағдайға
байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай
ордасы ыдырай бастады.

[өңдеу]Ноғай ордасы

Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаларының арасында үкімет билігіне таласқан
феодалдық қырқыс үдей түсті, бұл қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтіп,
жаппай наразылық тудырды, Ноғай одағы құлдырап, ауыр дағдарысқа тап болды.
Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының күшеюі және халық өмірінің оңалуы,
Ноғай ордасына қарасты қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты. Ноғай
одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы
басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. Оларды Хақназар хан құшақ жая
қарсы алды. Ноғай ордасын билеушілерінің бірі Ысмағұл мырза ішкі феодалдық
қырқыста өз ағасы Жүсіп мырзаны өлтірді. Жүсіп мырзаның балалары Ысмағұл
мырзамен соғысты бастайды. Ноғай ордасында өзара қырқысқан екі топ пайда
болды. Ысмағұл мырзаның тобы Мәскеу княздігіне қосылуды жақтаса, оған қарсы
топ Қазақ хандығына қосылуға бой ұрды. Бұл жағдайды шебер пайдаланған
Хақназар хан Ноғай ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың кіші жүзі
алшын одағына енген тайпалар) өзіне қосып алды. 1557 жылы Ноғай мырзасы
Ысмағұл орыс патшасыИван IV: Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында,
бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті деп арыз айтты. Хақназар
хан Ноғай ордасының ыдырауын пайдаланып Жайық жағалауындағы көшпелі
тайпаларды қазақ хандығына қосып алумен ғана тынбады, Ысмағұл мырза бастап,
батысқа қарай ауған ноғайларға қуалай шабуыл жасап, оларды одан әрмен
ығыстырып, ірге кеңейту әрекетін жасады. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай
арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: Хақназар
патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен
қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды деп хабарлаған. Кейбір
зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған
ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай
кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди:
1969 жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы
Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары
ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына
көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды дейді. Бұл жеңіс Қазақ
хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи
деректемелерде қазақ ханы Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы деп
атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай одағы
ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының
феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай
тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай
одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ
хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық
қаласы да қазақ хандығына өттіі. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының
және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған
жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған
немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, Қырық батыр жыры сынды алып
эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.

[өңдеу]Өзгерістер

Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың
мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік
және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ
хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір
бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына
бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын
қазақ хандығына жақындата түсті.1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып
алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның
үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып
отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ
хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі
жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс
орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып
алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен
шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып,
өзара көмектесу жөнінде анттастық шарт жасасты. Хақназар ханның бұл
дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-
жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың
Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан
әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының
шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да
нығайта түсті.

[өңдеу]Бұхара хандығы

Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557—1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ)
ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды.
Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп
шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына
араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де
әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып
бақты. 1579 жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық
жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Қазақ
хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы
қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ
хандығына Түркістан, Сауран қалалар ын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл
Баба сұлтанды қолдады. 1579жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары
әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып,
Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл
астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын,
Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген
адамы 1580 жылы Хақназар ханды өлтірді.

[өңдеу]Аңыз

Қазақ жүздерінің бөлінуі жөніндегі халық аңыздарының Хақназар есімімен
байланысты екенін ғылым да жоққа шығармайды. Қазақ жүздерінің Хақназар
тұсында пайда болғанын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының бірінде:
"Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған.
Жауға алдырмай ноғайлар, Бір-біріне жараған.
Ноғайдан қазақ бөлініп, Үш жүз болып тараған"—, деген тарихи жолдар
дәлелдей түседі. Алғашқы жол қазақтың тегі алты алаштың бірі екенін
меңзесе, екінші жол қазақ хандығы ыдырап елді жекелеген сұлтандар бастап
қазақтардың Ноғай ордасына қарап кеткен кезін көрсетеді. Шумақтың үшінші,
төртінші жолы құлауға айналған хандықтың елін еншілеп, жерін кеңейтіп алуға
ұмтылған қырда қалмақтардың, ойда шайбанилықтар мен моғолстандықтардың
әрекетінен көрініс береді. Бұл жоғарыда айтылған Хақназар бастаған
қазақтардың төрт тарапта майдан ашып жүрген кезіне тұспа-тұс келеді. Және
Ноғай ордасының орыс бодандығына қарап, Қазақ хандығынан біржола ірге
ажыратқан кезінен хабар береді. Міне, қазақ жүздерінің де пайда болған кезі
осы тұсқа келеді. Жырау жырлаған "Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып
тараған", — деген жолдар осыған куә.[

Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы

16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның
баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы
алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып
алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды
көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес
жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр
бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен
байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары
арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-
1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті
нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы
жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз
одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны қазақтар
мен қырғыздардың патшасы деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене
отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу
әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының
сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің
солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен
Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол
астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін,
ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден
Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары
да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына
қарақалпақтар келе бастады. Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген
Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды.
Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды.
Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі –
алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде
Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың
60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және
олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай
Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті.
Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы
жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хақназар хандық құрған дәуір
Қазақ хандығының жылнамасы
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Қырым хандығының қалыптасуы
Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық қызметі
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Біз фразеосемантикапық өрісті көңіл семантикалық өрісінің тұтас жүйесінің салыстырмалы түрде дербес бір үзігі ретінде танимыз
Аумалы-төкпелі кезеңдегі қоғам, тұлға және дін
Пәндер