Заңды тұлғалардың ұғымы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.тарау. Заңды тұлғалардың ұғымы
§ 1. Заңды тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
§ 2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
§ 3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ..22
2.тарау. Заңды тұлғалардың түрлері
§ 1. Заңды тұлғалардың түрлерінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
§ 2. Шаруашылық серіктестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
§ 3. Акционерлік қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
§ 4. Өндірістік кооператив ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
§ 5. Мемлекеттік кәсіпорын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70

Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект.
Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердін жиынтығы бөлуы қажет:
— ұйымдық бірлік;
— мүліктік оқшауланушылық;
— дербес мүліктік жауапкершілік;
— азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім, 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994 ж. 27 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Заңы. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы" 1999 ж. 1 шілде.
5. Қазақ ССР-інің азаматтық кодексі 1963 ж. 28 желтоқсан. Арнайы әдебиеттер
6. Гражданское право Республики Казахстан. (Под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С., Сарсембаева М.А.) Учебное пособие (часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы, 1999 г.
7. Гражданское право (Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К.) том 1,2 и 3. М., 1997-1998 г.г.
8. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1978 г.
9. Комментарий к Гражданскому кодексу КазССР. Алма-Ата, 1990
10. Гражданское право в 2-х томах (отв. Ред.Суханова ЕА. М., 1998 г.)
11. Гражданское право (Под ред. Калпина А.Г.,Маслеева А.И.) ч.1, М., 1997г.
12. Гражданское право России.Под ред. Цибуленко З.И., ч.1, М., 1996 г.
13. Гражданское право России. Отв.ред. Садиков О.Н. (курс лекции) ч.1, М., 1996 г.
14. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) Отв.ред. Сулейменова М.К., Басин Ю.Г., кн.1 и 2, Алматы, 1998 г.
15. Гражданский кодекс Республики Казахстан — толкование и комментирование. Общая часть. Вып.1-10. Алматы, 1996-2000 г.
16. Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, Жеті жарғы, 2000 г.
17. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие, Алма-Ата, 1980г.
18. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. ж.б. Гражданское право. Оқу құралы - Алматы: казГЮУ АПО/24 1999/-126 б.
19. Джусупов А.Г. Право собственности и иные вещные права - Алматы: Жеті Жарғы, 1996ж.-8б.
20. Ғ.Төлеуғалиев. ҚР-ң Азаматтық құқығы.1-том.А.,2001 ж.
21. Ғ.А.Жайлин. ҚР-ң Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. Оқулық. 1, 2-том, А., 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1-тарау. Заңды тұлғалардың ұғымы
§ 1. Заңды тұлға
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
§ 2. Заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 18
§ 3. Заңды тұлғаның пайда болуы және
тоқтатылуы ... ... ... ... ... ..22
2-тарау. Заңды тұлғалардың түрлері
§ 1. Заңды тұлғалардың түрлерінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .32
§ 2. Шаруашылық
серіктестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37
§ 3. Акционерлік
қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .50
§ 4. Өндірістік
кооператив ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 58
§ 5. Мемлекеттік
кәсіпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 68
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...70
Кіріспе
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект.
Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының
практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз
кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен
шектеу мүмкіндігі бар".
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла
бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай
белгілердін жиынтығы бөлуы қажет:
— ұйымдық бірлік;
— мүліктік оқшауланушылық;
— дербес мүліктік жауапкершілік;
— азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды.
Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен
қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп
түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға
ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын
ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
1-тарау. Заңды тұлғалардың ұғымы
§ 1. Заңды тұлға ұғымы
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардын субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардын басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды
тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардын
субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы
мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін
орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы
анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған көзенде азаматтық құқық теориясында
заңды тұлғалардың мөні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды.
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер
зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік
етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В.
Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне "ұжым теориясы"
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардын
теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде
көздесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік
ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі
бойынша, "...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда
(коммерция) айналымына қатысуға өдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі
заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын
дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған —
жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық
құрылымдардын құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған
құқық тарихы мектебінін басшысы К.Ф. Савиньидін есімімен байланысты. Ол
құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады.
Оның түжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым
өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық
субъектіліктін бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды
тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болын қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды
тұлга пайда бөлуынын рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең
алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация
құқығынын іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршаддын
корпорацияға берген мынадай кең таралған анық-тамасы АҚШ-тағы теория мен
практикада мәлім болды: "Корпорация — бұл көрінбейтін, сөзілмейтін және заң
жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенін есімімен
байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік
етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, олде бір
әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз емір сүретін одақтас тұлға
ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра
отырып, Савиньи ұсталған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен
міндеттер берген мүдделердін оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың
дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде
түсінеді.7 Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға
мұлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға"
деген терминнің өзі болған емес, Италиянын Азаматтық кодексінде 1942 ж.
заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар
жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен,
Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағынын 52-бабы заңды тұлғаларды
өлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар
адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінін
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидін 1865 ж. азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай түжырым-дама береді: "Құқықтарды жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады".
Көлумбиянын, Сальвадордын, Эквадордын азаматтық кодекстерінде де осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға
институты азаматтық құқықта басты орындардын бірін алады деп атап көрсетуге
болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін,
олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және
тарату тәртібін белгілейтін нормалардын жиынтығы, азаматтық құқықтың сала
тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында
баянды етілген: "Меншік, шаруашылықжүтяізу немесежедел басқару құқығындағы
оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,
өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы бөлуға тиіс".
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген
ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға
мәртебесін алу үшін мынадай белгілердін жиынтығы бөлуы қажет:

Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде
анықтайды. Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара
әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар
ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда
біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген
тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп
түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті
түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-
де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердін шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын
компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік
қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат
ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарыңда да осындай құбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын
корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардын
нәтижесінде корпорациянын, компанияның қалған бір мұшесіне корпорацияның
борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама
жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның
қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды
тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында
корсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғынын
және құрылтай шартының не жарғысынын негізінде жүзеге асырады. Жарғыны
кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын —
құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері,
нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар бөлуы тиіс.
Жарғынын бөлуы — заңды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорыннын қызмет етуінін
міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары).
Мүліктік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның
дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығы оған мүліктін бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке
билікжүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой "заңды тұлғаның белгісі,
бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінін бөлуы емес, ұйымның қызмет етуінін
мүліктік оқшауланушынық секідці принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп
әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол
тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік
қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке
меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік
кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың
мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың бөлуы — заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы бөлуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік
оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша
көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес
азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның
құрылтайшысы (немесе құрььлтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді.
Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз
ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен,
қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің
борыштары бойынша өзінін барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар
ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-
ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін
жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның
міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16
желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің
меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын көзде және заңды тұлғалардың
кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық
ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінін жеке
ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған
қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары
бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның
44-бабының 2-тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан ерекет ету, атап айтқанда, заңды
тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену,
міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер бөлу мұмк-індігінен де
көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынас-тардын
субъектісі деп тану үшін оны даралаңдыру және нақтыландыру құралы болып
табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету — заңды тұлғаның басқа
белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына
сейкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай
атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында
кәсіпорынның қазыналық болын табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-
бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде
фирмалық атауы бөлуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды
пайдаланғаны үшін кінәлы субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға
дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі
бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет керсету
белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құрадцарын да пайдалануы
мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет керсету белгісі) дегеніміз - бұл тіркелген
ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық
жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа
шаруашылық субъектілерінін осы тектес тауарлары мен керсететін қызметінен
айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлық белгілер, қызмет
көрсету белгілері және тауарлардын шығарылған орындарының атауы туралы"
Заңның 4-бабы) Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің
немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін
де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы,
өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет
болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу
мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі
тауардың өндірушісін айыру құралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет керсету белгісін негізгі
міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнынын атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы
болып саналады. Қасиеттері едеуір дережеде табиғат жағдайларына немесе
олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын
өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнынын атауын тіркеуге және
пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық
белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы
айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды
тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз — бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз
міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық
айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы
құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенім хатсыз) өз
атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық
құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не
ұжымдық (алқалық) бөлуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма,
директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдың органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін,
олардың өкілеттіктерің заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң
актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде
емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші
тұлғалардың алдында өзінін органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді
(АК-ның 44-бабының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін
атқару әлде бір сенімхаттың бөлуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық
жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары
мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты
түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді
білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның
5-тарауын қараңыз).
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер
заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау
бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердін заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың
(өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ
мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік)
өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең
ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды
тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін
атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы).
Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын
және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін
Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал
ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі
заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен
негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың
құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін,
оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) кызметінің тоқтатылу жағдайларын
анықтайды.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа
реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті
органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық
бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық
бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы
ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағын
қараңыз).
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік
мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерің есептік тіркеу
филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына
сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді,
осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер
туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра
білу керек (АК-ның 94—95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың
46—49-баптарын қараңыз).
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін
органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері
оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, керсетіледі
(АК-ның 39-бабының 2-тармағы), чанды тұлғаға арналған іскерлік және ресми
хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның
бланкілерінде, жасасатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер
көрсетіледі. Заңдъі тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің
іс жүзіндегі мекен-жайынын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
тізіліміне енгізілген мекен-жайға сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы
жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге
енгізілген мекен жайынада, нақты мекен жайынада пошталық және өзге де хат-
хабарлар жіберуге құқылы (39-баптың 3-тармағы). Заңды тұлғаның тұратын
жерін анықтаудын маңызы — оның тұрған жері тұлғаның құрылу және қызмет ету
жағдайларын — тіркеуші органды тандауды, несие берушілер заңды тұлғаға
немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын тандауды,
міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды (АК-ның 281-бабы), ал әр түрлі
елдердің заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда —
Қолданылатын құқықты тандауға ықпал етеці.
§ 2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі
Құқық қабілеттілік дегеніміз — бұл заң шығарушылардың нақты
субъектітвтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік
міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік
қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1-бабы), ол құқық
қабілеттілігіне ие бөлуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір
мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42-бабының 3-тармағы), заңды тұлғалар
үшін бұл санаттарды ажыратудын маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың
арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты
қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35-бабы) және жарғылық міндеттерді
жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарына сәйкес міндеттері бөлуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда
болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең алдымен мәмілелер болып
саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың құқық қабілетілігінің мазмұнын
анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға құқылы мәмілелердің ауқымы назарда
болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай
құжаттарында көзделмеген мәмілелерді, яғни жарғылық мақсаттарға сай
келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі "рұқсат етілгеннен басқаның бәріне тыйым салынған" деген
принципте бейнеленді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметінде икемділіктің бөлуын талап етті, ал заңды тұлғалардың тар өрісті
арнайы құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің шындығына сай келе алмады.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі және оған сәйкес
қабылданған нормативтік құқықтық актілер заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін ұлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға қатысты жалпы
немесе әмбебап құқық қабілеттілік жайында сөз қөзғауға болмайды, өйткені
заңды тұлға дегеніміз — бұл белгілі бір мақсаттар үшін құрылатын және
сондықтан жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінін құрылтайшысынан
нақты құқықтар мен міндеттер алатын құқық субъектісі болып табылады.
Сондықтан көз келген заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатта
болады. Олардың кейбі-реуінін құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай
құжаттарында егжей-тегжейлі керсетілген. Басқа түрлерінің құқық
қабілеттілігі әмбебап қабілеттілікке барынша жақындатылған. Мұның ең
алдымен, коммерциялық заңды тұлғаларға қатысы бар (АК-ның 35-бабының 1-
тармағы). Олардың құқық қабілеттігін "тыйым салынғаннан басқаның бәріне
рұқсат етілген" принципімен бейнелеуге болады. Алайда кейбір заңды
тұлғалардың, ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі
арнайы сипатта болады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар басым
болатын кәсіпорындарға қарағанда, шаруашылық жүргізу құқығы бар
кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі айтарлықтай шектеулі болады (АК-ның 200-
бабын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықты қараңыз). Қазыналық
кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік
мүдделер жолында қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін
құрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар ерісті арнайы субъектілер болып
табылады (Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлықтын III тарауы).
Коммерциялық емес ұйымдардын құқық қабілеттілігі туралы мәселені жеке
қарастыру керек. Олардың құқық қабілеттілігін арнайы құқық қабілеттілік
ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардың белгілі
бір — басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т.с.с. мақсаттар
үшін құрылатынын айқын көздейді. Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар
өздерінін жарғыларында көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады.
Таяу уақытқа дейін АК мемлекеттік, сондай-ақ жеке мекемелер үшін
кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарына дербес билік ету мүмкіндігін
көздеп келді (1994 ж. редакциядағы ҚР АК-ның 206-бабының 1-тармағындағы 2-
абзацты қараңыз). Енді, табысқа дербес билік ету құқығын баянды еткен
норманы АК-дан шығарып тастауға байланысты мекемелердің, сондай-ақ
мемлекеттік мекемелердің арнайы құқық қабілеттілігінің бұрынғыдан да тар
өрісті сипаты жөнінде айтуға болады.
Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған барлық заңды тұлғаларға
қолдануға болатын құқық қабілеттіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды
тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере
отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мұңдай шектеу белгілі бір заңды
тұлғаларға ғана қызметтін белгілі бір түрімен айналысуға рұқсат беру арқылы
жүргізіледі немесе, керісінше, заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға
қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге
асырылады. Мысалы, Банктер жоне банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-
тармағы банк ресми мәртебесін алмаған көз келген заңды тұлғаға өзін банк
деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады.
Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белгілі
бір қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.
§ 3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
Заңды тұлғаның пайда бөлуы (құрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы —
меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті
алғышарты болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың құрылуы
мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуынын өкімдік, рұқсат ету
және нормативтік әдістерін боліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкімдік тәртібі оның құрылтайшының өкімі
негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға
уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердін құрылтайшылары
бөлуы мүмкін (АК-ның 102-бабы).
Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті
органның алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданылып келген заңдар
кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай
ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі — мұнда
заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін.
Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға
жол берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы).
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың
әлде бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес
коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды гұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың
толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері
көрсетілген.
Тіркеу көзінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар
аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау
және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудін қажеттігі мынада, ол:
— заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
— заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық
заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
— жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені көз келген мүдделі адам құпия
немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны
сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Әділет оргаңдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге
заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалынын немесе өкілдігінің
қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден отпеген қызметтен
алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған
тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді
білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай
жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамнын жарғылық
капиталынын және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2)
заңды тұлғаның атауы өзгергеңде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және
жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа
негіздер бойынша.
Заңды тұлға қызметінін тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-ның 45-
бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі
тоқтатылады.
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінін меншік иесінін немесе меншік
иесі уөкілеттік берген органның, құрылтайшылардын (қаты-сушылардын) шешімі
бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген
органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот
органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайта құрудын басқа да нысандары
көзцелгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес
нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.
Қосу көзінде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі
тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден отеді.
Заңды тұлғаларды қосқан көзде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен
міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді
(АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз).
Өткізу актісі дегеніміз — бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және
өзгерту көзінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына өтетін
мүліктік құқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктін
меншік иесі бекітіп, тіркеу көзінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі
тиіс (АК-ның 47-бабы).
Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуце тіркеуші орган
өзінін қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады,
бұл жөнінде жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы
бұйрықта сол мөзгідце корсетілуі тиіс.
Біріктіру көзінде бір және одан да кеп заңды тұлғалардың қызметі
тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар
ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.
Тіркеу көзінде өткізу актісі мен бөлу балансын тапсыру ең алдымен
қайта құрылатын заңды тұлғалардың несие берушілерінің мүдделерін қорғау
мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан құрылтай құжаттарымен қоса тиісті
өткізу актісін және (немесе) өткізу балансын таптырмау, сондай-ақ оларда
қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлық
туралы ережелердің болмауы жаңадан құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады (АК-ның 47-бабының 2-тармағы).
Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта құру көзінде оның несие берушілерінің
құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге асырыратын
бірқатар шаралар көзделеді. Мәселен, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі
немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл жөнінде қайта
құрылатын заңды тұлғаның несие берушілерің жазбаша түрде хабардар етуге
міндетті.
Бөлу және боліп шығару көзінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие
берушісі осы заңды тұлға борышқор болып табылатын міндеттемелердің
мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың орны толтырылуын
талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның кұқық
мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды
тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға
қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие
берушілерінің алдында ортақ жауапты болады (АК-ның 48-бабы).
Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі
мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта құру
сот органдарының шешімімен және заң құжаттарында көзделген жағдайларда
жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру тек бөлу, бөліп шығару немесе
өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар
бұзылған кезде; банкроттық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне
қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда
жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың қайта құрылуын ерекше атап өту керек.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру ҚР Үкіметінің шешімі
бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынды қайта құру — жергілікті әкімшілік
басшысының шешімі бойынша жүргізіледі. Көсігюрынды қайта құруды уәкілетті
орган жүзеге асырады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтын 1б-бабының 1-
тармағы).
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық
кәсіпорын және мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 45-бабы шаруашылық жүргізу
құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуын тікелей көздейді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынның қазыналық
кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрлігінің
келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынның
өзгеруі — уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрілігінің
жергілікті органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік басшысының
шешімі бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды өзгерту және оның
негізінде қазыналық кәсіпорын құру туралы шешім мынадай жағдайларда
міндетті болып табылады:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға белінген мүлікті және ақшаны
мақсатсыз пайдалануда;
2) соңғы екі жыдцын қорытындысы бойынша пайда түспегенде;
3) негізгі қорларға Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықта белгіленген
ережелерді бұза отырып, билік етуде (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың
25-бабының 1-тармағы).
Қайта құру (қосу, біріктіру немесе белу) нәтижесінде өзінін қызметін
тоқтатқан заңды тұлғаларды мемлекеттік гізілімнен шығару заңды тұлғаны
таратуға арналған АК-ның 50-бабында көзделген рәсімдердін сақталуын талап
етпейді.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз — бұл оны заңды тұлғалардың
мемлекеттік тізілімінен шығару жолымен заңды тұлғаның (құқық қабілеттілігі
мен әрекет қабілеттілігін тоқтату. Заңды тұлғаны тарату көзінде құқық
мирасқорлық заңды тұлғаны қайта құрудағыдай сақталмайды.
Заңды тұлғаны тарату ерікті және ықтиярсыз бөлуы мүмкін. Заңды
тұлғаны ерікті тәртіппен тарату оның мүлкінің меншік иесінін немесе меншік
иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай
құжаттары уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен көз келген
негіздер бойынша жүргізіледі. Мәселен, республикалық мемлекеттік
кәсіпорынды тарату ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынды
тарату — жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі
(Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағының 1-абзацы).
Толық және сенім серіктестіктерін ерікті түрде тарату, сондай-ақ қоғамдық
бірлестіктерді тарату оларға қатысушылардың жалпы жиналысынын немесе олар
уәкілеттік берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттары осыған уәкілеттік
берген заңды тұлғаның тиісті органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Мекемені тарату мүліктің меншік иесінің (АК-ның 204-бабының 1-
тармағы) немесе егер мемлекеттік мекеме таратылатын болса, тиісті уәкілетті
мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерін тарату ерекшеліктері осы түрлер
туралы нормативтік құқықтық актілерде көзделеді, мысалы, жинақтаушы
зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың
ерешеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі.
АК-ның 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды
тұлға;
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру көзінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта
бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге
асырылған;
4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым
салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе
өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату негіздерінін тізбесі толық емес.
Уәкілетті орган, мысалы, монополияға қарсы комитет заңды тұлғаны
ықтиярсыз тарату жөніндегі талаппен сотқа қайырыла алады, оған мұндай талап
қою құқығын заң актілері берген, ал банкроттық жағдайында несие иелері
берген (АК-ның 49-бабының 3-тармағы).
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы
шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын
әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Олар тарату
комиссиясынын мүшелерін бекітеді АК-ға сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін
белгілейді (АК-ның 50-бабының 1, 2-тармақтары).
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе оны тарату туралы шешім
қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкі мен
істерін басқару жөнінде өкілеттік қабылдайды, сотта таратылатын заңды
тұлғаның атынан ерекет етеді.
ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында заңды тұлғаны тарату,
оның несие берушілерінің талаптарын білдіру тәртібі мен мерзімі, несие
берушіперді, сондай-ақ заңды тұлғаның борышқорларын анықтау және олардан
берешекті алу шараларын қабылдау туралы материалдар жариялау тарату
комиссиясының міндеттеріне жатады. Тарату Комиссиясы осындай мақсатпен
таратылатын кәсіпорынның борышқорларына талаптар қояды, ол орындалмайтын
жағдайда — сотқа талап қояды. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру
үшін ақша жетіспейтін жағдайда тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның
мүлкін сатумен айналысады. Бұл ереже мекемелерге таралмайды.
Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда оны таратудың біраз өзгеше
тәртібі қолданылады.
Банкроттық — борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз
болып табылатын дәрменсіздігі (АК-ның 52-бабы). Заңды тұлғалардың
банкроттығын жүзеге асыру процесі 1997 ж. 27 қаңтардағы Банкроттық туралы
заңда толық баяндалған. Алайда заңды тұлғалардың барлық түрлері бірдей
банкрот процесіне ұшыратуға жатпайды. Атап айтқанда, қазыналық
кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге банкроттық институты
қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда несие берушілердің талаптарын
қанағаттандыру үшін ақшасы жетіспейтін жағдайларда мүліктің меншік иесі
ортақ жауапты болады.
Заңды тұлға таратылған көзде оның несие берушілерінің талаптары, АК-
ның 51-бабында көзделгеніндей, мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына
залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді
төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырынады;
2) екінші кезекте — несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде
таратынатын банкроттың мүлкін кепілге салып, қамтамасыз етілген
міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
3) үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне
ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп
айырысу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті
төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;
5) бесінші кезекте — заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен
есеп айрылысады.
Әрбір кезектің талаптары алдынғы көзектің талаптары толығымен
орындалған соң қанағаттандырылады.
Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан
кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құжаттарында өзгеше
көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға
жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына
(қатысушыларына) беріледі (АК-ның 51-бабыын 5-тармағы). Мысалы қоғамдық
бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни бірлестіктерді тарату көзінде
борыштарын төлеуден кейін қалған мүлік заңды тұлғаның мүшелеріне,
қатысушыларына, құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына өтпестен, жарғыда
көрсетілген мақсаттарға жұмсалады (АК-ның 36-бабының 4-тармағы, 126-
бабының7-тармағы, 107-бабының 8-тармағы).
Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан
кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі
тоқтатылды деп есептеледі (АК-ның 50-бабының 10-тармағы).
2-тарау Заңды тұлғалардың түрлері
§ 1. Заңды тұлғалардың түрлерінің ұғымы
АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер
бойынша жіктеледі:
— заңды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың
(қатысушылардың) құқықтары;
— заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;
— заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары
міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік
құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық
серіктестіктер және кооперативтер жатады.
Өздерінін құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын немесе өзге
де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығындағы
мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, опын ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-
ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.
Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар
олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын
заңды тұлғаларға жатады.
Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-
бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша
жүргізіледі.
Өз қызметінін негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға
коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза
табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп
есептеледі.
Заңдарда көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдық-құқықтық
нысандағы коммерциялық емес заңды тұлғаны құруға рұқсат етіледі, мысалы,
қор биржасы, зейнетақы қоры акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін.
Сондықтан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымды ажыратудын өлшемі
заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген "заңды тұлғаның қатысушылары
(құрылтайшылары) арасында таза табысты бөлудін мүмкіндігі немесе мүмкін
еместігі" бөлуы тиіс. Егер заңнын күшіне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес
заңды тұлға алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлуге (дивидендтер
төлеуге) құқылы болса, онда оны коммерциялық ұйымға жатқызу қажет, өйтпеген
жағдайда - бұл коммерциялық емес ұйым болады.
Бұл коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды ажыратудың негізгі
өлшемі. Сонымен бірге, коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе -
олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-
мәдени немесе өзге де қызметтердіжүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның
105,107,109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рұқсат
етеді (қараңыз, мысалы АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес
ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз —
бұл өзінін қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін және алынған таза
табысты өзінін қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару, әлеуметтік-
мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру
үшін құрылған заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік,
өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін.
Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер,
діни бірлестіктер, түтынушылар кооперативтері, қауым-дастықтар (одақтар)
нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық
емес түрлеріне жатады.
Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін белгілі бір нысан
көзделеді. Мәселен, заңнын талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып
табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға
тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3—1-
тармағы).
Заң қауымдастықтар және одақтар (АК-ның 110-бабы) нысанында
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бірлестіктерін құруға жол
береді (АК-ның 110-бабы). Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып
табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың
кәсіпкерлік қызметін үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың ортақ мүліктік
мүдделерін қорғау үшін құрылады. Қауымдастықтың құрамына кірген заңды
тұлғалар өздерінің дербестігін сақтайды.
Мынадай маңызды фактіні атап өткен жөн: заң шығарушылар коммерциялық
заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарының тізбесіне шектеу қойған.
Соңдықтан ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексін (Жалпы бөлім) қолданысқа енгізу туралы" 1994 ж. 27 желтоқсандағы
Қаулысы бойынша Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) ресми түрде жарияланғанға
дейін ұйымдық-құқықтық нысанда ұйымдастырылған, Азаматтық кодексте (Жалпы
бөлім) көзделмеген заңды тұлғалар 1998 ж. 1 қаңтарға дейіші Азаматтық
кодексте (Жалпы бөлім) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанға өзгертілуі тиіс
деп белгіленген.
Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды
тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бөлінеді.
Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртұтас мүлік
ретінде төлығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды
(кәсіпорындарды және мекемелерді) ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп
түсіну керек (АК-ның 102-бабы).
Заңды тұлғаға мемлекеттік бюджеттен белгілі бір қаражат, ақша
бөлінеді. Ақша дегеніміз — бұл мүлік түрлерінің бірі (АК-ның 115-(абы).
Сондықтан мемлекеттік заңды тұлғаны құрылтайшысы уәкілетті орган
түріндегі мемлекет болатын және мүлкі бірден-бір меншік иесі мемлекетке
жататын заңды тұлға ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаларцын келесі түрлері ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz