Өлім жақындағанда адамның бойында не болады?


Өлім жақындағанда адамның бойында не болады?
Өлімге деген қатынас өмір сүруге әсер етеді. Стоиктер өлім, өмірдегі маңызды оқиға деп айтқан. Әулие Августиннің пікірі де осыған ұқсас: «Тек өлімнің алдьшда ғана адамның болмысы көрінеді». Сонымен, өлім өмірдің шындығы.
Өлімнің өмірге жағымды әсер ететін қабылдау қиын, өйткені біз оны тек қана қабылдаймыз. Бірақ бір сәтке болсын өлім туралы ойлардан бас тартсақ, өмір өзінің қорқынынан айрылады.
Жазылмас ауру адамға өлімді бір табан жақындатады. Ол адамның өмірін өзгертеді, осының нәтижесінде «тұлғалық даму» белгілері көрініс береді. Өлім тақағанда не болады? Бұл сұраққа жауапты қатерлі ісікпен ауыратын науқастармен әңгіме барысында аламыз:
- өмірдегі приоритеттер қайтадан бағаланады, маңызды емес мәселелер мәнін жояды;
- еркіндік сезімі пайда болады - жасағысы келмеген затгар жасалмайды, маңызды дегеннің мәні жойылады («міндетті» мен «қажетті» және т. б. ) ;
- өмірдің әрбір сәтінің маңызы артады;
- өмірдегі қарапайым оқиғалардың маңызы күшейеді (жыл мезгілдерінің ауысуы, жаңбыр, қар, жапырақтың түсуі және т. б. ) ;
- сүйікті адамдармен қарым - қатынас тереңдейді;
- керексіз болып қалу каупі азайып, кауіптен қорықпау сезімі пайда болады;
Бұл езгерістердің барлығы жазылмас науқастың сезгіштігінің артуының дәлелі болып келеді. Науқаста өзі үшін маңызды сұрақтар пайда болып, айналасындағылардан жауап күтеді. Осындай сұрақтардың бірі - «Мен қашан өлемін?». Бұл сұраққа нақты бір дұрыс жауап жоқ. Қазіргі кезде, пациентпен өлім туралы әңгімелесу үлкен жауапкершілікпен өтеді. Ең алдымен, өмірдегі іс-әрекетгерін тәртіпке келтіру ұсынылады (соңғы қалауы, өсиет қалдыру т. б. ) . пациентке жақында өлетінін бетіне айтпаса да болады: «Әр адам, әсіресе ауыр науқас, ең жаман нәрселерге дайын болуы керек». Кейбір адамдар өзінің жердегі істерін аяқтауды ойына да алмайды, өйткені оларға бұл мәселелерді шешу өлімнің есігін ашатын сияқты көрінеді. Олармен өлім алдындағы қорқыныш проблемасын талқылауға болады.
Жазылмас науқасқа оның жағдайын хабарлау керек пе?
Жазылмас науқастармен ашық сөйлесу мәселесі өте қиын болып табылады. Бұл туралы кѳптеген пікірлер бар. Біреулері, пациентке бүкіл шындықты айтқан жөн десе, екіншілері ауыр науқасқа мейірімділікпен қарап, оған жақындап қалған өлім туралы ешнәрсе айтпайды, ал үшіншілері бұл пациенттің қалауымен жүруі керек дейді. Әрине, науқас өзінің жағдайы туралы шындықты білуге құқылы және оның құқығын аяқ асты етуге ешкімнің қақысы жоқ, бірақ «білуге құқылы» және «білуге міндетті» деген ұғымдардың бірдей емес екендігін ұмытпаған жөн. Білу қақысы мен ақпаратты таңдау қақысы бірдей емес. Пациенттің еркіндігі, оның нақты шындықты білуге деген ұмтылысына бағытталған кезде ғана толық болады. Ауыр науқас жақындап қалған өлім туралы ештеме білгісі келмесе, онда айналасындағылар оның тандауын сыйлауы қажет. Қазаның таяп қалғандығын білу, көбінесе, науқастың жағдайын жеңілдетпейді, сондықтан оның аз білгендігінің де пайдасы бар. Егер пациент қашна уақыт өмір сүретіндігі туралы үзілді - кесілді мәлімет талап етсе, айналасындағылар оның дәлелдеріне құлақ түріп, оның сезімдерін түсінуге ұмтылуы керек. Көзсіз батырлық көбінесе жалған болады. Шындықты аяғына дейін айтуды талап еткен кезде, пациент осы шындыққа деген өзінің реакциясын көз алдына елестете алмайды. Кейде науқастың талаптары шартты түрде болатындығы, оның нақты жауап алғысы келмейтіндігі көзге түседі, өйткені нақты жауап, оның үмітін үзеді. Клиникалық тәжірибеде бұл мәселе екі сұрақтың көлемінен шығып кетеді де, пациентке диагнозы туралы, емдеу және болжау туралы «қашан», «қалай», «қанша» айту керектігін бойына жинайды. Бұл мәселелер пациенттерге «жақсылық жаса!» қағидасын басшылыққа алатын дәрігерлерді кеп толғандырады. Көптеген адамдар, терминалдық (өлім алдындағы) пациенттер өз жағдайы туралы толық ақпарат алуы керек деп есептейді. Сонымен қатар, көпшіліктің ойынша, бұл пациентгер медициналық емдеу, өмірін қалай аяқтау сияқты мәселелер бойынша шешімді өз еркімен қабылдауға құқылы. Шындықты айтпаудың неғұрлым жалпы себебі, өлім халінде жатқан адамды «білімнен» зақымданудан қорғап қалуға ұмтылу болып табылады. Бірақ, өлім халінде жатқан науқастардың сұрақтарына анықтап «мейірімділік жасау» және «зиян келтірме» ұғымдары арасындағы тепе-теңдікті табуымыз керек. Өлім халінде жатқан адам, өз жағдайын түсініп, көбінесе өз ауруы, таяп калған өлім туралы ѳзін терең түсінетін, жұбатқысы келмейтін адамдармен әңгімелескісі келеді. Сондықтан, дәрігер немесе кеңесші өлімге байланысты корқыныштар мен фантазияларды, өлім халінде жатқан адамның ұмтылыстарын кәсіби түрде ажырата білуі керек. Бұл пациентті тындап қана емес, ез жеке басы ѳлім туралы не ойлайтынын, ѳмірмен қосып не жоғалтатыны туралы ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді. Кеңесші жазылмас науқасты, өмірінің соңғы сәттеріне дейін өмір сүруге талпындыра алады. »
Өлімге реакция берудің заңдылықтары бар ма?
Жақындап қалған өлімге реакция берудің бірізділігін Kubler - Ross моделі сипаттайды:
1. Жоққа шығару. Пациенттер дәрігерге қарағанда, ең алдымен, қойылған диагноздың жоққа шығатынына сенеді. Шындық жағдай өзінен де, отбасынан да жасырылады. Жоққа шығару себепсіз үміт отын жағып, адамға өлімнің белгілерін көрсетпейді.
2. Ашу көбінесе «Неге мен?», «Неге бұл менімен болады?», «Неге қүдай мені естімейді?» деген сұрақтардан көрінеді.
3. Компромисс. Мінез - құлқын, өмір сүру салтын өзгерту арқылы, тағдырдың үкімін өзінен алыстатқысы келеді.
4. Депрессия. Жағдайының үмітсіздігін түсінгеннен кейін қоршаған ортаға деген қызығушылығы біртіндеп азайып, өкінішке оранып, оны қайғы басады.
5. Бейімделу. Өлімді сабырмен қарсы алуға мойынсұнады.
Әр адамда бұл кезендердің ету шамасы түрліше болады. Бұл кезендерден адамның жазылмас ауруын естіген отбасы мүшелері де өтеді.
4. Қаза жақындағанда жоққа шығару қандай рөл атқарады?
Bird (1973) өлу қорқынышын ауыздықтаудың маңызды кезеңі жоққа шығару деп есептейді. Оның пікірінше, жоққа шығару морфий тәрізді әсер етеді аурудың себебін таппай, ауруы азаяды. «Жоққа шығару шындықты мойындамаудың арқасында жан күйзелістерін жеңілдетеді. Қорғаныс механизмдері санасыз түрде іске қосылып, оның қарқыны мен өту сипаты әр кімде әртүрлі болады. Кейде мүны білмейтін дәрігерлер, пациенттердің психологиялық корғаныстарымен күресіп, олардың қиялдарын жоққа шығарып, тәлкек етеді (жазылмас ауруы бар пациенттер кейде жазылу белгілерін көріп, алдыңғы өмірін жоспарлай бастайды және т. б. ) ».
Шындығында, өлім халіндегі адамның өлуге деген корқынышы осылайша сыртқа шығады. Ауруды брмалап, теріс қабылдауды жоққа шығару басқа аурулармен ауырғанда орынды болады (мысалы, миокард инфарктысы кезінде ауруды жоққа шығару пациентті өлімге алып келеді) . Жоққа шығарудың көмегімен, «бәрі жақсы» деген иллюзия пайда болады. Бірақ, жоқка шығару арқылы, пациент өлімнің таяғандығын білмейді деу дүрыс емес. Ол білгісі келмейді немесе білмей жүре беруді тандайды деп айта аламыз. Санасыздық деңгейінде пациент шындықты сезеді, бірақ оған көңіл аудармайды. Жокқа шығару тиімді болып, өз қызметін аткару үшін, айналадағы адамдар бұл механизімді қолданбағаны жөн. Әдетте, өлім халінде жатқан адамдардың жақындары, тіпті дәрігерлер де шындықда көңіл бөлмейді, өйткені өздері де өлімнен қорқады және өмірі аз қалған адаммен калай сөйлесу керектігін білмейді. Сөйтіп, пациентке жокқа шығару механизмін қолдануға мүмкіндік бермейді. Айналадағы адамдар «бәрі жақсы болады, жазылып кетесің», - деген кезде пациенттің корқынышы үдеп, жақын адамдардың мүндай «ойынының» арқасында өз жағдайының үмітсіз екен-дігін сезеді.
Қаза алдындағы адамдармен өзін қалай ұстау керек?
Қорытындыда өлім халінде жатқан адаммен жұмыс жасау кезінде ескеретін бірнеше маңызды қағиданы атап кетейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz