«Балаларға оқу бақытын сыйлайық»



Алғы сөз.
I бөлім..
Қорытынды..
Мұндай байқауды өткізу идеясы бізге француздың педагог-жазушысы Д.Пеннактың кітапханашыларға жазған арнауын оқығаннан кейін пайда болды: «Құрметті кітапханашылар, қасиетті құтхананың шырақшылары, бүкіл әлемнің, жаратылыстың сіздердің керемет жадыларыңызда рет-ретімен ұяшықтарда сақталғаны қандай бақыт (сіздер болмасаңыздар, шөп басып кеткен иен даладай болған менің жадым жол таба алмас еді), сіздерді қоршап тұрған сөрелердегі барлық тақырыптық бөлімдерді адаспай тауып алып, емін-еркін жұмыс істейтіндеріңіз қайран қалдырады... егер де сонымен қоса сіздер өздеріңіздің сүйікті кітаптарыңыз туралы оқырмандарыңызға әңгімелеп берсеңіздер, көңіліңіздің түкпірінде сақталған кітап туралы естеліктеріңізбен бөліссеңіздер тіпті тамаша болар еді-ау! Бір сәтке шежіреші-ертекші кейпіне еніңіз – сонда кітап оқырмандардың қолына өзі келіп түсетін болады».

Қымбатты оқырмандар, біз сіздердің осы байқау қорытындысы жеңімпаздарының кітаптар туралы жазған әңгіме, аннотация, пікірлерін оқып, танысып, кітап әлемімен қатынас жасауда өзіңізге қуаныш сыйлайды деп ойлаймыз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және
жасөспірімдер кітапханасы ММ

Ұымдастырушылық-
әдістемлік бөлім

Өскемен қ., 2007

Оқысаң ұшасың
Пауло Коэльо

Құрметті оқырмандар!

Балаларға оқу бақытын сыйлайық байқауына қатысқн кітапханашылардың
таңдаулы шығармашылық еңбектерінен құралған жинақ назарларыңызға ұсынылады.

Мұндай байқауды өткізу идеясы бізге француздың педагог-жазушысы
Д.Пеннактың кітапханашыларға жазған арнауын оқығаннан кейін пайда болды:
Құрметті кітапханашылар, қасиетті құтхананың шырақшылары, бүкіл әлемнің,
жаратылыстың сіздердің керемет жадыларыңызда рет-ретімен ұяшықтарда
сақталғаны қандай бақыт (сіздер болмасаңыздар, шөп басып кеткен иен даладай
болған менің жадым жол таба алмас еді), сіздерді қоршап тұрған сөрелердегі
барлық тақырыптық бөлімдерді адаспай тауып алып, емін-еркін жұмыс
істейтіндеріңіз қайран қалдырады... егер де сонымен қоса сіздер
өздеріңіздің сүйікті кітаптарыңыз туралы оқырмандарыңызға әңгімелеп
берсеңіздер, көңіліңіздің түкпірінде сақталған кітап туралы
естеліктеріңізбен бөліссеңіздер тіпті тамаша болар еді-ау! Бір сәтке
шежіреші-ертекші кейпіне еніңіз – сонда кітап оқырмандардың қолына өзі
келіп түсетін болады.

Қымбатты оқырмандар, біз сіздердің осы байқау қорытындысы
жеңімпаздарының кітаптар туралы жазған әңгіме, аннотация, пікірлерін оқып,
танысып, кітап әлемімен қатынас жасауда өзіңізге қуаныш сыйлайды деп
ойлаймыз.
Ал ең бастысы, Сіздер ктіапты Пеннактың бекіткен ережелері бойынша оқи
аласыздар:
- Оқымау құқығы
- Аттап өту құқығы
- Ақтап оқымау құқығы
- Не болса соны оқу құқығы
- Кез-келген жерде оқу құқығы
- Дауыстап оқу құқығы
- Оқығаның туралы үндемеу құқығы.

Өз құқықтарыңызды пайдаланыңыздар,
оқыңыздар және ләззат алыңыздар!

Жоғары сынып оқушыларына
арналған ұсынысты әзірлеген:
Мырзағалиева Оңай Салтыбайқызы
библиографиялық-ақпарат бөлімінің
жоғары дәрежелі библиографы

Зәкенұлы Т. Көк бөрілердің көз жасы: Тарихи роман. - Астана: Елорда,
2002. – 528 б.

Қымбатты жас дос, мынау алмағайып заманда, жаһандануға талпынып жатқан
шақта білімді ғана оза шабады, өмірден өз орнын табады.
Білеміз, сен техниканың тілін таба білесің, орыс тілін өз ана тіліңнен
де артық білерсің, бірер шет тілін де меңгергеніңе шүбә келтірмейміз, ал
ата-баба тарихын, еліңнің өткенін жетік білесің бе?
Өз елінің, ұлтының тарихын, тілін, ділін білмей ешбір ұрпақ өз елінің
азаматымын, ұлымын деп айта алмас.
Ендеше жас дос, Отан тарихына етене жақындағың келсе, жоғарыда
көрсетілген кітаппен танысайық.
Тарихи романның авторы Тұрсынхан Зәкенұлы ата-баба жерін сағынып,
армандап жүріп, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тарихи Отанына Қытайдан
оралған қандасымыз. Бұл романды жазарда көп ізденген, тарихи деректерге
сүйенген (еліміздің тарихы қытайдың жазба деректерінде жақсы сақталған).
Шығарманың Көк бөрілердің көз жасы деп аталуының өзі көп мағына
береді. Көк бөрі – түркі тотемі. Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі
де өзі болып, емін-еркін өмір сүріп жүргенде, өзінен зорға кезігіп, мәңгі
бауыр басқан ұйық жұртынан айрылса, күн-түн демей жортуылда болса бөрі
жыламағанда, кім жылайды? Мұнда көк бөрі – көк түркілердің ізбасары Найман
мемлекетінің ел-жұрты, ессіз ерлері.
Шыңғыс хан жарты әлемді жауламай тұрып, алғаш басқыншылығын қазақ
жерінен бастаған. Шыңғыс хан туының астына жиналған әскер қатары ер жүрек
қазақ батырларынан құралған. Шыңғыс ханның жер жарар каһарынан қорыққан
қандай да ел соғыспай берілген. Ал шындығында Шыңғыс ханға бастапқыда
Найман мемлекетін алу оңайға түспеген. Найман хандығының соңғы ханы Күшлік
хан 20 жылға жуық күрескен, өліспей беріспеген. Романды оқып отырып,
найман деген жұрттың ерлігіне таңдай қағамыз, ұрпағы екенімізді мақтан
тұтамыз.
Жас дос, алдарыңда талай сынақтар күтіп тұр. Сол сынақта әлемді
дүрліктірген, аты аңызға айналған Шыңғыс хан туралы сұрақ кездесуі хақ.
Міне, осы сұраққа жауапты осы романды оқысаң ғана жауап бере аласың,
өйткені Шыңғыс хан бейнесі романда тарихи деректерге сүйеніп, көркем тілде
жақсы жеткізілген. Шыңғыс ханның бет-әлпеті, ойлау қабілеті, саяси
көзқарасы, соғыс жүргізу тактикасы, әскерді басқару ерекшелігі романда
жақсы суреттелген. Романның ерекшелігі – Шыңғыс ханды қазаққа жақын қылып
бейнелеген, оның қазахи бейнесін сомдаған. Қазір өздерің білесіңдер,
белгілі адамдар арасында Шыңғыс ханның нәсілі жөнінде (моңғал ма, лде
қазақ па) талас пікір толастамай тұр ғой.
Жас дос, роман көлемді болғанымен, алғашқы бетін парақтап оқи
бастағаннан ақ, аттары тарихи жазбалардан мәлім болған Тайбұқа, Тұғрыл,
Бұйрық, Күшлік хандар, сондай-ақ Қалтуған-мерген, Көксау Саурық сынды
батырлар мен Құба-текін, Кетбұға, Майқы тектес жыраулардың елі үшін жан
беріп, жан алысар ерлікке толы шытырман оқиғалары өзіне баурап алады.
Ой-хой, ата-баба қанымен қорғаған, арысы Өркен тауынан (қазір Монғолия
территориясы) берісі Қарақұрым тауына дейін созылып жатқан қайран туған жер-
ай, деп ойлап, туған жеріңе, еліңе махаббатың арта түседі.
Сонымен, жас дос, Шыңғыс хан әскерімен бармайтын жерің жоқ, найман
ерлерімен бірге күресесің, қиналасың, романды бітіресің, бірақ көпке дейін
сол XII ғасырдың соңы, XIII ғасырдың басында өмір сүріп жүргендей сезімнен
арыла алмайсың. Міне, романның құдіреті!
Жә, ендігі кезек өзіңде жас дос, романды қолыңа ал, ата-баба тарихына
сапарға аттан!

Кітапбаева Динара Айткәрімқызы
Ұлттық әдебиет және өлкетану
бөлімнің жоғары дәрежелі кітапханашысы

Қазақ ертегілері. – Алматы: Балауа баспасы. 2003. – 176 бет.
Ертегілер халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып
қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Осы мол дүниеден бұл кітапқа
халқымызға кең тараған ертегілер енгізіліп отыр.

Қазақ ертегілері
(Кең тараған ертегілер)

- Сәлеметсіңдер ме, оқырмандар!
Бұл бөлім ұлттық әдебиеттер мен өлкетану бөлімінің абонементі. Бұл
бөлімде оң жаққа бұрылсаңыздар сиқырлы ертегілерге жетесіздер, сол жаққа
бұрылсаңыздар кітап нәрімен сусындайсыздар. Артқа қайтсаңыздар өкінесіздер!
Оңға жүрген оңалар - дегендей ертегілер еліндегі сөрелерде көптеген
ертегілер бар. Назарларыңызға ертегі ұсынсақ.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде бір ханның үш ұлы болыпты. Бір
күні хан үш ұлын шақырып алып былай депті.
- Балаларым, сендерге 7 жыл уақыт беремін. Осы уақыт ішінде өздеріңнің
өмірден нені қалап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде түсті айыруға үйрету
Эссе. Саяси идеология
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы
Балалардың әрекеті
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу
Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі
Ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы – Жүсіпбек Аймауытов
Салауатты тамақтану
Пәндер