Жасөспірімдердің жүйке қызметі бұзылуының негізгі себептері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы. Жасөспірімдердің жүйке қызметі бұзылуының негізгі себептері

Адамзаттың денсаулығын сақтап, өзінен кейін ұрпақ қалдыруы ХХI ғасырдың басында оңай мәселе болып отырған жоқ. 2 слайд .

Бір алаңдатарлығы, өткен ғасырдағы әлеуметтік, экономикалық, техникалық өзгерістер адамгершілік-әдептілік, мәдениеттілік, отбасылық, жеке бастық мәселелерді шеше алмады. Адамдардың әсіресе өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың денсаулығына үлкен зиян келтірілді. Сонымен денсаулық дегеніміз не? Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының анықтауынша, «денсаулық - адамның өзгеріп отыратын ортада өзіндік биоәлеуметтік қызметтерін артығымен, бірақ ауырмай, кемтарлық пен ауруды болдырмай орындай білуі. »

3 слайд. Қазіргі кезде жасөспірім денсаулығының бұзылуының негізгі себепері қаедай дегенге тоқталсақ мыналарды төмендегі себептерді байқай аламыз. Олар.

Жасөспірім денсаулығы бұзылуының негізгі себептері

Рафинатталған, құнары аз тағамдар

Психо-эмоционалдық күйзеліс

Ұйқының аздығы

Темекі тарту, алкогольді ішімдіккі үйірлік

Нашақорлық

Дені сау адамның әдетте көңіл - күйі жоғары болып, өз мүмкіндігін іске асыра алады, өмір қиындықтары мен кедергілерді оңай жеңіп, алдағы күндеріне сенімді болады. Оқушының күнделікті өмірі, оның еңбек етуі қалыптасқан және үйренген бірқатар әдеттер мен дағдылардан, шын мәнінде шартты рефлекстерден тұрады.

4 слайд. Ал енді невроздар кімдерде болад дегенге келсек?

Жоғарғы жүйке қызметінң типі неғұрлым әлсіз, әрі ұстамсыз болған сайын, оның өмірдің жаңа жағдайларына икемделуі де соншалықты қиындай түседі: әрі жаңа стереотип қалыптастыруы да оңай болмайды. Ал мұның өзі, мұндай типтегі оқушылардың жоғарғы нерв қызметінің бұзылуға тезірек ұшырайтындығын көрсетеді. Невротикалық жағдайлардың оларда пайда болуы үшін денесіне немесе миына аздап түскен күштің өзі жетіп жатыр.

5 слайд. Біздің бақылауымызша невроздар әсіресе бала кезде мәпеленіп, ешнәрседен беті қағылмай өскен балаларда жиі пайда болады. Мұндай оқушылардың бір істен екінші іске көшуі, мінез - құлықтарын, стереотиптерін өзгертуі өте қиын. Міне, сондықтан олар айналасындағылармен жиі ұстасып қалады.

6 слайд. Мектептегі жылдарда невроздардың пайда болуына көбіне күн кестесінің бұзылуы және сабақтарды қиындатып жіберуге байланысты ақыл - ой мен денеге күштің артық түсуі себеп болады. Бұл жастағы балада мектеп пен көшенің ықпалының әсерінен жаңа қатынастар туады, жаңа әдеттер пайда болады. Мысалы, темекі тарту сияқты зиянды әдеттер невротикалық жағдайлардың дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Жасөспірімнің жүйке қызметінің бұзылуының негізгі себептерін іздестіргенімізде біздің гимназия оқушылары арасынан төмендегі себептер жиі кездесті. 7 слайд.

1. Кейбір жасөспірімдерді эндокриндік өзгерістер мазасыздандыра бастайды.

2. Дене шынықтыруға немкетті қарайтын, балалары бет - бетімен, өз уайымы өзінде кеткен отбасыларда невротикалық жағдайлар әсіресе айтарлықтай көп болады.

3. Невроздардың пайда болуында «психикалық жарақаттардың» аса зор ролі басым.

4. Ақпараттар тасқыны мол әрі ұзақ болса, психикалық қызмет реттеуші функциясын атқара алмайды.

Жасөспірім ағзасы бүкіл өзінің дамуында дене еңбегін жақсы атқаруға, ал жүйкеге күш түсіруге нашар бейімделген. Эволюция мөлшерімен алғанда, қас қағым сәтте өмір салтының шешуші түрде мұншалықты өзгеруі болашақты болжаушы мамандардың пікіріне қарағанда, болашақта қайғылы жайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Жүрек-қан тамыры мен жүйке ауруларының қазірдің өзінде күрт көбеюі зерттеушілерді алаңдатуда. Олар мұның өзі жүйке жүйесіне күш түсу мен арта түскен гипокинезияның ( белсенді қозғалыстың азаюы ) салдарынан екеніне шүбә келтірмейді . Демалыссыз ұзаққа созылған бір сарынды әрекет, әрекет кезінде дененің бір қалыпты өзгермеуі, еңбек етудің, тамақтанудың дұрыс әрі нақты кестесін сақтамау - мұның бәрі мидағы нерв - психикалық процестерге күш түсіруге алып келеді. Сөйтіп, жоғары жүйке қызметі бұзылады. Жасөспірім ашуланшақ болады, тез шаршап, басы ауырады, ұйқысы қашады, әрі тамаққа тәбеті жоғалады, еңбек ету қабілеті күрт төмендейді. 8 слайд. Глоссарий

Менің осы тақырыппен жұмысымның барысында кездескен терминдердің сөздігімен сіздерді таныстыра кетсем.

Шаршау - қандай болса да әйтеуір бір жұмысты атқаратын бұлшық еттердің қажуы ғана емес, бұл ең алдымен мидың қажуы, оның еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі.

Әлеуметтік-енжар тип - белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашу (оқудан бас тарту, кезбелік, нашақорлық т. б) .

Түзету (коррекция) - баланың бойындағы кемшіліктерді емдеу және оқу-тәрбие істері арқылы жүргізілетін шаралардың жиынтығы.

Сынақ әдіс (тест) - психикалық даму мен ақыл-ой деңгейін анықтау мақсатымен жүргізілетін тәжірибелік әдіс.

Жұмысымды қорыта келгенде айтарым орыстың белгілі физиологы Н. Е. Введенский «адам көп жұмыс істегендіктен емес, жұмысты жаман істейтіндіктен шаршап-шалдығатынын» атап көрсеткен болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру қабілетінің бұзылуының негізгі түрлері
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Мектеп психологынын іс-кагаздары. Психодиагностикалық жұмыстар
Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әдіснамалық-әдістемелік мәселелері
Мүсін бұзылуы (бастауыш сынып балалары)
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz