Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері


Жоспар:
Кіріспе. . . 2 бет
1 тарау. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
1. 1. Сақтау шартының нысаны . 4 бет
1. 2. Сақтау шартының мерзімі . . . 11 бет
1. 3. Сақтау шартының субъектілері тараптары …… . . . …. 14 бет
1. 4. Сақтау шартының пәні . 16 бет
1. 5. Сақтау шартының мазмұны 18 бет
2-тарау. Сақтаудың жекелеген түрлері
2. 1. Ломбарда сақтау 32 бет
2. 2. Құндылықты банкте сақтау . 35 бет
2. 3. Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау . . 39 бет
2. 4. Ұймыдардың киім ілгіштерінде сақтау . 41бет
2. 5. Қонақ үйде сақтау . . . …43 бет
2. 6. Даулы заттарды сақтау секвестр . . . 45 бет
3-тарау. Тауар қоймасында сақтау
3. 1. Қоймада сақтау шартының негізгі ерекшеліктері . . . …. 47 бет
3. 2. Сақтау шарты бойынша жауапкершілік . 56 бет
Қорытынды . . . . 61 бет
Пайдаланылған әдебиеттер . 64 бет
Кіріспе
Сактау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бүл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-6. 1-т. ) .
Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, Соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бүған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т. б. жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.
Жалпы пайдаланыстағы орындарда (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Сақтау қажеттілігі зандардың талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және т. б. сақтау жүзеге асырылады.
Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын соның ішінде, ұрлаудан сақтай алатын, оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақталады.
Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.
Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген түлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз, мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбүр боламыз.
Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру атап өту кезінде тағы бір рет сипатталатын нақтырақ болады.
1-тарау. Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
1. 1. Сақтау шартының нысаны
Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен жасалады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге деген шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге вокзалдардың әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың, театрлардың, мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т. б. сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді, жетондарды және басқа да заңды деп танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенше жағдайлар кезіндеде (өрт, су тасқыны және т. б. ) сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.
Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы шарттың жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі.
Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.
Елеулі айырмашылық сақтаудың күрделі шартқа енуі мен сақтаудың аралас шартқа енуі арасында айқын көрініс табады. Бірақ, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, М. И. Брагинскийдің "сақтау шарттың басқа элементтерімен қосылып кететін күрделі шартқа қарағанда оған белгіленген біртұтас құқықтық режимге бағынады аралас кезінде АК 412-бабы күшіне енеді"деген біржақты пікірі дұрыстау емес деген ойдамыз. Мүмкін, күрделі шарт қатынастарын тікелей реттейтін нормалар әрекетінің басымдығы және сақтау туралы нормаларды қолдану мүмкіндігі туралы айтқан жөн болар. Әйтпегенде, күрделі шарттар аясында "жүк элементін" сақтауды бөліп көрсету мәнісінен айырылады. Бұған қоса, заңнаманы осылай талқылау арқылы біз бірқатар ұқсас жағдайларда сақтау туралы нормалардың жалпы бағыттаушы маңызын елеулі түрде төмендетіп аламыз. Сақтаушылар және жүк берушілер деп- тікелей аталмаған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтауда айтарлықтай қиыншылықтар туындайды, алайда олардың іс жүзіндегі жағдайы сақтаушы мен жүк берушінің жағдайы сияқты болып табылады немесе соған жақынырақ болады.
Сақтау шартын (міндеттемесін) аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзі туралы толық пікір әсер алуға мүмкіңдік береді.
Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда А. П. Сергеева мен Ю. К. Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты.
Аталған оқулықтың авторлары атап өткендей, сақтаудың жалға алу мен ссудадан ерекшелігі - сақтаушының мүліктің сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын иеленеді. Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары әртүрлі осының өзі салыстырмалы талдау жасауға түрткі болды.
Аталған ерекшелікке сүйене отырып, сақтаушының әрекеттерін, егер ол өзінің шарттық өкілеттіктерін асыра отырып, мүлікті пайдаланатын болса, заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау элементін бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені жалға алушы, мүлікті уақытша болса да өз иелігіне ала отырып, оны өз мақсаттары үшін сақтайтын болады. Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға. алу шартынан туындайды тек осы шарттьң ерекшелігін құрайды. Жоғарыда мүлікті жалға алу шартын қарастыра отырып, біз мүлікті ұстау жөніндегі ауыртпалық сәйкесінше жалға алушыға өтуге тиіс екендігі туралы айтқанбыз. Егер де сақтау шарты туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мүлікті ұстау ауыртпалығын сақтаушыға беруге жол берілмейді.
Осы айтылған сөз аралас шарттардың соның ішінде жалға алу элементтері бар сақтау шартының бекітілуін жоққа шығармайды. Мұндай сәттерде, тиісінше жалға алу немесе сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардьщ қандай қатынастарына қолдануды анықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану нәтижесінде оның мүмкін болатын тозуымен алдын-ала келіседі. Ал, жүк беруші болса затты бұрынғы күйінде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылығы айқын көрінеді. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерінің балансы қайда?//2
Бұл даулар бойынша істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық құқықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады.
Сондықтан олардың мәнісіне, мазмұнына нормативтік реттелуі мен осыған байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлікті күзету шарттарын ажыратамыз.
Бірақ біз аталған оқулық авторларының мынадай пікірмен келіспейміз: "сақтау шартын, басқа азаматтық-құқықтық міндеттемелердің құрамдас бөліктері болып табылатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерден ажырату қажет. Дәлірек айтқанда, мұндай міндеттер заңмен мердігерге (АК 914-бабы) тасымалдаушыға (АК 796-бабы) комиссионерге (АК 998-бабы) және бірқатар өзге міндеттемелердің қатысушыларына жүктеледі. Осындай және соларға ұқсас барлық жағдайларда тараптардың өзара қарым-қатынастары сақтау шарты туралы нормалармен емес тиісті шарттар туралы ережелермен реттеледі". Келіспеушілік себебін жоғарыда атап өткенбіз. Жалға алушы мүлікті өз мақсаттары үшін алатын жалға алуға қарағанда, кәдімгі сақтаушы сияқты, мердігер де затты құр сақтайды және мердігердің осы міндетінің тәртібін реттеу үшін мердігерлік туралы нормалардың өзі жеткіліксіз болғанда сақтау туралы нормалар қолданылуға тиіс. Енді шарттың өзін нақты қарастыруға көшейік.
Әрекет етуші заңнамада сақтау шартының бірқатар түрлерінің тәртібі ретке келтірілген. Ең алдымен, сақтаудың барлық
шарттары үшін маңызды болатын сақтау туралы жалпы ережелер ролін қарастырылады. Олармен кәдімгі тұрмыстық сақтау реттеледі.
Субъектілік қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнының кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:
1) заттарды ломбардта сақтау;
2) құндылықтарды банкте сақтау;
3) көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау;
4) ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;
5) қонақ үйде сақтау;
6) даулы заттарды сақгау - секвестр.
Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады. //3
Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, 39-тарауда (768-802-баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарына қатысты нормалар сондай-ақ өзге де зандық және заңға сәйкес нормативтік актілерде көрініс тапқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңы, 19 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Астық туралы" Заңы, 20 шілде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президенттің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығы, 10 шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет ету шаралары туралы" Заңы және басқа да жекелеген заңдар. Заңға сәйкес нормативтік актілерге мыналар жатады: ҚР Ұлттық банк Басқармасымен 16 шілде 1995 жылы бекітілген Ломбардтар туралы Ереже, Қазақстан Респуб-ликасы Әділет министрінің 17 сәуір 2000 жылғы № 35 бұйрығымен бекітілген әрекетке алынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен жағдайлары туралы нұсқау, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тұсындағы кеден комитетінің 6 шілде 1995 жыл-іъг № 125 бұйрығымен бекітілген, Кеден қоймалары турапы Ереже; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпан 2000 жылғы № 273 "Астық пен оны қайта өндеу өнімдерін элеваторларда қабылдау, сақтау, қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың жекелеген мәселелері туралы" қаулысы. Бұл, сондай-ақ сақтау мәселелері жөніндегі нормативті актілердің түпкілікті тізімі емес.
Сақтау шарты реалды шарт. Бұл ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан көрінеді. Онда сақтау шарты зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылатындығы, тікелей көрсетілген. Аталған норма мағынасынан туындайтындай, бұл шарттың мәнісі тараптардың еркі бойынша консенсуалды шарт құрылымын қолдануға бейімделмеген. Өйткені алдын ала келісім бойынша жүк берушіні сақтаушымен мәжбүр ету мүм кіндігі ең алдымен егер бұл басқа тұлғалардың мүдделеріне зиян (шарттық немесе шарттық емес) келтірмейтін болса өз мүлкін билік ету мүмкіндігі болуға тиіс меншік иесі ретіндегі жүк беруші мүдделеріне зиян келтірер еді. Жүк беруші шарттан бас тарту кезінде бүл орын алмайды (орын алмауға тиіс), өтйкені кәсіпкер болып табылмайтын сақтаушы сақтау бойынша қызмет көрсетуден жүйелі негізде пайда табуды жоспарламайды.
Сақтаушы рөлінде кәсіпкер тұрса басқаша болады. Онымен сақтаудың консенсуалды шарты бекітілуі мүмкін (ҚР АК 769-6. 1-т) . Бұл жағдайда заң шығарушы сақтаушының заңды мүдделерін ескереді.
Кәсіпкермен бекітілетін сақтау шартын консенсуалды сипат қана емес, сондай-ақ оның жариялылығы да ерекшелендіреді (ҚР АК 770-бап) .
Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді. Сақтау шарты зат сақталуға берілген кезден бастап жасалған деп танылады. Қозғалмайтын мүлікгі күзетуге осы тараудың күші қолданылмайды. Сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде жузеге асыратын сақтаушы шарт бойынша езіне жүк берушінің затын сақтауға қабылдау және жүк берушінің берген затын осы тараудың ережелеріне сәйкес сақтау міндеттемесін өз мойнына алуы мумкін. Шарт бойынша өзіне затты сақтауға қабылдау міндеттемесін алған сақтаушының бұл затгың өзіне сақтауға берілуін талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартга көзделген мерзімде затты сақтауға бермеген жүк беруші, егер заң акгілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақгалмай қалуға байланысты келтірілген залалдар үшін сақтаушының алдында жауапты болады. Егер жүк беруші сақгаушының қызметінен бас тартқандығы туралы қисынды мерзімде мәлімдеген болса, ол затты сақгауға бермегені үшін жауапкершіліктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта келісілген мерзімде зат сақгалуға еткізілмеген, ал бұл мерзім шарт жасалған күннен бастап отыз тәулік өткенге дейін белгеленбеген жағдайларда сақтаушы затты сақтауға қабылдау міндетінен босатылады. Өзінің кәсіпкерлік қызметіне қарай сақтауды жузеге асыратын сақгаушының, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, техникалық мүмкіндік бола тұра затты сақгауға қабылдаудан бастартуға қүқығы жоқ. Мұндай жағдайларда сақгау шарттары жария деп танылады (осы Кодекстің 387-бабы) . Иесіздендіріп сақгау кезінде сақгауға алынған заттар басқа жүк берушілердің срл тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуі мүмкін. Жүк берушіге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келісілген мөлшерінде қайтарылады. Заттарды иесіздендіріп сақгау кезінде, егер заң акгілерінде немесе тараптар-дың келісімінде белгіленсе, заттар осы тектес және сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға тиіс.
Сақтаушының нөмірлер, жетондар және басқа да заңцы деп танылған белгілер беруі арқылы заттарды қысқа мерзімге сақгауга сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың жәнет. б. киім ілгіштеріне өткізулерді қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер сақтауға алыеған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхаиын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі. Тұрмыстық қызмет көрсету түріндегі сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкін. Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақгарға жол беріледі. Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезінде сақ-тауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақгауға еткізілген зат-тардың қунына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.
1. 2. Сақтау шартының мерзімі
Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндігімен) . Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға еткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Қысқа мерзімді шарт сол бір немесе өзге мекеменің жұмыс тәртібіне бағдарланатын киім ілгіштің жұмыс тәртібінің ұзақтығы бойынша анықталуы мүмкін.
Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.
АК 773-бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады.
Онымен қатар жоғарыда атап өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да бекітілуі мүмкін.
Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішіндегі шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын, мүмкіндікггерін қамтамасыз етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.
Талап етілмелі шарттың мәнісі - жүк берушіге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де мерзімсіз де сақтау шартының элементтерін қамтуы мүмкін.
Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілгеп болса шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк бсрушінін заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабыл-дап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.
Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымсн затты сақтау бойынша сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге келе алады. Осы ған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір кезекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т. с. с.
Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шексіз сақтау кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе өзге жағдайларда кәдімгі мерзім өтіп кеткеіг-де, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады.
Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда, жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушыға шартты мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге міндетті болады.
Егер зат талап етілмелі сақтауға немесе мерзімі көрсетілмей өткізілген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк беру шінің заттарды қайгып алуын талап етуге қүқылы, бірақ жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz