Мотивациялық факторлар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Табысқа жету және сәтсіздіктерден қашу мотивациясы;

2. Өзіндік бағалау мен талаптану деңгейі;

3. Билік және аффиляция мотивтерінің көріну ерекешеліктері;

4. Агрессивтілік мотиві мен агрессиясы;

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі


Лекцияның мәтіні:

Қарастырылған мотивациялық факторлар уақыт өте келе жеке адамға етене болатыны соншалық, оның тұлғалық бітістеріне айналады. Олардың қатарына : табысқа жету немесе сәтсіздіктен қашу мотиві, мазасыздану, локустық қадағалау, өзіндік бағалау, талаптану деңгейін жатқызуға болады.

Сонымен қатар жеке адамды тұлға ретінде сипаттайтын оның қарым-қатынасқа деген қажеттілігі (аффилиация мотиві), билік мотиві, басқаларға жәрдемдесу мотиві (альтуризм) және өшпенділік сияқты адамның басқа адамдарға дген қатынасын реттейтін әлеуметтік маңызды мотвтеріне кеңірек тоқтала кетуге болады.

1) Табысқа жету және сәтсіздіктен қашу мотиві. Табысқа жету мотиві теориясы бойынша, адамда іс-әрекет пен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі мотив болады. Бұл екі мотивке ие жеке адамдардың жүріс-тұрысының қозғаушы күштері арасында елеулі айырмашылықтар болады.

Табысқа жету мотивін ұстанған адамдар өз іс-әрекеті алдына нәтижесі сөзсіз табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, оған жетуге белсенді ат салысады. Мұндай адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни табысқа жету сенімділігі болады. Олар өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезініп, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз ісіне бар күш-жігерін жұмсау, қойған мақсатына бар зейінін шоғырландыру тән болып келеді.

Керісінше, сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдарда іс-әрекеттегі негізгі мақсат табысқа жету емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. олардың бар күш -жігері осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенімсіздік, сынға ұшырау, сәтсіздік қорқынышы нәтижесніде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсіздікке ұшырау қаупін үнемі сезінгендіктен іс-әрекетке деген ықыласа төмендейді.

Табысқа жету мотиві бар адамдар, әдетте, өз мүмкіншіліктері мен іскерлік дағдыларына сай іс-әрекет түрлерін таңдап алады. Талаптану деңгейі мен мүмкіндіктері арсында толық теңдік орнаған. Ал сәтсіздіктен қашу мотиві бар адамдар өз мүмкіндігін бағалауда жоғары өзіндік бағалау және төменгі өзіндік бағалау нәтижесінде ең қиын немеес ең оңай іс-әрекет түрін таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкіндік деңгейі арасында сәйкестік болмайды.

Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдаланады. Ал басынан сәтсіздікке бағытталған адам өзіне сенімсіздік білдіріп, сыннан қорқады.

2) Аффилиация мотиві. Бұл мотив адамдардың өзара қарым-қатынас кезінде адамдармен жағымды, эмоциялық тұрғыда жылы қарым-қатынас жасауға талпыну реніде көрінеді. Бұған қарама-қарсы адамның басқа адамдар тарапынан шеттетілуінен, өзін қабылдамауынан қорқу мотиві де байқалады. Адамдардың жеке адам аралық қарым-қатынастағы белсенділіг немесе енжарлығы оның бойында аталмыш мотивтердің басымдылығымен айқындалады. Аффилиация мотиві көбіне жеке адамның қоршаған орта тарапынан қлодауға ие болуы және өзіне деген сенімділікті қалыптастырумен қатар өз-өзін бекітуге деген талпынысымен байланысты жүзеге асады.

3) Билік мотиві. Бұл мотив адамның басқа адамдарға үстемдік немесе билік көрсетуге талпынуы.

4) Альтуризм немесе көмек көрсету мотиві. Альтуристік мінез-құлықты адамның қоршаған ортадағы басқа адамдардың жағдайын жасауға бағытталған әрекеттері ретінде түсіндіруге болады. Мұнда қамқорлық көрсету, басқаларды қолдау, қорғау, жайландыру, талпыну мотивтері ретінде көрінеді.

5) Агрессия мотиві. Адамға моральдық, материалдық немесе физикалық зақым келтіретін әрекеттерді агрессия деп атайды. Агрессия тек фрустрацияға деген реакция ретінде ғана емес, басқа адамдарға бөгет жасау, оларға әділетсіздік көрсету, оларды кеміту, зақым келтіру ретінде көрінуі мүмкін.

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т психо­логии. - М. : Наука, 1977.

2. Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. - М. : Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. - М. : ЧеРо, 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. - СПб. : Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. - 2-е изд. - М. : Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. - 2-е изд. - М. : Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. - СПб. : Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. - М. : Педагогика, 1985.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам мотивациясының дамуының психикалық механизмдері
Басқару кадрларын мотивациялау
Педагогикалық мотивацияның психологиялық негіздері
Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілігі
Эмоцияны түсінудің пайдасы
Оқу мотивациясы
Еліміздегі жоғарғы әскери оқу орындарындағы қазақ бөлімінде оқитын болашақ офицер мамандардың кәсіби маңызды сапалық қасиеттерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу
Басшы тұлғасының психологиясы.
Жұмыстың қанағаттанушылығына әсер ететін факторлар
Мотивация дегеніміз не?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz