Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі жайында



Кіріспе

1. Отбасы негізі ата.ана және олардың беретін тәрбиесі
2. Отбасының қызметі
Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.
1 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі
Жоспар
Кіріспе

Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі
Отбасының қызметі
Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында
болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан
өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну
үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы
қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру
керек.
20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және
қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық
авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі.
Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы,
ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы
мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз
бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді
қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан
бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі
кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске
ұшырағанын атап өтуге болады.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы
күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын
атқаруға кіріседі.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз
сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен
ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы,
сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және
әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының
берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде
еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып,
бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-
аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға
берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан
туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.

І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін
қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына
қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары
алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері
ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына
үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені
сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол,
мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы
өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының
еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да
балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады.
Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас
ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен
мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен
жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік
қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан
басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі
ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени
орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол
дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,
ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі
отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі,
халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді
қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы
еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар
арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің
бәрі негізінен от басы – ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе
отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас
балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да
құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен
қамқорлық таныта біледі.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос
Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын
бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы Ана мектебі деп
көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында
альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай
деп жазады: Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және
дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету
керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты
талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін
бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-
аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы
тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай
өзінің 10-сөзінде: Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны
берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы
болса, кімнен көресің? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды
сынайды.
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса
үлкен мән берген. Ол өзінің Баланы семьяда тәрбиелеу деген еңбегінде ата-
аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін
атап көрсетеді.
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы
Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын
философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы
И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ
ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.
Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы
педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы
тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды.
Менің бұл курсық жұмысты жазудағы болжамым – отбасы тәрбиесі бойынша
әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы
баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды,
ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің
қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде
қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне
үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық,
өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен
сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат,
адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың
кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың
дұрыстығы өте маңызды.
Отбасы құрылымы

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері
арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын
талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына
жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім –
орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай
бөлінген деген сияқты.

Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына
қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері
болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық
міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу
негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-
зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке
күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы
себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі
қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар
екенін мойындау керек.
1.1.Отбасының қызметі
Отбасының тәрбиелік қызметі
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-
қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке
қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша
өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін
дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің
материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың
денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының
осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті
бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық,
сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық
қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің
эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер
етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани
байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік
мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар
(жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес
өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті
деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызметі
Сексуалды-эротикалық қызметі – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық
қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып,
отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-
құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.

Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін
отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай
ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа
мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы
өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы,
отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-
аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың
бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері
мен басқалар жағынан кедергі келтіруі

1.2.Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері
АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде
жазу және баланың тууы (асырап алынуы) туралы, куәлік беру баланың
туғандығың куәландыратын құжаттар болып табылады.
Баланың анасынан туғандығын анықтау, әдетте, киындық туғызбайды. Бала туған
медициналық мекеменің берген анықтамасы, ал бала медициналық мекемеден тыс
жерде туған жағдайда — баланы қабылдаган медицина қызметкері толтырған
құжат, сондай-ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына,
әдетте, медициналық сараптамалар жатады (каң сараптамасы)
гендік дактилоскопия және басқалары баланың нақ осы әйелден туғандығын
айғақтайтын дәлелдемелер болып табылады.
Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Сондықтан
ежелгі қазақта бала әкеге — күмөн, шешесіне — аян деген мәтел бар. Бала
тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын
адамның өкелік дәлелі әрекет етеді. Бұл адам баланың әкесі деп есептеледі
және дәлелді қажет етпейді. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған
немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған күннен бастап екі жүз жетпіс күн
ішінде туған жағдайда анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып табылады.
Бала өзара некеде тұрмайтын ата-аналардан туғандығын әкесі жағынан ерікті
турде не сот арқылы анықтауға болады.
Әкелігін ерікті түрде тану — әкесі мен шешесінің АХАТ органына бірлескен
етініш беру жолымен жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған ата-аналар үшін де әкелігін тану құқығы қолданылатын
айтуымыз керек.
Баланың мүдделерін қорғау мақсатында әкелік — сот төртібімен анықталады.
Баланың әкесі деп жобалаған адамға талап қойылады.
==Баланың құқықтары. Балалар мүдделерін. мемлекеттік қорғау Әрбір баланың
отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы
тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі.
Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына,
олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе
анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс
күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра
бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі
тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының
рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті
екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге
болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде
тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін
орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың
әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық көзқарасында отбасының басты міндеті аға ұрпақтың орнын басатын бала тәрбиесімен айналысу
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі-өнегесі
Жоғары оқу орындарында студенттерді болашақ отбасылық өмірге даярлаудың педагогикалық негіздерін анықтау, студенттерді отбасылық өмірге дайындау әдістемесін жасау
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қыз бала - келешек отбасының анасы
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Пәндер