Мұнай өнімдерін тізбектей айдау



1. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау
2. Мұнай айдау сорап стансаланырың санын табу
3. Сораптардың тізбектеліп жұмыс істеуі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау дегеніміз бір мұнай құбыры арқылы әртүрлі мұнайларды, немесе әртүрлі мұнай өнімдерін белгілі бір тәртіппен айдауды айтады. Тізбектей айдау нәтижесінде құбырдың өткізу қабілетін толығымен пайдаланады, ал тасымалдың басқа түрлері мұнай өнімдерін тасудан босатылады. Бірақ мұнай өнімдерінің түйісу аумақтарында қоспа пайда болады. Тізбектей айдауды есептеу нәтижесінде төмендегі есептер шешіледі:
– Сорап стансаларының санын анықтау;
– мұнай өнімдерінің түйісу аумақтарында пайда болатын қоспаның көлемін табу;
–мұнай өнімдері партиясының көлемін табу;
–Тізбектей айдау циклдерінің санын анықтау;
–Магистралдан кететін құбырлардың диаметрін анықтау, т.б.
Құбыр арқылы А мұнай өнімінен кейін Б мұнай өнімі айдала бастасын. Әдетте қоспаны ондағы өнімдердің концентрациясымен сипаттайды. Біз қарастырылған жағдайдағы қоспаның сипаттамасы ретінде соңғы (ығыстырушы) Б мұнай өнімінің концентрациясын алайық. Сонда СБ=С, СА=1–С, яғни Б мұнай өнімінің концентрациясын С деп алдық. Қоспаның көлемі (толық көлемі) әрине, концентрациялары С1=0 және С2=1 болатын қималардың арасында келе жатқан қоспа бөлігінің көлеміне тең. Практикада С1=0 жәнеС2=1 деп алу қоспаның көлемін тым көп қылып жібереді, сондықтан қоспа С2=0,99 доС1=0,01 аралықтарда келе жатады деп есептеледі. Бұндай жорамалдың дұрыс болуыС=0 және С=0,01 аралықтарындағы қоспада бөтен өнімнің (бұл аралықтағы бөтен өнім – Б) негізгі өніммен (А) салыстырғанда өте аз болатындығынан (салыстыруға тұрмайды). Сол сияқты С=0,99 және С=1 аралықтарындағы қоспадағы бөтен өнім де (бұл аралықтағы бөтен өнім – А) негізгі өнімнен (Б) көп аз, яғни оларды ескермесе де болады. Қоспаның толық көлемі мына формулдан табылады:
мұндағы , C=(1–erf z)/2, z=arcerf(1–2C), z1=arcerf(1–2C1), z2=arcerf(1–2C2). Бұл жерде – ықтималдық функциясы (кестеленген функция [7]), arcerf –erf функциясына кері функция (әрине, ол да кестеленген). Егер С1=0,01 және С2=0,99 болса, онда осыдан – Съенитцер формуласы алынады. V0 көлемді сипаттық көлем деп атаймыз.
Мысалы: Мұнай өнімі құбырымен (ішкі диаметрі D=512 мм, бекіткіш арматураның беріктік шегі құбырдағы ең көп дегенде Рарм=6,4МПа қысымға есептелген) жылына үш түрлі мұнай өнімі (1, 2 және 3) Gжыл=7,9 млн.т/жыл мөлшерде тізбектей айдалынады. Мұнай өнімдерінің массалық үлестері пайызбен алғанда α1=35%, α2=38% және α3. Мұнай өнімі құбыры трассасының ұзындығы L=970 км, трассаның бастапқы және соңғы пункттерінің нивелирлік биіктіктерінің айырмасы =70 м, трассаның пайдалану бөліктерінің соңғы пунктіндегі қалыңқы арын Нкп =30 м. Мұнай өнімдерінің жұмыс температурасындағы тығыздықтары мен тұтқырлықтары мынадай:
ρ1=820 кг/м3, ν1=7 мм2/с, ρ2=780 кг/м3, ν2=1,8 мм2/с, ρ3=760 кг/м3, ν3=3 мм2/с.
1. Қасымбеков Ж.Қ. Сораптар жəне желдеткіштер //Оқу құралы. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ. – Алматы, ҚазҰТУ баспасы, 2011. 290 бет. 1.Қасымбеков Ж.Қ. Су алу ғимараттары жəне сорап станциялары //Оқулық. ҚР ОжБ министрлігі. – Алматы, «Дəуір» баспасы, 2011. 280 бет.
2. Қиябаев С.Н. Магистральды құбырөткізгіштердің типтік есептеулері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. – 110 б.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау
2. Мұнай айдау сорап стансаланырың санын табу
3. Сораптардың тізбектеліп жұмыс істеуі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Мұнай өнімдерін тізбектей айдау
Мұнай өнімдерін тізбектей айдау дегеніміз бір мұнай құбыры арқылы әртүрлі мұнайларды, немесе әртүрлі мұнай өнімдерін белгілі бір тәртіппен айдауды айтады. Тізбектей айдау нәтижесінде құбырдың өткізу қабілетін толығымен пайдаланады, ал тасымалдың басқа түрлері мұнай өнімдерін тасудан босатылады. Бірақ мұнай өнімдерінің түйісу аумақтарында қоспа пайда болады. Тізбектей айдауды есептеу нәтижесінде төмендегі есептер шешіледі:
- Сорап стансаларының санын анықтау;
- мұнай өнімдерінің түйісу аумақтарында пайда болатын қоспаның көлемін табу;
- мұнай өнімдері партиясының көлемін табу;
- Тізбектей айдау циклдерінің санын анықтау;
- Магистралдан кететін құбырлардың диаметрін анықтау, т.б.
Құбыр арқылы А мұнай өнімінен кейін Б мұнай өнімі айдала бастасын. Әдетте қоспаны ондағы өнімдердің концентрациясымен сипаттайды. Біз қарастырылған жағдайдағы қоспаның сипаттамасы ретінде соңғы (ығыстырушы) Б мұнай өнімінің концентрациясын алайық. Сонда СБ=С, СА=1 - С, яғни Б мұнай өнімінің концентрациясын С деп алдық. Қоспаның көлемі (толық көлемі) әрине, концентрациялары С1=0 және С2=1 болатын қималардың арасында келе жатқан қоспа бөлігінің көлеміне тең. Практикада С1=0 жәнеС2=1 деп алу қоспаның көлемін тым көп қылып жібереді, сондықтан қоспа С2=0,99 доС1=0,01 аралықтарда келе жатады деп есептеледі. Бұндай жорамалдың дұрыс болуыС=0 және С=0,01 аралықтарындағы қоспада бөтен өнімнің (бұл аралықтағы бөтен өнім - Б) негізгі өніммен (А) салыстырғанда өте аз болатындығынан (салыстыруға тұрмайды). Сол сияқты С=0,99 және С=1 аралықтарындағы қоспадағы бөтен өнім де (бұл аралықтағы бөтен өнім - А) негізгі өнімнен (Б) көп аз, яғни оларды ескермесе де болады. Қоспаның толық көлемі мына формулдан табылады:
мұндағы , C=(1 - erf z)2, z=arcerf(1 - 2C), z1=arcerf(1 - 2C1), z2=arcerf(1 - 2C2). Бұл жерде - ықтималдық функциясы (кестеленген функция [7]), arcerf - erf функциясына кері функция (әрине, ол да кестеленген). Егер С1=0,01 және С2=0,99 болса, онда осыдан - Съенитцер формуласы алынады. V0 көлемді сипаттық көлем деп атаймыз.
Мысалы: Мұнай өнімі құбырымен (ішкі диаметрі D=512 мм, бекіткіш арматураның беріктік шегі құбырдағы ең көп дегенде Рарм=6,4МПа қысымға есептелген) жылына үш түрлі мұнай өнімі (1, 2 және 3) Gжыл=7,9 млн.тжыл мөлшерде тізбектей айдалынады. Мұнай өнімдерінің массалық үлестері пайызбен алғанда α1=35%, α2=38% және α3. Мұнай өнімі құбыры трассасының ұзындығы L=970 км, трассаның бастапқы және соңғы пункттерінің нивелирлік биіктіктерінің айырмасы =70 м, трассаның пайдалану бөліктерінің соңғы пунктіндегі қалыңқы арын Нкп =30 м. Мұнай өнімдерінің жұмыс температурасындағы тығыздықтары мен тұтқырлықтары мынадай:
ρ1=820 кгм[3], ν1=7 мм[2]с, ρ2=780 кгм[3], ν2=1,8 мм[2]с, ρ3=760 кгм[3], ν3=3 мм[2]с.
Табу керек:
1. Сорап стансаларының санын;
2. Мұнай өнімдерінің әртүрлі түйісу аумақтарында түзілуі мүмкін қоспа көлемдерін (V12, V23, V23);
4. Рұқсат етілген концентрациялар мөлшері белгілі болса, және қоспа соңғы пунктте тең екіге бөлінеді деп есептелінсе, ал цикл ... - 2 - 1 - 2 - 3 - 2 - 1 - 2 - 3 - 2 - ...түрінде болса, онда 1 - жылдағы цикл санын, әрбір мұнай өнімінің айдалу уақыттарын, әрбір мұнай өнімінің 1 цикдегі көлемдерін және цикл ұзақтығын;

2. Мұнай айдау сорап стансаланырың санын табу
Мұнай айдау стансаларының қондырғылары негізгі жəне көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгі қондырғыларға сораптар мен сорап жетектері, ал көмекші қондырғыларға майлау, сумен, электрмен қамтамасыз ету жүйелері, канализация, жылу жəне желдету сияқты жүйелер жатады. Мұнай мен мұнай өнімдерін айдау үшін поршенді жəне ортадан тепкіш сораптар қолданылады. Магистралды құбырөткізгіш сораптарына мынандай талаптар қойылады: жеткілікті үлкен арын мен беріліс, үзіліссіз ұзақ, тиімді жəне бірқалыпты жұмыс істеу сенімділігі, ықшамдылығы, құрылысының жəне оған қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы. Бұл талаптарды негізінен ортадан тепкіш сораптар қанағаттандыратындықтан, поршенді сораптар өте сирек 27 қолданылады. Ортадан тепкіш сораптардың жұмысы үшін олардың кірісіне тегеурін деп аталатын бастапқы арын (қысым) керек, мұндай арынды бас айдау стансасында тегеурін сораптар тудырады, ал аралық айдау стансасында алдыңғы стансаның қалыңқы арыны осы тегеуріннен кем болмау керек. Негізгі (оларды магистралды деп те айтады) жəне тегеурін сораптардың берілістері бірдей болу керек. Тегеурін сораптардың сору қабілеті жақсы болады, бірақ олардың тудыратын арыны аз (біліктерінің айналу жиілігі көп емес). Тегеурін сораптарды мүмкін болғанша резервуарларға жақын, төмендеу жерге (мүмкін болса шұңқырға, бұл жағдайларда сорғыш желідегі арынның жоғалуы аз болады) орналастырады. Россия өнекəсібі НМ сериялы сораптарды шығарады, олардың қолдану аумағы: мұнай мен мұнай өнімдерінің ең көп температурасы 353К, кинематикалық тұтқырлығының ең көп мəні 3 смс2 , олардағы механикалық қоспалардың ең көп мөлшері 0,05%. НМ сораптары - ортадан тепкіш, бір сатылы, горизонталды жəне спираль типті сораптар. Жан-жаққа бағытталған патрубоктары корпустың төменгі жағында орналасады, жұмыс дөңгелегі - екі жақ кірісті. НМ сораптарының типтік өлшемі, мысалы НМ 2500- 230 мынаны білдіреді: Н-насос, М-магистральный, 2500 - ең тиімді жұмысындағы берілісі (м 3 сағ), ал 230-соған сəйкес шығаратын дифференциалды арыны (м). Сорап агрегаттарын əдетте тізбектей қосады. Берілісі 360 м 3 сағ-қа дейінгі сораптары бар станса арынын екі тізбектей қосылатын сораптармен, ал 360 м 3 сағ-тан артық сораптары бар станса арынын үш тізбектей қосылатын сораптармен жасайды. Тегеурін сораптар ретінде НПМ сериялы сораптарды қолданады. НПМ сораптарының типтік өлшемі, мысалы НПМ 2500-74 мынаны білдіреді: Н-насос, П-подпорный (тегеурін), М- магистральный (кейбір оқулықтарда М-нефтяной, мысалы, 2 нег. [3-115], 4 нег. [67, 77, 78]), 2500 - ең тиімді жұмысындағы берілісі (м 3 сағ), ал 74-соған сəйкес шығаратын дифференциалды арыны (м). Кейде тегеурін ретінде НПВ сериялы вертикаль сораптарды да қолданады. Сораптардың жетектері газ турбинді, дизелді жəне электр двигателді (ең кеңінен қолданылады) болады. Сораптар тізбектей де, паралель де жалғанады. Əдетте сорап стансасында 3 сорап тізбектей қосылады. Айдау стансалары мен сораптарды сипаттағанда жұмыс қысымының орнына арын ұғымын қолданады. Мұнай мен мұнай өнімдерінің қысымы құбырөткізгіш бойында үздіксіз азайып отырады (негізіне кедергі əсерінен, сол сияқты биіктік өзгеруінен). Тік орналасқан құбырөткізгіш бойымен қысымның əсерінен сұйықтың көтерілу биіктігі арын деп аталады (немесе пьезометрдегі), ол Н, немесе h əрпімен белгіленеді
Бірлік уақыт ішінде сорап айдаған сұйықтың көлемін Q сораптың берілісі деп атайды. Сораптың берілісі жəне одан шығып тұрған құбырөткізгіштегі шығын бірдей шамалар. Құбырөткізгіштегі сұйық шығынын көбінесе оның өткізу қабілеті, кейде оның өнімділігі деп те айтады. Сонда шығын деп - сұйыққа, беріліс деп - сорапқа, ал өткізу қабілеті деп - құбырға қатысты терминдерді алады. Сораптың берілісі көбейген сайын оның тудыратын арыны азаятындығы түсінікті. Сорап (i-сорап) тудыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тізбектей айдау туралы жалпы түсінік
Мұнай айдау станциясы
Резервуар паркінің құрамы
Басты мұнай айдау станциясы
Мұнайдың физика-техникалық және реологиялық қасиеттері
Жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару
Мұнай құбырларының жіктелуі
Алдын ала қыздырылған мұнай және мұнай өнімдерін айдау
Резервуардағы мұнай деңгейін өлшеу жүйесі
Мұнай өңдеу, мұнайхимиялық және химиялық өндірістегі технологиялық қондырғылар
Пәндер