Қазан төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси - қоғамдық ұйымдар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Қазан төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси-қоғамдық ұйымдар»

Орындаған:

Қабылдаған:

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2-7

І-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы

  1. Қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуының алғы-шарттары . . . 8-26
  2. Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық белсенділіктің артуы . . . 27-37

ІІ-тарау. Уақытша үкімет тұсында Оңтүстік Қазақстанда қоғамдық-саяси ұйымдардың ұстанымдары, іс-әрекеттері

  1. Қоғамдық-саяси ұйымдарға қатысты Уақытша үкіметтің жүргізген бағыты . . . 38-43
  2. Қоғамдық-саяси ұйымдардың арақатынасы және олардың қызметі . . . 44-52

Қорытынды . . . 53-54

Сілтемелер тізімі . . . 57-61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55-56

Кіріспе

Бұрынғы Ресей империясының құрамындағы халықтар тарихына үлкен өзгерістер мен қоғамдық сілкіністер жылы ретінде енген 1917-1918 жылдардың ХХ ғасыр тарихында алар орындары ерекше. «Қазақ» газетінің айтуынша: «1917 жыл Россия мемлекеті үшін зор өзгерістер, зор уақиғалар, зор бүліншілік жылы болып өтті . . . Жылдың басы қуаныш, ағы ренішпен өтті»1.

Шындығында да, Россия 1917 жылы жалпы адамзат тарихында сирек кездесетін қоғамдық құбылыстарды басынан өткерді. Сол жылдың ақпан және қазан айларында болған мемлекеттік төңкерістер, елдің тарихын да, тағдырын да түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Дегенмен, өзінің ауқымдылығы жағынан да, салдары жағынан да аса маңызды оқиғалар қатарына жататын ақпан төңкерісінің де, қазан төңкерісінің де тарихы мен маңызы әлі объективті зерттелініп, өздерінің тиісті бағаларын алған жоқ.

Егер Ресей халықтарына өркениеттілікке бағыт алып, елде демократиялық өзгерістер жасауға мүмкіндік туғызған біріншісінің маңызы, қоғамдық ғылымдарда ұзақ жылдар бойы шексіз үстемдік жүргізген кеңестік тарихнамада саналы түрде төмендетілді. Керісінше, Ресейді адамзаттың жалпы даму жолынан тайдырып алып кетіп, оның халықтарына өлшеусіз қайғы-қасірет әкелген, екіншісінің «маңызы» негізсіз дәріптелді2.

Ақпан төңкерісінің демократиялық сипатын толық жоққа шығара алмағанымен, кеңестік тарихшылар оған таптық тұрғыдан қарап, «буржуазиялық революция» деген тар шеңбердегі бағасын берді. Ал, ол төңкерістің және одан кейін де елде, соғыс жағдайында атқарылған істердің бір ғана таптың мүддесі тұрғысынан бағалауға келмейтін, күрделі құбылыс болғандығын байқау қиын емес.

Жалпы, 1917 жылдың ақпаны мен қазаны аралығы уақыт өлшемі жағынан қарасақ, небәрі 8 айға созылғанымен, жүргізілген өзгерістердің маңызы жағынан келгенде Ресей халықтарының келешегіне жол ашып, үлкен үміт арттырған ерекше бір тарихи кезең болды. Сондықтан, тарих ғылымының алдында тұрған міндеттің бірі, кезінде сыңаршақ жазылған 1917 жылдың тарихын қайта зерттеу болып табылады.

Кейбір ғылыми еңбектерде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдарды басқа ұйымдармен шатастыру, сондай-ақ, жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар мен «Алаш» партиясы комитеттерінің жігін ажыратпай, екеуін бір ұйым деп ұғушылық кездеседі3.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың халқымыздың қоғамдық-саяси даму жолындағы алатын орны және қазақ қоғамының саяси белсенділігін арттырудағы рөлін көрсете отырып, оның әлеуметтік-саяси сипатын жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Ақпан төңкерісі жеңісінен кейінгі кезеңде өмірге келген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болуының алғышарттарын анықтау;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ұлттық қоғамдық ұйымдар ретінде атқарған қызметтерінің мазмұнын, қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінде алатын орнын айқындау;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа басқарушы орындармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ара қатынасын көрсету.

Ақпаннан кейінгі оқиғалар ұлттық қозғалыстың ішінде айтарлықтай идеялық келіспеушіліктердің болғандығын көрсетті, олардан арылу жалпыұлттық аса маңызды аспектісінің бірі - жалпыресейлік партиялардың филиалдарының ұлттық қозғалысқа және ұлттық мәселеге қатынасы.

Өлкенің жалпыресейлік партияларының негізгі бағдарламалық ережелерін талдау ұлттық мәселені демократиялық шешу жолын ұстанатындығына үнемі сендіруіне қарамастан, олардың анық, негізделген, көлемді және шынайы ұлттық бағдарламасының болмағандығын көрсетті.

Өлкелік кадеттердің, эсерлердің, радикал-демократтардың және басқаларының империялық нұсқауларға негізделген ұлттық бағдарламасы, әлбетте, өлкенің мұсылман халқына түсінікті бола алмады және де қабыл алынбады.

Қалай болғанда да, өлкенің болашағы және оның мемлекеттік құрылысы туралы мәселеде қарама-қайшылықтар қаншалықты терең болғанымен, екі жақтан да демократтар, әйтсе-де, диалогқа жол салуға әрекеттенді.

Бірақ өлкеде кейінгі драмалық оқиғаларда өзінің басты рөлін ойнау жазылған большевиктер тұрпатындағы жаңа күш біртіндеп жетіле бастады.

Мәселенің маңыздылығы. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қазақ елінің саяси даму жолында өзіндік орны бар жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар да соңғы жылдарға дейін тарихи шындық тұрғысынан зерттелмей, көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырып болып табылады.

1917 жылы Ақпан төңкерісі патша өкіметін құлатып, Ресейде ерекше саяси жүйені тудырды. Орталықта қос өкімет - Уақытша үкімет пен Кеңестерді, ал жер-жерлерде билікке ұмтылған сан алуан одақтар мен қауымдастықтарды, ұйымдарды дүниеге әкелді. Заман өзгерісі алға тосқан жаңа міндеттерді шешу қажеттілігі ұлттық қоғамдық ұйымдарды да осы мезгілде өмірге алып келген еді.

Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар - Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйым. Өлкеде саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болу негіздері мен құрылымдық сипаты, алға қойған міндеттері мен сол міндеттерді іске асыруда атқарған қызметі, тарихта алар орны арнайы зерттеуді қажет етеді, сондай-ақ бұл зерттеу қазақ халқының сол бір аласапыран кезеңдегі саяси өмірінің қырлары мен сырларын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Кеңестік тарихтану ғылымында жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар сияқты ұлттық қоғамдық ұйымдарға біржақты, яғни Уақытша үкіметтің «қолшоқпары» болды деген баға беріліп келді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық ұлттық аймақтарында бой көтерген украин, башқұрт, түрікмен, ұйғыр-дүнген, татарлардың, т. б. ұлттық қоғамдық ұйымдарының бір сапында тұрған жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық азаттыққа, дербестікке қол созып, отарлық езгіден құтылып, өз ұлтын өркениетті елдердің қатарына қосуға асықты, сол үшін қызмет етті. Өлкедегі саяси-қоғамдық ұйымдардың басы-қасында болып, оның жұмысының жанданып кетуіне аянбай еңбек еткен, көшбасшы болған қазақ оқығандары, ұлт зиялылары еді. Олардың жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрамындағы қызметі елді феодалдық мешеулік пен отарлық тәуелділіктен алып шығу әрекетін жасаған әлеуметтік күштің қазақ қоғамында болғандығын айғақтайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қоғамында пайда болған ең беделді саяси-қоғамдық ұйымдар туралы тарихи шындықты мүмкіндігінше толығырақ ашып айтатын уақыт жетті.

Жетісу халқының, соның ішінде дүнгендердің Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихын зерттеуші ғалым Юсупов: « . . . облыстың орталығы Верный қаласында мұндай комитеттер бірнешеу болды: қазақтың - «Алаш», өзбектің - «Шуро-Исламы», ұйғырдың - «Милли-Шуросы», жалпымұсылмандық - «Құрылтай», тараншы-дүнген комитеттері және басқалар. Осы ұйымдардың бәрі еңбекші халықты жеке қанау құқына ие болу үшін күресті, әрі өзара бақталас болды, бір-бірін көре алмады»4, - деп жаңсақтыққа жол береді. Қазіргі тарихнама ХІХ-ХХ ғ. Басында түрік тілді халықтардың қарым-қатынасы аса жемісті болғандығын куәландырып отыр5.

Хронологиялық шеңбері жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың құрылған кезеңі мен жойылған уақытын, яғни 1917 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың қазан айлары аралығын қамтиды. 1917 жылдың наурыз айынан бастап жер-жерде бой көтерген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1917 жылдың күз айларында, яғни Кеңестердің өкімет билігін алғанынан кейін Қазан төңкерісінің салтанатты шеруіне кедергі келтіретін контрреволюциялық ұйым ретінде таратыла бастады.

Территориялық ауқымы негізінен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрылған Оңтүстік өлкесін қамтиды. Сол саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметін жан-жақты ашып көрсету мақсатында сол кезеңдегі әкімшілік-территориялық бөлу бойынша Жетісу облысы аудандары да қамтылды.

І-тарау

Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы

1. 1. Қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуының алғышарттары

Оңтүстік Қазақстан өңірі ХХ ғасырдың басында Ресей империясының шалғай шеткі отары қатарында болды. Жаңа капиталистік нарықтық қатынастар отарлық тәуелділік жағдайында қалыптасу процесі, өлке халықтарының тағдырында мұңды-зарлы, драмалы үлгіде көрініс берді.

Өлкеде бұл кезеңде тым қасіретті жағдай көрініс бере бастады. Сансыз табындарды азықтандыра алатын жайылымдар, бидай, күріш, жеміс, көкөніс, жүзімдердің көл-көсір өнімін бере алатын кең-байтақ құнарлы алқап, аса бай табиғи қазбалар қоры өте ұқыпсыз, олақтықпен пайдаланылды. Сол уақытта мақта өсіру астық, күріш егісін ығыстыра отырып, біртіндеп жергілікті халықты құлдыққа түсіру құралына айнала бастады. Империялық саясатқа бағыттала отырып, салынып жатқан темір жолдар, барлық инфрақұрылым, Оңтүстікті оны ежелгі көршілерінен бөліп тастады. Бұл инфрақұрылымға ашықтан-ашық тек экономикалық қана емес, және әскери-стратегиялық мән берілді. Өлкеде экономиканың аграрлық-шикізаттық сипатының нығая түсуіне баса артықшылық берілді6.

Ғасыр басындағы арзан Ресей тауарлары ағынының қаптап келуі салдарынан мыңдаған қолөнершілер кедейленді. Сонымен қатар, тұтас алғанда жаңа капиталистік нарықтық қатынастардың қалыптасуы Оңтүстікте ұзақ уақыт бойы «бір орында» тұрып қалды7.

Осылайша, ескі дүние көбіне жойылып, ал жаңасы пайда болмаған тұстағы тарихи ахуал өлкедегі болашақ әлеуметтік және ұлттық толқуларға жағдай туғызды. Ресей империясы отарлық істерді жүргізуде өз «туыстары» іспетті, кейде күшке, ал кейде макиавеллилік «бөліп ал да билей бер» принципіне сенді. Отаршыл саясаттың тағы бір маңызды принципі жергілікті қоғамның кері тартпа күштеріне саналы арқа сүйеу болды. Тек осындай жолмен ғана жаулап алынған жерлерде тиімді және ауыртпалықсыз басқару мүмкін болып көрінді8.

Бірақ бұл саясат өзін жарым-жартылай ғана ақтады. Жыл өткен сайын кво-мәртебесін сақтап қалу қиындай түсті.

Бірқатар айқын отаршылдыққа қарсы көтерілістерді басқаннан кейін, Ресей самодержавиесі «жергілікті ерекшеліктерге» байланысты сәл-пәл өзгертіп, өңірге өзінің әкімшілік-полициялық аппаратын қоса алып келді. Жоғарыда генерал-губернатор, одан кейін облыстық губернаторлар, төменде - уезд бастықтары. Ресейдегідей мұнда да патша өкіметі жеке дара басқаруды қолға алды. Бұл үшін полициялық-тыңшылық аппаратты пайдаланды. «Жергілікті өзін-өзі басқаруға» ең төменгі сатыларда тұрған болыстарды, ауыл старосталары мен казактарды қалдырды. Орыстың сауда және мақта-мата капиталы жергілікті байларды өздерінің өктемдігін жүргізу үшін қолбала етті. Сонымен бірге орыс дворяндары мен әскери қызметшілерінің резервтегі бюрократиялық тобы ағылып келді. Бұлар мұнда ойларына келгенін істеді, зорлық-зомбылықта шек болмады, пара алды, тонады9.

Зорлық-зомбылық пен тағдыр тәлкегіне түскен халық болашақта өз отанында мәңгілік бұғауда болуға, «екінші сорттылық» ауыр белгімен өмір кешуге келісе алмады. Өлкедегі қоғамның тереңінде жаңа бір күш пісіп жетіле бастады. Ғасырдың басында өлкенің қоғамдық-саяси өмірінде төтенше маңызды міндеттерді атқару оның үлесіне тиді. Бұл күш, жәдидтер қозғалысы ретінде танылды. Қоғамның жоғарғы интеллектуалды бөлігін топтастырды. Олар ұлттық интеллигенция және білімді дін өкілдері еді. Көпшілігі европалық білім алған. Прогресшіл жәдидтер білімсіздік және төзімсіздік жағдайында рухани оянуды күту ақылға сиғысыз екендігін түсінді. XIX ғасырдың аяғындағы көтерілістердің сабақтары ұлттық күштерді сапалық жағынан басқаша деңгейде біріктіру қажеттігін көрсетті10. Өз іс-әрекеттерінің алғашқы кезеңінде жәдидтер негізінен ағартушылық жұмыстарын жүргізді. Мұсылман әлемімен тығыз байланыс орнатуға көңіл бөлді.

Бірнеше кезеңдер бойы мұсылман бірлігі идеясы қоғамдық-саяси күштерді біріктірушілік фундаменті ретінде алынып келді. XX ғасырдың басында Ресейде ресми өкімет жаулап алған территорияларға және ондағы жергілікті халыққа қарсы ондаған жылдар бойы империялық, шегіне жеткен замана шындығына жуымайтын ұлттық саясат жүргізді. Осы кезеңде мұсылман бірлігі концепциясы жаңадан бір серпін ала бастады.

Бірінші жалпы ресейлік мұсылмандар съезі жалпыресейлік мұсылмандық одақ құру жөнінде шешім қабылдады. («Иттифак-Эль-Муслимин») Одақтың уставы 1906 жылы қаңтарда Санкт-Петербургте өткен Екінші жалпыресейлік мұсылмандар съезінде бекітілді.

Уставта мұсылмандар мекендейтін Ресей губернияларынан 16 ауданды ерекше аудандық орталық ретінде құру қарастырылды. «1) Кавказ ауданында - Баку; 2) Қырымда - Севастополь; 3) Москва және Петербург ауданында - Петербург; 4) Литва ауданында - Минск; 5) Төменгі Еділ бойында - Астрахань; 6) Жоғары Еділ бойында - Казань; 7) Уфа ауданында - Уфа; 8) Орынбор ауданында - Орынбор; 9) Түркістанда - Ташкент; 10) Сібірде - Иркутск; 11) Далалық өлкеде - Орал; 12) Омск ауданында - Омск; 13) Семей ауданында - Семей; 14) Жетісуда - Верный; 15) Ақмола ауданында - Петропавловск және 16) Каспий өңірінде - Асхабад. Осы пункттердің бәрінде аудан бойынша құрылтайшы жиын шақырылады. Бұл жиындар жалпы жиында сайланған құрылтайшыларды бекітеді»11.

Бұл ұйымның қатарына кірген кез-келген адам оның талаптары мен қаулыларына бағынуға міндеттілігі уставта ерекше көрсетілді. Олар өздеріне ұйымның уставы және бағдарламаларындағы талап-тілектердің орындалуын жүзеге асыру барысындағы еңбекті осындай үлгіде қабылдады. Сол 1906 жылы (16-21 тамызда), мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының мүшелерінің бастамасымен Үшінші жалпыресейлік мұсылман съезі өтті. Съезде «Иттифак» бағдарламасы жасалды және қабылданды. Съезде бағдарламаны қабылдау қажеттігін негіздей келіп, «Казань - Мухбири» газетінің қызметкері, конституциялық демократиялық партияның орталық комитетінің мүшесі Юсуф Акчура былай деді: «Біздің мақсатымыз, Ресейдің көпшілік мұсылмандарын біріктіру, саяси партия құру, орыс партиялары және үкімет алдында күшін, ықпалын және беделін көтеру, сонымен қатар, Болгария мұсылмандары сияқты, өзіміздің ұлттық және саяси құқықтарымыздан айырылмауымыз керек»12.

Съезд 17 тамыздағы отырысында президиумның мұсылман партиясын құру туралы ұсынысын қабылдады. Сайланған Орталық комитет мүшелері мұсылман партиясының бағдарламасын қарады. Ол 75 пункттен тұрды. Өзінің көптеген ережелері бойынша конституциялық-демократиялық партияның бағдарламасына жақын болды. Оның негізгі ережелерінің кейбірі мынадай: «1) Партия өзінің алдына бірқатар саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни және басқа реформаларды өміршең ету үшін Ресейдің барлық мұсылман азаматтарын, өздерінің саяси көзқарастары бойынша пікірлестерін, бірыңғай ортақ практикалық іс-әрекетке біріктіруді мақсат етіп қояды. 2) Азаматтық және саяси өмірде еркіндік, шындық және адамгершілік бастаулары мен жалпы құрылымдық жаңаруларға ұмтыла отырып, партия бұл мақсатқа барлық орыс азаматтарына, соның ішінде мұсылман азаматтарына адам және азаматтық құқықтарды бере отырып, Ресей империясының басқару формасын мемлекеттік конституциялық принциптер бойынша іс жүзінде халықтардың қатысуымен мемлекеттік биліктің заң шығарушы функцияларына оның өкілдерін жіберу арқылы қайта құрылымдық өзгертулер жүргізгенде қол жеткізуге болады деп табады»13. Бағдарламада жергілікті жерлерде кең көлемді автономиялық басқару, дін істерінде толық автономия қажеттілігі жөнінде айтылды. Сөзсіз, бұл съездердің жалпы исламдық бірігуге шақыратын шешімдері империяның барлық мұсылмандық региондарында прогресшілдердің көңіл-күйіне тікелей елеулі ықпалы, тұтастай алғанда осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына әсер етпей қоймады.

Сонымен бірге, шығыс елдерінде интеграциялық процестердің күшеюімен қатар біртіндеп діни-реформаторлық қозғалыстар да жандана түсті.

Шығыстағы қалыптасқан революциялық ахуалдың, Үндістанда отаршылдыққа қарсы революциямен (1905-1908 ж. ж. ), Иранда конституциялық қозғалыспен (1905-1911 ж. ж. ), Түркияда (1908) және Қытайда (1911-1911 ж. ж. ) революциямен аяқталуы мұсылман әлемінде қоғамдық-саяси және діни ой-пікірдің даму процесіне қосымшалар енгізді.

«Шығыстың оянуы», әрине, патшалы Ресейдің ресми топтарын селсоқ қалдырмады, өлкеде «зиянды», азаттық идеяларының ену мүмкіндігі оларды алаңдатты14.

Патша үкіметінің және Ресей қоғамының Шығыста болып жатқан оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді. Оған барлық дерлік ірі орыс газет және журналдарының тілшілерін сонда жіберілуі дәлел болады.

Бірақ - патша үкіметі жүргізген барлық шектеулер мен тиымдарға қарамастан, Оңтүстік Қазақстанды толық оқшаулай алмады. Өлкеге көрші елдердегі революциялық оқиғалар туралы хабарлар келіп жатты. Ол Оңтүстік өлкесінің ішкі жағдайына ықпалын тигізбей қоймады. Ұлт-азаттық идеяларды қабылдауға орайлы негіз жасады және әртүрлі топтардың қоғамдық-саяси белсенділігіне дем беруші маңызды фактор болды.

Жәдидтер цензура садағына қарамастан ресей империясының шығыс аудандарынан ұдайы әртүрлі газет-журналдар алып отырды. Ондаған жәдидтер осы әдебиеттерді қолдарына алып өлкені аралады. Барлық ауылдарда, қалаларда, шайханаларда және үй жиындарында оқыды. Бұл басылымдарда басылған мағлұматтар, оқушыға мынадай қазіргі заманғы ғылымдар, философия, саяси экономия, халықаралық құқық туралы мынадай институттар, қалалық өзін-өзі басқару: ационерлік қоғамдар, олардың мәні туралы және т. б. жалпы түсінік берді15. Оқырмандардың өткендегі көптеген беймәлім құбылыстарды түсінуіне және адамзат прогресінің сипаты туралы, европалық саяси-әлеуметтік институттардың түрлері және мазмұны туралы мәселелер жөнінде ой қозғауына түрткі болды. Көбіне бұл елдердің ұлттық қозғалыстарының көсемдерінің қаламдарынан туындаған мақалалар айрықша қызығушылық тудырды. Мақалаларда, авторлар бір кездегі қуатты Шығыс мемлекеттерін батыс әлемінің отарлауына алып келген артта қалу себептерін талдай келіп, өз халқын ұзақ ұйқыдан оянуға және жаңа, тәуелсіз болашақ үшін күреске шақырды. Шығыстың прогресшіл баспасы Ресейдің мұсылмандық аудандарындағы ұлттық интеллигенцияның көңіл-күйіне зор ықпалы патша аналитиктерінің назарына ілікпей қалмады16.

Алдыңғы қатарлы шығыстық ой-санамен танысу сонымен қатар, жәдидтердің ғылыми-педагогикалық және ағартушылық ізденістеріне дем берді, ынталандырды. Олар өлкеде қысқа мерзімде оқу және жазуға үйренуге мүмкіндік беретін дыбыстық жүйелі оқытатын жаңа әдісті мектептер құрудың бастаушылары болды. Ал ескі әріп құрастырушылық әдісі бойынша конфессионалдық мектеп аса ұзағырақ уақытты керек етті.

Өзгертулер жаңа әдісті мектептерде оқыту бағдарламаларының өзіне де тиіп, оған тарих, арифметика, география, ана тілі және басқа пәндер енгізілді. Жаңа әдісті мектептердің пайда болуы үкімет орындарының реакциясын тудырды. Жаңа мектептердің қалыптасуы Өлкеде азаттық идеяларының кіруі кезеңімен тұстас келді. Бұл әлбетте, отаршылдарды жаңа әдісті мектептердің қызметін қырағы қадағалауға мәжбүр етті. Мүмкіншілік болса оларды орыстандыру мақсаттарында пайдалануды көздеді. Осыған байланысты халықтық училищелердің бірінің инспекторы И. Беляев былай деп көрсетті: «Келешекте көрсетілген әдістің дамуы барысын қадағалау ләзім: жаңа әдісті мектептер орыс-түзем мектептеріне таралу сатысы болуы және қызмет етуі тиіс, бірақ олар мұндай орыс мәдениетінің жетекшісіне оппозицияда да бола алады . . . »17.

Еркін мәдени дамуға халықтың табиғи құқығы емес, метрополия мүддесі үстемдік жағдайда тұрғанда, өлкедегі мәдени істердің ахуалы шын мәнінде, жер-жерлерде империялық сипатта болды. Білім және мәдениет саласындағы ахуалды өзгертуге бағытталған, жергілікті прогресшіл жәдидтердің ресми билікпен келісілмеген кез-келген әрекеті қарсылыққа ұшырады. Сонымен, сол кезендегі патша полициясының есебінде былай көрсетілді: «Полиция департаментінің мәліметтеріне қарағанда, соңғы уақыттарда . . . Орыс мемлекетінің он төрт миллионнан аса мұсылман халқының бүкіл санғасырлық өмір қалпын қаусату қаупін туғызатын және сол халықтардың өмірінде өзгеріске қамдану жөнінде болжауға мүмкіндік беретін тіпті жаңа леп байқалады . . . »18

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Ақпан төңкерісі. саяси партиялар мен ағымдар
ГОЛОЩЕКИН ГЕНОЦИДІ
ХХ ғ. басындағы аграрлық қоныс аудару саясаты. Отарлау саясатының күшеюі
Ақпан революциясынан кейін
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Қазан төңкерісі қарсаңында Оңтүстік Қазақстандағы саяси-қоғамдық ұйымдарын зерттеу
Закавказьелік депутат
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz