Халық емшілігінің осы заманда алатын орны мен жөн жағдайы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау . . .

1. 1 Дәрілік өсімдіктерді халық емшілігінде пайдаланудың тарихи дамуы

  1. Халық емшілігінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер туралы жалпы шолу . . .
  2. Халық емшілігінде пайдалынатын хайуанаттар мен жәндіктер . . .
  3. Халық емшілігінде қолданылатын минералды заттар
  1. Тірі ағзалардың халық емшілігінде пайдаланудың тиімділігі . . .

2. 1

3Тірі ағзаларда халық емшілігінде пайдаланудың кері әсері

3. 1

  1. Қорытынды . . .
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Өзектілігі: Соңғы жылдары қазақтың халық медицинасы туралы жиі айтыла бастады. Халық медицинасының қайта жандандыруда қажеттілігіне жұртшылықтың назары аударылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша халық медицинасы дегеніміз атадан балаға ауызша не жазбаша түрінде беріліп келе жатқан денсаулықты рухани және қоғамдық тұрғыдан аурулардың аты жөнін табуға оның алдын - алуға және жоюға бағытталған нақтылы іс әрекетің жиынтығы. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы халық емшісі дегенге былайша анықтама береді. Қолынан әртүрлі өсімдіктерден минералдық заттардан жануарлардың әртүрлі ағза мүшелерінен дәрі дәрмек жасап, сол бойынша әртүрлі ем қодана білетін сол ем домының өз ортасының қоғамдық мәдени және діни ұғымдарына сәйкес халыққа медициналық көмек бере алатын адам. Ғасырлар бойы халық өзінше дамып өзінше әдет құрған, осылайша ауру сырқаулардан құтылу жағдайында әдістер іздестірген. Біздің қазақтың халық медицинасының ерекше бір сипаты атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа тек ауызша ғана жетіп келе жатқандығы мәлім.

Мақсаты: Халық емшілігінің осы заманда алатын орны мен жөн жағдайын анықтау, халық емшілігінде осы заманғы тірі ағзалардың пайдаланудың алатын орнын жөн жағдайын тиімділігін және кері әсерлерін анықтап талдау жасау;

Міндеті:

  • халық емшілігінде қолданылатын тірі ағзалардың түрлерін анықтау;
  • халық емшілерімен қазақ емшілерінде ұдайы қолданылатын дәрі-дәрмектер жинау жинау, сақтау.
  • Дәрілік заттарды өңдеу және дәрілер түрлерінің жасалуы туралы сұқбаттасып, деректер жинау;

Зерттеу әдістері: бақылау, анықтау, материал жинақтау, саралау, талдау.

Зерттеудің практикалық маңызы: Жасалынған әдістемелік нұсқаулықты орта және арнайы мектептердің, интернаттың биология пәнінің мұғалімдері пайдалануға болады.

1 Тірі ағзаларды халық емшілігінде пайдаланудың тиімділігін арттыру анықтау

  1. Дәрілік өсімдіктерді халық емшілігінде пайдаланудың тарихи дамуы.
  2. Халық емшілігі өсімдіктерге қысқаша шолу

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалык қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбінесе шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі бөлып есептеледі. Өсімдіктерді ауру - сырқаудың емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұнғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппокраг (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен колдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктердің шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге ол заттарды қалай бөліп алуга болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған.

XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атакты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның

құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш саллы.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру - сырқауды емдеге пайдаланатын дәрі - дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрып жазылған.

Фармаколог Лн Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуык түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируии «Китаб - ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуык түрін жазған.

Дәрілік өсімдіктер Ресейде де өте ерте кезден бастап қолдана бастаған. XVI ғасырдың аяғында дәрілік өсімдіктер жайындағы кітаптар латын және неміс тілдерінен орысшаға аударылды. Москвада сол түста көпшілік пайдалануға болатын «Кешегі және бүгінгі дәрілік өсімдіктер» деп аталатын кітап құрастырылды.

Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі ХVIII-ХІХ ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік» атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов «Экономикалық дүкен» атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың «Орыстың дәрілік өсімдіктері» атты еңбегі жарык көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцев сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дуние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді .

Дегенмен патшалық Ресейде дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда.

Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді.

Ғалымдар соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай
көптеген өсімдіктерді жан - жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға
қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттерін қапысыз анықгалған 324 өсімдіктің
107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана
академик А. ГІ. Ореховтың өзі әртүрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ак, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар тындырылды. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б. П. Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик фитоноцидтердің емдік қасиеттері анықталды. Сонымен қатар елІміз құрамында алкалоидтары бар улы өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді. Еіліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіп эфедрин, сальсолин, платифиллин, адонизид, эфизимин жоне басқа да бағалы препараттарды да өсімдіктерді зерттеу жолымен дүниеге әкелді.

Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзак жолына өтеді. Атап айтқанда химиялық құрамы тексіріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ыкпалы анықталады. Өсімдіктердің түгелдей өзіндегі немесе оның бір бөлігіндегі кейбір химиялық заттардың каншалыкты зиянды екені анықталады, сонымен бірге өсімдіктің шипалық қасиеті жан жакты тексеріледі. Сонан соң әр түрлі жолмен тәжірибе жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалған препараттардың дәрілік қасиеттеріне баға беріледі. Осыдан кейін барып қана арнаулы нұсқау бойынша дәрілік өсімдіктер көптеген клиникалық сынақтан өтеді. Сынақтан өткен өсімдікті халық арасында кеңінен таратуға және емдеу мақсатында қолдануға, ал оның препараттарын өндірістік жолмен жасауға рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми медицинаға көшеді. Мәселен, осындай байқаудан өткен, жүрек - кан тамыры ауруларына қарсы қолданылып жүрген препараттардың 80 %-тен астамы дәрілік өсімдіктерден алынған. Алмисақтан мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Соның нәтижесінде ел арасында ауру сырқауға ұшыраған адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған. Республикамыздағы дәрілік өсімдіктердің 600-ге жуық түрі дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдаланылады, алайда соның 200-ге жуық түрі ғана дәрілік өсімдік түрінде жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер: туішедақ, ермен, арша, рауғаш, қызылтаспа, долана, сиырсілекей, итмұрын, есекмия, дәрілік жоңышқа, киікоты, тасшөп, т. б. Дәрілік өсімдіктердің құрамында алкалоидтар, гликозидтер, эфир майы, түрлі дәрумендер болады. Оларда түрлі микробтарды, вирустарды өлтіретін антибиотиктер, фитонцидтер түзіледі. Осы заттардың болуына байланысты дәрілік өсімдіктер бірнеше топқа бөлінеді. Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, сақтау әдістері арнайы ережеге сай жүзеге асырылады. Дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрі дәрмектер дәрігердің нұсқаумен қолдануға ұсынылады.

Осы жерде халық емшілігінде пайдаланылып келген дәрілік өсімдіктер жайлы шолу жасасам. Соның ішінде қарандыз .

Қарандыз - басқаша аты - қара қурай, мұқам сілкей; көп жылдық тектес өсімдік. Биіктігі 15-50 см. Томар тамырлы немесе ретсіз түйнек тамырлы, тамыры етті, әрі бұтақшалы келеді. Тік өсетін сабағының ұзын жолды қырдары болады. Түп жағында өсетін жапырақтары кезектесіп орналасады, жұмыртқа немесе сопақша дөңгелек формалы, үшкір, түп жағында құлақшасы болады. Жапырақ түбі сабақты жартылай орап тұрады, жапырақ жиегінде ретсіз ара тістері бар. Шоқ бас гүл шоғыры басында немесе қолтықтай өседі. Гүлі сары түсті келеді. Тұқымша жемісінің айдар түкшелері болады.

Өзен жағаларында, егістік алқаптарында, ылғалды жерлерде өседі. Бүкіл Шыңжанға таралған.

Жинау және өңдеу. Бұл шөптің тамыры дәрі болады. Шөбін көктем мен күзде қазып алып, сабағын алып тастап, топырағынан арылтып, жапырақтап турап тастайды. Ащылау кермек дәмді, усыз болады.

Мына ауруларға ем болады. Көк бауыр мен асқазанды қуаттандырады. Сарайды ашады, ауырғанды басады, іштегі баланы тыныштандырады.

  1. Бас ауруына жәнеұмытшақтыққа бірден - бір ем. Қарандызды жаңбыр суына шылап, нілі шыққан кезде суын мұрынға тамызса, бас ауырғанды басады. Қарандызды талқандап, суға илеп, маңдайға немесе самайға басса, ұмытшақтықты азайтады.
  2. Қарандыз тамырын тұмау таралған үйге тұтатып, түтінін иіскесе, тұмауды бәсеңдетеді. Тұмау тиюдің алдын алады.
  3. Көкірек аурғанда, жөтелгенде, 4 г Қарандызды талқандап, арақпен немес ермен суымен ішсе, арууды жеңілдетеді.
  4. Талқандап, електен өткізілген қарандыз ұнтағын балмен өлтіре арадастырып, күніне ұш-төрт рет жалап жесе, кеудедегі қақырықты тазалайды. Асқазан, көк бауыр және несеп жолдарындағы бөгеттерді ашады, ішкі жүйелерді қуаттандырады.
  5. Жылан шаққанда, 4 г қарандыз ұнтағын жүзім арағымен ішсе, уытты терінің сыртына теуіп шығарады.
  6. Асқазанның созылмалы қабынуына, іш кебуге қарандыз, пинна, тырнагүлді (әрқайсысынан 9 г) араластырып, суға қайнатып ішеді.
  7. Жүйке салдарынан асқазан қызметі бұзылғанда, 9 г қарандызды суға қайнатып ішеді.
  8. Қабырға аралық жүйке ауруына, көкірекке бір нәрсе тиіп ауырғандай сезілгенде, 90 г қарандыз бен 90 г тырнагүлді қосып талқандап, 30 грамнан күніне ұш рет ішеді.
  9. Он екі елі ішек жарасына, асқазанның қабынуына 6-9 г қарандызды талқандап, қайнаған сумен ішеді.

Пайдалану мөлшері: 3-9 г. Қарандыздың құрамында ұшпа май, күрделі молекулалы қант бар.

Мыңжапырақ Қазақстанның барлық жерінде өседі, Биіктігі жарты метрге жетіп, тамыры 30-40 сантиметр тереңге бойлайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның халық арасындағы екінші аты сарыбасшөп. Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін гүлдейді. Гүлдері ұсақ, сабағының жоғары жағында тостағанша жасап шоғырланып тұрады. Біздің республикада бұл өсімдіктің 11 түрі бар.

Өсімдіктің дәрілік қасиеті халықтық медицинада ерте кезден-ақ белгілі. Оны асқазан, ұлтабар, ішек, мұрын, көтеу, жатыр ауруларына қарсы

және қан тоқтату үшін кеңінен пайдаланылған. Ал қазіргі медицинада басқа дәрілік шөптерге қосып түрлі қабынуларды, аллергияны, жараларды жазуға, қан тамырларын кеңейтіп, ауырған жерді тыныштандыруға қолданып жүр.

Мыңжапырақтың тамырын дәрі жасау үшін гүлдеп тұрған кезінде қазып алып, топырағынан тазартып жақсылап жуады. Көлеңкелі, ауасы ауысып жел кем соғып тұратын жерде кептіріп, ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 100 грамын 3 литр суға салып, ыдыстың қақпағын буы шықпайтындай етіп жауып, жайымен бір сағат қайнатады. Оттан түскен соң бір күн тұндырады, сүзіп, үстіне 200 грамм алма сірке суын қосады. Дәрі даяр.

Бұл дәріні жатыр қабығында немесе одан қан кеткенде, көтеу болғанда, асқазан ауырғанда, ұлтабар жарасы ашылып қан түкіргенде, сондай-ақ мұрыннан, тістің қызыл етінен қан аққанда күніне 50 грамнан 3 рет, 20-30 күн ішкізеді. Әрі кеткенде 5-6 күннің ішінде қан тоқтап, ауырған жер тыныштана бастайды. Гүлінен төменбір қарыстай кесіп алып, кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 2 ас қасығын жарты литр қайнап тұрған суға салып шай сияқты демдейді. Бір күн тұндырып сүзгенне кейін үстіне 2 ас қасық сірке суы мен бір ас қасық бал, 20 тамшы бұрыш жалбыз (мята перечная) тұнбасын тамызып араластырады. Дәрі даяр.

Мұны қан кеткенде, асқазандағы қышқыл шамадан тыс көбейгенде, асқазан, ұлтабар, тік ішек жарасы және геморрой, панкретит, қант диабеті, бас сақинасы сияқты дерттерге шалдыққанда, ұйқы қашқанда күніне 30 грамнан 4 рет науқастың жағдайы түзелгенше ішкізіледі.

Мыңжапырақтың гүлін тостағаншасымен бірге алып кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың жарты килограмын 6 литр суға салып, үстіне жарты килограмм бал қосып, жайымен 6 сағат қайнатып, сүзеді.

Сонан соң оған жарты литр алма сірке суын, бір шай қасық бұрыш жалбыз тұнбасын құйып бальзам жасайды. Дәрі даяр.

Мұны қуық пен бүйректің барлық ауруына, әсіресе, қуық түбі безінің адиномасына, еркектік без бен өт қабының қабынуына, сары ауруға қарсы, күнінен ас алдынан жарты сағат бұрын 30 грамнан 3 рет алты ай ішкізеді.

«Ерменді жерде ер өлмес» деген қазақта мақал бар. Бұл тектен-текке айтылмаса керек. Өйткені ерменнің өзі тектес өсімдіктерге қарағанда емдік қасиеті өте жоғары. Халық арасында оны 41 дертке дауа деп те атайды.

Ермен биіктігі 1 метрден асатын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Иісі өткір, дәмі ащы. Сонысына қарай ерменнің екінші атауы кермекжусан. Ол далалы аймақтарда, жол жиегі мен арық жағаларында өседі. Егістік алқаптарда арамшөп ретінде кездеседі. Шілде мен тамыз айында гүл атады. Ол сары түсті түтікшелерден тұрады. Өсімдіктің бүкіл денесін бозғыл түсті ұсак түк басқан. Тамыры жерге тіке тереңдеп кетеді.

Халық медицинасында ерменнен жасалған дәріні:

  • ми қан тамырлары тартылып, құлақ дуылдап, бас зеңгіп ауырғанда (спазма сосуда головного мозга) ;
  • бас сүйектің ішіндегі қан тамыры тартылып көз

қарауытқанда (внутреннее черепное давление) ; .

  • көздін нұры қайтқанда (ақшам сокыр) ;
  • қант диабеті;
  • бауыр ауруы (гипотохолецистит) ;
  • бүйрек (хр. пиелонефрит) ;
  • асқазан ау руының барлық түрі ( хр. гастрит) ;
  • асқазан жарасы (язва желудка) ;
  • тік ішектің жарасы;
  • бойдың қуаты (анемия) азайғанда және басқа ауру түрлеріне қолданады.

Ермен ұлт гүлін тамыз айында жинап көлеңкелі жерде кептіріп сақтактайды. Сол ұнтақтың 100 грамын, сейдана дәнінің 100 грамын бір килограмм қара мейізге араластырып, келіде жаншиды. Сонан кейін жүгері дәннің көлеміндей етіп домалақтап, мұздатқышқа салып қою керек. Созылмалы гастритпен, бауыр (гипотохслецистит), көкбауыр ауырғанда күніне ас алдында (жаты сағат бұрын) екі данада, 3 рет. 2 ай жеу керек.

Ерменнің дәнін кептіріп ұнтактап, соның бір ас қасығын 100 грамм балға араластырып, асқазан, ішек және тік ішектен қан

жараның тез жазылуына әсер етеді.

Ерменнін жапырағын күзде жинап алып, салкын жайда кептіріп ұнтактап, бір шай қасығын 3 литр қайнап тұрған суға салып, шай тәрізді демдейді. Мөлшері сегіз сағаттан кейін сүзіп, үстіне 200 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Дәрі даяр.

Бұл дәріні қылтамаққа, асқазан мен ішек жараларына, көтеуге. ток ішектегі политке, тік ішектен, жатырдан кан кеткенде, бауыр, көкбауыр ауырғанда күніне 30 грамнан 3 рет тамақ алдында береді. Емдеу мерзімі науқастың жай күйіне байланысты. Дегенмен бір айдан кейін 20 күндей демалып, емді қайта бастағаны жөн.

Ерменнің тамырын кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтактың 100 грамын 3 литр суда жарты сағат қайнатып, бір күн тұндырып қояды. Үстіне 200 грамм алма сірке суын қосып, шайқап араластырады. Дәрі даяр.

Мұны көбіне урологиялык ауруларға береді. Атап айтқанда. қуыкка суык тиіп, түйіліп ауырғанда, бүйрек және жатыр төмен түсіп кеткенде, балалардың кіші дәреті тоқтамағанда, сондай-ақ үлкендердің кіші дәреті тұтылғанда, еркек безі қабынғанда, әйелдердін бедеулігін емдегенде күніне 30 грамын 3 рет 2 ай ішкізеді. Ал жатыр мойнына түскен жараны (эрозия) таңертең кешке осы дәрімен жуып шаяды.

Бұрын орыстың халық емшілері ермен мен тасшүйгін шөбінің қосындысынан жасалған дәрімен маскүнемдерді емдеген.

Итмұрын - бұталы көп жылдык өсімдік. Тамыры тарамдалып тереңге кетеді. Ұсақ жапырақты, сабағы толған тікен. Жемісі кызыл, ішінде ұсақ қоңыр ұрығы болады. Қазақстанның бар жерінде өседі. Оның45 түрі бар.

Дәрі жасау үшін күзде жас тамырын қазып алып жуып, ұсактап турайды. Соның 1 килограмын 15 литр суға 2 сағат қайнатады.

Осы қайнатындыны ыстықтай ваннаға құйып, үстіне 1 литр алма сірке суын қосады да құяңы, буын ревматизмі, полиартриті бар адам 10 күн кешке жатарда бұлауланады. Содан кейін науатпен қара шай ішіп терлейді. Тері басылған соң жел тигізбей жақсылап оранып жату керек. Бұдан кейін бір ай демалып, емді жоғарыдағыдай қайтадан бастайды. Сөйтіп, үш рет жасаса, сырқатынан ада-күде жазылып кетеді.

Дәл осындай рейепті тобылғының тамырынан алып, осы ауру түрлерін емдеуге болады. Емдік қасиеті жағынан итмұрын мен тобылғы бірдей.

Есекмия көбінде еліміздің жылы жағында көп өседі. Бойы 1 метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Көбінде сәндік үшін бақтар мен аула ішіне, көшелерде өсіреді. Гүлі бұтақтарының басына шоқтанып тұрады. Тамыз айында ақшыл-сары түсті гүл ашады. Жемісі қазан айында піседі, өте балды өсімдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі
Дәстүрлі емдеу әдістері
ҒАЛАМНЫҢ ЖҰМБАҚ СЫРЛАРЫ
Халық медицинасы
Биологиялық активті нүктелер
Тұздың пайдалану тарихы
Халық емшілігі
Ұлттық қазақ медицинасының дамуының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Денсаулықты жақсартуға әр түрлі спорт түрлерінің әсері
Қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрыптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz