Демография туралы



1 Демографияны жақсартудың бір тетігі
2 Халқымыздың демографиялық жағдайын жақсарту
3 Еліміздегі демографиялық мәселелерді шешу
4 Қазақстандағы демографиялық жағдайды тұрақтандыру
5 Тууды ынталандыру мақсаты
Демографияны жақсартудың бір тетігі - өмірге ұрпақ әкелуге қабілетті жастағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету...
Мәліметтер бойынша қазір Қазақстанда тұратын халықтардың саны - 15 миллион 100 мың адамға жетіп қалды. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстан үшін бұл көрсеткіш әрине тым аз. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында басынан күрделі саяси және экономикалық реформаларды өткерген, алайда, таңдаған бағыттың дұрыстығының арқасында соның барлығын еңсеріп, дамудың жаңа, сапалы кезеңіне шыққан мемлекетіміз бүгінде алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі -2015 жылға қарай қазақстандықтардың санын 20 миллион адамға жеткізу.
Сөз жоқ, мұндай батыл әрі стратегиялық маңызы зор міндетті экономикалық көрсеткіштері тәуір, халқының әл-ауқаты жақсарған, болашағына сенімді мемлекет қана арқалай алады. Бүгінде Қазақстанның әлеуеті бұған жетеді деп айтуға толық негіз бар. XXI ғасыр, жаһандану заманы, білімнің, бәсекенің ғасыры. Осы күндері жүріп жатқан процестер әлем елдерінің бірін-бірі күшпен емес, бірте-бірте ақыл-ойдың, технологияның озықтығымен, мәдениетінің биіктігімен бағындыруға бет бұрып бара жатқанын аңғартады. Осы мыңжылдықта Қазақстанның, соның ішінде қазақ халқының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жаһанданудың
жалынына жұтылып, отына күйіп кетпей, жер бетінде мемлекет ретінде сақталуын, ұлт ретінде өмір сүруін нығайту болмақ.
Әлем Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы стратегиялық маңызы зор, жетекші мемлекет ретінде танып отырған тұста, еліміздің осы жетістігін көре алмай, табысымызды іштен де, сырттан да қызғанып, аяқтан шалушылар жетіп артылатынын бір сәт естен шығармаған жөн.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Демографияны жақсартудың бір тетігі - өмірге ұрпақ әкелуге қабілетті
жастағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету...
Мәліметтер бойынша қазір Қазақстанда тұратын халықтардың саны - 15
миллион 100 мың адамға жетіп қалды. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы
орында тұрған Қазақстан үшін бұл көрсеткіш әрине тым аз. Тәуелсіздіктің
алғашқы он жылында басынан күрделі саяси және экономикалық реформаларды
өткерген, алайда, таңдаған бағыттың дұрыстығының арқасында соның барлығын
еңсеріп, дамудың жаңа, сапалы кезеңіне шыққан мемлекетіміз бүгінде алдына
жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі -2015 жылға қарай қазақстандықтардың
санын 20 миллион адамға жеткізу.
Сөз жоқ, мұндай батыл әрі стратегиялық маңызы зор міндетті
экономикалық көрсеткіштері тәуір, халқының әл-ауқаты жақсарған, болашағына
сенімді мемлекет қана арқалай алады. Бүгінде Қазақстанның әлеуеті бұған
жетеді деп айтуға толық негіз бар. XXI ғасыр, жаһандану заманы, білімнің,
бәсекенің ғасыры. Осы күндері жүріп жатқан процестер әлем елдерінің бірін-
бірі күшпен емес, бірте-бірте ақыл-ойдың, технологияның озықтығымен,
мәдениетінің биіктігімен бағындыруға бет бұрып бара жатқанын аңғартады. Осы
мыңжылдықта Қазақстанның, соның ішінде қазақ халқының алдында тұрған басты
міндеттердің бірі – жаһанданудың
жалынына жұтылып, отына күйіп кетпей, жер бетінде мемлекет ретінде
сақталуын, ұлт ретінде өмір сүруін нығайту болмақ.
Әлем Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы стратегиялық маңызы зор,
жетекші мемлекет ретінде танып отырған тұста, еліміздің осы жетістігін көре
алмай, табысымызды іштен де, сырттан да қызғанып, аяқтан шалушылар жетіп
артылатынын бір сәт естен шығармаған жөн. Бізге, қазақстандықтарға, соның
ішінде қазақтарға осы көшбасшылықты сақтап, нығайту үшін дәл қазіргі
уақытта өсіп-өніп, санымызды көбейту, сапамызды жақсарту аса қажет. Бұл
нарықтық экономиканың қиын кезеңінен өтіп, дамудың жаңа сатысына шыққан
Қазақстанға жаһандану дәуірінің артып отырған сындарлы салмағы. Шүкір,
еліміз өз алдына жеке мемлекет болып шыққан 15 жылдың көлемінде
Қазақстандағы жергілікті ұлттың саны Кеңес одағы кезіндегі 35 пайыздық
межеден артып, бүгінде республика тұрғындарының 60 пайызына жетіп отыр.
Бұған ең алдымен тағдырдың жазуымен жер бетіне тарыдай шашылған
қандастарымыздың тарихи отанына қоныс аударуы және сол көштің әлі жалғасып
жатқаны ықпал етсе, одан кейін некелесу үрдісінің тиянақталып, күрт
төмендеп кеткен бала туу деңгейінің қарқынды түрде болмаса да біртіндеп
артып отырғандығы да септігін тигізіп отыр.
Осыдан 20-25 жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, қазір заман мүлдем
жаңа арнаға, басқа бағытқа бет бұрды. Осы тұста мына жайтқа тоқталғанды жөн
санап отырмыз. Қазір жастары 50-дің арғы-бергі жағындағы жігіт ағаларының
басым көпшілігінің тұңғыштарының алды 30 жасқа жетіп қалса, арты 25-тен
асты. Және олардың көпшілігінің кемінде үш-төрт баласы бар, ал бірқатарының
балаларының саны одан көп. Бұдан нені аңғарамыз? Біріншіден – аталған буын
өкілдерінің заманында жұмыссыздық деген проблема болған жоқ. Ол кезде
жоғары білім немесе кәсіптік білім алған, қолында дипломы бар кез-келген
маман жұмыспен қамтылып отырды. Дипломы жоқтарының да екі қолына бір жұмыс
табылып жатты. Екіншіден, білім алып, жұмыс істейтіндеріне басыбайлы
болмаса да жұмыс орындары арнайы қарастырған жатақханалардан бөлме немесе
тұтастай бір секция, ал, кейбіреулеріне тіпті 1 немесе 2 бөлмелі пәтерлер
берді. Бір сөзбен айтқанда оларда ертеңгі күнге деген сенім нық болды.
Үшіншіден, материалдық жағдайы жақсы, жұмысы бар аға буынның көпшілігі
жастары 25-ке толмай жатып-ақ шаңырақ көтеріп, 30 жасқа дейін екі-үш
баланың әкесі атанды.
Ал, солардан туған жасы 20 мен 30-дың аралығындағы бүгінгі заман
жастарының басым көпшілігі жоғарыдағыдай әлеуетке ие емес. Статистикалық
мәліметтердің өзі тоқсаныншы жылдардың ішінде Қазақстанда бала туу
деңгейінің күрт төмендеп кеткенін айтады. Бұған жас азаматтардың, соның
ішінде еркек кіндіктілердің басым көпшілігінің материалдық жағдайының
төмендігінен жастары 30-ға тақағанда барып шаңырақ көтеріп, отбасын құруды
ойлайтыны себеп болып отыр. Яғни, жастардың үйлі-баранды болғаннан кейін
тұрақты тұратын баспанасының жоқтығы демографиялық жағдайымыздың жақсаруына
кері әсерін тигізіп отыр. Ал, шаңырақ көтергендерінің өзі баспана
тауқыметін тартқандықтан, өмірге бір бала ғана әкелумен шектелуде.
Моральдік құндылықтарға қарағанда материалдық құндылықтар алдыңғы
қатарға шыққан қазіргі қоғамда, заман ағымына сай адамдардың да
психологиясы өзгерді. Соның нәтижесі болар, бірін-бірі қалап қосылған
жастардың араға жыл салмай жатып ажырасып жатқандарын да жиі еститін
болдық. Мұны статистикалық мәліметтер де растап отыр. Осылайша, сананы
тұрмыс билейді деген қағиданың нарық заманында жаңа сипатқа еніп, жаңара
бастағанының еріксіз куәсі болудамыз. Ал, бәсекеге қабілетті мемлекет
қалыптастырып, бәсекеге қабілетті экономика құрып, бәсекеге қабілетті ұлт
атанамыз деп алдымызға зор мақсат қойған тұста экономикалық көрсеткіштер
мен саяси табыстардан өзге, демографиямызды жақсарту да маңызды болып
саналады. Экологиялық проблемалар көкейкесті болып тұрған бүгінгі күнде
демографиялық ахуалдың жақсаруына бірден-бір ықпал ете алатын 20 мен 35
жастың аралығындағы азаматтар екенін ескерсек, оларға мемлекет тарапынан
қолдау көрсетіп, тиісті көмек жасау еліміздің қауіпсіздігі мен ұлтымыздың
тұтастығы, тіліміздің бүтіндігі үшін аса маңызды.
Біздіңше, халқымыздың демографиялық жағдайын жақсарту үшін ең алдымен
жастардың жоғарғы білімге қол жетімділігін, оқуды бітіргеннен кейін оларды
жұмыспен және мүмкіндігінше арзан баспанамен қамтамасыз етуді мықтап жолға
қою керек. Әрине, қазір мемлекет бұл мәселелердің шешімін біртіндеп қолға
алып жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, мәселе соның қаншалықты
деңгейде жүзеге асып жатқандығында болса керек. Бұл ретте алғашқы он
жылдықта экономикалық қиыншылықтарды еңсеріп, соңғы 4-5 жылда жүйелі
экономикалық реформаларды жүргізе бастаған Қазақстанда мемлекетіміздің
гүлденуі үшін оның даму жолын айқындайтын бірқатар кешенді мемлекеттік
бағдарламалар әзірленіп, оларды кезең-кезеңге бөліп жүзеге асыру
басталғанын айта кеткен жөн. Соның бірі – биылдан бастап іске қосылған 2005-
2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы.
Биыл бағдарлама аясында бюджеттен қаржыландырылатын, яғни мемлекеттік
қызметшілерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге арнап шаршыметрі 350 доллардан
аспайтын тұрғын үй пайдалануға беріле бастады. Астана қаласының Тұрғын үй
департаментінің деректеріне жүгінсек, бағдарлама жүзеге асырылатын үш жылда
елордада шаршы метрі 350 доллардан аспайтын жалпы көлемі 345 мың шаршы метр
болатын 3 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осылайша, жыл сайын 1 мың 400
отбасы, ал үш жылда 4 мың 200 отбасы осындай арзан пәтерлермен қамтамасыз
етілетін болады. Алайда, осы тұста тағы да мәліметтерді сөйлетсек, елордада
баспанаға зәру 14 мыңға жуық отбасы бар екен. Үш жылдың ішінде жоғарыда
айтқан, 4 мың 200 отбасы үймен қамтамасыз етілген күннің өзінде, 9 мың 800
отбасы үшін пәтер мәселесінің шешімі әлі күрделі күйінде қалып отыр. Ал,
жеке компаниялар салып жатқан бірінші нарықтағы тұрғын үйлердің
шаршыметрінің ең кемі 600 АҚШ доллары екенін ескерсек, 20 мен 30 жастың
аралығындағы жұмысы бар жас азаматтардың кем дегенде 80 пайызының өз
күштерімен мұндай пәтерге қол жеткізе алмайтынына біз бәс тіге аламыз.
Осы тұста тағы да мәліметтерді сөйлетсек, қазір Қазақстанда әйелдерге
қарағанда ерлердің жасы 11 жылға кеміп кеткен. Ал, республикамыз бойынша ер
адамдардың 30 пайызы сұрбойдақ. Бұл тұста, отырып қалған қыздардың пайыздың
үлесі де артып отырғанын айта кеткен жөн. Бұл демографиялық өсімге кері
әсер ететін әлеуметтік маңызы зор фактор болып табылады. Демографиялық
өсімнің әйел адамдармен қоса ер-азаматтардың денсаулығы мен оның жеке
басындағы тұрмыстық және басқа да жағдайларына байланысты екенін ескерсек,
осы орайда, тұрғын үй бағдарламасын тек екі жылмен шектеп қоймай, оны
жалғастыру қажет. Және әкімшілік ресурстарды қолдана отырып азаматтарды
арзан пәтерлермен қамтамасыз етуді мықтап қолға алатын уақыт жеткен
тәрізді. Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас, деген. Сондықтан,
жаһандану заманында бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті ұлт
боламыз десек, демографиямызды жақсартуға, сапамызды күшейтуге көңіл бөлген
жөн. Оның бір тетігі - өмірге ұрпақ әкелуге қабілетті жастағы азаматтарды
баспанамен қамтамасыз ету деп білеміз.
Қазақ ықылым заманнан бері от басы ошақ қасына ерекше мән берген.
Ұрпағының өсіп-өніп, көбеюі үшін ертең түтінімді түтетіп, отымды өшірмейді
деп үміт еткен кенжесінен өзге (қасында қалатын болғандықтан) ұлдары мен
қыздарын мүмкіндігі жеткенінше баспанамен қамтамасыз етіп, жағдайын жасауға
тырысқан. Себебі, өмірге жаңа келген жас сәбидің адам ретінде, азамат
ретінде қалыптасып, алға қадам басуы ең алдымен от басы, ошақ қасынан
басталады. Ешкімнің қабағына қарамай, өз үйі, өлең төсегінде еркін күліп,
еркін ойнап, ата-анасының аялы алақандарының жылылығын сезініп, тағылымды
тәрбиесін көріп, біліп, жасқаншақтық, жасықтық деген құрған мінездерден ада
боп өскен сәби ержеткен немесе бойжеткен кезде де кез-келген ортада
пікірін, ойын ашық әрі анық жеткізуге бейім болып келеді. Ал, еркін ойлы
азаматтың қоғам үшін қай кезде де келтірер пайдасы мол болмақ.
Еліміздегі демографиялық мәселелерді шешу үшін бала санын көбейтуге
ынталандырудың нақты тетіктерін қарастыру қажет.
Бүгінде қалалы жерлерде ғана емес ауылдың өзінде де бір-екі баладан
артық нәрестелі болмау үрдісі белең алып барады. Осы жағдайды түбегейлі
өзгертіп, бала санын көбейтуге ынталандырудың нақты тетіктерін жасайтын
уақыт жетті және оны мемлекеттің экономикалық та, әкімшілік те мүмкіндігі
толық көтере алады. Бұл туралы бүгін елордадағы Халықаралық баспасөз
орталығында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік қолдау
көрсету және демографиялық ахуалды жақсарту мәселесіне байланысты болған
баспасөз мәслихатында "Ақорда" республикалық қозғалысы" қоғамдық
бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі Мақсат Нұрыпбаев атап өтті, деп
хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, БҰҰ-ның жақында жариялаған болжауында 2030 жылы
Қазақстандағы халық саны күрт төмендейді деген мәліметтер келтірілген.
Сондай-ақ елімізде қазіргі кезде отбасын құру жасы жігіттер арасында 26-27,
қыздар арасында 23-25 жасқа жеткен. Осыған орай жастардың көпшілігі тұрғын
үй мен жұмыстың жоқтығын сылтауратып, отбасын құруға асықпайтын көрінеді.
Шара барысында аталмыш қоғамдық бірлестік Жастарды тұрғын үймен
қамтамасыз ету туралы мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажеттігі жөнінде
ұсыныстарын білдірді. Бағдарламада жастардың ипотекалық несие алуы үшін
мемлекет кепіл болуы, жастарға арналып салынатын пәтер аумағы 60-65 шаршы
метрден аспай, оның бір шаршы метрі 350-400 АҚШ долларын құрауы
көрсетілген. Несиенің жылдық өсімі 5-8 пайыздан артпауы, сонымен қатар
отбасында 5 балаға дейін болса, қалдық қаржының 100 пайызы мемлекет
есебінен жабылуы мәселелері қамтылған.
Демографтардың мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні Қазақстандағы
демографиялық жағдайды тұрақтандыру немесе халық санын арттыру үшін
шетелден келетін оралмандардың мөлшерін жыл сайын 100 мыңға дейін
жеткізуіміз керек. Сонымен қатар еліміз бала санын көбейтуге
ынталандыратын, аталған мәселені шешуге көмектесетін барлық жағдайларды
жасауы қажет, - деді М. Нұрыпбаев.
Бұған елдегі егде адамдар саны ұлғаюының негізгі әлеуметтік және
экономикалық сипаттамалары мен салдарларын, бұл үрдістің экономикаға,
денсаулық сақтауға, зейнетақы жүйесіне, ұрпақтар арасындағы қарым-
қатынастарға, оның ішінде, отбасындағы қарым-қатынастарға әсерін талдау
кіреді. Осы жылғы есеп БҰҰ Даму бағдарламасы тарапынан БҰҰ Халықты
Қоныстандыру саласындағы Қорының қатысуымен әзірленді.
Қазіргі кездегі демографиялық жағдайы тұрақты бағытпен – егде буындағы
адамдар үлесінің серпінді өсуімен сипатталатын Қазақстанда да әлемдік
үрдістер байқалып отыр. Еліміздегі бұл үрдістің ерекшелігі халықтың қартаюы
екі фактордың – туып көбеюшіліктің төмендеуі мен өлім-жітімнің, әсіресе,
еңбекке қабілетті ер адамдар арасындағы осы үрдіс деңгейінің жоғарылығы
әсерінің нәтижесі болып табылатындығында. Қазақстан Қытаймен, Сингапурмен,
Жаңа Зеландиямен, Әзербайжанмен, Грузиямен, Армениямен және басқа
мемлекеттермен қатар халықтың қартаю қарқындары шапшаң ел ретінде жүйеленіп
отыр. Жақын арада бұл үрдіс одан сайын өрши түспек. Осылайша, 1999 жылдың
басына қарай 65 жастағы және одан үлкен адамдар үлесі жалпы халық санының
6,7 пайызын құраса, 2004 жылдың басында-ақ ол 7,4 пайызға тең болды.
Қазақстандық сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл
көрсеткіш 11,5 пайызға дейін өсетін көрінеді.
Есептің негізгі ережелері мен ұсыныстарын ҚР Статистика агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары Юрий Шоқаманов баяндайды. Одан кейін
Парламент мүшелерінің қатысуымен қоғамдағы аға буынның рөлі жөнінде
пікірталастар өткізу көзделіп отыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-
мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Бекен Әлімжанов Қазақстандағы
әлеуметтік және саяси реформалар тұрғысынан егде адамдардың жағдайы туралы
хабардар етеді. Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің, Мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігінің, сондай-ақ Денсаулық сақтау
министрлігінің өкілдері аталған ведомстволардың құзыретіне жататын
мәселелер жайлы сөз қозғайды.
Аталмыш есеп Қазақстандағы Адам дамуы тұрғысынан тұңғыш тереңдетілген
зерттеу болып табылады. Бұған елдегі егде адамдар саны ұлғаюының негізгі
әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары мен салдарларын, бұл үрдістің
экономикаға, денсаулық сақтауға, зейнетақы жүйесіне, ұрпақтар арасындағы
қарым-қатынастарға, оның ішінде, жанұядағы қарым-қатынастарға әсерін талдау
кіреді. Осы жылғы есеп БҰҰ Даму бағдарламасы тарапынан БҰҰ Халықты
Қоныстандыру саласындағы Қорының қатысуымен әзірленді.
Ғаламшар халқының қартаюы өзекті мәселелерге айналғалы біраз уақыт
болды. БҰҰ болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай егде адамдар саны 1,5
миллиардқа жуық, яғни, жалпы халық санының 14,7 пайызына тең болмақ. Қартаю
серпіні әр елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы мен онда жүргізіліп
отырған саясатқа байланысты ел-елде әрқалай. Мысалы, Еуропадағы көптеген
елдердің демографиялық көрсеткіштерін талдау тұрақты қартаю тенденцияларын
көрсетеді. Германияда 65 жастан үлкен егде адамдар 1997 жылы 15 пайызға тең
болса, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 22 пайызға дейін өспек, Ұлыбританияда
– сәйкесінше 16 және 21 пайыз, Францияда – 15 және 19 пайыз, ал Швецияда ол
18-ден 21 пайызға ұлғаймақ.
Қазіргі кездегі демографиялық жағдайы тұрақты бағытпен – егде буындағы
адамдар үлесінің серпінді өсуімен сипатталатын Қазақстанда да әлемдік
тенденциялар байқалып отыр. Қазақстандағы бұл үрдістің ерекшелігі халықтың
қартаюы екі фактордың – туып көбеюшіліктің төмендеуі мен өлім-жітімның,
әсіресе, еңбекке қабілетті ер адамдар арасындағы осы үрдіс деңгейінің
жоғарылығы әсерінің нәтижесі болып табылатындығында. Қазақстан Қытаймен,
Сингапурмен, Жаңа Зеландиямен, Әзербайжанмен, Грузиямен, Армениямен және
басқалармен қатар халықтың қартаю қарқындары шапшаң ел ретінде жүйеленіп
отыр. Жақын арада бұл үрдіс одан сайын қарқын ала түспек. Осылайша, 1999
жылдың басына қарай 65 жастағы және одан үлкен адамдар үлесі жалпы халық
санының 6,7 пайызын құраса, 2004 жылдың басында-ақ ол 7,4 пайызға тең
болды. Қазақстандық сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл
көрсеткіш 11,5 пайызға дейін өсетін көрінеді.
Халықтың қартаю үрдісі – Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңа
құбылыс және әзірге оған мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен нормативтік-
құқықтық актілерде жан-жақты баға мен тиісті мән берілген жоқ. Сонымен
бірге, халық құрамындағы егде адамдар үлесінің ұлғаюы Қазақстандағы
әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды факторлар қатарына
қосылып келеді. Бұл құбылыс мемлекет алдында нақты адамдардың өмірін
ұйымдастыруға және қоғамның әлеуметтік-экономикалық әрі мәдени ортасын
қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықтың қартаюының экономикалық
және әлеуметтік әсері кез келген қоғам үшін бір мезгілде әрекетке шақыру
да, жаңа мүмкіндік те болып табылады.
Республикамыздағы жалпы халықтың 50 пайыздан астамы әйелдер, яғни,
олар ерлерден 0,5 миллионға артық. Ендеше, әйелдердің әлеуметтік, құқықтық
жағдайларын жасауға міндеттіміз. Осыған байланысты көп балалы аналарға
мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекпен қоса, еңбек өтілін
есептейтін заңдар қабылдануы тиіс, деді Қ. Сұлтанов.
Сонымен қатар, гендерлік саясатқа тоқталған сенатор: Нәзік жандардың
билікке келуіне жол ашып қана әйелдердің проблемаларын шешеміз деуге
болмайды, деген ойын білдірді. Оның айтуынша, өз қабілеті, талантымен озып
шыққан әйелдерге мейлінше қолдау көрсетіліп, еңбектері бағалануы қажет. Ең
алдымен болашағымызға, демографиялық мәселелерге көп алаңдауымыз керек.
Сондықтан Парламент тарапынан осы салаға байланысты бірқатар құжаттар
сараланып, талқыланады,- деді депутат.
Жиында баяндама жасаған ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары
Юрий Шоқамановтың айтуынша, республикамыздың мемлекеттік атқару
органдарындағы әйелдердің үлесі 58,6 пайыз. Сонымен қатар, олар еліміздегі
барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың 24 пайызын басқарады. Ал ҚР Үкіметіндегі
15 министрдің төртеуі әйел. Бұл көрсеткіш Скандинавия елдерінің деңгейінен
төмен, бірақ Ресейдегіден жоғары Ресейде 17 министрдің барлығы да ер
адамдар. Ал Парламенттегі әйелдердің үлес саны бойынша Қазақстан
дүниежүзіндегі 128 елдің арасында 85-орында тұр. Халық санын 2015 жылға
қарай 20 миллионға жеткізуге мүмкіндік бар.
Ел экономикасы бүгінгідей тұрақты даму үрдісін сақтап, көші-қон мен
демография саласындағы жұмыстар дұрыс жүргізіле берсе, 2015 жылға қарай,
Қазақстандағы халық санының 20 миллионға жету мүмкіндігі бар. Өйткені,
қазірдің өзінде өзге мемлекеттерде тұратын 2 миллион қазақ тарихи отанына
қайтқысы келеді. Бұл жөнінде Қазақ ақпарат агенттігінің тілшісіне берген
сұхбатында, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы
Алтыншаш Жағанова мәлім етті. (ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің алдын
ала шығарылған мәліметтері бойынша, 2003 жылдың қаңтарының 1-іне Қазақстан
халқының саны 14 миллион 857,7 мың адам болып отыр.)
Агенттік төрайымының айтуынша, бұған қосымша бұрын Қазақстанда тұрып,
кейін шетелдерге кетіп қалғандардың ішінен де қайтып келгісі келетіндердің
саны күн санап артып келеді. Дәл қазіргі кезде Агенттікте нақты 45 мың
отбасының Қазақстанға келеміз деген құжаттары жатыр. Ал, квота бойынша,
алдағы 2004 жылға 10 мың отбасы, 2005-2006 жылдарға 15 мың отбасын қабылдау
жоспарланып отыр. Оралмандарға арналған квота 2002 жылы 5 мың отбасы болуы
тиіс еді, бірақ қаржының жетпеуі себепті ол 2655 отбасы шегінде ғана болып,
биыл ғана 5 мыңға жеткізілді. Квота шегінің ұлғайтылуы мемлекеттің
қауіпсіздігіне байланысты Елбасының тікелей қолдауымен жасалған шара. Енді
көші-қон жағдайына келсек, қазір Қазақстанда көші-қон ахуалы елдегі
демократиялық үрдістердің дамуына және мемлекеттің жалпы экономикалық
тығырықтардан шығуына байланысты жақсы жүріп жатыр. Бүгінде ТМД елдері
Қазақстанға көші-қон мәселесіне қатысты тәжірибе алмасу үшін жиі келеді.
Өйткені, біздің ел бұл мәселеде көп тәжірибе жинақтады. Бұл орайда,
Үкіметтің квотадан тыс қабылдауды да жүзеге асырып жатқандығы белгілі.
Мысалы, 2001-2002 жылы елімізге квотандан тыс 20 мыңға жуық отбасы келді,
деп атап өткен А. Жағанова оралмандарды негізінен солтүстік облыстарға
орналастыру саясаты ұсталынып отырғандығын айтты. Өйткені, ол жақта жер
бар, үй салуға, жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Квотамен келгендерге кедендік
жеңілдіктер жасалуымен бірге, көлік шығындары өтеліп, баспана және
отбасының әрбір мүшесіне бір мезгілдік жәрдемақы беріледі. Азаматтық туралы
заңға сәйкес, бұрынғы елінің азаматтығынан шықпастан, Қазақстанның
азаматтығын қабылдау, балаларының үш жылға дейін әскер қатарына алмау
құқықтары берілген. Квотадан тыс келгендерге де сол секілді, балаларының
мектепке баруы, медициналық көмек алуы қамтамасыз етілген, Сондай-ақ,
оларға ауыл әкімдіктерінің де көмек көрсетуі табысталған.
Қазіргі кезде Қазақстанға келем деген оралмандардың басым бөлігі
Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия, Түркия және Қырғызстан елдерінен
болып отырғандығын атап өткен А.Жағанованың сөзіне қарағанда, Қырғызстаннан
келем деушілер бұрын мүлде болмайтын, бүгінде көбейді. Ал, Қытайдан әзірге,
олардың заңдары бізге сәйкес болмағандықтан, шақырту арқылы келіп жатыр.
Осы орайда, ақапарат құралдарында жарияланған соңғы екі жылда 10
мыңдай оралмандар қайтып кетті деген ақпар дұрыс емес. Соңғы екі жылда
отбасы жағдайына байланысты 23 адам ғана қайтып кетті. Кезінде 1991 жылы 67
мың адам еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография ғылымының пәні мен әдістері
Демография ғылымының дамуы мен құрылымы
Демография пәніне кіріспе
Демография және әлеуметтану
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Демографиямыздың талғары
Демографиялық саясат жайында
Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Қазақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіштері
Пәндер