Топырақтың құрамы



№1 практикалық сабақ
Тақырып:Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу.
№2 практикалық сабақ
Тақырып:Топырақтың қайта тұздануы және оны болдырмау.
№3 практикалық сабақ
Тақырып:Орман мелиорациясы
№4 практикалық сабақ
Тақырып:Агрохимиялық мелиорация
№5 практикалық сабақ.
Тақырып:Ауылшаруашылық дақылдарының фитомелиоративтік рөлі.
№6 практикалық сабақ
Тақырып:Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер өкілдерімен танысу.
№7 практикалық сабақ
Тақырып: Тыңайтқыштармен танысу
№8 практикалық сабақ
Тақырып: Мелиоративтік аймақтарда ауыспалы егіс құру ерекшеліктері
№9 практикалық сабақ
Тақырып: Су эрозиясының түрлері ,зияндылығы оны реттеу жолдары
№10 практикалық сабақ
Тақырып:Фермерлердің су пайдалану жоспарын құру
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:Түлрі түсті слайдтар мен плакаттар.Өсімдік тіршілігінің ең басты және маңызды факторы су.
Оның өсімдік өміріндегі маңызы әр қилы:
Біріншіден,су еріткіш рөлін атқарады,себебі өсімдіктер топырақтан қоректік элементтерді ерітінді түрінде ғана пайдалана алады.
Екіншіден,су өсімдіктерге құрғақ зат құру үшін қажет.Өсімдік 1ц құрғақ зат құру үшін 400 центнерден 1200 центнерге дейін су жұмсайды.Оның 99,8 пайызы буланып ұшып кетеді.Ал қалған 0,2 пайызы ғана өсімдіктерге жұмсалады.
Үшіншіден ,ылғал өсімдік клеткасының құрамында кіреді.
Төртіншіден,ылғал өсімдік организмінің температурасын реттеуге қатынасады.
Бесіншіден ,өсімдік организміндегі және топырақтағы барлық реакциялар тек судың қатысуымен жүреді.Мысалы,фотосинтез процесінде судың алты молекуласы қатысады.
Алтыншыдан,ылғал топырақтағы микроорганиздердің тіршілігі үшін қажет.
Жетіншіден,ылғал топыраққа себілген ауылшаруашылық тұқымдарының бөртіп,жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет.
Қорыта келіп айтқанда сусыз ешқандай өсімдік тіршілік ете алмайды.
Топырақтағы ылғал қоры көптеген жағдайларға ,соның ішінде топырақ типтеріне тікелей байланысты.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
№1 практикалық сабақ
Тақырып:Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу.
Сабақтың мақсаты:топырақтағы ылғал қорын есептеу.
Сабаққа арналған матеиалдар:Үлгілер:топырақ монолиттері.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:Түлрі түсті слайдтар мен плакаттар.Өсімдік тіршілігінің ең басты және маңызды факторы су.
Оның өсімдік өміріндегі маңызы әр қилы:
Біріншіден,су еріткіш рөлін атқарады,себебі өсімдіктер топырақтан қоректік элементтерді ерітінді түрінде ғана пайдалана алады.
Екіншіден,су өсімдіктерге құрғақ зат құру үшін қажет.Өсімдік 1ц құрғақ зат құру үшін 400 центнерден 1200 центнерге дейін су жұмсайды.Оның 99,8 пайызы буланып ұшып кетеді.Ал қалған 0,2 пайызы ғана өсімдіктерге жұмсалады.
Үшіншіден ,ылғал өсімдік клеткасының құрамында кіреді.
Төртіншіден,ылғал өсімдік организмінің температурасын реттеуге қатынасады.
Бесіншіден ,өсімдік организміндегі және топырақтағы барлық реакциялар тек судың қатысуымен жүреді.Мысалы,фотосинтез процесінде судың алты молекуласы қатысады.
Алтыншыдан,ылғал топырақтағы микроорганиздердің тіршілігі үшін қажет.
Жетіншіден,ылғал топыраққа себілген ауылшаруашылық тұқымдарының бөртіп,жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет.
Қорыта келіп айтқанда сусыз ешқандай өсімдік тіршілік ете алмайды.
Топырақтағы ылғал қоры көптеген жағдайларға ,соның ішінде топырақ типтеріне тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақ ылғалының өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсері.
2. Топырақ ылғалдылығын анықтау әдістері.

№2 практикалық сабақ
Тақырып:Топырақтың қайта тұздануы және оны болдырмау.
Сабақтың мақсаты:топырақтың тұздануының себептері және табиғатқа келтіретін зияндармен таныстыру.Бірінші және екінші тұздану себептері.Сортаң топырақ түрлері,олардың ерекшеліктері және олармен агротехникалық жолмен күрес.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:слайдтар,суреттер,плакат тар.
Топырақтың тұздануы дегеніміщ- өсімдіктің өсіп-өнуіне кері әсер ететін топырақтың тамыры жататын қабатына еріген немес сіңген тұздың жиналуы.
Алғашқы тұздану табиғи гидрогеологиялық жағдайларға байланысты анықталады.Құрғақшылық аудандардың ыза суының құрамында едәуір мөлшерде тұз болады.Осы сулар капиллярлармен топырақтың төменгі қабатына көтеріліп буға айналады.Ал тұз топырақта және оның бетінде қалып қояды.Бұл жағдайды топырақтың екінші тұздануы деп айтамыз.
Суармалы жерлер де тұзданады.Ол негізінен суды дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын құбылыс.Ыза суы деңгейінің артуына орай сортандану күшейе түседі.Сондықтан да, жеңіл топырақты аудандарда ыза суын жер бетінен 2,5-3 м, ал ауыр топырақты аудандарда 4-5 м,қашықтықтарда қстау қажет.Егер ыза суы тереңде болса топырақ тұзданбайды.Суармалы жердің тұздануының негізгі себептері:ыза суының көтерілуі ,өте буланғыштығы,оның капиллярлы түтікелермен топырақтың жоғарғы қабатына тұздың жетуін күшейтуі,топырақ капиллярының су өткізгіші ыза суының немесе топырақтың құрамында тұздың көп болуы.Суармалы жердің сортаң тартуын болдырмаудың негізгі аралары осы құбылыстардың дұрыс реттелуіне байланысты.
Суармалы жерлерде ыза суының деңгейі мына себептерге байланысты көтеріледі:
* Каналдардан судың сүзілуі,сондықтан да канал суының шығынын болдырмау керек;
* Тым көп суарғанда топырақ суға шылқып кетеді де,артығы ыза суын толтырады;
* Егістік жердің тегіс болмауы,мұндайда биік тұстарына су бара бермейді де,бәрі ойыс тұстарына жиналады.Сөйтіп ол да,ыза суын толықтыруға кетеді.Сондықтан да жерді тегістеу- бұл тұрғыда , ең қажетті шара болып табылады.
Топырақ бетінің булануын егістік жиі егу және аңыздық дақылдар егу жолымен ,сондай ақ ауыспалы егіс шекараларының жел ұстайтын, жер бетіндегі ауа қабатының ылғалдылығын көтеретін орман жолақтарын отырғызу жолымен азайтуға болады.
Су мен тұдың топырақтың беткі қабатына капиллярлы көтерілуін топырақтың құрылымын қопсыту арқылы азайтуға болады.
* Әрбір шаруашылық топырақ сортаңдануының алдын алулары керек.
* Су пайдаану ережелерін бұлжытпай орындаулары қажет.
* Каналдардан су шығыныын азайту үшін, каналдардан су сүзілмейтін шаралар жасау керек.
* Суармалы ауыспалы егіс маңайына суға бастырылатын күріш егуге болмайды, оларды кәрізден танапқа шоғырландырылған жөн,кей жағдайларда ғана сортаң топырақты жерлерге оларды шаю және тұзын ыдырату мақсатымен күріш өсіруге болады.
* Түнгі суару,топырақ шаю жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қатаң қадағалап отыру керек.

* Су жинау,су қашыру және коллекторлы-дренажды жүйелерді ақаусыз ұстау керек.
* Тұрақты каналдарын бойлай тез өсетін және тамыры тегеңге кететін ағаш егу керек.Ол каналдардан танапқа сүзілетін суды тез сіңіріп алады.
Топырақтың сортаңдану дәрежесін жаз күндерінде өсімдіктің жағдайына қарап оңай айыруға болады.Топырақ қатты сортаңданса,оның беті ақтаңданып жатады,өсімдік 50пайыз,кейде одан да көп,ал орташа сортаңданған жерде - 30-50 пайыз,аз сортаңданған жерде 10-30 паыз сиреп кетеді.
Зиянды сортаңдануға NaCl,MgCl₂,CaCl₂,хлорлы Na₂SO₄,MgSO₄ күкірт қышқылды жиналған карбонаттар жатады.Топырақтың құрамында оның құрғақ массасының 3 процентіндей болса,ол жерді жақсарту шараларын жүргізбей ауылшаруашылығына пайдалануға болады.
Жердің сортандануын сор және сортаң деп бөледі.
Сор топырақтың беткі қабатының құрамында хлорлы , күкірт қышқылды натрий секілді тез еритін тұздар сирек болса да, көмірқышқылды,күкіртқышқылды, кейде кальций мен магнийдің хлорлы тұздары бар топырақ жатады.Сор жерлерде топырақ ертіндісінің мол концентрациясы өсімдікке улы әсер етеді.
Сор іркілдек ,ылғалды ,қара және шалғынды болып келеді.Іркілдек сормен жүргенде адамның аяғы топыраққа кіріп кетеді.Қара сор шірінді заттардың еруі салдарынан қара түске айналады.Бұл топырақтарды құрылымсыз деуге болады.
Сортаң топыраққа сіңген натрий бар топырақты жерлер жатады.Сортаң жер топырағының физикалық қасиеттері төмендейді.Өйткені,оның өткізу қасиеті нашарлап,бетінде тығыз қабық пайда болады.
Сортаң жерге топырағының құрамында органикалық затар аз жерлер жатады.Ауыл шаруашылығында ондай жерлерді органикалық және минералды тыңайтқыштар немесе сөндірілген әк енгізілген соң ғана пайдаланады.

Бақылау сұрақтары:
1.Топырақтың тұздану себептері.
2.Екінші рет тұздануды қалай түсінесіз.
3.Топырақ сортаңдану түрлері және өсімдікке тигізетін зияны.

№3 практикалық сабақ
Тақырып:Орман мелиорациясы
Сабақтың мақсаты:Орман мелиорациясының маңыздылығымен таныстыру.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:слайдтар,суреттер,плакат тар.
Орман мелиоративтік жүйесі деп ,ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар мен бұта алқаптарын атайды.
Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше.Ол әсіресе,егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады,егістікке еріген қар суын сақтай отырып,топырақтың ылғалдылығын көтереді.Екпе ағаштардың тал мен бұталардың эрозиялық процестерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды.Жоғарыда айтқандай өнімін төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау,қар тоқтату арқылы тигізеді.
Суармалы жерлердің 4-5 пайызына міндетті түрде екпе ағаш отырғызылуы керек.Екпе ағаштар қабатының ені 10-12 метрден кем болмау керек.Желдің зиянды әсері егістікке тимеу үшін бір жерге отырғызылған екпе ағашпен екінші жерге отырғызылған екпе ағашпен екінші жерге отырғызылған екпе ағаштар жолағының ара қашықтықтары 200 метрден 500 метрге дейін боладығал көлденең отырғызылған екпелердің ара қашықтығы 100-1500 метр болады.Әр қатардың ара қашықтығы 1-2 метр.Егер каналдардың түбінде көп тұнба заттар жиналатын болып,оны механикалық түрде аршып тазалайтындай жағдай болса ,екпе ағаштар каналдың бір жағында ғана отырғызылуы керек.Екпе ағаштардың қажетті түрлерін таңдай білген дұрыс.Биік өсетін ағаштардан егілетіндер- терек,емен,үйеңкі,шаған, ал қысқа бойлы жайылып өсетін ағаштар қатарынан ақ-тал , көктал ,және т,б.
Ауылшаруашылығында пайдаланылатын екпе ағашты 4 түрлі өрнек тәсілімен отырғады.
Жел эрозиясына қарсы ,ылғал сақтау үшін екпе ағаш отырғызу өрнек тәсілдері.
\Н.Д.Никитин бойынша\
Ағаш отырғызу өрнек тәсілдері
Саңылау саны

Ескерту

Ағаштардың оғарғы жағы
Ағаштардың төменгі жағы

Торлы желдеткіш
15-35
60
Талдың жапырақтанып тұрған кезіндегі өлшем.Жапырақ түскенде бұл өлшем 2-2,5 есе үлкейеді.
Желдеткіш
0-10
60

Торлы
15-30
15-30

Тығыз
0-10
1-10

Екпе ағаш отырғызылған жаз айларындағы топырақтың бетіндегі температурасын жерге қарағанда 5-6 градус төмендейді,ал салқын күндері 4-5 градус жоғарылайды.Сонымен қатар , ауа ылғалдылығы да 9-11 пайызға көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7 пайызға төмендейді.Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді.
Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жер асты суының деңгейінің көтерілуіне жол бермейді.Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып ,оның құнарлығы жоғарылайды.Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-20 пайызға дейін көбейтеді.
Орман мелиорациясының табиғатқа тигізетін әсері әлі терең және жан-жақты қамтылып қаралмаған.Дегенмен ,кейбір жарияланған деректерге сүйене отырып,екпе ағаштардың қоршаған ортаға тигізетін мелиоративтік әсерін көрсетуге болады.
Әртүрлі өрнек тәсілдерімен отырғызылған ағаш жолақтарының қоршаған ортаның экологиялық көрсеткіштеріне тигізетін әсері .
Кіргендегі мәні
Шыққандағ мәні
Д
ЖЖ
АТ
Б
ТТ
АЫ
СБ
ТЫ
Д
ЖЖ
АТ
Б
ТТ
АЫ
СБ
ТЫ
Торлы желдекіш екпе отырғызбалар
38
17
28
60
25
22
87
40
29
10
23
36
22
31
46
56
Желдеткіш екпе отырғызбалар
38
17
28
60
25
22
87
40
31
9
21
34
20
33
44
59
Торлы екпе отырғызбалар
38
17
28
60
25
22
87
40
26
8
24
35
23
32
41
54
Тығыз екпе отырғызбалар
38
17
28
60
25
22
87
40
41
14
26
40
24
20
59
48

Д- топырақтың шайылуы (тга);ЖЖ-жел жылдамдығы(мс);АТ-ауа температурасы(С);Б- топырақтан ылғалдың булануы(мм);ТТ-топырақ температурасы (С); АЫ-ауа ылғалдылығы(%); СБ-су бетінен булану,мм; ТЫ-топырақтың ылғалдылығы,%;иясына , отырғызған
Бұл кестеден қоршаған ортаның экологиялық жағдайына екпе ағаштарының тигізетін әсері оның конструциясына ,отырғызған өрнек тәсіліне көп байланысты екенін байқауға болады.
Атап айтқанда торлы желдеткіш өрнек тәсілде топырақтың шайылуы әр гектардан 38 тоннадан 28 тоннаға азайсағжелдеткіш өрнекте 31 тга , торлыда 26 тга азайып отыр.Ал соққан желдің жылдамдығы 17 мс-ке тең болғанда атаған қатарда 10,9-8 ге дейін төмендеп отыр.Орман мелиорациясының агрономиялық маңызынан басқа да экологиялық маңызы бар.

Бақылау сұрақтар:
1. Орман мелиорациясы дегеніміз не?
2. Орман мелиорациясының агрономиялық маңызы.
3. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері.

№4 практикалық сабақ
Тақырып:Агрохимиялық мелиорация
Сабақтың мақсаты:Топырақты химиялық мелиорациялауды үйрету.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:слайдтар,суреттер,плакат тар.
Дақылдардың көбісі топырақ реакциясының бейтарап болуын қалайды.Топырақ ерітіндісінің реакциясы қышқылды ,немес сілітілі болса онда өсімдік нашар өседі.Мұндай топырақтың реакциясын бетарапты реакцияға келтіру үшін оған әк немесе ғаныш енгізедіғбұл шараларды топырақты химиялық мелиорациялау деп айтады.
Қышқыл топырақтарды әктендіру.Орманды алқаптардың күлгін , шымды-күлгін топырақтары қышқыл реакциялы болып келеді.Ондай топырақты бейтарапты реакцияға келтіру үшін оны әктендіруқажет.Әкендіру нәтижесінде топырақтың құнарлығы жақсарады,онда егілген дәнді дақылдардың өнімі әр гектардан 4-5 ц , қант қызылшасының өнімі-50-60 ц,сүрлемге арналған жүгерінің өнімі 60-90 ц көтеріледі.Әктенген жерде дақылдардың өніп өсуіне тыңайтқыштардың тигізетін әсері де арта түседі.
Топырақтың қышқылдығын азайту үшін әктен,доломиттің ұнтақтары қолданылады.
Сор топырақтарды гипстендіру.Сор топырақтың көлемі ТМД бойынша 120 млн.га,яғни барлық жердің 5,4 пайызын алып жатыр.Сор топырақтар ртүрлі аймақтарда кездеседі.Әсіресе шөлейт далада,шөл аймақтарда жиі кездеседі.Мұндай жерлер Қазақстанда да жиі кездесетін болғандықтан ,сор топырақтың құнарлығын көтеру шараларына көбірек көңіл бөлеміз.
Сор топырақтың құрамында натрий көп болады да ,топырақ ерітіндісінің реакциясы сілтілікті көрсетеді.Сондай тұзды топырақтар сортаң жіне сор топырақтар болып екіге бөлінеді.
Сор топырақтар .Егер топырақтың барлық қабатында суда тез еритін тұздар көбірек болса,сор топырақтар деп атайды.Тұздың концентрациясы жоғары болғандықтан ,онда өсімдіктердің суды,қоректік заттарды сіңіруі қиындайды.Сондықтан мұндай топырақтарда өсімдіктер жөнді өспейді,өссе де тек галофиттер - тұзға төзімді өсімдіктер ғана кездеседі.Сор топырақтар әдетте ойпаттау жерлерде ,суы ащы теңіздер мен көлдердің жағасында кездеседі.Сор топырақтар құрамында кездесетін түріне қарай хлоридті-натрийлі,хлоридті-сульфатт ы,кальцийлі-натрийлі,сульфатты, кальций-магнийлі және т.б. болып бөлінеді.
Сортаң топырақтар. Мұның сор сор топырақтан айырмасы тұзы мол топырақ жердің астында гипс , карбонаттары мол В2 қабаты орналасады,онан төменде аналық қабат С болады.Сонымен сор топрақтың әртүрлі қабаттарының құрамы да,қасиеттері де күрт өзгеріп тұрады .
Тұзды жерді химиялық мелиорацияға көп гипс керек.Сондықтан көбінесе топырақтың өзін-өзі мелиорациялауына жағдай жасалады.Ол үшін гипсі бар В2 қабатын оғары шығарып сортаң қабатпен араластырады.Бұған жерді терең жыртатын плантаждық соқалар қолданылады.Гипсі бар қабат пен тұзды қабат араласқан кезде топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы азаяды.Топырақтың құнарлылығы артады.Ал егер топырақты сумен шаю,органикалық,минералдық тыңайтқыштар қолдану шаралары қоса жүргізілсе, топырақтың құнарлығы одан да жоғары артады,бұл жерге көптеген дақылдарды егіп,олардан мол өнім алуға мүмкіндік туады.

Бақылау сұрақтары:
1. Химиялық мелиорациялау дегеніміз не?
2. Қышқыл топырақты әктендру жолдары.
3. Сор топырақтарды гипстендірудің маңызы.

№5 практикалық сабақ.
Тақырып:Ауылшаруашылық дақылдарының фитомелиоративтік рөлі.
Сабақтың мақсаты:Фитомелиорация арқылы топырақ құнарлығын арттыру.
Сабаққа арналған материалдар оқу нұсқаулары:Ауылшаруашылық дақылдарының үлгілері.
Суармалы жерлер сортаңдануымен күресу және топырақ бетінің тақырланып қалуын болдырмау шараларының бірі- фитомелиорация.
Фитомелиорация деген сөздің мағынасы:фито-өсімдік,мелиорация-жа қсарту.Сондықтан фитомелиорация дегенінміз өсімдік арқылы топырақты жақсарту ,сол жер құнарлығын арттырып,артық тұздардан арылту болып табылады.
Тақырланған топырақ бетін өсімдік өзінің тамырларымен қстап,топырақтың жоғарғы қабатын жел,ал суармалы жерлерді су эрозиясына ұшыратпайды.
Жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін таңдап алынған өсімдіктер мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
* Жыртылған топырақ қабатындағы тез еритін тұздарды өз бойына сіңіріп,топырақ құрамын жақсарту;
* Тұзға төзімді болу;
* Тамырлары топырақ құрамында кең және тереңге таралып,топырақ құнарлығын арттыру;
Арал мен Балқаш аймақтарында өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары құрамын қайта қарастырып,ол аймақтарда су тапшылығын ескеріп,жердің тұздылығына байланыст тұзға тұрақты және суды аз пайдаланылатын дақылдар өсіруді қолға алу - қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі.
Ауылшаруашылық дақылдарын тұзға төзімділігі бойынша топтастыру.
Топтар
Дақылдар
Тұзға төзімділігі нашар
Сұлы,күріш,асбұршақ,үрмебұршақ,карт оп,қияр,редис,сәбіз ,сарымсақ т.б.
Тұзға төзімділігі орташа
Жаздық бидай,арпа,күздік қара бидай,тары,қонақ жүгері,жүгері,қоза,еркек шөп,қылтықсыз арпабас,жиматарғақ т.б.
Тұзға төзімділігі жоғары
Арпа,қант және мал азықтық қызылша ,қарбыз,асқабақ,қоза,жоңышқа,түйе жоңышқа т.б.

Топырақ тұздылығына тұрақты өсімдіктерді сұрыптап алған кезде ол өсімдік өнімі кемігенменғтопырақ құрамындағы тұз ерітіндісі кемуіне себебін тигізуі өте пайдалы.
Топырақтың екінші рет сортаңдануына жол бермеу және сортаңданған жерлерді игеру үшін фитомелиоративті ауыспалы егісті ауыл шаруашылық өндірісіне енгізу қажет.
Фитомелиорация арқылы топырақ құнарлығын арттыру және сортаңданған топырақ тұзын биологиялық әдіспен кеміту өте аз зерттелген.Фитомелиоранттар арқасында екінші рет сортаңданған жерлер құнарлылығының қайтадан қалпына келтірілгендігі дәлелденген.Фитомелиорация әсерінен топырақтағы азот түрлерінің ,қара шіріктің артуы және өсімдіктің құрғақ биологиясы артуы арқасында топырақтағы тұздың кемуі байқалады.

Фитомелиорация әсерінен топырақтағы азот түрлерінің өзгеру динамикасы ,мгкг
Тәжірибе варианты
Жеңіл гидролизденген
Аммонийлі
Нитратты

1,5 ай
3 ай
1,5 ай
3 ай
1,5 ай
3 ай
Түйе жоңышқа
31,7
35,9
2,21
3,04
3,69
3,91
Арпабас
30,8
36,4
2,38
2,69
3,44
4,02
Қияқ
29,4
36,8
2,04
2,48
3,16
3,73
Сұлы
29,8
33,1
2,31
2,96
3,27
3,68
Тақыр жер
26,6
26,0
1,53
1,48
3,55
3,51

Тәжерибеге дейінгі топырақ құрамы , мгкг;жеңіл гидролизденген азот-26,4; аммонийлі- 1,5; нитратты-3,50.
Кестеде көрсетілгендей , әртүрлі формадағы азоттың артуы,әсіресе түйе жоңышқа егістігінде байқалады,мұнда азоттың барлық түрлері өсімдік өсуінің соңына дейін арта береді.

Бақылау сұрақтары:
1.Топырақ құнарлығын арттырудағы фитомелиорацияның орны қандай?
2.Қандай фитомелиоранттарды білесіз?

№6 практикалық сабақ
Тақырып:Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер өкілдерімен танысу.
Сабақтың мақсаты:Гербарий және тұқым үлгілері.Топтың арамшөптерімен танысу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:Түрлі түсті слайдтар,суреттер,сипаттамалар.
Ерте пісетін арамшөптер
Алабота-МарьChenepodiumalbum
Алаботаның жапырақтары мен сабағы-ұн тәріздес жұқсақ қабықпенжабылған.Гүлдері өңсіз.Тұқымның сыртында қатты қауашығы бар,сондықтан оларды алдын ала буламаса жануарлардың асқазанында қорытылмай,олардың қиымен бірге түседі танаптарды ластайды.
Барлық ауылшаруашылық дақылдарына әсіресе отималы дақылдарға өте зиянды.Сабағы тік,қатты бұтақталған,биіктігі құнарлы топырақта 1,5-5кейде оданда биік болып өседі.Бір өсімдік 200 м,кейбір өсімдік 700 мың тұқымға дейін береді.
Жануарлардың ас қорыту органдарынан өткеннің өзінде де өңгіштік-қабілетін жоймайды.Олар полиморты.Бір өсі дік өзіндеүш түрлі тұқымдары кездеседі.Тұқымдар,піскен жылы өседі:майдалау, тұқымның қабығы қалың,қара түстілері екінші жылы өседі.ал өте майда,дөңгелек қара тұқымы үшінші жылы ғана өседі.
Тұқымның өнгіштігі 8 - жылға,өмір сүру ұзақтығы 38-жылға дейін сақталады.Үстікке төзімді.Тұқымы 8-10 см тереңдіктен шығады.Ерте көктемнен күзге дейін созылып,өсе береді.
Алабота жаздың екінші жартысында пісіп жетіледі .Негізінен дәнді(күріштен басқа),бұршақ тұқы дас дақылдарды,жүгері,мақта,қант,қызылш а,картоп,егістерін ластайды.
Тісті ошаған-Дурнишник Зубовидный-Xanthium strumarium
Басқа ошағандар ішіндегі ең көп тарған түрі.Егістерде,бау-бакшаларда,елсіз жерлерде құ ды топырақтаөседі.Сабағы тік,биіктігі 100-120 с5 өсімдікті түгелдей жұмсақ түк жауып тұрады.Дәндерінің пішіні жұмыртқа тәрізді.Ұзындығы 8-14см,қалыңдығы 4-7 мм салмағы1000 г,бір өсімдікте25-ың тұқымға дейін болады.Жас өркендері 18 см,тереңдіктен өсіп шыға алады.Өсу температурасы 14-16 температура,оптималдығы 20-24 C.
Қара сұлы - Овсюг обыкновенный(пустой)-Aвena fatura
Сыртқы түрі мәдени сұлыға өте ұқсас.ол бейімделген арамшөп ретінде астық дақылдарыүшін өте зиянды және қауіпті.Мысалы,1м жерде қара сұлының 50 өсі дігі өссе,одан өні5 20%-ға, 300-4 есе, 450-5 есе және одан да көп төмендейді.
Тамыры шашақты,топырақта 130-160 с5 тереңдікке тарайды.Сабағы түзу,биіктігі 60-120 см,жапырағы сызықты,ірі,жан-жағы кедір-бұдырлау.
Жаздық бидай толықшықаннан кейін,оның қатараралығынан қара сұлыны анық байқауға болады.Оның өсімдігі шашақ тастағанда жаздық дақылдар егісінде қылтанағынан ажыратуға болады.Қылтықтары қаралау,ұзын,тізе тәріздес иілген тө енгі жағы бұралған.Жақсы дамыған қара сұлы өсімдігі 440-600 дәнге дейін береді, әдени дақылдардан ертерек пісіп,дәні топыраққа шашылады.Қара сұлыны дәнді дақылдардан,әсіресе сұлыдан айыру өте киын.Жаңа түскен дәні нашар өнеді,бірақ қыс бойы тыныштық кезеңін өткенен кейін,топырақтың температурасы 3-5 С болғандада шыға алады.Оптималды температурасы 16-20С.Қара сұлыныңдәні 20-30 см тереңдіктенде өніп шыға алады,тіршілікке қабілеті 5 жылға дейін сақталады.

Жусан жапырақтары ойраншоп- Амброзия польнолистная - Ambrosia artemisiifolia
Карантинді,қосжарнақты,арамшөп.Биік тігі 20-25см,кіндік тамыры топырақта 4м тереңдікке дейін бойлайды.
Тұқымы сарғыштан қара-қоңыр түске дейін боялған,ұзындығы 2,5-3мм,көлденеңі 1,5мм,1000 дәннің массасы 2-2,5 грамм,көптеген кезде жусан исі,ащы дәмі болады.Маусым айының аяғынан күзде дейін гүлдейді. Тұқымы жиналаннан кейін пісіп жетілуді қажет етеді.Алматы облысында кең тараған.
Ісінген бөрітарақ - Гибискус вздутый- Hibiscus trionum
Сабағының биіктігі 15-50см аралығында.Тұқымдары ұсақ ұзындығы 2,5мм-ге жуық ,түсі қарақоңыр.Бір түп өсімдігі 30-дан астам тұқым береді.Шілде-тамыз айларында гүлдері.Қазақстанда негізінен жаздық дақылдар егістерін ластайды.Бұл арамшөп көбінесе суармалы жерлерде кездеседі.
Тауық тары-Просо куриное-Echinochloa crusgalli
Өсімдік барлық жерлерде таралған ,әсіресе Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарында көбірек кездеседі.
Барлық дақылдарды, әсіресе суармалы егіншіліктің отамалы дақылдарын ластайды.Ол әсіресе күріш егістігін қатты ластайды .Тамыры-шашақты.Сабағы тік ,биіктігі 20-100см-ге жетеді.Жапырағы жалпақтау және ұзынша ,ұзындығы 20-50,ені 2-5мм дейін барады.
Тұқымы - жұмыртқа тәріздес ,біржағына қарай көтеріңкі ,жоғарғы жағы үшкірленген,жыртырған жасыл дән.1000 дәннің салмағы 1,5-2 г.Топырақ әбден қызғанда өсіп шығады.Опмалды өніп шығу температурасы 26-28 градусы .Тұқым өнімділігі 60 мыңға дейін барады, 12-14см тереңдіктен өніп шығады, топырақта өнімділігін 13 жылға дейін сақтайды.
Мысық құйрық (Итқонақ) - Щетиник сизый - Setaria glauca
Мысық құйрық барлық жерлерде де өседі.топырақтың құнарлығын таап етпейді, құршалыққа төзімді.Кеш пісетін дақылдарды ластайды,көбінесе --отамалы дақылдарға зиянды. Тамыры шашақты,топырақта 75-170см тереңдікте енеді.Сабағы тік , биіктігі 20-100см.
Жалпақ таспа жапырақты .Гүл шоғыры қалың цилиндр тәрізді. Тұқымы сопақ, жұмыртқа тәрізді,бір жақты дөңес қоңыр-сары қабақтанған дәнек .1000дәннің салмағы -1-1,5 г.
Топырақтың температурасы 30-35 градус болғанда жаппай өніп шығады.Бір өсімдігі 2300 дәнек береді,тіршілікке қабілетті 4 жылдан астам.12 айға дейін созылатын тұқымның тыныштық сақтау күйінен кейін кем дегенде 12-14см тереңдікте өсіп - өніп шығады.
Кәдімгі гүлтәжі (Қызылқұйрық) - Ширица обыкновенная - Amaranthus Amaranthus retroglexus
Сабағы тік бойлап өсіп,биіктігі 15-120 см дейін жетеді.Бұл өөте өсімтал арамшөп.Негізінен тұқыммен көбейді.Бір түп өсімдік жарты миллионға дейін тұқым береді.Тұқымы өте ұсақ, оның диаметрі 0,9-1,5мм шамасында, түсі қара, сырты жылтыр. Өте майда болғандықтан, топырақтың 1-2 см тереңдігінен жақсы өніп шығады.
Өнгіштік қабілетін топырақта 5 жылға дейін сақтай алады. Өніп шығу үшін 15-20 градус температура қажет.
Құзылқұйрық гүлтәжі отамалы дақылдарды, оның ішінде қант қызылшасы мен көкөніс дақылдарын күшті ластайды.Дәнді дақылдар егісінде аңыздық арамшөп болып есептеледі.Бұл арамшөп Қазақстанның суармалы және тәлімі жерлерінде көп кездеседі.
Кәдімгі сасық мендуана - Дурман обыкновенный ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың фазалық құрамы
Топырақ табиғи тарихи дене және ауыл шаруашылығының өндірісінің дүниесі
Топырақтың минералды коллоидтары
Көмір гуминді тыңайтқыштардың топырақ құрамына әсерін зерттеу
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
Топырақтың физикалық және физика-механикалық қасиеті
Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақ ылғалы
Топырақ картасын құрастыру
Топырақтардың құрамы
Пәндер