Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері



Кіріспе
1 Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
2 Мақсары дақылын өсіру техгологиясы
3 Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы жағдайында мақсары егісінде кездесетін зиянкестер мен аурулары
Төле би ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945).
Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34,6 адамнан келеді
Әкімшілік құрамында 1 қала-Ленгір қаласы, 13-ауылдық округ бар: Қаратөбе, Тасарық, Қасқасу, Қоғалы, Жоғарғы-Ақсу, Көксәйек, Зертас, Аққұм, Алатау, 1-мамыр, Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтері енеді, 53 елді мекен, 23550 үй бар.
Ауданда 38 өндірістік кооператив, 11 ЖШС, 1-ССУ, 2150 шаруа қожалығы, 1 машина жасау зауыты, 1 мұнай барлау мекемесі, 2 су шаруашылығы, 2 тамақ өнеркәсібі, 3 жеңіл өнеркәсіп орны, электр қуатымен қамтамасыз ету, сымтетік байланысы, автокөлік, жол жөндеу, 1 табиғи газ жеткізетін, 2 сұйытылған газ тарататын мекемелер, орман шаруашылығы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 128779га, оның 64245 га жыртылады, 10 мың 383 га суармалы, 53000 га жайылымы бар.
Ауданның климаты жазы ыстық, қысы ұзаққа созылмайды. Жауын-шашынның түсу тұрақтылығы орташа, таулы және жерлері күңгірт сұр топырақ, саздық ұсақ тасты болып келеді.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзгеде а/ш мақсатына арналған жер – 3154 га. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,сауықтыру мақсатындағы, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер-146997га. Су қорының жері-1128га. Босалқы жер-2446га.
Төле би ауданының жер бедерінің құрылымы сатылы болып келеді - батысында ойпатты және жазық аймақтардан басталса, шығысы мен оңтүстігінде тау массивтерімен аяқталады. Жер бедерінің жоғарғы қабатының құрылымы мен оның көлеміне байланысты үш аймаққа бөлінеді.
Аумағына Өгем және Майдантал таулары сілемдерінің жоталары мен қыраттары , үстірттері мен беткейлері , қырқалы мен құздары, сеңгір жалдары, т.б. жатады. Аймақтың оңтүстік -батысында Қазығұрт тауы сілемдеріне дейін созылады. Оңтүстік Қазақстан облысында теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңы ауданының таулық аймағында , оның биіктігі 4238 м. , ал Қазығұрт тауының биіктігі 1768м.

Жоспар
Кіріспе
1 Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
2 Мақсары дақылын өсіру техгологиясы
3 Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы жағдайында мақсары егісінде кездесетін зиянкестер мен аурулары

Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
Төле би ауданы -- Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945).
Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34,6 адамнан келеді
Әкімшілік құрамында 1 қала-Ленгір қаласы, 13-ауылдық округ бар: Қаратөбе, Тасарық, Қасқасу, Қоғалы, Жоғарғы-Ақсу, Көксәйек, Зертас, Аққұм, Алатау, 1-мамыр, Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтері енеді, 53 елді мекен, 23550 үй бар.
Ауданда 38 өндірістік кооператив, 11 ЖШС, 1-ССУ, 2150 шаруа қожалығы, 1 машина жасау зауыты, 1 мұнай барлау мекемесі, 2 су шаруашылығы, 2 тамақ өнеркәсібі, 3 жеңіл өнеркәсіп орны, электр қуатымен қамтамасыз ету, сымтетік байланысы, автокөлік, жол жөндеу, 1 табиғи газ жеткізетін, 2 сұйытылған газ тарататын мекемелер, орман шаруашылығы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 128779га, оның 64245 га жыртылады, 10 мың 383 га суармалы, 53000 га жайылымы бар.
Ауданның климаты жазы ыстық, қысы ұзаққа созылмайды. Жауын-шашынның түсу тұрақтылығы орташа, таулы және жерлері күңгірт сұр топырақ, саздық ұсақ тасты болып келеді.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзгеде аш мақсатына арналған жер - 3154 га. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,сауықтыру мақсатындағы, рекрациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер-146997га. Су қорының жері-1128га. Босалқы жер-2446га.
Төле би ауданының жер бедерінің құрылымы сатылы болып келеді - батысында ойпатты және жазық аймақтардан басталса, шығысы мен оңтүстігінде тау массивтерімен аяқталады. Жер бедерінің жоғарғы қабатының құрылымы мен оның көлеміне байланысты үш аймаққа бөлінеді.
Аумағына Өгем және Майдантал таулары сілемдерінің жоталары мен қыраттары , үстірттері мен беткейлері , қырқалы мен құздары, сеңгір жалдары, т.б. жатады. Аймақтың оңтүстік -батысында Қазығұрт тауы сілемдеріне дейін созылады. Оңтүстік Қазақстан облысында теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңы ауданының таулық аймағында , оның биіктігі 4238 м. , ал Қазығұрт тауының биіктігі 1768м.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. Фудмастер-Шымкент компаниясы - сүт өнімдерін, Ақмаржан акционерлік қоғамы - ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, Оңтүстік мұнай-газ ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.
Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 цга айналуда. Астықты толық орынлғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлаудамыз. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастады, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табуға жұмыс жасаймыз.
Ауа райының агрометеорологиялық сипаттамасы және оның зиянкестер мен аурулардың дамуына тигізетін әсері
2016 жылғы қаңтар айының бірінші он күндігінде ауа райы ала бұлтты, қар аралас жаңбырлы, жауын-шашынды болды, қаңтар айының 05, 06, 09-ыншы жұлдыздарында күн ашық болып тұрды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +10+11 градус, төменгісі -1-2 градус, ауаның ылғалдылығы 97-99% аралығында болды.
Екінші он күндікте де күн ала бұлтты және жаңбырлы болды, 14, 15, 19, 20-сы күндері ауа райы ашық желсіз болып тұрды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +9+10 градус, төменгісі -3-4 градус суық , ауа ылғалдылығы 87-89% аралығында болды.
Үшінші он күндікте алғашқы күндері ауа-райы ашық, жылы болып, тек қаңтардың 26-шы жұлдызынан бастап қар аралас жаңбырлы болып, қалған күндері ала бұлтты, ауа температурасының ең жоғарғысы +9+10 градус, төменгісі -3-4 градус, ауа ылғалдылығы 99-97 %. аралығында болды.
Ақпан айының бірінші он күндігінде ауа райының алғашқы күндері күн ала бұлтты болып, ақпанның 09-ыншы жұлдызында қарлы болды. Басқа күндері күн ашық, желсіз. Ауа температурасының ең жоғарғысы +10+12 градус, төменгісі -3-4 градус, ауа ылғалдылығы 88-90% аралығында болды.
Екінші он күндікте ауа-райы ашық, желсіз және жылы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +9+10 градус, төменгісі -4-6 градус, ауа ылғалдылығы 84-86 % аралығында болды.
Үшінші он күндікте ауа райы алғашқы екі ала бұлтты, желді, бш 10-15 мсек жел тұрып, басқа күндері ашық, жылы болды. Ауа температурасы ең жоғарғысы +18+20 градус, ең төменгісі +5+6 градус, ауа ылғалдылығы 70-72 % аралығында болды.
Наурыз айының бірінші он күндігінде ауа райы алғашқы күндері күн ашық желсіз, тек айдың 10-шы жұлдызында жаңбыр жауды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +17+19 градус, төменгісі +8+10 градус, ауа ылғалдылығы 80-81% аралығында болды
Екінші он күндікте ауа райы ала бұлтты, жаңбырлы, желді болды. Тек наурыз айының 19, 20-ы кундері күн ашық болып, ауа температурасының ең жоғарғысы +13+15 градус, төменгісі +4+6 градус, ауа ылғалдылығы 94-96 % аралығында болды.
Үшінші он күндікте ауа райы 21-інші наурыз күні ашық болып, басқа күндері ала бұлтты, жауын - шашынды болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +22+23 градус, төменгісі +12+14 градус, ауа ылғалдылығы 97-99% аралығында болды.
Сәуір айының бірінші он күндігінде ауа райы ала бұлтты, желді және жаңбырлы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +16+18 градус, төменгісі +7+9 градус, ауа ылғалдылығы 88-90%. аралығында болды.
Екінші он күндікте ауа райы сәуір айының бас кезінде ауа ала бұлтты, 13, 14, 15, 16-ы күндері аспан ашық болып, басқа күндерде жаңбырлы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +20+22 градус, ең төменгісі +10+12 градус, ауа ылғалдылығы 96-98% аралығында болды.
Үшінші он күндікте ауа-райы ала бұлтты, жаңбырлы болса, 22, 23-і күндері гана ашық, желсіз болып келді. Ауа температурасының ең жоғарғысы +23+26 градус, төменгісі +15+17 градус, ауа ылғалдылығы 88-90% аралығында болды.
Мамыр айының бірінші он күндігінде ауа райы алғашқы күні және 05, 06, 07-і күндері жылы, басқа күндері аспан ала бұлтты, жаңбырлы болды. Ауа температурасы ең жоғарғысы +24+26 градус, төменгісі +17 +19 градус, ауа ылғалдылығы 76-78%.
Екінші он күндікте ауа райы ала бұлтты, жаңбырлы және желді болды. Тек 12, 13, 19, 20-ы күндері ыстық, кешкісін аздап салқын болды. Ауа температурасы ең жоғарғысы +22+24 градус, төменгісі +12+14 градус, ауа ылғалдылығы 80-85% аралығында болды.
Үшінші он күндікте ауа райы құбылмалы болып келді, ала бұлтты кей күндері ашық болып тұрды. Ауа температурасы ең жоғарғысы +26+28 градус, төменгісі +15+17 градус, ауа ылғалдылығы 80-83% аралығында болды.
Маусым айының бірінші он күндігінде ауа райы ыстық, қапырық, кешкісін салқындау болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +34+36 градус, төменгісі +15+17 градус, ауа ылғалдылығы 55-57% аралығында болды.
Екінші он күндікте күн ашық, күндізгі күні қапырық, кешкісін салқындау болып тұрды. Тек маусым айының 15, 16, 17-і күндері жаңбырлы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +34+36 градус, төменгісі +20+22 градус, ауа ылғалдылығы 85-89% аралығында болды.
Үшінші он күндікте ауа-райы құбылмалы болды. Күн ашық, кейде бұлтты 21 мен 26-ы жаңбырлы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +30+32 градус, төменгісі +18+20 градус, ауа ылғалдылығы 77-75 аралығында болды.
Шілде айының бірінші он күндігінде ауа райы ыстық, қапырық болып, тек 04, 05-ші жұлдызында ауа райы бұлтты, жаңбырлы болды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +33+34 градус, төменгісі +16+18 градус, ауа ылғалдылығы 58-60% аралығында болды.
Екінші он күндікте күн ашық, күндізгі күні қапырық, кешкісін салқындау болып тұрды. Ауа температурасының ең жоғарғысы +34+36 градус, төменгісі +20+22 градус, ауа ылғалдылығы 64-66% аралығында болды

Мақсары дақылын өсіру технологиясы

Халық шаруашылығындағы маңызы. Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірулерінше мақсары өте көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған бояулармен мысыр елінде оралатын маталар боялған. 2100 жылдан астам тарихы бар мәдениленген дақыл. П.П.Вавиловтың (1979) деректері бойынша, мақсары дақылы ертеректе Үндістанда, Египетте, Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказ мемлекеттерінде белгілі болған. Аталған елдерде мақсарыны бояғыш және әсемдік зат ретінде пайдаланған. Оның латынша Cartamus атауы арабтың carton - бояу деген сөзінен шыққан, өйткені мақсары гүлдерінде картамин пигменті бар. Бұл пигменттің ерекшелігі - суда сары түске, ал спиртте - қызыл түске боялады.
Орта Азия елдерінде мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде мақта шаруашылығына дейін жергілікті тұрғындар мақсары тұқымын тағамдық майға және пілте шамға пайдаланған.
Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде қолданған, кейіннен химиялық жолмен арзан және жоғары сапалы бояулардың алынуына орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, дәрі - дәрмек жасауға және мал азығына өсірген.
Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37%, ал ядросына 50-56% дейін ақшыл сары түсті бағалы сұйық майы болады.Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, ал тек қана ядросынан сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді.
Халықтық медицинада мақсары жапырақтары, гүлдері және майынан әр түрлі дәрі дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр-бояу, линолеум, сұйық сабын өндірісінде т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланады. Мақсары тұқымы құстардың азығы, әсіресе оны тауыққа берсе, қыс айларында жұмыртқалағыштық мүмкіндігі артады. Дәнін құрама жемге қосып сауын сиырларды азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарылайды. Қабығы аршылған мақсары тұқымынан алынған күнжарасы - бағалы мал азығы. Қабықта және ядросының жұқа пергамент қабықшасында ащы заттардың болуы қабығын аршымай сығылған май күнжарасының сапасын төмендететін ащы дәм береді, бірақта оны басқа азық түрлеріне қосып, малдарды азықтандыруға болады. Мақсары күнжарасы құрамында орта есеппен 20,4% протеин бар, 1 кг күнжарасының қоректілігі 0,75 азықтық өлшемге тең. Соңғы кезде, көптеген елдерде мақсары мал азықтық дақыл ретінде танылуда. Себебі, оның көк балаусасының пішенінің және сүрлемінің қоректік қасиеттері жоғары. Мақсарының 100кг жасыл балаусасында 22,7 азықтық өлшем және 2,91 кг қорытылатын протеин болса, осындай мөлшерлі сүрлемінде олар тиісінше 15 а.ө. және 1,3 кг. С.Н. Прянишников (1963) деректері бойынша, мақсары пішенінің құрамында 16,5% шикі протеин және 48-50 азықтық өлшем болады.
Мақсарының дүниежүзіндегі егіс көлемі 2,0 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Үнді, Мексика, АҚШ, Қытайда. Қазақстан Республикасы мақсары егісі ауданы жағынан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші орын алады. Егер, 1930 жылы Республикада мақсарының егіс ауданы 6,6 мың га болса, 2004 жылы 106 мың га, ал 2009 жылы ол көрсеткіш 170 мың гектарға жетті. Тұқым өнімділігі 6-7 цга құрайды. Мақсары дақылы негізінен еліміздің оңтүстік өңірінде тәлімі жерлерде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары) өсіріледі. Соңғы жылдары ол Қазақстанның солтүстігінде және батысында да өсіріле бастады.
Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары. П.М.Жуковскийдің (1964) жүйелеуі бойынша мақсарының 19 түрі белгілі, олардың ішіндегі егіске пайдаланып жүрген мәдени түрі (Cartamus tinctorius L.) - астра тұқымдасына (Asteraceae) жататын біржылдық қосжарнақты өсімдік. Ол 6 типті біріктіреді және республикада өсірілетін мақсары сорттары Түркістан типіне жатады. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы дамыған (Сурет 36). Негізгі кіндік тамыр
жүйесінің ұзындығы 2-3 м дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының тереңге бойлауы өсу жылдамдығы және топырақ қабатында бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың орналасуына тікелей байланысты. Дақыл топырақтың төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды сіңіре алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді (Арыстанкулов С.С., 2008).
Мақсары сабағы тік өседі, цилиндр пішінді, сырты жылтыр, әрі түксіз, түсі солғын ақшылт-жасыл.сабағының биіктігі сортына және климат жағдайына байланысты 50-100 см аралығында ауытқиды. Сабағы төменнен жоғары қарай жіңішкере береді және төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см аралығында. Биіктігі сортына байланысты өзгереді.

Сурет 36, Мақсары. 1, 2 - егін көгі мен ересек өсімдігі; 3 - сабақтың жоғарғы бөлігі (жапырақ, гүл шоғырымен); 4 - алғашқы нағыз жапырақтары; 5 - себет; 6 - шекілдеуігі.

Мақсары жапырақтары - отырмалы, сағақсыз, жалаңаш, етті, ланцетті пішінді және сабақта бір біріне қарама қарсы орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай өткір тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы жапырақтары ірі, ал жоғары жағындағылардың аумағы кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген жапырақтарының ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір өсімдікте 80-200 дана әртүрлі көлемді жапырақтар қалыптасады.
Мақсарының гүл шоғыры - диаметрі 1,5-3,5 см тостағанша. Гүлдері түтікті, бес бөлікті күлтешелерден тұрады, сары немесе қызғылт түсті, оның құрамында бояғыш зат картамин болады, жатыны бір ұялы және бағаналы. Дақыл көбінесе жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Жемісі ақ түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте 5-50 тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша болады. 1000 тұқымшаның массасы 25-52 г. Аралығында ауытқиды. Қауыздылығы тұқым массасының 40-60% құрайды, қабығы қатты, панцирлі. Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.
Мақсары - жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің өсімдігі және құрғақ континентальді климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және тұқымының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді. Құрғақшылыққа қарағанда осы кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады және шіру қаупі туындайды. Мақсары тұқымы +1-2°C өне бастайды, +4-5°C жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың тұқым сіңіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы
Климаттық ресурстар туралы түсінік
Қазығүрт ауданының агроландшафттары
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Пәндер