Жоспарлау - басқарудың басты функциясы



Кіріспе.

I. Негізгі бөлім.

1.1. ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ . ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУ
МЕХАНИЗМІНІҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.

1.2.ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ.

1.3. ЖОБАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ БОЛЖАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

II.Қорытынды.
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі блып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау.
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс – жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай ?
Болашақ біз қандай болуымыз керек ?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған ?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды ?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
1. нақты мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындауға іс-әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдар, материалдық ақпараттар басқа да ресурстарды іздестіру;
3.басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдәйім өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешені жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.

I. Негізгі бөлім.

1. ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ – ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУ
МЕХАНИЗМІНІҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.

1.2.ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ.

1.3. ЖОБАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ БОЛЖАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

II.Қорытынды.

Кіріспе.

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі блып табылады,
сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны,
материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты
функциясы ретінде жоспарлау.
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен
ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол
мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс – жолдарын таңдап алу табылады.
Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі
қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз
байланыста болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап
береді.
Біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай ?
Болашақ біз қандай болуымыз керек ?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған ?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды ?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын
төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
1. нақты мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындауға іс-
әрекеттер;
2. қажет етілетін адамдар, материалдық ақпараттар басқа да ресурстарды
іздестіру;
3.басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар
тасқынын реттеу;
4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен
құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға
қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдәйім өзара
байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның
даму бағытын белгілейтін кешені жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар
бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақты жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы
алар орын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу
орындалалды.
Екінші кезеңде бастапқы шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір
бөлімшелерін нақтылы міндеттері айқындалып, олардың орындалуы мерзімі
белгіленеді. Міндеттерге жағдайыдың сай келуі, олардың жүзеге асырылуы
мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары
қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер
жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру
орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті
баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда
түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттер орындалады.

1..1. ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ – ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУ
МЕХАНИЗМІНІҢ БАСТЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ.

Экономиканы жоспарлы дамытудың объективті қажеттілігі өндірушілердің
бөлінуіне және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына байланысты пайда болады.
Ф.Энгельс “Анти-Дюринг” атты еңбегінде былай деп жазды: “Дамыған
қоғамда өндірістегі анархия өндірісті қоғамдық жоспарлы реттеумен
ауыстырылады, ол бүкіл қоғам қажеттілігіне және оның мүшелерінің
қажеттілігіне сай жүргізіледі”.
Өз кезінде К.Маркс жоспарлауды қоғамдық еңбекті халық шаруашылығының
салалары мен түрлеріне бөлуде қажетті пропорцияларды қоғамның сұранысы мен
мүмкіндіктеріне сәйкес саналы анықтау және жүзеге асыру үшін қажет деп
түсіндірді. 1868 жылы 11 шілдеде Л. Кугельманға жазған хатында ол былай
деген болатын: “Қоғамдық еңбекті белгілі пропорциямен бөлу қажеттілігі
қоғамдық өндірістің белгілі формасына сәйкес жойылуы мүмкін емес,оның
көріну формасы ғана өзгереді”. В.И. Ленин экономиканы жоспарлау
дегеніміз “тұрақты, саналы түрде үстап тұратын теңгерімділік
(үйлесімділік)” деп бірнеше рет атап көрсетті.
Экономикалық әдебиеттерде пропорциялар жүйесі деген ұғым
қолданылады, оның құрамына дүниежүзілік, халықтық, салааралық, өндірістік
және аумақтық пропорциялар енеді. Бұл пропорциялар өзара байланысты, болжау
және жоспар негізінде анықталады, сөйтіп халық шаруашылығының белгілі
бағытпен дамуына жағдай жасайды. Олар экономикалық тепе-теңдік мен қоғамдық
өндірістің тиімділігін көрсетеді, сондай-ақ оның құрылымдарының жетілуін,
экономикалық өсу қарқынын, жоспарланған кезеңнің экономикалық және
әлеуметтік – саяси міндеттерін шешудің жолдарын анықтайды.
Сонымен, жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес
өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен
тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып
табылады.Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас
бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында
кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Әкімшілдік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге
байланысты және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым-қатынастарының
қалыптасуы жағдайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді
шешуді көздейді. Жаңа жағдайдағы жоспарлаудың сапалық ерекшелігі –
жоғарыдан жасалатын бұрыңғы директивтік жоспарлау орталық және жергілікті
органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара тиімді келісімі арқылы
орындалатын нұсқаулы жоспарлауға айналады.
Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды, керісінше, жоспар мен
нарықтың (рынок) өзара байланысты күшейе түседі. Әйтпесе нарықтың өз
бетінше дамуы және өзін-өзі реттеуі қоғамды экономикалық және әлеуметтік
процестер барысында үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады.
Сондықтан әрбір мемлекет, жоспарлау мен экономикалық реттеуге сүйене
отырып, пайда болған деформацияларға түзетулер енгізіп, нарықтық
қатынастарды әлсін-әлсін бәсекелестік жағдайына келтіреді, экономиканы
динамикалық тепе-теңдікте ұстап, тұтынуды қоғамның төменгі күнкөріс деңгейі
дәрежесіне сәйкестендіруге тырысады. Ал нарықтың өзі бұл жағдайда
өндірістің бақылаушысы және оның реттеуші-сарапшысы ролін атқарады, сонымен
қатар барлық жоспарлау мен шаруашылық субъектілерінің тікелей және өзара
байланыстарын қолдайды.
Сонымен, жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар
механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз
және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды. Нарықтық қатынастар қаншама
еркін, өз бетінше қалыптасады делінгенмен, барлық елдерде экономикалық даму
жолдары жоспар бойынша анықталады. Әрине, бұл жоспар тікелей бұйрық немесе
директива түрінде болмауы тиіс.
Жоспарлау мен болжаудың объективті қажеттілігінің алғышарттары
мыналар болып саналады:
Біріншіден, қазіргі кезде экономиканың дамуына ғылыми-техникалық
прогрестің әсері күшейе түсті, барлық елдерде озық және күрделенген
технологияға көшу, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың тиімді формаларына
өту жоспарлауды, болжау жасауды және олардың нәтижесін алдын ала көре
білуді талап етеді.
Екіншіден, жоспарлау мен болжау жасау басқарудың қажетті
функциясы ретінде қолданылады. Ол мемлекетке экономиканың циклдық дамуын
алдын ала білу, тепе-теңдік сақтау және пайда болған ауытқушылықты түзету,
экономикалық және әлеуметтік нәтижелерді өзара байланыстыру, сондай-ақ
халықтың жағдайы төмен бөлігінің мүддесін қорғау үшін қажет.
Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында кез келген фирма
(кәсіпкер) меншіктің түріне және шаруашылықты жүргізу формасына, құрылу
уақыты мен өндірісінің көлеміне қарамастан, негізгі мақсатқа жету үшін
кәсіпкерлік әрекетінің өзіндік даму стратегиясы мен тактикасын айқындап
алуы керек. Оларға бағыт және нұсқау беру тек қана мемлекет тарапынан
жасалған болжам -–жоспарларда ғана көрсетіледі.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның
нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы
салаларының өзара байланысына, бір-біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми
– техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай
болжаудың үш түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар (1
– сызба).

1 – сызба. Әрбір субъектінің (адам, ұжым, кәсіпорын, мемлекет)
мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері.

Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам
(гипотеза, грек сөзі – негіздеме, жорамал). Бұл – бірден байқауға келмейтін
фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар
жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру. Гипотеза - (болжам) алдын ала
болжауды жалпы теория дәрежесінде сипаттайды. Гипотеза теорияға негізделіп
зерттеліп отырған нысандардың байланыстары мен себеп-салдарлары жөніндегі
заңдылықтарды көрсетеді. Ғылыми болжамдар дәрежесінде сапалық мінездемелер
ғана беріледі. Болжам (гипотеза) тексеріліп, тәжірибемен салыстырылып,
дұрыстығына көз жеткізілгеннен кейін, жалпы теориялар негізінде ғылыми
болжауға негіз бола алады.
Болжау (прогноз – грекше алдын ала білу деген сөз) – алынған
мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе
жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады. Болжаммен (гипотеза)
салыстырғанда болжауда (прогноз) жағдай анығырақ көрінеді, себебі ол тек
сапалық қана емес, сандық параметрлерге де сүйенеді, сондықтан нысанның
болашағын сандық жағынан да нақты көрсете біледі. Болжау алдын ала көруді
теория дәрежесінде және нақты қолданбалы түрде көрсетеді. Сонымен, болжау
болжамнан анықтылығымен, дәлдігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар болжаудың
зерттелетін нысан жөніндегі жобасы ықтималдық сипатта болады.
Ал жоспар болса, зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала
нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады.
Онда қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі,
сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады. Сонымен, жоспарда алдын
ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс табады. Болжау сияқты жоспар
да нақты, қолданбалы ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді.
Басқару мен жоспарлау жүйесінде алдын ала көре білу формалары
(болжам, болжау, жоспар) бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл процестің
алғашқы бастамасы – нысанның жағдайын жалпы ғылыми тұрғыдан алдын ала көре
білу болса, соңғы кезеңі – нысанның жаңа қалыптасқан жағдайына жоспар
жасауға көшу. Бұлардың арасын байланыстырушы ретінде болжаудың маңызы зор.
Жоспарлау және болжау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен
өзара тепе-теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың
ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты – экономикалық заңдарға
сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны
жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан,
экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-
тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.
Жоспарлау мен болжау мына бағыттар бойынша іске асырылады:
- халық шаруашылығы дамуының мақсатын анықтау;
- оларға жетудің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру;
- қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарды айқындау.

1.2.ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ.
ЖОБАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ БОЛЖАУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

“Жүйе” (система) деген ұғым грек тілінен шыққан, мағынасы – бөліктер
мен бөлшектерден тұратын бүтін. Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң
талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен
әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір-бірімен өзара
байланысты әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және
ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері
және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау
жүйесі өзара байланысты екі бағытты қамтиды.
Біріншісі – республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік
индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге
жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы
құжаттар жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
дамуының мақсаттары мен басымдықтарын, оларға сәйкес келетін параметрлер
(индикаторлар) жүйесін және оған жетудің жолдарын көрсетеді.
Екінші бағыты – шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бұл
түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметін
пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады. Бұл жоспарлар мемлекеттік
бағдарламалар мен жобалауды ескере отырып жасалады. (2 –сызба).
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ
мерзімді “Қазақстан - 2030” стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет
стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған
өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін (3- сызба) жасайды.
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және
басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі.
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік
қарекетіне байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:
- стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын
жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты
мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен
қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен
мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;
- тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта
мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
- қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа
мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе
халық шаруашылығы бойынша);
- тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік
жоспарлау;
- кәсіпорын (фирма) дәрежесіндегі жоспарлау.

2-сызба

3- сызба. “Қазақстан - 2030” ұзақ мерзімді стратегиясы

Өндіргіш күштерді
Орналыстыру және
дамыту үлгісі

Ұзақ мерзімді,
стратегиялық
Индикативтік
жоспарлар
жоспарлар

3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, маусым,
ай, апта);
- орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5 жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5жылдан аса);
4. Жоспарлау сипатына қарай:
- жан-жақты;
- нұсқалы;
- шектелген;
- егжей – тегжейлі;
5. Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды (персоналды) жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.;
6. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:
- қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу);
- икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер
енгізу);
7. Уақыт кезеңіне қарай:
- тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады);
- жылжымалы жоспарлау;
- кезектен тыс жоспарлау;
8. Тәсіліне қарай:
- “төменнен жоғары” жоспарлау (прогресті әдіс);
- “жоғарыдан төмен” жоспарлау (ретроградты әдіс);
- айналма әдісі (қарама-қарсы жоспарлау) болып бөлінеді.
Болжау жүйесі сонымен бірге жобалаудың негізгі формалары мен
әдістерін де қамтиды. Болжау типологиясының негізгі белгілері мыналар:
болжау көлемі, бекітілген мерзімі, нысанның сипаты, жобалаудың қызметі.
Болжау көлеміне қарай былайша айқындалады: макроэкономикалық
(халық шаруашылығы) және құрылымдық (салалық және аймақтық) жобалар, халық
шаруашылығы кешендерінің (отын- энергетикалық, агроөнеркәсіптік,
инвестициялық, өндіріс инфрақұрылымы, халыққа қызмет көрсету, т.б.) дамуын
болжау, салалық және аймақтық болжау, халық шаруашылығының негізін қалаушы
кәсіпорындар мен өндірістік бірлестіктердің жұмысын болжау, сонымен қатар
жекелеген өндірістер мен қызметтерді болжау.
Мерзіміне қарай жобалау: қауырт мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді болып бөлінеді. Қауырт жобалау – бір айға дейінгі, қысқа мерзімді
– бір айдан бір жылға дейінгі, орта мерзімді – екі жылдан бес жылға
дейінгі, ұзақ мерзімді – бес жылдан 15-20 жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Аталған болжаулар бір-бірінен өздері зерттейтін процестердің
мазмұны мен сипатына қарай да ерекшеленеді. Қауырт жобалау зерттейтін
нысанда күрделі сандық және сапалық өзгерістердің болмауына негізделеді.
Оларда күтілетін жағдайларға тән нақтылы сандық бағалар басым болады. Қысқа
мерзімді болжауларда күтілетін жағдайлардың тек сандық өзгерістері
ескеріледі. Орта және ұзақ мерзімді болжауларда зерттелетін нысанның сандық
та, сапалық та өзгерістері есепке алынады. Орта мерзімді жобалауларда
жағдайлар – сандық сапалық, ұзақ мерзімде сапалық – сандық түрде
бағаланады.
Зерттелетін нысанның сипатына сай болжауды бөлу үдемелі процестің
түрлі аспектісіне байланысты. Осы белгілеріне қарай халық шаруашылығын
болжаудың мынадай түрлері айқындалады: өндірістік қарым-қатынастардың
дамуы, әлеуметтік – экономикалық алғышарттар және ғылыми –техникалық
прогрестің салдарлары, халық шаруашылығының дамуы, оның қарқыны, факторлары
мен құрылымдық өзгерістері, еңбек ресурстарының өзгерістері, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, негізгі қорлар мен күрделі салымдардың
айналымы, тұрғындардың өмір сүру деңгейі, қаржыландыру, табыс пен
бағалардың өзгерісі, сыртқы экономикалық байланыс динамикасы және т.б.
Аталған бағыттардың әрқайсысының мәні бар және өз негіздерінде дами алады.
Сонымен бірге олардың арасында методологиялық байланыс және бірлік
орныққан, ол халық шаруашылығын болжаудың ғылыми сапасын қамтамасыз етеді.
Экономикалық және әлеуметтік болжамдар жүйесі өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың біртұтас жобасын қалыптастырады. Оның құрамына
табиғи, өндірістік және еңбек ресурстары, олардың құрамы мен тиімді
пайдалану жолдары, демографиялық процестің жай-күйі және халықтың тұрмыс
дәрежесін көтеру бағыттары, өндірістегі құрылымдық өзгерістер мен
экономиканың даму қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
игеру, халық шаруашылығын басқару, экономикалық механизм әдістерін
жетілдіру, әлемдік экономика мен сыртқы экономикалық байланыстар және
мемлекет деңгейінде шешілетін тағы басқа мәселелер кіреді.
Өз кезегінде экономикалық және әлеуметтік болжамдар жобалау мен
жоспарлаудың, т.б. қоғамдық процестердің ажырамас бір бөлігі болып
табылады.
Атқаратын қызметіне қарай болжамдар екіге (екі типке) бөлінеді:
ізденістік және нормативтік.
Біріншісі – ізденістік болжам, ол оқиғаның себеп-салдарын анықтап,
оның байланысын, өзгерісін айқындау негізінде болашақтағы құбылыстардың
өзгерісін білдіреді. Басқаша айтқанда, оқиғаның байланыстары мен
өзгерістері қазіргі кезден келешекке көз жіберіле отырып зерттеледі.
Екіншісі – нормативтік (мақсатты). Мұның біріншіден айырмашылығы
-ең алдымен мақсат (ориентир) белгіленіп алынады. Процестер келешектен
бүгінгі күнге үңілу бағытында зерттеліп, болашақта қандай өзгерістер болады
және көздеген нәтижеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі басқару функциялары
Басқару ғылымы жайлы
Жоспарлау функциясы
Басқарудың сызықты құрылымы
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Жоспарлау – басқару функциясы ретінде
Жоспарлаудың принциптері
Бақылау функциясы
Ұйымдастырушылық құрылымдар
Басқарудың жалпы және нақты функциялары
Пәндер