Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Агробиология» факультеті

Топырақтану және агрохимия кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары

Орындаған: Бекболат Назым ПА-405

Тексерген: аға оқытушы Сейтқали Н

Алматы 2017

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Табиғи-климат жағдайы

2. 1 Климат

2. 2 Жер бедері

2. 3 Өсімдік жамылғысы

III. Саймасай ауылына сипаттама

3. 1Топырақтарының морфологиялық және генетикалық ерекшеліктері

IV. Ауыл топырақтарының негізгі топырақ типімен типшелерін анықтау және сипаттама беру

4. 1 Топырақтың химиялық, гранулометриялық құрамы. Олардың физикалық, физика-химиялық қасиеттері.

V. Шаруашылықтың топырақтары туралы жиналған материалдар бойынша балл бонитетің анықтау

5. 1 Негізгі көрсеткіштерге математикалық өңдеу жүргізу

VI. Шаруашылық топырақтарының балл бонитеттеу картограммасын құрастыру

І. Кіріспе

Топырақ бонитировкасы дегеніміз - өнімділігі бойынша топырақтардың салыстырмалы бағалануы (латын тілінен аударғанда «bonitos»-сапалы деген мағынаны білдіреді) . Белгілі егіншілік қарқындылығы деңгейінде ауыл шаруашылық дақылдардың көпжылдық орташа өнімділігімен топырақтардың нақты белгілерін, қасиеттерін және режимдерін салыстыру негізінде топырақ бонитировкасы құрылады.

Жер сапасын есептеудің екінші кезеңі 1833-1867 жылдары жүргізілген кадастр жұмыстарымен байланысты болды. Оны Мемлекеттік мүлік Министрлігі құрған кадастырлық комиссия өткізген. Кадастрлық комиссия мүшелері топырақ сапасының мәліметтерін жинаған, әр топырақтардың орташа өнімділігін анықтаған. Соның нәтижесінде өнімділік бойынша құрылған бонитировка шкаласы қалыптастырған.

Топырақты бонитировкалау әр шаруашылықтың топырақ жамылғысын нақты бағалауға, әр түрлі шаруашылықтар, аудандар, облыстардың жерлерінің сапасын салыстыруға, олардың шаруашылық әрекетінің нәтижесін бағалауға және топырақ жамылғысын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонымен бірге, бұл мәлімет жер салығының мөлшерін және жердің сату бағасын анықтауға қолданылады.

Топырақтың бонитировкасы, яғни топырақтың салыстырмалы бағалануы, ауыл шаруашылық дақылдардың өсіп дамуына маңызы зор болатын, топырақтардың объективтік белгілері мен қасиеттеріне сүйене отырып қалыптастырылады. Бонитировка жасағанда сандық көрсеткіштер енгізіледі (ұпайлар), солардың көмегімен бір топырақ екінші топырақтан қаншалықта жақсы екенін көрсетеді.

Топырақ бонитировкасының қазіргі әдістері В. В. Докучаев құрған принциптеріне негізделеді, олар өнімділікпен жоғары коррелятивтік байланыста болатын топырақтың сандық көрсеткіштері мен агроклиматты жағдайларды бірдей қолдануға негізделген.

Мысалы, қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар аймақтарында өнімділікпен тығыз коррелятивтік байланыста топырақ құрамындағы қарашірінді мөлшері (%) немесе оның қоры (т/га) болады. Бірақ, бұл көрсеткіш кебірлерді бағалағанда қажетсіз, өйткені олардың сапасын кебірлену қабатының тереңділігі мен кебірлер қабаттарының физико-химиялық қасиеттері бойынша анықтаймыз.

II. Табиғи-климат жағдайы.

2. 1 Климат

Бұл аймақтың климаты өте континентальды, яғни қысы өте суық, ал жазы өте ыстық болып келеді. Көктемде ауаның 0 0 С-ден жоғары тұрақты температуранаурыз айының ІІ немесе ІІІ ширегінде, ал күзде қарашаның І-ші онкүндігінің соңы мен ІІ-ші онкүндігінің басында түседі.

Активті температураның қосындысы -3460-3450 0 С, ал 10 0 С-ден жоғары температура 3100-3400˚С аралығында болып келеді. Көктем айларындағы соңғы үсік сәуір айының соңғы ширегінде немесе мамыр айының басында тоқтайды, ал күз айларында алғашқы үсік қыркүйек айының соңымен қазан айының басында түседі.

Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында болады. Қардың жату ұзақтығы 85-100 күн. Қардың қалыңдығы біркелкі емес, оның биіктігі 25-35 см аралығында ауытқиды, қыста жиі-жиі жылы кезеңдерімен ауысады, кейде қар кетіп қалады.

Тәжірибе танабының территориясы тау етегіндегі шөлді далада орналасқан, климат күрт континентальды, ауаның ылғалдылығы төмен, күн инсоляциясы жеткілікті, қысы қысқа бірақ суық.

Ауаның оңтайлы көрсеткіштен терісіне ауысуы қараша айының бірінші ширегінде, ал кейбір жылдары желтоқсан айының екінші тоқсанында байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында болады. Қардың жату ұзақтығы 85-100 күн. Қардың қалыңдығы біркелкі емес, оның биіктігі 25-35 см аралығында ауытқиды, қыста жиі-жиі жылы кезеңдерімен ауысады, кейде қар кетіп қалады. Тәжірибе бөлігіндегі абсолютті минимум температура -36˚С. Ауа температурасының 0˚С тұрақты ауысуы көктемде наурыз айының ІІ немесе ІІІ ширегінде байқалады. Көктемгі мезгіл қысқа, температура күрт көтеріледі, бірақта оның тәуліктік ауытқуы өте алшақ. Жиі-жиі үсік жүріп кейде қар жаууы мүмкін. Үсік сәуір айының соңғы ширегінде немесе мамыр айының басында тоқтайды. Бұл аймақтағы аязсыз күндер саны 150-170 күн. Көктем айларында топырақтағы негізгі ылғал жинақталады. Наурыз, маусым айларында жылдық норманың жартысы жауады. Көктем айындағы ең жоғарғы температура +35˚С.

Зерттеу ауданындағы ең ұзақ маусым ол жаз (170-180 күн) . Ыстық мезгіл сәуір айының екінші ширегінде басталуы мүмкін, ал қазан айының екінші ширегіне дейін жалғасады. Бұл мезгілдегі орташа температура +20-+24˚С. Тәуліктік ауытқу амплитудасы, яғни күн мен түннің арасы өте алшақ, ол орташа 20˚С. Жазғы мерзімдегі оңтайлы температуралар жиынтығы 3100-3400˚С аралығында ауытқиды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы маусым айынан бастап ауаның температурасының күрт өсуімен қабаттасады және оның көрсеткіші 46-48% жетеді, көп жылдық мағлұматтар бойынша ол 50-60% құрайды. Жауын-шашын мөлшері көктемде көбейеді, кейбір жылдары жаз айларының бір күнінде жауын мөлшерінің айлық мөлшері түсуі мүмкін.

Күзде 15˚С өту қыркүйек айының ІІ-ші ширегінде басталып, қазан айының басына дейін баруы мүмкін, бұл кезең ұзақтығы 30-50 күн. Бұл мезгілдегі тәуліктік температураның ауытқуы 25-30˚С жетеді.

Жылдық жауын-шашынның мөлшері 400-450 мм, ал жылы мезгілде түсетін жауын-шашын мөлшері 200-300мм шамасында.

Зерттеу жүргізілген 2013 жылғы климаттық көрсеткіштер 1-ші кестеде келтірілген. Кесте мәліметтеріне қарағанда вегетациялық кезеңде түскен жауын-шашынның мөлшері 271, 4 мм құрады, бұл көп жылдық мөлшермен салыстырғанда 36 мм артық (235, 8мм) .

кесте 1

Зерттеу жүргізілген жылға вегетациялық кезеңдегі климаттық көрсеткіштер (Есік метеостансасы)

Метереологияөлық көрсеткіштер
ІV
V
VI
VII
VIII
IX
Орташа маусымдық
Метереологияөлық көрсеткіштер: жауын-шашын, мм
Метереологияөлық көрсеткіштер: 2013 жыл
ІV: 63, 3
V: 80, 7
VI: 82, 0
VII: 42, 4
VIII: 2, 5
IX: 0, 5
Орташа маусымдық: 271, 4
Метереологияөлық көрсеткіштер: Көп жылдық
ІV: 56, 5
V: 61, 6
VI: 53, 9
VII: 26, 6
VIII: 21, 3
IX: 15, 9
Орташа маусымдық: 235, 8
Метереологияөлық көрсеткіштер: температура, о С
Метереологияөлық көрсеткіштер: 2013 жыл
ІV: 12, 3
V: 16, 9
VI: 21, 3
VII: 24, 9
VIII: 23, 1
IX: 22, 0
Орташа маусымдық: 20, 1
Метереологияөлық көрсеткіштер: Көп жылдық
ІV: 10, 4
V: 16, 4
VI: 21, 2
VII: 24, 1
VIII: 22, 1
IX: 16, 0
Орташа маусымдық: 18, 4
Метереологияөлық көрсеткіштер: салыстырмалы ауа ылғалдылығы, %
Метереологияөлық көрсеткіштер: 2013 жыл
ІV: 56, 4
V: 58, 5
VI: 51, 8
VII: 53, 7
VIII: 50, 7
IX: 49, 9
Орташа маусымдық: 53, 5
Метереологияөлық көрсеткіштер: Көп жылдық
ІV: 66, 3
V: 61, 0
VI: 55, 0
VII: 49, 2
VIII: 47, 6
IX: 57, 0
Орташа маусымдық: 56, 0

Осы кезеңдегі орташа температура 20, 1 о С құрап, көп жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 1, 7 0 С жоғары болды. Ал салыстырмалы ылғалдылықтың вегетациялық кезеңдегі шамасы 53, 5 % болса, ал көп жылдық көрсеткіш 56, 0 % шамасында, бұл осы жылғы салыстырмалы ылғалдылықтың көп жылдықпен салыстырғанда біршама төмен болғандығын көрсетеді.

Аймақтағы ауа райы мен климаттық талдаулардың мағлұматтары бойынша, бұл жердің ерекшелігі температуралық құбылымның жоғарылығы және өсімдіктердің өсіп-өну кезіндегі атмосфералық түсімнің жеткіліксіздігі, сондықтан бұл аймақта өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алу үшін міндетті түрде суару қажеттілігі туындайды.

2. 2 Жер бедері және топырақ түзуші жыныстар

Аймақта кездесетін топырақтардың негізгі типтері: шалғынды-боз, ашық қара-қоңыр, қара-қоңыр және шалғынды- қара қоңыр топырақтар. Танаптық тәжірибе шалғынды-қара қоңыр топыраққа салынды.

Бұл топырақ үштік-төрттік дәуірдің лөс тәрізді құмбалшықтарымен көмкерілген оның қалыңдығы 100-700 метрге жетеді.

Табиғи факторлардың күрделі қарым-қатынасының нәтижесінде топырақ түзілудің негізгі сипаты қалыптасқан, ол топырақ жамылғысына тікелей әсер етеді.

Зерттелетін топырақтардың құрылымына ыза сулардың бетіне жақын орналасуы және жалпы гидрогеологиялық жағдай үлкен әсер етеді, ол шөлейтті аймақтарға тән болмаса да, олардың аралығындағы орналасуы, мұнда жазда шөлейтті аймаққа тән қасиет тудырады. Жағдайлардың мұндай қалыптасуы топырақ түзілу үрдісіне кейбір өзгешеліктер енгізеді, яғни органикалық қалдықтардың минерализациясы біраз бәсеңдеген.

Міне осының барлығы осы зерттеу ауданында шалғынды қара-қоңыр топырақтың қалыптасуына алып келеді. Сонымен қатар оның кебірленуіне және сортаңдану түріне және де үлкен алқаптардың, шалғынды-батпақты кебірленген түрлері пайда болды.

Далалық тәжірибе жұмыстары шалғынды-қара қоңыр топырақта қойылған, гранулометриялық құрамы ауыр құмбалшықты, бұл топырақтар тау бөктеріндегі сазды белдеулердің топырақтары болып саналады. Шалғынды-қара қоңыр топырақ бұл жерлерде теріс бедерде, ыза сулары жақын жатқан жерлерде (1, 5-2, 0 м) орналасқан, сонымен қатар тау аралық аңғарларда және өзен кертпелерінде кездеседі.

Іле Алатауының тау өзендері тау етегіне шыққан кезде өзінің қиыршық-малта тасты пролювиальды шөгінділерінен айырылады. Ыза сулары кейбір жерлерде топырақ бетіне өте жақын жатса кейде жер бетіне шығады, содан сазды белдеу қалыптасады, мұнда гидроморфты және жартылай гидроморфты топырақтар қалыптасқан.

Сазды белдеу Іле Алатауындағы тау бөктерінің бәрінде және Жетісу Алатауында да кездеседі, осы жерлерде гидроморфты топырақтар кең таралған.

Топырақ түзуші жыныс болып, лөс тәріздес құмбалшықтар саналады. Олар тереңдікте малта тастармен көмкерілген.

Іле Алатауының шалғынды қара-қоңыр топырағының түсі күңгірт қара-қоңыр, гумус қабатының қалыңдығы 30-40см. Суармалы жерлерде оның қалыңдығы тың жерлерге қарағанда көп. Бұл топырақтарда иллювиальды-карбонатты қабаттар байқалмайды. Ыза сулары жақын жатқан жағдайда төменгі қабаттарда батпақтану нышаны байқалады. Олар глейленген, кейбір жағдайларда ыза суларының ағысы шамалы жерлерде жеңіл еритін тұздар өздерінің улы дәрежесінен жоғары.

2. 3 Өсімдік жамылғысы

Қазақстанда өсімдіктер де алуан түрлі. Қазақстанның солтүстігінде ақ қайыңды орманды-дала орналасқан, негізгі ағаш өсімдігі ретінде ырғай қосылған қайың ағаштарынан тұрады. Бұталардың ішінде жабайы шие мен итмұрын кең таралған. Қайыңды ормандар, шоқ ормандар деген атау алған, аумақтың 25 %-ға жуығын алып жатыр. Олар төмендеу жерлерге шоғырланады және де осы төмендеу жерлердің конфигурациясына қарай домалақ немесе созылыңқы формада болады.

Алуан шөпті-дәнді өсімдікті далалар Лессинг ( Stipa Lessingiana ) селеуі және бетеге ( Festuca sulcata ) басым селеулі құрғақ селеулі-бетегелі даладан оңтүстікке қарай өтеді. Одан да оңтүстікке қарай шөлді дала орналасқан, онда жусан өсімдігі ( Artemisia A. terrae-albae ), басым, республиканың жазық бөлігінің оңтүстігінде жусан өсетін, одан басқа кохия ( Kochia prostrata ) өсетіндерге ауысатын, одан басқа тұздалған топырақтарда өсетін галофиттер: қара жусан ( Artemisia pauciflora ), кермек ( Limonium cmelini ), әр түрлі соралар ( Lalinae ) және басқалар. Галофиттер тұздалған топырақтарда өседі және солтүстіктегі далалы және орманды-далалы аудандарда да өседі. Мысалы, кермекті ақ қайыңды шоқ ормандардың шетінде кездестіруге болады.

Тау етегіндегі құрғақ далалы ашық қара қоңыр топырақтарда (теңіз деңгейінен 800 м жоғары) табиғи өсімдіктер жусанды-бетегелі қауымдастықтан ( Festuca ovina, Artemisia maritima ) тұрады, оның құрамында сұр жусан басым, тобылғы, хандрилла, қылша және басқалар сияқты бұталар кездеседі және бір жылдық ( Stipa capillata ) және жеке көпжылдық селеу ( Agropyru m), зығыр ( Linum ), астра ( Aster trifolium ) сияқты түрлері кездеседі. Өсімдіктің биіктігі 30-50 см-ге тең, өсімдіктің қалыңдығы 70 %.

Олардың арасында өсімдіктің биомассасының үлкен қорларымен ашық қара қоңыр топырақтар өзгешеленеді. Олардың органикалық массаларының қоры 42-54 т/га тең, және де жер бетіндегі өсімдік түсімінің мөлшері тірі өсімдік массасынан асып түседі (Безсонов А. И., 1961) . Ашық қара қоңыр топырақтардың кескіні бойынша тамырлардың жайғасуы біркелкірек. Олардың барынша көп мөлшері 0 - 10 см қабатта шоңырланған - 18, 8 т/га. Климаттың құрғақтығынан топырақ кескінінде елеулі мөлшерде өлген тамырлар (бүкіл массасының 27 %-ы) болады.

III. Саймасай ауылы бойынша сипаттама.

IV Ауыл топырақтарының негізгі топырақ типімен типшелерін анықтау және сипаттама беру

Аймақта кездесетін топырақтардың негізгі типтері: шалғынды-боз, ашық қара-қоңыр, қара-қоңыр және шалғынды- қара қоңыр топырақтар. Танаптық тәжірибе шалғынды-қара қоңыр топыраққа салынды. Төменде шалғынды қара-қоңыр топырақтың морфологиялық көрсеткіші келтірілген.

Кескін «Агроуниверситет» ОТШ-нің оңтүстік бөлігінде салынған. Бедер: тау етегіндегі жазықтық. Топырақ (НСІ) беткі қабаттан бастап көпіршиді.

А жыр Қара қоңыр, орташа құмбалшықты, ылғалды, бірікпесі бос, құрылымы дәнді- түйіртпекті, тамырмен көмкерілген, келесі қабатқа тығыздығы мен түсі бойынша бірыңғай ауысады.

В 1 Күңгірт түсті, қара шірінді ағындары бар, құмбалшықты, тығыздау, ылғалды, құрылымы майда кесекті, тамыр мөлшері аздау, тасуы орташа, келесі қабатқа өтуі түсіне байланысты айқын .

В 2 Ашық боз, ауыр құмбалшықты, орташа тығыздалған, ылғалды, майда түйіртпекті, күшті тасиды, карбонат дақтары кездеседі, келесі қабатқа біртіндеп өтеді.

ВС Күңгірт қуаң түсті, орташа құмбалшықты, түйіртпексіз, карбонаттар дақ тәрізді тығыз ылғалдылығы тереңге қарай жоғарылайды

С Сарғыштау сұр, ылғалды-сеңді, құмбалшықты, нығыздалған, тым ылғал, келесі қабатқа ауысуы біртіндеп.

4. 1 Топырақтың химиялық, гранулометриялық құрамы. Олардың физикалық, физика-химиялық қасиеттері.

Гранулометриялық құрамы бойынша бұл топырақ ірі шаңды ауыр құмбалшықтыға жатады және оны 2-ші кестенің мәліметтерінен байқауға болады. Диаметрі 3 мм ірі бөлшектер мүлдем кездеспейді. Ірі құмды бөлшектерде көп емес және қабаттарда таралуы жөнінде белгілі заңдылықтар байқалмайды. Ірі шаң мөлшері көптеп кездеседі (кесте 2) .

кесте 2

Шалғынды-қара қоңыр топырақтың гарнулометрияық құрамы

Қабат тереңдігі, см
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, %
>3
3-1
1-0, 25
0, 25-0, 05
0, 05-0, 01
0, 01-0, 005
0, 005-0, 001
<0, 001
<0, 01
Қабат тереңдігі, см: 0-24
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, %: жоқ
0, 99
4, 78
10, 35
37, 17
14, 72
12, 34
19, 65
46, 71
Қабат тереңдігі, см: 24-32
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, %: //
0, 50
4, 48
9, 07
39, 00
14, 72
12, 04
20, 19
46, 95
Қабат тереңдігі, см: 32-59
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, %: //
0, 55
7, 90
4, 16
38, 01
12, 24
21, 71
15, 43
49, 38
Қабат тереңдігі, см: 59-103
Диаметрі әртүрлі бөлшектердің мөлшері, %: //
0, 45
2, 99
9, 68
31, 61
13, 89
15, 15
26, 23
55, 27

Тәжірибе танабының шалғынды қара-қоңыр топырағының негізгі агрохимиялық көрсеткіштері 3-ші кестеде келтірілген.

Жыртылған қабаттағы гумустың мөлшері 4, 38% болса, ол астыңғы қабаттарға қарай біртіндеп азаяды. Жалпы азот пен фосфордың көрсеткіштері жоғары, ол кезегі бойынша 0, 221 және 0, 190% құрайды. Қоректік заттармен қамтамасыз етуі жағынан тәжірибе танабының топырағы азот (N-87мг/кг, NO 3 25мг/кг) пен алмаспалы калиймен көтеріңкі дәрежеде қамтамасыз етілген. Ал жылжымалы фосфор мөлшері төмен-22мг/кг аспайды.

кесте 3

Тәжірибе танабы топырағының агрохимиялық көрсеткіштері

Қабат, см

Қабат тереңдігі,

см

Жалпы мөлшері, %
Жылжымалы, мг/кг топырақта
гумус
азот
фосфор
N ж/ы
NO 3
P 2 O 5
K 2 O
Қабат, см: А ж
Қабат тереңдігі,см: 0-24
Жалпы мөлшері, %: 4, 38
Жылжымалы, мг/кг топырақта: 0, 221
0, 190
87
25
22
435
Қабат, см: В 1
Қабат тереңдігі,см: 24-32
Жалпы мөлшері, %: 4, 26
Жылжымалы, мг/кг топырақта: 0, 172
0, 180
69
36
13
417
Қабат, см: В 2
Қабат тереңдігі,см: 32-59
Жалпы мөлшері, %: 1, 00
Жылжымалы, мг/кг топырақта: 0, 060
0, 170
78
38
10
380
Қабат, см: В с
Қабат тереңдігі,см: 59-103
Жалпы мөлшері, %: 0, 46
Жылжымалы, мг/кг топырақта: 0, 039
0, 140
43
26
10
390

Сонымен, шалғынды-қара-қоңыр топырақ өзінің су-физикалық қасиеттері және потенциалды құнарлығы жағынан осында егілетін ауылшаруашылық дақылдарын қолайлы жағдаймен қамтамасыз ете алады .

Шалғынды-қара қоңыр топырақтың жыртылатын және төменгі қабаттары тұзданбаған, ол туралы мәліметтер 4-ші кестеде келтірілген. Топырақтың төменгі қабатында нормальды карбонаттар кездеседі. Беткі қабатта құрғақ қалдық мөлшері 0, 16% аспайды. Тұздардың көп мөлшері төменгі қабатта жатады. Ал иондардың ішінде НСО 3 - ионының мөлшері көтеріңкі. Қарашірінді қабатында сода мүлдем жоқ, ал аналық жыныста аз мөлшерде кездеседі.

кесте 4

Шалғынды-қара қоңыр топырақтың су сүзіндісінің мәліметтері

Қабат тереңдігі, см
Құрғақ қалдық, %
рН
СО 3 2-
НСО 3 -
СІ -
SO 4 2-
Қабат тереңдігі, см: 0-24
Құрғақ қалдық, %: 0, 164
: Жоқ
рН:

0, 9785

0, 0597

0, 0789

0, 0023

0, 4200

0, 0202

7, 8
Қабат тереңдігі, см: 24-32
Құрғақ қалдық, %: 0, 170
: //
рН:

0, 0510

0, 8360

0, 0674

0, 0019

0, 487

0, 0234

7, 9
Қабат тереңдігі, см: 32-59
Құрғақ қалдық, %: 0, 182
:

0, 0037

0, 123

рН:

1, 772

0, 1081

0, 1171

0, 0033

0, 291

0, 140

8, 1
Қабат тереңдігі, см: 59-103
Құрғақ қалдық, %: 0, 268
:

0, 0139

0, 463

рН:

2, 032

0, 1240

0, 1491

0, 0042

0, 291

0, 0140

8, 3
Қабат тереңдігі, см: Ескерту: алымы-мг/экв. бөлімі-%

Тәжірибе танабы топырағының сіңіру кешенінде кальций мен магнийдің үлесі басым. Топырақтың жыртылатын қабатындағы сіңіру кешенінде кальций мөлшері 14, 0 және магний мөлшері 4, 0, ал натрий 0, 29мг/экв 100г топырақта болып келеді. Бұл көрсеткіштерді пайызға шаққанда кальций 76, 5%, магний 21, 8% және натрий 1, 6% құрайды (кесте 5) .

Топырақ қабаты тереңдеген сайын кальций мен магний мөлшері біршама төмендеп, ал сіңірілген натрий мөлшері 4, 2-11, 5 % дейін жоғарылайды.

кесте 5

Шалғынды-қара қоңыр топырақтың негізгі сіңіру кешені және құрамы

Қабат тереңдігі, см
Сіңірілген негіздер, мг/экв 100 г топырақта
Сіңірілген негіздердің қосындысы, 100 г мг/экв
Мөлшері, %
Са +2
Mg +2
Na +
Са +2
Mg +2
Na +
Қабат тереңдігі, см: 0-24
Сіңірілген негіздер, мг/экв 100 г топырақта: 14, 0
Сіңірілген негіздердің қосындысы, 100 г мг/экв: 4, 0
Мөлшері, %: 0, 29
18, 29
76, 5
21, 8
1, 6
Қабат тереңдігі, см: 24-32
Сіңірілген негіздер, мг/экв 100 г топырақта: 12, 0
Сіңірілген негіздердің қосындысы, 100 г мг/экв: 6, 0
Мөлшері, %: 0, 77
18, 77
63, 9
31, 9
4, 2
Қабат тереңдігі, см: 32-59
Сіңірілген негіздер, мг/экв 100 г топырақта: 12, 0
Сіңірілген негіздердің қосындысы, 100 г мг/экв: 3, 0
Мөлшері, %: 1, 17
16, 17
74, 2
18, 6
7, 2
Қабат тереңдігі, см: 59-103
Сіңірілген негіздер, мг/экв 100 г топырақта: 9, 0
Сіңірілген негіздердің қосындысы, 100 г мг/экв: 2, 0
Мөлшері, %: 1, 43
12, 43
72, 5
16, 0
11, 5

Тәжірибе танабы топырағының негізгі физикалық және су-физикалық қасиеттері 6-шы кестеде берілген. Үлестік салмағы 2, 61-2, 70 г/см 3 және төменгі қабатқа қарай біршама жоғарылайды. Жоғарғы қабаттың көлемдік салмағы 1, 20-1, 24 г/см 3 , соған байланысты бұл қабаттың қуыстылығы жоғары, яғни 53-54 % аралығында. Шекті далалық су сиымдылығы жыртылатын қабатта 25-27 %, қабат тереңдеген сайын оның шамасы азая береді.

Су сыйымдылығы мәліметтері бойынша топырақтың гранулометриялық құрамының ауыр болуына қарамастан, оның су сіңіргіштігін қанағаттанарлық деп айтуға болады және тың жердегі су сіңіргіштік коэффициенті 0, 9мм/мин тең (кесте 6) .

кесте 6

Шалғынды-қара қоңыр топырақтың физикалық және су-физикалық қасиеттері

Қабат тереңдігі, см

Көлемдік

салмақ,

г/см 3

Үлестік

салмақ,

г/см 3

Жалпы қуыстылық,

%

Шекті далалық су сиымдылығы,

%

Максималды гигроскопиялық ылғалдылық,

%

Қабат тереңдігі, см: 0-24
Көлемдіксалмақ,г/см3: 1, 20
Үлестіксалмақ,г/см3: 2, 61
Жалпы қуыстылық,%: 54
Шекті далалық су сиымдылығы,%: 27, 1
Максималды гигроскопиялық ылғалдылық,%: 5, 02
Қабат тереңдігі, см: 24-32
Көлемдіксалмақ,г/см3: 1, 24
Үлестіксалмақ,г/см3: 2, 61
Жалпы қуыстылық,%: 53
Шекті далалық су сиымдылығы,%: 26, 3
Максималды гигроскопиялық ылғалдылық,%: 4, 28
Қабат тереңдігі, см: 32-59
Көлемдіксалмақ,г/см3: 1, 30
Үлестіксалмақ,г/см3: 2, 68
Жалпы қуыстылық,%: 52
Шекті далалық су сиымдылығы,%: 26, 2
Максималды гигроскопиялық ылғалдылық,%: 4, 43
Қабат тереңдігі, см: 59-103
Көлемдіксалмақ,г/см3: 1, 33
Үлестіксалмақ,г/см3: 2, 70
Жалпы қуыстылық,%: 51
Шекті далалық су сиымдылығы,%: 22, 0
Максималды гигроскопиялық ылғалдылық,%: 4, 41

Зерттеу жүргізілген территорияның климаттық көрсеткіштері және шалғынды-қара қоңыр топырақтың құнарлылық деңгейі мен физика-химиялық қасиеттері бұл топырақта, суармалы жағдайда барлық ауылшаруашылық дақылдарын, оның ішінде майлы дақылдарды өсіруге қолайлы екенін көрсетеді. Бірақ, өсірілетін дақылдардан жоғары әрі тұрақты өнім алу және топырақ құнарлылығын жоғарылату үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолайлы нормаларын үнемі қолданып, міндетті түрде суарып отыру қажет.

Топырақ бонитетін анықтау әдістетемелері мен тәсілдері

Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В. Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерді экономикалық бағалау әдістері
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Пайдалануға берілген жаздық бидайдың сорттары
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Жер құнын бағалау
Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері
Жердің жалпы мінездемесі
Қазақстандағы жер қорын пайдалану
Жер заңдылығы және жер салығын төлеу тәртібі
Жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz