Оңтустік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы жағдайында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуының болжамы және күресу шаралары


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
«Орман, жер ресурстары және фитосанитария»
Факультеті
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
Семестрлік жұмыс
Оңтустік Қазақстан Облысы Мақтарал ауданы жағдайында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуының болжамы және күресу шаралары
Орындаған : Бердібек Е ЗР-409К
Қабылдаған: Алимкулова М
Алматы-2017
Жоспар
Кіріспе
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Мактарал ауданының табиғи климаттық жағдайы
2. Қауын дақылының өсіру технологиясы
3. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларға болжау жасау, есептеу жұмыстарын жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданының табиғи климаттық жағдайы
Мақтаарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Тұрғыны 268, 7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70, 8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км. 2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404, 2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461, 5 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566, 0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101, 3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102, 8 пайызды құрады. Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп, ) 860 гектарға жеміс-жидек, 566, 2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды. Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616, 6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр. Ауданда мал саны артып келеді ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, ауданда заңды және жеке тұлғалардың иелігінде 89, 1 мың. бас ірі қара мал, оның ішінде 33, 4 мың бас сиыр, 203, 3 мың. бас қой-ешкі, 9683 бас жылқы, 1435 бас түйе, 108, 0 мың. бас құс бар. Өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда ірі-қара мал 2312 басқа, қой-ешкі 29989 басқа, жылқы 463 басқа, түйе 3 басқа, құс 398 басқа өсті
2. Қауын дақылының өсіру технологиясы
Қауынның дәмі өте тәтті жемістерден кем емес. Оның С дәруменінің мөлшері алмамен бірдей. Қауын түрлі ауруларға ем ретінде медицинада кеңінен қолданады. Қауынды өңдеп етінен тосап, пюре, компот, повидло және цукат дайындайды. Қауын балы (бекмес) құрамында 60% қант болғандықтан, тағамдарға қосылады. Қауын жемісін алыс жерлерге тасымалдау қиын, сондықтан қауынды тіліктеп қақтап барып жеткізеді. Оның пісіп кеткен жемістеріне ұн қосып, қауын таба нанын (қауын - құрт) жасайды. Қауынның толық піспеген түйнектерін тұздайды.
Қауын тұқымында 35% дейін май болады. Сары түсті майының дәмі жақсы. Оны палау және бауырсақ пісіруге пайдаланады. Қауын майы кеуіп кететін болғандықтан, одан жоғары сортты бояу дайындайды.
Стандартқа сай емес және піспеген қауындар малға турап немесе сүрленген түрде азық қылып береді. Қауынды сабан мен топан қосып сүрлейді. Сүрлем қоректілігі жағынан мал азықтық тамыржемістілірден кем емес, иісі өте тартымды, сондықтан үй жануарлары сүйсініп жейді. Қауынмен азықтандырылған малдардың сүт өнімі жоғары және оның майлылығы да жақсы болады.
Қауын (Melo) - Асқабақ тұқымдасына (Cucurbitaceae) жататын біржылдық өсімдік. Қауын түрлері жеміс етінің құрылысына қарай жұмсақ және тығыз етті болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ түрлеріне - әңгелек (Melo chandalak), адана немесе киликилік (Melo adana) және кассаба (Melo cassaba) . Екінші топ түрлеріне - чарджаулық (Melo zard), әміре (Melo ameri) және канталупа (Melo cantalypa) жатады.
Қауынның тамырлары - мықты, тармақталған, құрылысы шашақты болып, көбіне жырту қабатының төңірегіне таралған. Сабағы - жатаған, түкті, бірнеше желіге тармақталған. Ұзындығы 1 - 4 м жетеді. Желі сабақтары буынаралықтарда болатын мұртша және қосымша тамырларымен жерге бекіп тұрады. Жапырақтары - кезектесіп орналасқан, бүйрек формалы. Жапырақ қойнында мұртшалар мен гүлдер болады.
Қауын - аналық және аталық гүлдері бір өсімдікте болатын бірүйлі өсімдік. Гүлдері - жеке, дара және қосжынысты. Гүл күлтесі ашық - сары және сары - қызғылт түсті, бес желекті. Жемісі - аумағы үлкен, көпдәнді жалған жидек.
Қауын дақылы насекомдардың көмегімен айқас тозаңданады.
Ауаның температурасы 25 - 300С болғанда қауынның көгі 4 - 8 күнде пайда болады. Қауын төмен температураларға өте сезімтал. Ауаның температурасы 130С дейін төмендегенде өсіп - жетілуі баяулап, 100С төмен температурада тіпті тоқтап қалады. Оның өсіп - жетілуіне қолайлы температура 25 - 300С.
Қауын - қысқа күнді және өте жарықсүйгіш дақыл. Қауын ылғалды өте қажет еткенімен, құрғақшылыққа да төзімді. Қауынның ылғалды өте көп қажет ететін себебі, оның тамыр жүйесінің жетілуі нашар және тамыр түктері жасушасының ылғалды сору күші төмен. Қауынның қант жинауының көп болуы, оның транспирациялық қарқынының күштілігінен.
Қауынның тағы бір ерекше биологиялық қасиеті - қажет кезде жемісіндегі ылғалды сабағына беретіндігі.
Қауын ылғалдың көптігін нашар көтереді. Топырақта ылғал көп болғанда тамыр жүйелері нашар жетіледі. Су басып қалған жағдайда өсімдік су көптігінен емес, ауаның жетіспеуінен тұншығып өледі.
Қауынға жарық және жылуы жақсы, механикалық құрамы жеңіл, қоректік заттары мол топырақтар қажет. Жеңіл, жақсы жылынатын топырақтарда оның жемісі ерте піседі. Қара немесе қара - қоңыр құмдауыт топырақтарда жақсы өседі.
Елімізде өсірілетін қауынның сорттары: Гуляби қара местная, Илийская, Ич - кзыл 1895, Ич - кзыл крупноплодная, Калайсан местная, Кокча 588, Колхозница 749/753, Лимонно - желтая, Олтын - тепе, Алтыночка, Алена, Таисия.
Қауын дақылының өсіру технологиясы. Қауынды қарбыз егілетін ауыспалы егістікке орналастырады. Қауын танабының гектарына 20-30т көң және қажетінше минералды тыңайтқыш енгізілуі керек. Фосфор тыңайтқышы аналық гүлдердің қалыптасуын және жемісінің пісуін жеделдетеді.
Эрозияға ұшырамауы ушін топырақты 25-27 см тереңдікте сыдара жыртып, терең қопсытады. Қыста телімге қар тоқтатады, көктемде тырмалайды. Екінші қопсытуды себер алдында, 8-10 см тереңдікте жүргізеді.
Себуге 1-2 жылдық тұқымды пайдаланған жөн. Олар жас тұқымға қарағанда өнімді ертерек береді және өнімі жоғары болады. Былтырғы жылғы өнімнің тұқымы 2 сағат бойы 45-50 0С-да қыздырады, суға жібітеді, сосын 23-250С-да 2-3 тәулік дымқыл кенеппен жауып қояды. Одан да дұрысы, бөрткен тұқымды термиялық шынықтырудан өткізу. Ол үшін оларды 4-5 тәулік бойы күндіз 20-250С, түнде 1-20С жылылықта ұстайды.
Себуді топырақтың 10 см тереңдігінде 12-130С жылылығында жүргізеді. Ең бастысы, өскіндерінің көктемгі қайталама үсікке ұрынбауы.
Қауынды бір ұяға бір өсімдік өсірілсе, 1, 4х0, 7 м және 1, 4х0, 5 м, егер екі-үш өсімдік келсе 1, 4х1, 4 м сұлбасымен себеді. Бір гектарға 2-2, 5 кг тұқым себеді.
Топырақ үстіндегі қабықты бұзу және алғашқы арамшөптерді жою үшін, өскін пайда болғанша танапты торлы, көзді тырмамен тырмалайды. Одан әрі, ең кемінде 3 рет, қатараралығын 13-15 см тереңдікте қопсытады; ұяларды шотпен шабықтайды. Екінші қопсытуды гектарына 1, 5 ц суперфосфат, 1 ц аммиак селитрасын және 0, 5 ц хлолы калий беріп, КРН-4, 2 культиваторымен қоректендіреді. Өсімдікте 1-2 кәдімгі жапырақ пайда болғанда сирету жүргізеді. Ұядағы өсімдік өте жиі болса, өскіндері ұзарып, өнімге кері әсерін тигізеді. Өсінді кезеңінде гектарына 500-600м3 су беріп, 5-7 рет суарады.
Жемісін таңдап жинайды. Піскен қауынды түсінен, өзіне тән хош иісінен және жеміс сабағының жеңіл үзілетінінен айырыды. Жалпы жинауды бозқырау түсер алдында бастайды. Сабақтауға сәл пісіңкіремегенін таңдап алады. Сағағынан узілген жемісті танапта 10-12 күн ұстайды да, кейін сөрелерге орналастырады немесе торға салып жеке-жеке іледі. Жеміс қоймасындағы темперетура 2-40С жылылықта, ауа ылғалдылығы 70-80% болуы керек.
3. Мақтарал ауданында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларға болжау жасау, есептеу жұмыстарын жүргізу
3. 1. Қауын шыбынының биологиясы, морфологиясы
Шыбындар жемістің шырындарымен қоректенеді. Себебі ұрғашы шыбынның жұмыртқалаған жерлерінде тесіктер пайда болады, сол тесіктерден шыққан жеміс шырынының тамшыларымен қоректенеді. Әсіресе таңертең. Түйнектің қабығының астына салынған жұмыртқалардан 5-7 күннен кейін дернәсілдер пайда болады. Олар қауынның жұмсағымен қоректенеді. Қоректеніп болғаннан кейін олар түйнекті тесіп топырақтың бетіне шығады, қуыршақ күйге айналады. 26-35 күннен кейін жаңа шыбын ұрпақтары ұшып шығады. Бір жылда шыбын 3 ұрпақ береді.
Имаго ақшыл - сары, оның ұзындығы 5, 5 - 6, 5 мм, кеудесі сары түстес майда жүнмен қапталған, кеудесінің үстіңгі жағында екі ақшыл сызықшалары бар. Оның басқа шыбындардан айырмашылығы кеудесі мен құрсағында бірнеше қара дақтары болады. Қанаттары ақшыл - сары, оның әрқайсысында қанық сары 3 және одан да көп сызықтары, ішкі қанатында 2 тік сызық, ал арқасында «V» әрпіне ұқсас қалып болады. Жұмыртқасы ақ, жылтыр, сопақтау келген, ұзындығы 1 мм. Дернәсілі ақ, аяқсыз, алдыңғы бөлігі жұқа (үшкір), басы анық көрінбейді, үлкен дернәсілдің ұзындығы 10 мм, соңғы сегментте тұлғасында 2 майда өскін пайда болады. Қуыршақтар сарғыш - қоңыр немесе қызғылт - қоңыр, ұзындығы 7 - 8 мм, тығыз алдамшы пілләнің ішінде дамиды. Кандыбиннің айтуы бойынша имагоның тұлғасы сопақша - цилиндрлі, ұзындығы 8 - 10 мм, түсі ақ және сарғыш, терісі нығыздалмаған; басы күрделі емес, кішкене шығыңқы маңдайлы, мұрттары екі сегментті болады. Сезім түктері Т - 1 және А - 6 сигментімен орналасқан. А - 8 құйрық сегментінде 10 микроскопиялық сенсорлық түктері болады. Алдыңғы көкірегі көтеріңкі, артқысының құйрық сегментінен айырмашылығы жоқ.
1 - сурет. 1- шыбыны, 2 - дернәсіл, 3- жалған қуыршақ.
Қауын шыбыны алдамшы пілләдан ерте пісетін қауындар гүлдеп, түйнек сала бастағанда қыстап жатқан жерлерден ұшып шығады (маусымның 2 жартысы) . Ержеткен ұрғашылары өсімдік шырынымен қоректенгеннен кейін 1-2 күн шағылысып, содан 2-3 күнде жас түйнек немесе басқа да бақша дақылдарының қабықтарының астына жұмыртқа сала бастайды.
Әдетте жұмыртқа салу қауын түйнектерінің диаметрі 3 - 5 см болғанда басталады. Ғалымдардың айтуы бойынша бір маусым ішінде бір шыбын ұрғашысы 98 - 130-ға дейін, ал кейде 110 - 150 жұмыртқаға дейін салады.
Зиянкестің өмір сүру биологиясы оның басқа шыбын түрлерінен өзгешілігі қауын түйнектерінің қабықты тесіп, ішіне жұмыртқа салады. Жұмыртқа 5-7 күнде дамиды. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл жол іздеп түйнектің тұқым жайласқан ортасына жылжиды. Жылжып барып жеміс шырынымен қоректенеді. Толық азықтанған дернәсіл 8-10 күн аралығында дамиды, сосын жемістің қабығына қарай жолын кеміріп, сыртқа шығады да топыраққа түсіп, 3 - 5 см тереңдікте пупарияның ішінде қуыршаққа айналады. 10 - 13 күннен кейін алдамшы пілләдән шыбынның 2-ші ұрпағы шығады, олардың ержеткен ұрғашылары шағылысып жұмыртқа салады. 1 ұрпақтың өмір сүруі 26 - 35 күнді құрайды. Бір маусымның ішінде 3 ұрпақ береді. Қыстау кезеңіне кетерде шыбындардың дернәсілдері қуыршаққа айналып, 10 - 20 см топырақ тереңдігіне енеді. Мәліметтер бойынша шыбын қыстау кезеңінде 30 см тереңдікке дейін кетеді. Дернәсілдердің қозғалуынан қауынның шырынында тат сияқты дақтар пайда болады. Дернәсілдердің сыртқа шыққан кезінде зақымдалған орындар қатты тесік болып қарайған реңге өзгеріп шіриді. Осы тесіктерге микроорганизмдер түседі де соның арқасында 5 - 7 күн ішінде шіриді және өте жағымсыз иіс шығады.
Зиянкес дернәсілдің дамуы залалданған жемістің ішінде таралады, ал пупария ішіндегі қуыршақтың дамуы - өсімдік тамырында жабысқан топырақ құрамында өтеді (2сурет) .
имаго
имаго
Дернәсіл
Қуыршақ
2 сурет
3. 2 Қауын шыбынының таралуы. Түркменстанда - соңғы жылдары тағы бір ең қауіпті зиянкес пайда болды, ол қауын шыбыны. ( Myiopardalis pardalina Bigot) (5 - сурет) .
Қауын шыбыны қауынға үлкен зиян келтіреді, жыл сайын орташа есеппен өнімнің 40 - 50%, ал кейде 60 - 70% жойылады. Түркменстандағы қауынның орташа өнімі 14 - 15 тоннаны құрайды, соның ішінде 8 - 9 тоннасын қауын шыбыны зақымдайды, ал ол ақшалай есеппен 11 - 12 млн. маннат немесе 750мың АҚШ долларына тең. Сонымен қатар қауын шыбыны «Вахарман», «Гуляби» деген қауынның қымбат сорттарына үлкен зақым келтіреді. Соған орай Түркменстан бақташыларының басты мәселесі қауын өнімін жоғарылату, тұқым қорын сақтау, айтылған шыбынмен күрес шараларын және де басқа зиянкестер мен аурулармен күрес шараларын дамыту.
3- сурет
Қауын шыбыны өзінің өмір сүру кезеңінде 100 - 150-ден астам жұмыртқаны қауынның гүлшоғырына, түйнегіне, қабығына салады және сонымен қатар қауынның етін 1мм тереңдікке дейін тесіп кетеді. 16 - 18см тереңдікте топырақ астында қуыршақ күйінде қыстап шығады. Қауынның гүлдеу және түйнек салу кезеңінде қауын шыбыны жемістің шырынымен қоректенеді. Қауынның түйнегіне қауын шыбыны өзінің 120 жұмыртқасын қалдырып кетеді. 5 - 7 күннен кейін жұмыртқадан жас қауын етімен қоректенген дернәсіл пайда болады. Дернәсіл қауынның етімен қоректенгенде оның сілекейі бөлінеді, сілекейінің құрамында қауынның етін қатты, ащы және жеуге жарамсыз күйге келтіретін ферменттер болады.
Белуджистандық қауын шыбыны -Өзбекстанда «қауын шыбыны» өте қауіпті ішкі карантинді нысан болып табылады. Оның ғылыми атауы Carpomya pardalina Bigot. Негізгі синонимі: Myiopardalis pardalina Bezzi, Carpomyia caucasica Zaitzev. Carpomya pardalina атауын шыбынға француз ғалымы Биго 1891 ж Белуджистанда (Пакистан мен Иран территориясындағы тарихи аймақ) жиналған үлгі деректері бойынша атаған. Кейінірек Бецци (Bezzi 1910) бұл түрді Myiopardalis pardalina атауымен әкелді. Бұл шыбын шығыс әдебиеттерінде «белуджистандық қауын шыбыны» немесе «орыс қауын шыбыны» атымен белгілі. Оның морфологиясы мен анатомиясын, биологиясын, даму айналысын және эпидемиологиясын бұрынғы СССР-де Зайцев (1919, 1942) пен Кандыбина (1965, 1977) Өзбекстанда, Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм облыстарында зерттеген. Зиянкестің отаны Белуджистан деп тұжырымдаған. Бұл бунақденелілер азия елдерінде кездеседі деп хабарланған: Азербайджан, Афганистан, Египет, Израиль, Индия, Ирак, Иран, Левант, Пакистан, Сирия, Таджикистан, Түркменстан, Түркия және Өзбекстан.
Авторлардың зерттеулері бойынша 2006 жылы Өзбекстанның Кашкадар, Сухандария және Бухара облыстарында «белуджистандық қауын шыбыны» қатты залалдандырған. Өзбекстанның басқа да облыстарында қауын шыбыны кездесуде.
«Белуджистандық қауын шыбыны» қауынды, қарбызды, қиярды, асқабақты және Ecballium elaterium-ды Cucurbitaceae тұқымдасынан түр туысы Rosa Ziziphus және кейбір басқа түрлерді зақымдайды, бірақ ең үлкен зиянды бақшалық әсіресе қауынға келтіреді. Соңғы жылдары Афганистанның бірқатар ауылдарында Carpomya pardalina - ның кесірінен қауын өнімінің 90% жоғалтты. Қауын шыбынының дернәсілі бақша дақылының жемістерін түйін салып бастағаннан піскенге дейін оны зақымдап, толығымен шірітеді. 2000-2002 жылдан бастап қауын шыбыны Хорезмнің шырайлы жерлерінде және Қарақалпақстан Республикасында таралу көрсеткіші жоғары және бақша дақылдарының зиянкесі болды.
2002 жылы Хорезмде қауынның жергілікті және селекциялық сорттарының 98-100%, қауынның 20-25% зақымданған.
Сондай-ақ Афганистандағы ФАО-дағы тестілеуден өткен күрес шараларын Өзбекстанның жағдайында қолданып көру керек. Шыбындардың басқа егіс алқаптары мен аймақтарға ұшуына байланысты, тиімді инсектицидті іріктеуден кейін, онымен тек қана бақша дақылдарын егетін егістік алқабын ғана емес, сонымен қатар талдармен шөптерді де өңдеу керек. Хорезм оазисінде 3 жыл аралығында өткізілген зерттеу нәтижесінде қауынның түгелдей гүлдену фазасында инсектицидті себу мынаны көрсетті: делтафос-36% к. э (2-і ретте 0, 5 л/га), карбафос, 50% к. э. (1, 0 л/га) болмаса циракс 25% к. э. (0, 3 л/га) 93-97, 0 % дейін белуджистандық қауын шыбынына қарсы әсерін қамтамасыз етеді.
Қарақалпақстандағы қауын шыбыны - Carpomya pardalina Қарақалпақстан Республикасының облыстарында кеңінен таралды.
2003 жылы Қарақалпақстанда қауын жемісінің 90-95%, 5-10% қарбыз және 3-5% қияр зақымдалды. Қауын шыбыны кейінгі жылдары да өнімге үлкен шығын әкелді. Зиянкес бірінші ерте пісетін қауын сорттарын зақымдайды. Қорытындысында барлық сорттар қатты зақымданады және толықтай өнім жойылуы мүмкін, егер оларға қарсы күрес шаралары жүргізбесе.
Афганистандағы қауын шыбыны - Афганистанның Герат ауылында Carpomya pardalina 1990 жылдан бері белгілі, бірақ ол соңғы жылдары өте қатты қарқынмен тарала бастады. Сөйтіп, бұл түрі 2002 жылы Фареб ауылында тіркелді, ал қазіргі уақытта Джузджан, Саманган, Балх, Баглон және Кундуз ауылдарында көптеп кездеседі.
Соңғы жылдары Афганистанның бірқатар ауылдарында Carpomya pardalina-ның шыбынының кесірінен қауын өнімінің 90% жоғалды.
Күрес шаралары. Өкінішке орай еліктіргіштермен, еліктіргіш заттар басқа шыбындырға қарсы қолданғанда өте әсерлі, ал «белуджистандық қауын шыбынына» әсері жоқ. Афганистандағы ФАО-да жүргізілген зерттеулер бойынша қазіргі уақытта 3 түрлі күрес шараларымен жүргізілуде: бірінші пупарияны жою үшін егістікті сумен толтырып қояды; екінші инсектицид ұнтағын қауын өсімдігіне себеді. Себебі олар ұшып шығып келе жатқан шыбынды өлтіреді; үшінші өсімдікті инсектицид пен қант араласқан сұйық қоспаны себу арқылы қауынның жапырағында тұрған шыбындарды үлкен қарқынды қоректендіріп өлтіреді.
Бұл әдістер қазіргі уақытта егістікте тәжірибе жүзінде жүріп жатыр. Содан кейін олардың ішінен ең тиімді күрес әдісі таңдалып алынуда. Осы әдістер үлкен егістіктерде қолдану керек болады. Өйткені зиянкес өңделмеген егістікте жиналып, алдында қауын шыбыны толығымен жойылған егісті қайтадан залалдайды.
Қауын шыбыны өнімді тауысып жеуде. Қарақалпақстанның тұрғындарына қауын - өте бағалы азық және оны сатып, диханшылыр ақша таба алады. Жазғы - күзгі кезеңдерде қауын көп балалы және жағдайы төмен жанұялар үшін бағасы арзан негізгі азық болып табылады. Қауынды қысқы кезеңге кептірілген және жас түрінде сақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz