Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Дефектология негіздері пәнінен

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Тақырыбы: Дефектология пәні, мақсаттары, категориялары.

Жоспары: 1. Дефектология пәні туралы түсінік.

2. Дефектологияның категориялары.

3. Дефектологияның негізгі принциптері.

Лекция мақсаты: дефектология пәні, оның негізгі категориялары, мақсаты, принциптері, салалары туралы баяндау, студенттердің пәнге қызығушылығын ояту.

Лекция мәтіні (қысқаша) . Дефектология (латынша defectus - кемістік және грекше logos -ғылым) пелагогика ғылымына жатады және кемтар балалардың психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді.

Дефектология мынадай жеке салалар қатарын біріктіреді: Сурдопедагогика - есту қабілеті төмен немесе керең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;

Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар немесе соқыр балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді;

Олигофренопедагогика - ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу;

Логопедия - тілі кемтар баларды түзету саласы.

Дефектология сонымен бірге өзіне кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны қамтиды.

Ғылыми зерттеулердің әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, дефектология кемтар балалардың объективті даму заңдылықтарын зерттейді, оларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жетілдіреді және негіздейді. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, формаларын, қағидаларын, мазмұнын жасай отырып, дефектология арнайы ұйымдастырылған оқыту тәрбиелеу процесінен туындайды.

Дамудағы кемтарлық сандық шектеуліктермен емес, ол ең алдымен негізгі тірек ететін фуикциялардың сапалық өзіндік белгілерімен ерекшеленеді. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында кемтар балалардың биологиялық кемшіліктерін жеңуге болады. Нақты осы концепция дефектология әдіснамасының негізін құрайды.

Дефектология ғылымы кемтар бала дамуының өзіндік белгілерін сапалы танып білу принциптері мен тәсілдерін зерттейді. Сонымен қатар, дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категорияларға сүйенеді.

Кемтар балаларды тәрбиелеу дефектологияның негізгі ұғымдарының, түсініктерінің бірі. Балалардың жалпы дамуы, құрбы-құрдастарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасауы тұлға болып қалыптасуы үшін маңызы зор.

Кемтар баланы оқыту жүйесі мен әдісін таңдауда баланың жасы, кемістігінің пайда болған уақыты да есептеледі. Мәселен, есту қабілетінен айрылу сәтінің мәні зор, яғни ол кезде тілі шығып үлгерді ме әйтпесе көру қабілеті қай кезде жоғалды, яғни көз алдына елестету қабілеті сақталды ма т. б.

Кемтар баланың дамуы дені сау балаға қарағанда көбінесе оқытуға, тәрбиелеуге байланысты әрі тәуелді болады. Сондықтан оқыту процесінің жүрмеуі немесе оның дер кезінде басталмауы кемтар баланың дамуына үлкен зиян келтіреді, оның психикалық функцияларын тежейді.

Дефектологиядағы коррекция (латынша correctio - түзету) баланың психофизиологиялық дамуындағы кемістігін түзетуге бағытталған педагогикалық шара. Коррекция сөзінің астарында жеке дефектілерді түзету (мысалы: тіл ақаулығын түзету), сол сияқты, кемтар балаға оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде жақсы жетістікке жетуге әсер ету жатыр. Дене дамуындағы және танымдық іс-әрекетінің дамуындағы кемтарлықты жою тәрбиелеу-түзету жұмыстарымен белгіленеді.

Компенсация (латынша compensatio- өтеу орнын толтыру, теңестіру) организмнің бұзылған немесе жетілмей қалған функцияларын қайта құру, орнына келтіру деген сөз. Бұл - туа біткен кемтарлықтың ізімен ағзаның бейімделу процесі. Мәселен, соқыр болып туылған баланың көру анализаторы функциясының компенсациясы сипап-сезу органының жетілуі арқылы өтелу мүмкін.

Компенсация процесі жоғары жүйке қызметінің маңызды қосалқы мүмкіндіктеріне сүйенеді. Кемтар балаларда компенсация процесінде жаңа динамикалық жүйелер байланысы құрылады, тұлға дамып, бұзылған функциялар түзіледі.

Әлеуметтік реабилитацияның (латынша rehabilitos - қабілетті қалыпқа келтіру мүмкндігі) дәрігерлік-педагогикалық мәні - кемтар баланы әлеуметтік ортаға тарту, психофизикалық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру. Бұл - дефектологияның теориясындағы, практикасындағы да ең негізгі міндет.

Реабилитация даму кемістіктерін жоюға немесе жеңілдетуге бағытталған дәрігерлік құралдардың көмегімен, сонымен қатар арнайы оқытуға, тәрбиелеуге және кәсіби дайындауға бағытталған шаралар негізінде іске асады.

Әлеуметтік адаптация (латынша ыңғайлау) ақыл-ойы кем балаларды қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесіне сәйкес жеке және топтық қылық-әрекеттерін ыңғайға келтіру. Ақыл-ойы кем балалардың даму ауытқуларына байланысты әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, талаптарға, болып жатқан өзгерістерге сәйкес қалыптасу қабілеті төмен болады.

Дефектологияның негізгі мақсаттары.

-Әртүрлі дамуында ақаулығы бар балалардың дене және ақыл-ой, психикалық даму ерекшеліктері мен объективті заңдылықтарын терең және жан-жақты зерттеу - дефектологияның негізгі мақсатының бірі.

-Дамуында ақаулығы бар балалардың арнайы мекемелерін дамыту және ұйымдастыру принциптерін негіздеу және құру.

-Дамуында ақаулығы бар балаларды оқытып-тәрбиелеу процесінің мақсатын, міндетін, мазмұнын және тәслдерін анықтау.

Дефектология мен жалпы педагогиканың мақсат, қағидалары бір, дегенмен де кемтар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытудағы арнайы міндеттерден өзіндік тұжырымдар жүйесін жасайды.

Кемтар баланың әртүрлі жастағы психикалық дамуын зерттеу дефектологияны педагогикалық және балалар психологиясымен жақындатады. Балалар психологиясында баланың әртүрлі даму кезеңдеріндегі тұлға болып қалыптасу заңдарын құру - негізгі міндеті болып табылады. Педагогикалық психологияда жалпы мектептегі оқыту, тәрбиелеу процесіндегі тұлға қалыптастыру және білім, білік, дағдыларды игерудіц психологиялық заңдылықтары зерттеледі. Сондықтан бұл екі ғылым да кемтар балалардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады және дефектологияға қажетті материалдар бере алады. Ақыл-ойы дұрыс адамның психикасы меи психикалық дамуының жүру заңдылықтарын білмейінше, кемтар балаларды тәрбиелеу және оқытудың ғылыми жүйесін жасау мүмкін емес.

Дефектология дамуында ақаулығы бар балалардың дамуы, тәрбиесі, оқытылуы, зерттеу мәселелермен шұғылданатындықтан тағы да бірнеше ғылымдардың көмегі қажет. Мысалы, невропоталогия (жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық ауруы туралы ғылым), патологиялық анатомия (ағза құрылысындағы ақаулықтарды зерттейтін ғылым), патофизиология (патологиялық процестердің жүру, даму және пайда болу заңдылықтары туралы ғылым), жалпы және медициналық генетика (тұқым қуалаушылық аурулардың заңдары туралы ғылым), психопотология (психика дерттері, оның себептері, жүруі, алдын-алу және емдеу туралы ғылым), балалар психиатриясы (балалар жасындағы психопотологиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым) т. б. . ал сурдопедагогика және тифлопедагогика үшін оталарингология (мұрын, құлақ, тамақ аурулары туралы ғылым) және офтальмологияның (көру мүшелерінің аурулары туралы ғылым) мәліметтері маңызды.

Бұзылған психикалық функцияларды қайтадан орнына келтіру әдістерін қолдану кезінде патопсихология (мидың патологиялық жағдайдағы психикалық іс-әрекетінің өзгеруін зерттейтін психологияның саласы) көмектеседі.

Дефектология кемтар балалар дамуының психофизикалық ерекшеліктерін және оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттеу мақсатында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жүйесін қолданады.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Педагогикалық ғылымдардың ішінде дефектологияның алатын орны қандай?

  1. Дефектологияның негізгі міндеттерін атаңыз?
  2. Дефектология қандай ғылымдармен тығыз байланыста?
  3. Ақыл-ойы кем балаларды әлеуметтік реабилитациялау және адаптациялау ұғымдарына түсініктеме беріңіз?
  4. Дефектологияның әдіснама (методологиялық) негізінің мәнін ашып беріңіз?

Әдебиеттер

  1. Выготский Л. С. собр. соч. - М. 1983 - т. 5
  2. Дефектологический словарь. - М. 1970.
  3. Лубовский В. И. Некоторые актуальные проблемы советской дефектологии (Дефектология. - 1987-№5-с3-11)
  4. Основы обучения и воспитания аномальных детей (Под. Редак. А. И. Дьячкова - М., 1965)
  5. В. А. Лапшин, Б. П. Пузанов «Основы дефектологии»-М, . «Просвещение» 1990.

2 -лекция. Тақырыбы: Кемтар балалар

Жоспары: 1. Кеміс бала туралы ұғым.

2. Даму ерекшеліктері.

3. Кемтарлықтың себептері. Кемтар балалардың негізгі категориялары.

4. Қазақстандағы арнаулы білімнің педагогикалық жүйесі.

Лекция мақсаты: кемтар балалардың негізгі категориялары, кемтарлықтың туа пайда болған және туғаннан кейінгі себептері, кемтар балалардың даму ерекшеліктері туралы түсіндіру, студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру.

Лекция мәтіні (қысқаша) . Дефектологияда «Кемтар балалар» деп дене және психикалық ауытқуларының олардың жалпы дамуының бұзылуына әкеп соқтырған балаларды айтамыз. (грекше - anomalos - дұрыс емес деген сөз)

Дефект (латынша defektus - кемшілік, кемістік деген сөз) бала дамуының функциясын белгілі бір жағдайларға ғана байланысты бұзады.

Кемтар балалардың негізгі категорияларына жататындар мынадай топтарды құрайды: есту ақаулықтары бар балалар (керендер, саңыраулар, кеш есту қабілетінен айрылғандар) ; көру ақаулықтары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер) ; сөйлеу ақаулығы бар балалар (логопаттар) ; ақыл - ой дамуы кешеуілдеген балалар (ақыл - есі кем балалар, психикалық дамуы тежелген балалар), психофизиологиялық дамуында комплексті ақаулықтары бар балалар (керең, соқыр, мылқау, ақыл - ойы кем немесе соқыр, ақыл - ойы кем керең балалар - слепоглухонемые - орысшасы), тірек қозғалыс аппараты бұзылған балалар.

Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды өмірмен араластыру, оларды өндіріске бейімдеу - өте қиын әлеуметтік және педагогикалық мәселе.

Кемтар балалар - қиын және әртүрлі мінезді топ болып табылады. Дамудағы әртүрлі ақаулық баланың әлеуметтік қалыптасуына, олардың танымдық мүмкіндіктеріне және еңбек іс - әрекетіне өз әсерін тигізеді. Дефектілер сипатына қарай баланың даму процесінде кейбіреулері толық түзеледі, енді біреулері ыңғайланады.

Кемтарлықтың себептері. Кемтар балалардың негізгі категориялары.

Дамудың кемтарлығы немесе кемістіктің негізінде жүйке жүйесі мен белгілі анализаторлардың бір немесе барлық ағза ісінің белгісіз (атипичное) құрылымы нәтижесінде пайда болған ауытқулар жатады. Ауытқулар жатыр ішінде, туғаннан кейінгі дамуда немесе тұқым қуалаушылық факторлардың нәтижесінде пайда болады. Кемтарлықтың себептеріне байланысты оларды туа біткен және жүре келе пайда болған деп екіге бөледі.

Туа пайда болатын кемтарлықтың себептері әртүрлі: бірінші топқа, жатырда өсіп келе жатқан нәрестеге теріс әсерін тигізетін, ауытқуларға әкелетін патогенді агенттерді жатқызады. Бұларға инфекциялар, дене және психикалық жарақаттар, жүктілік кезіндегі токсикоздар, интоксикациялар, яғни ағзаның үлы затпен улануы, дене ыстығының көтерілу әсері, жүкті әйелдің әртүрлі аурумен ауыруы, мысалы, жүрек ауруы, өкпе ауруы т. б. жатады.

Ананың ашығуы, дисторфия, дұрыс тамақтанбау іштегі нәрестеге құнды заттар, белоктың, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің жетіспеушілігін туғызады.

Жатыр іші инфекциясының қоздырғышы қызылша, грипп және т. б. ауруларының вирустары болып табылады. Ауру ана инфекция көзі деп есептеледі. Яғни, жатырдағы сәбиге инфекция көбінесе жүктілік кезінде жұғады.

Жүйке жүйесінің, есту және көру ағзаларының, дене және психикалық дамудағы аутықулардың ауыр түрі токсоплазмоз кезінде болады. Токсоплазмоз қоздырғышы ана ағзасындағы сәбиге плацент арқылы өтеді, бұл қоздырғыш вирустары адамға үй жануарлары мен құстарынан жұғады. Бала туа пайда болған қызылшамен ауырғанда көздің әртүрлі зақымдануы белгілі болады, мысалы, катаракта ауруы, яғни көз хрусталиктерінің бұлыңғырлануын айтуға болады. Сонымен бірге қозғалыстағы ауытқулар да көрініс береді. Жүйке жүйесінің жатыр іші инфекциясының әсерінен микроцефалия, гидроцефалия, статистикалық параличтер мен парездері бар балалар туылады.

Әртүрлі зиянды заттар әсерінен ішкі секреция бездерінің іс - әрекеттері бұзылады, мұндай жағдайда жүкті әйелдің кейбір гармонды ауытқулары жатыр ішіндегі бала дамуына кері әсерін тигізеді.

Өзін - өзі емдеу, дәрілік препараттарды бақылаусыз, дәрігердің кеңесінсіз қабылдау, жүктілікті тоқтатпақ оймен жасалған сәтсіз әрекеттер, адамдағы өмірге маңызды ағзаның ауруға шалдығуы және басқа да түрлі жағдайлар жатыр ішіндегі нәресте дамуына кері әсерін қалдырады.

Мидың әртүрлі эмбрионды бұзылуы ана мен бала қанының қан резусының бірікпеуінен болады. Мұндай жағдайда көбіне бастың самай жағы және есту жүйкелері зақымданады.

Туа пайда болған кемтарлықтың екінші тобына тұқым қуалаушылық арқылы ағзаның генетикалық зақымдануларын жатқызады.

Кейбір олигофренияның түрлері мәселен, Даун ауры және психоз аурулары хромосомдардың саны немесе құрылысы бұзылғанда тұқым қуалауы мүмкін. Бұл ауытқулар ата - ананың хромосом жиынтығының бұзылуынан болады. Жаңа туған сәбилер арасында хромосом ауруының жиілігі шамамен 1% құрайды. Көру анализаторларының кейбір бұзылуы мен саңыраулықтың кейбір түрлері де тұқым қуалайды. Хромосом аурулары ақыл - ой кемістігінің себебі болатын микроцефалияда (мидағы үлкен жартышардың жетілмеуі) кездеседі.

Ата - ананың наркоман немесе маскүнем болуы болашақ ұрпаққа кері әсер етіп, туа пайда болатын кемтарлыққа дұшар етеді. Маскүнем отбасылардан көбінесе ақыл - ойы кем балалар, орталық жүйке жүйесі ауруларымен және басқа да патологиялық ауытқулармен ауыратын балалар туылады. Сонымен бірге жүктілік кезінде аз ғана шамада ішілген спирттік ішімдік немесе тіпті жүктілік алдында ішілген ішімдік болашақ сәби тағдырын өлтіруі мүмкін.

Туған кезде және туғаннан кейін болған жарақаттар бала организмінің дамуындағы әртүрлі ауытқуларға әкеледі. Туған кезде нәрестеде механикалы жарақаттар болуы мүмкін, яғни толғақтығы ұзақ және созылмалы болуы немесе тез болуы кезінде кездеседі.

Туғаннан кейін болатын дамудың кемтарлығына негізінен бала кезінен ауырған ауруы әсер етеді. Бұл ауруларға нейроинфекция деген атпен белгілі нерв жүйесінің жұқпалы аурулары жатады. Олардың ішінде бактериялар мен вирустар арқылы қабынатын аурулар да бар.

Туғаннан кейінгі аномалияға әртүрлі жарақаттар себеп болады (көру, есту анализаторлары, сонымен бірге бас сүйек ми жарақаттары) . Жүйке жүйесінің патологиялық өзгеруінің әсерінен бас сүйек ми жарақаттары қозғалыс және психикалық функциялар өзгерістерімен қосақталуы мүмкін, яғни параличтер, есту, көру ауытқулары, ес, зейін, тілдің бұзылуы, ақыл - ой іс - әрекетінің бұзылуы, невроздар мен эпилепсиялар біріге көрініс береді.

Кейде интоксикациялар кемтарлықтың себебі болады. Интоксикацияда бүкіл ағза запа шегеді, бірақ спиртті ішімдік, наркотиктер қорғасын тұздары, сынап және т. б. сияқты жеке заттар жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Дәрілік заттардан стрептомицин антибиотигін көп мөлшерде қабылдау, есту жүйкесінің жарақаттануына әкеледі. Әртүрлі мұрын, тамақ, көз ағзаларының ауыруы баладағы тиісті анализаторларды ауруға шалдықтырып, баладағы кемістіктерге әкелуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде баланың дұрыс дамуына кедергі болады. Сондықтан кез - келген ауруды дер кезінде емдеудің маңызы зор.

Қазақстандағы арнаулы білімнің педагогикалық жүйесі.

Кемтар баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа әлеуметтік мәселелердің арасында маңызды орын алады. Кемтар балалар үшін оқыту жоспарлары мен оқыту, тәрбиелеу және еңбекке дайындау бағдарламалары сәйкестендірілген арнайы оқыту - тәрбиелеу мекемелері бар.

Мемлекет тарапынан кемтар бала мәселесіне заң жүзінде көңіл бөлінген, кемтар балаға көмектесуді ұйымдастыру, оның үнемі дамуына жағдай жасау және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. «Кемтар бала және кемтарлықтың дамуы» түсініктерінің мазмұнын ашыңыз.
  2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың адамның психикалық дамуындағы алатын орны қандай?
  3. Бала дамуындағы кемтарлықтың бірінші кемістік пен екінші ауытқу теориясының мәні.
  4. Бала кемтарлығына мысалдар және олардың себептері неде?
  5. Біздің еліміздегі кемтар балаға көмектесуді ұйымдастыратын мемлекет шаралары.

Әдебиеттер.

  1. Л. О. Бадалян. «Невропатология» - М, 1987
  2. Дефектологический словарь - М 1970
  3. Т. А. Власова, М. С. Певзнер «О детях с отклонениями в развитии» - М. 1973
  4. Основы обучения и воспитания аномальных детей (Под ред. А. И. Дьячкова - М 1965
  5. Коберник Г. Н, Синев В. Н. Введение в специальность. Дефектология - Киев 1984

3 -лекция. Тақырыбы: Зиялылық дамуында ақаулығы бар балалар.

Жоспары: 1. «Ақыл-ойы кем» ұғымының анықтамасы.

2. Мектепке дейінгі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу.

3. Көмекші мектеп және оның міндеттері.

4. Көмекші мектеп оқушыларының контингенті.

Лекция мақсаты: зиялылық дамуында кемістігі бар балалардың негізгі топтары, даму ерекшеліктері, көмекші мектептің міндеттері, ақыл-ойында кемістігі бар балалалрды оқытып-тәрбиелеу ерекшеліктері туралы баяндау.

Лекция мәтіні (қысқаша) . Дефектологиядағы "ақыл-ой дамуы кешеуілдеген" деген ұғым орталық нерв жүйесінің органикалық жарақаттануы негізінде туындаған баланың танымдық іс-әрекетінің төмендеуі деп түсіндіріледі. Орталық нерв жүйесінің жарақаттану сатысы ауырлығына қарай, пайда болған уақытқа қарай әртүрлі болады. Басқа сөзбен айтқанда, патологиялы дамудың этиологиясы әртүрлі болуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, ақыл-ойы кем балалардың зиялылық дамуында, эмоциональды еріктік дамуында, физиологиялық дамуындағы жеке ерекшеліктерін туғызады.

Зиялылық дамуында ақаулығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, оларды зерттеу мәселелерімен арнайы педагогиканың бір саласы-олигофренопедагогика айналысады. "Олигофрения" ұғымын (грекше olуdоs - аз және- рhrеn - ой) неміс психиатры Э. Крепелин енгізді. Бұл ұғым арнай педагогикада үнемі қолданылады. Бірқатар шетелдерде осыған ұқсас ұғымдар қолданылады, мысалы ағылшын тілдес елдерде mental rеtаrdаtіоn - "зиялылық дамуы кешіккен" деген ұғым пайдаланылады. Отандық арнайы әдебиеттерде 1960 жылдарға дейін "ақыл-ойы" деген ұғыммен қатар "ойлау дамуы кешіккен" деген ұғым кең қолданылады. "Ойлауы төмен" ұғымынан "ақыл-ой дамуы кешіккен" ұғымының айырмашылығы бұл ұғым дефектінің сипаттау санын ғана емес, сонымен бірге сапасын да көрсетеді. Айтып өткеніміздей, ақаулықтың құрылымының әртүрлі болуы ақыл-ой дамуы кешеуілдеуінің әртүрлі сатысын туғызады. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар ішіндегі ең көп топты құрайтын, олигофрения синдромының жетекшісі болатын ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, яғни олигофрен - балалар. Олигофрения - бұл жатыр ішінде, туған кезде, өмірге келгеннен кейінгі дамудың алғашқы сатысы кезінде орталық нерв жүйесінің зақымдануы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой мен психиканың жетілмеу формасы.

Олигофренияның себептері. Олигофренияның топтап бөлінуі.

Бас миының органикалық бұзылуына әкелетін эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) әртүрлі факторлар олигофренияның себептері болуы мүмкін. Экзогенді факторлары жүктілік кезіндегі ананың әртүрлі жұқпалы аурулармен ауыруы жатады, бұлар вирусты аурулар, қызылша. Боткин ауруы (сары ауру) және т. б. сонымен бірге ана ағзасына түскен паразиттердің жатырдағы балаға жұғуы, яғни тоасоплазмоз, әртүрлі туу кезіндегі травмалар, масылы асфиксия.

Эндогенді (ішкі) кері факторлар туа пайда болған олигофренияға әкеп соғады. Бұған тұқымқуалаушылық патологиясы, яғни ата-анасының әртүрлі венерический (қан) аурумен ауыруы, ата-анасының екеуінің немесе біреуінің ақыл-ой кемістігімен ауыруы хромосом наборының бұзылуы (хромосом аберациясы) эндокримді жүйе (фенилкетопурия) ана мен баланың резус-факторы бойынша қан құрамының бірікпеуі жатады.

Арнайы клиникалық зерттеудің анықтағанындай, бас миының үлкен жарты шарының диффузды (санды) жарақаттануы олигофренияның негізгі симптомы болып табылады. Олигофренияда бас миының тек санды жарақаттануы ғана емес, нейродинамикалық процестің сапалы бұзылуы да орын алады.

Олигофренияның топтап бөлінуі.

Олигофренияда ақыл-ой кемістігі дефектісінің тереңдігіне қарай үш топқа бөлінеді: идиотия, имбецильность және дебилдер.

Идиотия-ақыл-ой кемістігінің ең терең түрі. Идиот балалар айналадағы адамдарды, қоршаған ортаны түсіне алмайды, тіл даму функциясы шектеулі және өте баяу дамиды, кей жағдайда дыбыстар мүлде дамымайды. Идиот балалар моториктері бұзылған тірек-қозғалысы, айналаға бағдар жасауды білмейді. Оларда өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, соның ішінде қарапайым гигиеналық дағдылар өте баяу қалыптасады. Көбінде бұл дағдылар мүлде қалыптаспайды. Идиот балалар оқымайды және ата-аналарының келісімімен арнайы мекемелерде болады. Мысалы ақыл-ойы кем балаларға арналған балалар үйінде тұрады. Оларға өкімет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі, қажетті медициналық көмек көрсетіледі, оларды сол жерде күтеді және бақылайды.

Имбецильность идиотпен салыстырғанда ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу түрі. Имбеция балалар сөйлеуде белгілі мүмкіндіктерге ие, еңбек дағдыларының оңай түрлерін игереді. Бірақ қабылдаудың, есту, ойлаудың, тіл функциясының моториктің және эмоциональды еріктің дефектілері бұл балалардың көмекші мектепте оқуына да мүмкіндік бермейді. Олар құқықтық қатынаста идиот балалар секілді қабілетсіз болып табылады, сондықтан оларға ата-анасының немесе олардың орнын ауыстыратын адамның қамқорлығы керек. Кәмелетке толғанша бұл балалар да ақыл-ойы кем балалар үйінде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Әкімшілік басқару бойынша дәрістер
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінен дәрістер тезистері
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінен ОБСӨЖ мәтіндері
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Міндеттер - жоспарланған шаралар тізімі
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz