Алматы облысы, Жамбыл ауданының табиғи климат жағдайы, өсімдігі мен топырағы


Кіріспе
Алматы облысы, Жамбыл ауданының табиғи климат жағдайы, өсімдігі мен топырағы.
Жамбыл ауданы - Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19, 3 мың км². Тұрғыны 122, 9 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 6, 3 адамнан келеді . Аудан жеріндегі 62 елді мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ұзынағаш аулы. Жамбыл ауданының оңтүстікін Іле Алатауының батыс, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, тағыда басқа кездеседі.
Климаты континенттік, оңтүстігінденде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңт-нде -8°С, солтүстігінде -12°С, шілдеде оңтүстігінде 20°С, солтүстігінде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 мм, солт-нде 200 - 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа) . Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор. Жері оңт-тен солт-ке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1, 7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12, 8 мың га, жайылымы 1, 6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы - Бішкек автомобиль жолы өтеді. Жамбыл ауданында 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320, 72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Аудан халқының саны 124, 4 мың адам, оның 1, 6 мыңы қалалық, 122, 8 мыңы ауылдық тұрғындар болып есептеледі. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: қазақтар 78%, орыстар 12, 7%, түріктер 2%, уйғырлар 2. 9%, немістер 0. 9% және өзге ұлттар 3%-ды құрайды. Аумағында көлемі 503 мын гектарлық Балқаш жағалауы мемлекеттік қорығы бар, онда қабан, бірқазан, қоқиқаз, тырна өсіріледі.
Жамбыл ауданының географиялық орнына сипаттама.
Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен, шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу - Іле тауларының Жетіжол және Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу - Іле тауының Айтау, т. б. аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады. Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км және тауларының биіктігі әртүрлі болуы оның климаты мен ландшафттарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ сипат алып, қолдан суаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінде тау бөктерлерінің 600 - 1200 м биіктікте ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. 200 м-ге дейінгі биіктікте жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай шалғындарға да бай.
Жамбыл ауданының 24 аймағында 62 елді-мекен орналасқан. Аудан 5 табиғи-климаттық зонада орналасқан.
- құмдар,
- еңіс жазық,
- тауалды жоталы-қырлы жазық,
- ортатаулы және ұсақтаулы,
- таулар.
Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызыл қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты болып келеді. Оны, көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек және әртүрлі астық тұқымдасты шөптесіндер көмкерген. Солтүстігіндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі.
Климаты континентті, оңтүстігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстігінде - 80С, солтүстігінде - 120С, шілдеде оңтүстігінде 200С, солтүстігінде - 250С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері тау етегінде 500 мм, солтүстігінде 200-300 мм шамасында. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен асады, олар: Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзынқарғалы, Шолаққарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа. Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендердің егістік жерлерді мал жайылымы жерлері мен суару, шабындықтарды суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор.
Ауданда негізінен қазақтар тұрады (75, 9%) . Халқының орташа тығыздығы 1 км2 5, 6 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Ұзынағаш, Үлкен Фабричный, Ақтерек, Жамбыл, Қарақастек, Мыңбаев, Ұзынағаш бекеті, Үңгіртас, Шиен, Үмбетәлі Кәрібаев ауылы, Беріктас, Қасымбек өнеркәсіп саласында 40-қа жуық әртүрлі бағыттағы кәсіпорындар бар. Оның ішінде 4 ірі (“Жартас” серіктестігі жєне “Қарғалы” акционерлік қоғамы және т. б. ), 6 кішігірім кәсіпорын, 26 ауыл аруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған. Олар жүн матасын (315 мың м2), ұн (1184 мың т), құрылыс материалдарын (60, 6 мың м3), нан және нан-тоқаш (330 т) және тағы басқа да өнімдерді өндіреді .
2. 1 Аймақтың топырақ-климат ерекшеліктері.
Аймақтың табиғи-климаттық өзгешілігі жекелеген метерологиялық элементтердің жылдық режимінде ғана емес, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша да байқалады.
Қысы жылы. Ауаның тэуліктік орташа температурасынъщ оң мәндерінентеріс мәндерге ауысуы қараша айының екінші оңкүндігінің басында байқалады,, ал кейбір жылдары 6-шы қараша мен 15-шы желтоқсан аралығында өзгереді. Тұракты қар жамылғысы желтоқсан айының басында түсіп, наурыз айының басында ериді. Қар жамылгысы қыс бойы біркелкі сақталмайды, өзгеріп отырады. Қар жамылғысының орташа биіктігі 22 см шамасында. 0°-тан төментемператураның абсолютті минимумы жекелеген күндері - 36°С-қа дейінжетеді. Қыста түсетіи жауын-шашын мөлшері жылы кезеңмен салыстырғандаекі есе аз.
Көктем, наурыз айының басында не ортасында шыгады жэне 22-46 күндей, кейде 52 күнге дейін үзақтығымен ерекшеленеді. Аймақтың көктемі температураның жылдам көтерілуімен, күн сәулесінің белсенді радиациясымен, ауа температурасының тәуліктік ауытқуларымен, желдің жылдамдығымен және топырақтың интенсивті құрғауымен сипатталады. Алайда, көктем айларының климаттық көрсеткіштері тұрақсыз, кейде суық ауа басым болып қар аралас жауын-шашын түседі. Наурыз айында11-31 күн бойы, сәуір айында 2-8 күн және мамыр айында 1 күн ауаның температурасы 0°-тан төмен болады.
Көпжылдық мәліметтер бойынша, көктемгі үсік түсу қауіпі сәуір айының. соңында аяқталады, бірақ үсік, наурыз айының соңынан мамыр айының ортасына дейін түсуі де мүмкін. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 145-165 күн, негізінде 150-ден; 182 күнге дейін өзгеріп отырады. Көктем-жылдың ең ылғалды мезгілі, себебі жауын-шашынның жылдық мөлшерінің үштен бір бөлігі сәуір-мамыр айларында түседі. Көктем айларында жауын-шашынды күндер саны 10-14-ке дейін жетеді. Жекелеген күндері бірнеше сағат ішінде 30мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Сәуір айында ауаның ең жоғарғы температурасы +30°С - қа дейін, ал мамыр айында +35°С - қа дейін жетуі мүмкін. Алайда, температураның жоғарылығына қарамастан, жауын-шашынның жиі түсуі себебінен гидротермиялық коэффициент көктем мезгілінде едәуір жоғары - 2, 0-3, 8. Бұл. деректер, көктем айларында түсетін жауын-шашынның арқасында аймақ ылғалмен жоғары деңгейде қамтамасыз етілетінін көрсетеді. Жаз - басқа мезгілдермен салыстырғанда ұзақ - 130-180 күнді қрайды. Бұл кезеңде ауаның тәуліктік орташа температурасы +15°С - тан асады да, қыркүйек айының соңына - қазан айының басына дейін созылады. Ауаның орташа температурасы шілде айында +21°С-тан +24°С-кадейін, ал маусым және тамыз айларында +20-дан +23°С-қа дейін өзгеріп отырады. Күндізгі уақытта ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіші сағат 15-те байқалады және +30+37°С-қа дейін жетеді. Ал ерекше ыстық жылдары+41°С-қа дейін жетеді. Жазда, маусым айының 15-20-ы, шілде айының 25-28-і, тамыз айының 18-25-і кезінде ауа температурасы +30°С болып тұрады. Тәуліктік температураның құбылу амплитудасы 20°С-тан аса. Жаз мезгіліндегі белсенді температуралардың жиынтығы 3000-3500°С-қа дейін жетеді. Жаз айларындағы жауын-шашынның мөлшері көктем айларымен салыстырғанда 2-3 есе аз. Жекелеген жылдары жауын-шашынның айлық мөлшері бір күнде түседі.
Күз мезгілі - ұзақ шамамен 2 айдай. Кейбір жылдары күзде, ауаның тәуліктік орташа температурасының +15°С - тан төмендеуі қазан айында байқалады. Күз, ұзақ және жұмсақ болғамымен тәуліктік температураның ауытқуы үлкен болғандығы кеш пісетін дақылдар және күздіктер үшін қолайсыз жағдайлар туғызады, олар қыркүйек айында 20-3 0°С, қазан айында20-25°С, ал қараша айында 10-15°С-қа дейін жетеді. Ауаның тәуліктік орташа температурасының тұрақсыздығы қысқа қарай өсіп отырады, ауаның айлық орташа температурасының мөлшерден шек ауытқулары жекелеген жылдары 2-3°-тан 6°С-қа дейіи, ал қазағі айында 1-2°, ең жоғарысы + 4°С болады (кесте 1, сурет 1) .
кесте 1
Аймақтың ауа температурасы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының көрсеткіштері .
Жылдар
А й л a p
Жылдық орташа
I
II
III
V
V
VIII
IX
X XI
Ауа температурасы
2014
-10, 8
1, 4
3, 9
16, 0
22, 2
20, 3
8, 7
2, 7
8, 8
2015
-10, 8
10, 3
4, 7
1, 5
16, 0
21, 3
17, 3
9, 2
9, 8
10, 1
Көпжылдық
-10, 8
8, 5
0, 7
0, 4
16, 4
22, 1
16, 0
8, 3
8, 7
8, 9
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
2014
57
74
50
76
65
57
49
43
69
59
60, 6
2015
55
78
60
65
55
50
60
65
75
80
65, 4
Көп
жылдық
73
69
60
43
. 42
62, 0
65
62
Ауаның орташа температурасы +10 С деңгейінен өтуі қазан айының басында, ал кейде айдың соңында байқалады, +5°С арқылы (күзгі вегетациялық кезеңнің соңы) -қазан айының соңы мен қараша айының басында, ал 0°С арқылы - қараша айыньң ортасы мен желтоқсан айында. Алғашқы күзгі үсіктер қазан айының басына, ал ең ерте түскендері қыркүйек айының соңына келеді. Аймақтыңең үзақ маусым жаз айлары (120-180 күн) және ыстық кезең сәуір айының екінші жартысында басталып қазан айының екінші он күндігіне дейін созылады. Орташа температура +20 +24°С құрайды. Тәуліктік температураның амплитудасының (түнгі жәнекүндізгі температуралар) ауытқуы өте жоғары, орташа көрсеткіші 20 С шамасында. Жаз айларындағы оң температурасының қосындысы 3450-3750 С, ал10С жоғары температураның қосындысы 3100 ден 3400 Сауытқиды.
Температураныц жылдам жоғарылауына байланысты ауаныңсалыстырмалы ылғалдығы маусым айының басында 50, 3-61, 6% болып, жауьш-шашын мөлшері күрт азаяды.
Сурет 1. Аймақтың жауын шашын мөлшері, мм
Күзде температураның 15 0 С төмендеуі қырқүйектің соңғы және қазанның басында басталып ұзақтығы 30-50 күнге созылады. Аймақтың ауа-райы мен климаттық жағдайлары температура режимінің жоғары және вегетациялық кезеңде жауын-шашын мөлшерінің аз түсетіндігін көрсетеді. Сондықтан бұл аймақта ауыл шаруашылық дақылдарынаң тұрақты әрі жоғары өнім алу үшіп осы аймаққа бейімделген сорттарды өндіріске енгізу басты мақсат болуы тиіс. Аталған топырақ үштік-төрттік дәуірдің лёс және лёс тәрізді құмбалшықтарымен көмкерілген, оньң қалыңдығы 100-700 метрге жетеді. Бұл-. топырақтар кәдімгі және оңтүстікті қара топырақтардың аймағында таулы шалғынды топырақтардың арқасында пайда болған. Жеке-дара қара топырақтың арасында 10-30%-ын құрайды. Бұл топырақтың пайда болуына жер асты суларының әсері аз, керісінше қар суларымен қосымша жиналған беткі ағыс суларының маңызы зор. Топырақ құраушы жыныстар болып эллюви, деллюви шөгінділері саналады. Өсімдік-жамылғысы әртүрлі шөпті астық түқымдастар, яғни бұталы немесе бұталы-шөптесінді өсімдік топтары басым. Өсімдіктердің ішінде мезофильді өсімдіктер басым. Қазіргі кезде табиғи өсімдіктер тік беткейдің бөктерінде сақталған. Ерте көктемде тау баурайы қызғалдақтар, сарғалдақтар мен көмкеріледі. Жазда шабындықтарда бидайдық, жалбыз кездеседі. Тәжірибе уческесінің маңында шабындықтарда ақселеу, бетеге, бидайық, бетеге боз және тағы басқа шөптер өседі.
Шалғынды-қара қоңыр топырақтың құрылымы майда түйіртпекті. Су ұстағыш агрегаттың жиынтығы жоғары қабатта қара топырақты жерден жоғары және 53-55%-дан аспайды. Алғашқы сіңу аймағы жер асты суларының тау етегінде орналасқан. Мұнда жер асты сулары едәуір тереңдікте жатады. Транзит зонасында жер асты сулары жердің еңістігіне байланысты әртүрлі тереңдікте орналасқан.
Шығу аймағының солтүстігінде тау етегіндегі жазыктықта, екінші ретсіңу аймағы орналасқан. Мұнда жер асты сулар деңгейі қайта төмеидейді. Сіңірілген негіздер құрамы 100 гр топырақта 21-25 мг/экв. Топырақ реакциясы - әлсіз сілті. Топырақ қоректену элементтері түрімен жақсы қамтамассыз етілген.
кесте 3
Топырақ қабатының тереңдігі, см
Қара шірінді, %
CO 2%
Жалпы
мөлшері, %
Жылжымалы түрлерінің
мөлшері, мг/кг
Топырақ реакциясы
азот
Фосфор
жеңіл
ыдырайтын
азот
N-NO 3
P 2 O 5
K 2 O
0-25
6, 62
0, 258
0, 211
25
22
750
7, 8
25-46
4, 17
9, 35
0, 248
0, 205
36
13
740
8, 1
. 46-58
3, 06
12, 53
0, 214
0, 158
28
13
640
8, 0
58-76
1, 35
12, 80
0, 117
0, 135
26
15
625
8, 1
Шалғынды- қара қоңыр топырағының негізгі агрохимиялық көрсеткіштері.
Шалғынды-қара қоңыр топырақтың жыртылган қабатының (0-25 см) құрамында қара шірінді мөлшері 4, 38%, жалпы азот 0, 258%, фосфор-0, 211%), калий- 1, 19-2, 1%, топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшері тәжірибе салынғанға дейін 20-25 мг/кг аралығында болды.
Бұл топырақ алмаспалы калий мөлшері жағынан қамтамасыз етілуі жоғары (740-750 мг/кг), және жеңіл ыдырайтын азот (137 мг/кг) пен нитрат(25 кг/га) мөлшері көтеріңкі дәрежедегі топыраққа жатады.
Гранулометриялық құрамы бойынша бұл топырақ ірі шаңды ауыр құмбалшықтыға жатады және оны 3-ші кестенің мәліметтеріттін байқауға болады. Диаметрі 3 мм ірі бөлшектер мүлдем кездеспейді. Ірі құмды бөлшектерде көп емес жэне қабаттарда таралуы жөнінде белгілі заңдылықтар байқаламайды. Ірі шаң мөлшері көптеп кездеседі (кесте 4) .
кесте4
... жалғасыШалғынды-қара қоцыр топырақтыц гранулометриялық құрамы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz