Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы


Мазмұны
1. Кіріспе
II. Шаруашылық туралы жалпы мәлімет
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы
III. Органикалық тыңайтқыштарды жинау мен оларды пайдалану
IV. Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
V. Ауыспалы егісте органикалық тыңайтқыштардың орнын және мөлшерін анықтау
VI. Ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқышты қолдану және олардың мөлшерін анықтау жолдары
1. Тыңайтқыштарды жоспарланған өнімге арналған мөлшерін есептеу
2. Ғылыми-зерттеу мекемелердің ұсыныстары негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
VII. Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың жылдық жоспары
VIII. Ауыспалы егістегі қоректік заттардың балансы
IX. Ауыспалы егісте тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мәселен, минералдық тыңайтқыш пайдаланудан көпшілік ақылдардың түсімі орта есеппен 50 - 80 % -ға дейін жоғарылайды. Демек тыңайтқыш қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнім өндіруді күрт төмендетуге әкеп соғады. Алайда тыңайтқыш ққолдану технологиясын сақтамау оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қоспалардың кездесуі, сапасына нашар тыңайтқышты пайдалану топырақтың, атмосфераның, жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған обьектілердің ластануына ықпал етеді.
Сондықтан тыңайтқышты қолдануда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуіне тиіс.
Табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мына жағдайлар себепші болады:
1. Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген минералдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10 - 15 % ысырап болады.
Әсерлі заты жоғары тыңайтқыштарды пайдалануда егістікке біркелкі шашпаса өнім төмендейді.
2. Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылуы. Сондықтан тыңайтқыштардың беру мерзімін, мөлшерін, әдісін дұрыс орындауға жете көңіл аудару өсімдіктің қоректенуін ластануын төмендетеді.
3. Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы да әсерін тигізеді. Қазақстанда эрозияға бейім жерлер көлемі 70 млн. га- дан астам. Оның 52 млн. га-дан астамы жел эрозиясына, ал 17 млн. га-дан астамы су эрозиясына ұшыраған. Дүние жүзі бойынша күніне 100- 200 га жер эрозияға ұшырайды. Эрозияның тигізетін зиянды әсерін еептеп жеткізу қиын. Мәселен 1 га егістік жел эрозиясына ұшырағанда, ол 600 кг жалпы азот, 108 кг жылжымалы фосфор және 105 кг алмаспалы калий жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір га-ны 2 тоннаға дейін жалпы азотты, 230 кг фосфор мен 215 кг калийден айырылады. Профессор Д. Я. Михайловтың мәліметтері бойынша, жер бетінің көлбеуі 1, 5 - 2 болған жағдайда су эрозиясына ұшыраған әрбір га жер 400 - 800 кг азоттан, 100 - 150 фосордан, 3- 5 тонна калийден және 10 - 12 тонна органикалық заттардан айырылады. Тыңайтқыш қолдану эрозия құбылысының топырақтағы қоректік қаттардың шайылуы азаяды. Мұнда тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүйесі өсіп жетімді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады, ақырында топырақты эрозияға қшырауынан қорғайды.
4. тыңайтқыш құрамында кездесетін іліспе (бөгде) қосылыстар мен элементтер қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Көпшілік минералдық тыңайтқыштар құрамында фтор, хлор, натрий және улы ауыр металлдар (кадмий, сынап, қорғасын және т. б) болады. әрине бұл элементтердің біразы аз мөлшерде өсімдікке пайдалы. Ал тыңайтқыштың ұдайы жоғары мөлшерін қолданғанда топыраққа улы заттар мен бөгде қоспалар көп мөлшерде шоғырланады. Олар топырақ қасиеті мен құнарлылығын, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының нашарлайды.
Минералды тыңайтқыштар - құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді. Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т. б. элементтер бар.
2. Шаруашылық туралы жалпы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.
Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж) . Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешелінеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 0 градустан жоғары болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікке 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдың орташы температурасы 8-14 градус аралығында болады. Жылдың ең суық айы - қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте 0 градустан солтүстікте минус 10градусқа дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кейжылдары 30-35 градус суықты көрсетеді. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 24 градус, оңтүстікте 35 градус шамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-45 градусты көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 миллиметр, жартылай шөл - 250-300 миллиметр, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 миллиметр. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда жауады (5-7 пайыз) . Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80 пайызын құрайды.
Шаруашылықтағы пайдаланылатын жерлердің құрамы
Шаруашылықта егілетін дақылдың өнімділігі
3. Шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары
Шаруашылықтағы климат жағдайы
(метеорология станциясының мәліметі бойынша)
Көп жылдық
Деректер бойынша
Шаруашылықтағы топырақтардың негізгі агрохимиялық көрсеткіштері
Топырақ түрі
Тереңдігі, см
Гранулометриялық құрамы
Топырақ рН-реакциясы
100 г топырақтың сіңіру сиымдылығы мг/экв
Қара-
шірік
Фос
фор
0-30
Орташа
Құмбалшық
4. Шаруашылықта
Шаруашылықтағы органикалық тыңайтқыштарды жинау
Органикалық тыңайтқыштардың
Жалпы мөлшері, т
Екінші әдіс. Бұл әдіс төсенішті көң мөлшерін анықтау малазығының құрамынддағы құрғақ затының шамамен жартысы көңге ауысатынына негізделген.
К=(A/2+T) *4
К - алынатын көң мөлшері, т
А - мал азығының құрамындағы құрғақ зат мөлшері, т
Т - төсеніш құрамындағы құрғақ зат мөлшері, т
Құрғақ заттың мөлшерін, оның ірі мал азығы мен жемде 85%, шырынды азықта 15%, төсеніште 80% болатынын ескере отырып есептейді.
Көң садырасының массасын жас көңнің мөлшерін 0, 15 коэффициентіне көбейту арқылы табады. Шаруашылықтағы жартылай шіріген көң мөлшерін білу үшін жас көңнің шамасын 0, 75 коэффициентіне көбейтеді.
Ал малды қолда ұстау мерзімі Қазақстанның солтүстік аймағына 200-240 күн, оңтүстік аймағында 150-180 күнді құрайды.
Органикалық тыңайтқыштың жалпы мөлшерін анықтағаннан соң, оны әрбір ауыспалы егіске бөледі.
Жалпы ауыспалы егістің органикалық тыңайтқышпен қанықтырылуы мынадай мөлшерде болуы ұсынылады: астықты-парлы ауыспалы егіс 5-10 т, көкөністі ауыспалы егіс гектарына 10-15 т.
Ауыспалы егіс дақылдарына органикалық тыңайтқыш бөлу
5. Тыңайту жүйесі құрылатын ауыспалы егіс дақылдарының қоректенуінің биологиялық ерекшеліктері
6. Тыңайтқыштардың жоспарланған өнімге арналған мөлшерін есептеу
Бұл әдіспен тыңайтқыштар мөлшерін, дақылдарды қарқынды өсіру технология бойынша өсіргенде және суармалы аймақтар жағдайында анықтайды. Ол үшін мына көрсеткіштерді ескеру керек:
1. Жоспарланған өнімнің қоректік заттарды пайдалануы. Ол үшін анықтама мәліметтерді пайдаланылады.
2. Бір гектар егісінің жыртылатын қабатындағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің қоры . Бұл көрсеткіш килограммен өлшенеді. Оны анықтау картограмма бойынша берілген бір кг топырақ құрамындағы қоректік элементтің жылжымалы түрінің мг-мен көрсетілген мәнін 3-ке көбейтеді.
3. Дақылдардың топырақ және тыңайтқыш құрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті . Өсімдіктер шамамен топырақтан жылжымалы фосфорды 40, алмаспалы калийдің 15, нитратты азоттың 50, жеңіл ыдырайтын азoттың 20% пайдаланылады. Өсімдіктердің тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті қосымша кестеде берілген.
Ca(H2P ) H 2 O+
Н 3 PO 4 +CaSO 4
7. Ғылыми зерттеу мекемелер ұсыныстарының негізінде минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау
Бұл әдіс ғылыми зерттеу мекемелерінің жеке ауылшаруашылық дақылдарының жоспарланған өніміне жүргізілген көп жылдық тәжірибе барысында жинақталған тыңайтқыштардың орташа мөлшеріне негізделген. Сондықтан ол тыңайтқыш құру жүйесінде ең басты әдіс болып саналады. Қазақстан Республикасы жағдайында жеке дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштың мөлшері 11 қосымша кестеде берілген.
Топырақ құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің шамасына сәйкес ауыспалы егіс дақылдарының жоспарланған өніміне арналған тыңайтқыштардың мөлшері анықталады.
Жоспарланған өнім мен топырақтағы қоректік заттардың мәніне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері
Ауыспалы егіс дақылдары
Жоспарланған өнім, ц/га
Көң
т/га
Көң
Т/
га
Көң
Т/га
91,
25
Ауыспалы егістегі әрбір дақылдарға берілетін тыңайтқыштардың нақты мөлшерін анықтаған соң олардың беру мерзімі мен қолдану әдістерін белгілейді. Тыңайтқыштардың жылдық мөлшерін беру мерзіміне қарай бөлгенде аймақтың топырақ климат жағдайларын, ауыспалы егіс дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен қатар химиялық қасиеттеріне қарай минералдық тыңайтқыштарды дұрыс таңдай білген жөн.
Тыңайтқыштарды беру мерзіміне байланысты ауыспалы егіс дақылдарына бөлу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz